46 - сөз

УАҚЫТША ТІРКЕУ ДАУЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Уақытша тіркеуге қатысты заңды Үкіметтің азаматтардың қауіпсіздік мәселесімен ұсынғаны анық. "Жағдай ушықсын, мына халықты қинайық" деген ниетпен жасалмағаны түсінікті. Бірақ, оны реттеу механизмі әбден сарапталмай, ситуацияны бақылауға алуға тырысып, тым асығыс қабылдай салғаны көрініп тұр.

Бұл саланың маманы емеспін, бірақ шетелде бір жарым жылға жуық уақыт тұрып жатқаныма байланысты мұндағы тәжірибені жазғым келеді. Әуелі, Британияда прописка жүйесі мүлде жоқ. Қайда тұрып жатқаныңызды дәлелдеу үшін жалға алу келісім-шартын, тіпті коммуналдық қызметі төлемін көрсетсеңіз де жеткілікті. Кім қайда тұрамын десе өз еркінде. Мемлекеттік органдарында қайда тұратыныңды дәлелдейтін құжат сұраған емес. Виза талабына сай шетел азаматы ретінде полиция тіркеуіне тұрғанымда үй адресін тек ауызша ғана айттым. Бірақ Британияда жалға алу мәселесі, тағы басқа болсын барлығы заңмен реттелген және орындалуы тиіс.

Бізде алдымен осы саланы ретке келтіріп алған жөн еді. Меніңше, тек полицияға тіркеумен шектелген барлығына тиімді болатын сынды, өйткені расымен де қонаққа келсе мейлі, ал сол қалада жұмыс істейтін болса онда оны есепке алу керек. Бұл заң қайта қарастырылатынына сенімдімін, себебі кімнің қайда тұрып жатқанын дәлелдеу өте қиын. Азаматтар қашып жүретін емес, өздері келіп тіркелетін ұсыныстар керек. Наразылықтың артқаны ешкімге де қажет емес. Осы елімізде заң орындалмайды деп қайта қайта жазушы едік, бұл уақытша тіркеу де қағаз жүзінде қалады деп сенейік!

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

12 пікір 727 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • білгіш
    • жм, 06/01/2017 - 11:28

    билікке қарсы сөйлеу күнә әрі бүлік емес пе сәләпи бауырым..?

    • #2
    • Ауа
    • жм, 06/01/2017 - 15:02

    Әумин, бауырым, айтқаныңыз келіп, мына халыққа, қазақ халқына қарсы заң күшін жояды деп сенейік. Әй, бірақ қайдам...көңіл күпті...

    • #3
    • pikir
    • жм, 06/01/2017 - 15:22

    qyspaqtyn turi

    • #4
    • Төре
    • жм, 06/01/2017 - 17:28

    Наразылықтың артқаны ешкімге де қажет емес... Қайдам бауырлар, біреулерге қажет болар. Әйтпесе осындай заң қабылданар ма еді? Менімше осы қылық Президентке қарсы жасалып жатыр? Ол кісі оқымай, ойланбай қол қоя салған болу керек?

    • #5
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 06/01/2017 - 17:50


    Народ это стадо свиней, можно манипулировать ......https://news.mail.ru/society/28346420/?frommail=1

    • #6
    • нарын
    • жм, 06/01/2017 - 22:48

    негізі дұрыс қәзір қазақ жерінде сыртан келіп әр үиді жалдап тұрып жатқан адамдар көп кімнің не жасап не қоиып жатқанын ешкімде білмеиді сол ұшын дұрыс деп оилаймын ағайындар

    • #7
    • ттт
    • жм, 06/01/2017 - 23:02

    шетелден алынған деп айтқаны қане сонда алдап отыр ма бүкіл елді.Менің ойымша тіркелудің бір оңтайландырылған жолы болуы керек қой,шынындада қалаға жұмыс іздеп келеді,пәтер ақысын төлеуге шамасы келмеген соң ұймдасып 5-6-ы пәтер жалдайды,олар енді қалай тіркелуі керек?Немесе бір облыстың ішінде 30-35 керек болса еңбек демалысына 45 күнге шығадыда қыдырады олда тіркелу керек заң бойынша бұл қалай болады неге осылардың бәрін шешіп барып қабылдамайды? Ақылы негізде оқып жатқан студенттер бар оларда ұйымдасып 5-6-ы пәтер жалдайды олар қалай тіркелуі керек ,
    пәтер беруші тіркеуге уйіне алмайды ғой барлығын.Олардың барлығына жатақханадан орын берілмейді ғой осыны неге ескермеген?

    • #8
    • қараша
    • сб, 07/01/2017 - 0:07

    Экспоға он мың қытай келеді. олар төлемеиітін шығар.

    • #9
    • Ақиқат
    • сб, 07/01/2017 - 6:58

    БҰҰ-ның өзі қарсы болып,заңсыз деген,бірақ,оны тыңдар құлақ қайда...Бүкіл халықты шеңгелдеп,мониторингтен көріп отырғысы келетін сияқты ғой...

    • #10
    • Бұл қалай.
    • сб, 07/01/2017 - 8:26

    Бұл алгi ЕкСпО о кашан басталушы едi.Соған жасап жаткан сақтық шаралары болар өздерiнше...
    Мұндай еш мемлекетте жоқ
    Мына көршi Ресей де Владивосток,қай қалалары болсын.Петер бург,Екатерина бург,Калинин град,Ленин град,бұларда тipkey жоқ...
    Tек шет елден Узбекстан,Тәждiк Қалпақстан.т.тб.сондай солар ды үш айға прописка ға тұрғызады.Сосын қаласа тағы үш айға созады...
    Қазақстан ның қаласынан басқа бip қала сына бару,тipкеуге қойылуың керек болуы қызық жахдай екен...Өз республика азаматы бола тұра...
    Мұнысы несi eкен а ..

    • #11
    • Төре, 8-ге
    • сб, 07/01/2017 - 17:59

    Бір-екі миллион Құдайы қонақ (қытай қонақ) келіп алып, бізде қалып қалса, не бетімізді айтамыз? Қонаққа қайтып кет дейміз? Келгенше қонақ ұялады, Кеткенше үй иесі ұяладының кері келіп жүрмесін? Сізбен-біз 20-30 жылдан кейін сол қытайдың көше-ауласын сыпырып жүрмейік? Мен не айтып кеттім, шамасы "алжи" бастаған шығамын. Ағайындар, мына сорлы Төрені кешіріңдер? жаздым-жаңылдым?!

    • #12
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 07/01/2017 - 18:47


    Институт регистрации...................ru.wikipedia.org/wiki/Прописка

Пікір қосу

  • 9 + 27 =

Вход