46 - сөз

ҚЫТАЙ КҮЙЕУЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді


Қытайдың оқыған-тоқыған, мықты-мықты жігіттері қазақ қыздарына үйлену үшін Астанаға келе жатыр дей ме? Расында да Қытайда бала санын шектеудің салдарынан ұлдардың көп туғаны анық. Жалғыз баланы еркек кіндік, яғни мұрагер жасаудың небір айла-тәсілін қолданған ғой. Миллиард адам қойсын ба, сол айла-амалдарының бір проценті нәтижелі болғанның өзінде қанша ер бала дүниеге келеді десеңізші! Сөйтіп қазір Қытайда қыздарға қарағанда ұлдар саны көп. Олардың шет елден үйленетін жан іздейтін себебі бар.

Ал, бізде, жалғызбасты аналар мен отырып қалған қыздар баршылық. Бұл ресми санақсыз-ақ белгілі дүние. Қыз баланың біреуге жар болып, бала сүю - арманы. Сондықтан, ертең оларды қытайға тұрмысқа шықпаңдар деп қанша үгітте, ұрыс, айқайла - түк те шықпайды. Талай қазақ қызының оларға қосақ болып кететіні анық. Ең қиыны ол емес, ең қиыны сол қытайлардың ертең Қазақстан азаматтығын алу құқына ие болатындығы емес пе? Және олар күйеу баласың деп анау-мынау жұмысқа жегіп, мініп алатын әлсіздер емес, шетінен сен тұр - мен атайын, білімді, мықты жігіттер.

Сондықтан, біздің қыздар бір ғана талап қоя алса керек, қытай жігіттері ислам дінін қабылдауы тиіс. Мұсылман баласына ғана тұрмысқа шығамын десін. Ол қытай балаларын қазаққа мойын бұрғызатын жалғыз жол осы ғой деймін? Әйтпесе, өз ішімізден бөлек отау тігіп, диаспора қылып тұтастырмаудың басқа жолын көрмей отырмын. Осылай дұрыс болмай ма? Басқа жолы бар ма?

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

27 пікір 735 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • білгіш
    • жм, 06/01/2017 - 10:25

    сол үшін СРОЧНО көп әйел алуды заңдастыру керек!!!!!

    • #2
    • Жанашыр
    • жм, 06/01/2017 - 13:01

    Қызды жауда алады деген қазақ.Қыздың рухы күшті болса кімнен тусада баласын қазақ ете алады.Орысқа тиіп баласын піштірген қыздарды да көргенбіз.

    • #3
    • Төре
    • жм, 06/01/2017 - 13:08

    Сондықтан, ертең оларды қытайға тұрмысқа шықпаңдар деп қанша үгітте, ұрыс, айқайла - түк те шықпайды.
    Өте дұрыс! Қош келіпсіздер қытай "күеу балалар!" 1,5 мллиард. құдайы көрші қытайдан, 11,5 миллион Қазақ қалай ғана... айтудан қоқам?

    • #4
    • шығыс
    • жм, 06/01/2017 - 15:25

    Өз қазағы тұрғанда, қайдағы-жайдағы шетелдіктерді қайтеді. Өліара кезеңнің бұдан да ауыр, қиын жылдары артта қалғанда, сол қысық көздерге көз салмаған біздің қыздар қазір тек өз намысын, қанының тазалығын ойласайшы?! Әсіресе тазалықтың бастауы - аналары қайда қарап отыр? Қазақтай болу қайда басқаларға ...

    • #5
    • Жанашыр
    • жм, 06/01/2017 - 16:14

    Шектіде Тілеу -Қабақ деген ру бар сол рудан Достан би деген би болған сол кісі атақты болса керек кезінде орыстар қызын сыйға берген екен сол ұрпақтан тараған балалары шегір көзді болып келеді қанша ұрпақ өтседе əлі күнге дейін орыс па деп қаласың. Ал түріктенде қыз алған екен олар əлі күнге дейін түрікке ұқсас боп келеді əжем айтушы еді кімнің қызын алсаң төріңде сол отырар деп.

    • #6
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 06/01/2017 - 16:59


    Серік Жанболат
    Кытай тургалы сен озiн намаз окып, 5уакыт дарет алып журсiнбе. Кытай тургалы Казах озiндi озiн МУСЫЛМАН етiп алсайшы.

    • #7
    • Мақалаға
    • жм, 06/01/2017 - 20:47

    1.Шетелдікке шыққан қыз күйеуінің азаматтығын алып Қазақстан азаматтығынан шығарылатын.
    2.Шетелдіктің Қазақстанда дүниеге келген баласына ата анасы азаматы болып келетін Еліне тиісті анықтама берілсін бірақ қазақстан азаматтығы берілмесін.
    3.Екі ел азаматтығы бар Қазақстандықтардың дүние мүлкі тәркіленіп өздері Ел териториясынын Шығарылсын.Осындай заңға өзгерістер керек.Ол опасыз.Заңды мойындамаушы.
    Келешегімізді бүгін ойламасақ ертең ҚАЗАҚ шешілмес проблема алдында қаламыз. Толерантность ел ертеңі тартысқа түсетін істерде болмайды.

    • #8
    • 2 ге,керiciнше айтатын ға.
    • жм, 06/01/2017 - 22:37

    2 ге.
    Қазақ тың сөзiн бұрмаламаңдар.пiштipдi eмес,пiштipce oнда әтек(евнух) ,немесе еркек емес,өгiз болып қалады.
    Қазақ тарда сүндетке отырғызды деп айтады.

    • #9
    • Даджалдың әскері - өзіміздің масондардан жақсылық күтпеңіздер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
    • жм, 06/01/2017 - 23:39



    https://www.youtube.com/watch?v=0KTvslkqWVs


    https://www.youtube.com/watch?v=Kb0U8FL_W1Y

    • #10
    • Даджалдың әскері - өзіміздің масондардан жақсылық күтпеңіздер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
    • жм, 06/01/2017 - 23:41

    Мынау тексіз неме жанашыр емес, қазақтың жауы!!!!!!!!!!!!!!!

    • #11
    • Момын
    • жм, 06/01/2017 - 23:45

    Мұсылмандыққа толық бет бұрсаңыздар қазақты алатын шайтан болмайды. Тек арамыздағы атеистердің көздерін құртуымыз керек.

    • #12
    • Жанашыр
    • сб, 07/01/2017 - 0:54

    10ға қазақтың жауы қазақ мен метис болсамда менің жүрегім қазақ, тілім қазақ, ойым қазақ, өзін өзі меңсінбейтін, өз тілін өзі меңсінбейтін қазақтан мен сияқты метистер артық.

    • #13
    • #
    • сб, 07/01/2017 - 2:19

    Алдымен ескертейін, маған беталды ауыр сөз жазбаңыздар. Айтайын дегенім, Қытайда бес жыл оқып келген көршімнің ұлы қытай қызына үйленіп келді. Ата-анасы қанша қарсы болса да "жақсы көреміз бір-бірімізді" деп қоймастан үй болды. Бұрынғы екі келін қазақ. Мына кенже келін қытай. Айтайын дегенім, әлгі қытай келін ата-енесін керемет сыйлайды. Ол тұрмақ біз сияқты көршілерге де иіліп-бүгіліп тұрады. Көрші болған соң аяқ-табақ араласады, сонда қытай келін не зат ұсынса да иіліп, екі қолымен бірдей ұсынып тұрады. Қой шырақтарым, айтып тауыса алмаймын, керемет тәрбиелі бала екен. Шіркін, менің келінім болса дейтіндей. Көрген соң, тәрбиесіне қызыққан соң жазып отырмын.

    • #14
    • 13 ке.
    • сб, 07/01/2017 - 3:43

    Жартылай болсада онда адресiңдi айт.Келiн болса дұрыс.Ал еркек терi бiзге қажетi жоқ.
    Қажетiң жоқ ,сен керек емессiң шаруамыз да жоқ. Тек естиiк рас па өтрiкпе?...
    Сосын ,неге қытай ға шығу керек қыздарымыз ол ар бipiншi ден кәпip дiнi нде.Шықса олардың саны көбейе бермейме.Сондықтан бip ic шара Қыздар ымызды қорғауға жасау керек..

    • #15
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 07/01/2017 - 8:16

    Казiр Казахстанда 100 семиядан жылына 50 -60% семия ажырасады. Граждански брак пен 1 жыл турады болды. Бiз бiр -бiрiмiзге келмеймiз деп салады. НЕГЕ?
    Ойткенi бiздiн кыздар Кытайский товар болды. Аласын бiр-екi кун киесiн лактырып тастайсын. Сен сиякты НАДАН журналистердiн, ТВ-лардын аркасында.
    Мысалы 25 жылда канша бiздiн кыздар орамал такты. 1% ке де жетпейдi. Ен бок сасыган кала Алматы, Шымкент, Оскемен. Ал осы калаларда катынын кошеде баскиiмзiз журедi кунi бойы, кешке басына каланын бок-тарын жинап алып келiдiде касында таза тосекте жатады. Намаз окитындардан баскалары. Еркектер 5 уакыт басын су мен тазалайды. Сенбесендер катындарына танертен орамал тагып жiберiндер ал кешке сол орамалды салфетка мен суртiндер.



    • #16
    • Авторға
    • сб, 07/01/2017 - 10:08

    Автор сөзіңізге түсінбедім,сонда қалай өз қазағыңа дұрыс қазақша тəрбие берейік демейсің ба оданда,ислам дінін қытайға үйреткенше.Қыздарың қытайға ислам дінін үйрен деп шарт қоя алама?Қытайды мұсылман қылғанша,өзі мұсылман болып алсында.Өзі мұсылман болса,нағаз қазақтың қызы болса қытайға тұрмысқа шықпайды айналайын.Сонда дінді қабылдаса болды қытай қытай болмай қалама?Сен қытайды жөндегенше өзіңнің қазағыңды жөндесей.Əлі жүр ғой шүлдіреп, мама,папа деп.Сен мынаны айтшы,қытайды мұсылман қылам дейсін,кешегі өткен ұлы Абай, Махамбет ,Исатай,Қарасай,Наурызбай батырлар,сонғы ханымыз Кенесары өз шешесін мама, əкесін папа деп сөйлеген ба?

    • #17
    • #17 Автор
    • сб, 07/01/2017 - 17:54

    Мусылмандыкты кабылдаса дурыс. Шын унатса кыз бала

    • #18
    • Төре
    • сб, 07/01/2017 - 20:44

    Бір-екі миллион Құдайы қонақ (қытай қонақ) келіп алып, бізде қалып қалса, не бетімізді айтамыз? Қонаққа қайтып кет дейміз? Келгенше қонақ ұялады, Кеткенше үй иесі ұяладының кері келіп жүрмесін? Сізбен-біз 20-30 жылдан кейін сол қытайдың көше-ауласын сыпырып жүрмейік? Мен не айтып кеттім, шамасы "алжи" бастаған шығамын. Ағайындар, мына сорлы Төрені кешіріңіздер? жаздым-жаңылдым?!

    • #19
    • Төке
    • жб, 08/01/2017 - 3:38

    Жоғарыда бір адам жазып отырғаны осы жергілікті қазақ жігіті ме екен қытай қызды алған? Ал Қытайда тұратын талай қазақ жігіт қытай қызды алыпты. Оны көрдік. Мындағы қазақ алса алсын, ал Қытай қазағы алса одан туған бала қытай болып кетеді. Қытайға осыдан он шақты жылдан да бұрын күйеуге шыққан қазақ қызды білемін. Әкесі мұнайшы, қызы оқыған, атын айтуға болмас, ыңғайсыз болар оқып қалса. Сол күйеу осы Қазақстанда тұрып қалды. Үш баласы бар, өзі мұнай компаниясында істейді. Бай, ауқатты. Қазақ болып кетті. Ендігі тілді де үйренген шығар.

    • #20
    • Жанарбек
    • жб, 08/01/2017 - 13:12

    Түркімендердің саясатын қолдану керек.

    • #21
    • батыс
    • жб, 08/01/2017 - 20:05

    кунде жиын той би билеу зарлаган олен кытай келмей ким келеди

    • #22
    • Серік Жанболатқа қазақбай ағасы
    • жб, 08/01/2017 - 20:21

    Секе, інім, бүгінгі қазақ қоғамында байғұс қазақты әбден қорлайтын, тіпті ақымақ қылатын көріністер көп қой. Қытайды айтасың, ал сол қытаймен шекарадағы кеден-таможняда бірі тұтқындалып, соты бітпей жатып, екінші басшылығы ұсталып жатса, бұл қалыпты жағдайға айналса, - қытай жігіттері келе жатыр деп қорқытуыңа жол болсын??? Қытайдан, басқадан қорғанудың мәселесін көтеретін күйіп тұрған мәселе көп қой.Қазаққа өзің өндіріспен айнлыс, өзің өнеркәсіп өнімін шығар, өзің өндірісіңе ие бол, өзің шетелге товар шығарсайшы, өзің өз мұнайыңды шығар деп жазудың орнына мына жазғаныңды қалай түсінеміз?!!!?? Әлде өзіңе қауіп төнді ме??? Жазуға тақырып та, өріс те кең ғой. Күйіп тұрған мәселені жазуға табаныңның бүрі тұрмаса, арзанқол іспен айналысуды қойсайшы, өз қадырыңды өзің кетірмей.

    • #23
    • 1
    • жб, 08/01/2017 - 20:52

    Естымеген елде коп

    • #24
    • ОКО
    • жб, 08/01/2017 - 21:35

    Осы омыр не боп барады. Кудайым кыздарымызка ар намыс, иман берсын. Болашагына уялмай карайтындай.

    • #25
    • Төре
    • жб, 08/01/2017 - 22:22

    Қатын алма - қайын ал! деген Қазақтың мақалын қытай жгіттері жақсы түсінген.

    • #26
    • Салафи
    • жб, 08/01/2017 - 23:57

    Ислам діні барлық жағынан артық дін ғой. Бұл дін залым атеистер сияқты ұлтты жоюға шақырмайды, қайта ұлтты, нәсілді сақтау Ислам дінінің негізгі мақсаттарының бірі. Сол үшін қытайды мұсылманға айналдырамын деп қыздарыңызды сатуды ойлауды қойыңыздар!

    • #27
    • Салафи
    • дн, 09/01/2017 - 0:00

    Әйел жетпей жатқан миллиондаған қытайды үйлендіру сіздердің мойындарыңыздан көрінген жоқ қой! Миллиард қытай үйлене алмай сүр бойдақ болып өтсе қытай азайып қалар деп жандарыңыз ашымай-ақ қойсын!

Пікір қосу

  • 6 + 1 =

Кіру