Маңызды

БЕКЖАН ШЕТЕЛГЕ КЕТТІ, БИГЕЛДІНІҢ ІСІ СОТҚА КЕТТІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz интернет-порталының құрылтайшысы, билік өкілдерін бопсалады деп айыпталған Бигелді Ғабдуллиннің ісі сотқа жіберілді деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның ақпараты бойынша, іс Астанадағы қылмыстық іс бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген.

Коррупцияға қарсы қызмет Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғаны жөнінде өткен жылдың қараша айында мәлімдеген. 17 қарашада сот оны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Тергеу болжамы бойынша, 62 жастағы Ғабдуллин «өзінің басылымдарын мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл ретінде пайдаланған» және «сол арқылы лауазымды тұлғаларды мемлекеттік тапсырыс алуға бопсалаған». Бигелді Ғабдуллиннің адвокаттары айыптауларды жоққа шығарады.

26 желтоқсанда Radiotochka.kz сайтының бас редакторы, белгілі орыс тілді журналист, таяуда Сыртқы істер министрі қызметінен босаған Ерлан Ыдырысовтың інісі Бекжан Ыдырысов құқық қорғау органдары тарапынан өзіне қысым жасалған соң, Қазақстаннан біржола кетіп қалғанын мәлімдеді. Астана прокуратурасы Ыдырысовқа қысым жасалғанын жоққа шығарды. Биліктің мәлідеуінше, ол Ғабдуллин ісі бойынша куәгер ретінде тартылған.

Abai.kz

5 пікір 605 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 06/01/2017 - 9:37


    30 кунiн iшiнде кылмыс жасаганынды мойындап, МЕНТ-терге келiп регистрацияга турындар. Айтпесе кешегiдей болады ......
    Мен осы занды окыганда 3 кун кулдiм.
    МЕНТЫ ЭТО ВЫКИДЫШИ НКВД !!!

    • #2
    • Бір қазақ
    • жм, 06/01/2017 - 9:54

    Мемлекеттің ақшасын Бигелдіге берген Жамбыл облысының әкімдігі жауапсыз қала ма? Олар былықтары ашылмас үшін берген болып отыр ғой ақшаны. Арты таза болса неге береді?

    • #3
    • Сәмен
    • жм, 06/01/2017 - 9:59

    "Сыртқы істер министрі қызметінен босаған Ерлан Ыдырысовтың інісі Бекжан Ыдырысов"
    бірдеңенің шеті қылтияды ғой, Ерлан не істеп қойды екен А?

    • #4
    • Бақтияр
    • жм, 06/01/2017 - 12:10

    Мына Бекжан Ыдырысовтың телешолушы болып қызмет істеуінің өзі сол мәңгүрт ағасының арқасы. Екеуі де барып тұрған орысқұл, қазақ тілін менсінбейтін, өзінше интеллигент болып жүрген бейшералар. Бекмалдың өз ұлтына көзқарасын білгілерің келсе,
    fergananews.com сайтына берген интервьюін оқып көріңдер. Осындайларды ел алдына шығарып жүрген бейшара билік.

    • #5
    • шын
    • жм, 06/01/2017 - 13:26

    мына ақпарат өтірік. Бекжан Ыдырысовтың Ерлан Ыдырысовқа түк қатысы жоқ. Фамилиялас. Абай кз жұртты адастырмаңдаршы. Сосын Ерлан Ыдырысовтың Еуропа қазақтарының құрылтайында қазақша айын тамызып сөйлегенін өз көзіммен көрген қазақпын

Пікір қосу

  • 4 + 49 =

Вход