Мәйекті

МҰНАЙШЫЛАР АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Маңғыстау облысында Techno Trading LTD компаниясының ондаған жұмысшысы аштық жариялады.

Компанияда оператор болып істейтін Берік Ергенбаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында өтіп жатқан наразылық акциясында 133 жұмысшы аштық ұстап отыр. Жұмысшылар компания басшылығынан жалақыны көбейтуді, тоқсан сайын берілетін сыйақыны тұрақты төлеуді, белсенділік танытқан жұмысшыларды қудалауды тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар сонымен қатар жұмыстың экологиялық зияны, қосымша атқаратын жұмыстары үшін де ақы төлеуді талап етіп отыр.

Жұмысшылар бейсенбі күні таңертең аштық жариялауға әуелі компания кеңсесі орналасқан Бірлік кентіне барған, бірақ кеңсені полиция қоршап алып, ешкімді өткізбеген. Бұдан соң олар Қызылтөбе кентіндегі кәсіпода орналасқан "Мерей" қонақүйіне барып, аштықты кәсіподақ кабинетінде жариялаған. Жұмысшылар судан басқа ешнәрсе ішпеуге бекінген.

Techno Trading компаниясындағы жұмысшылар наразылығы былтырдан бері жалғасып келеді.

Абай-ақпарат

6 пікір 744 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • Сәмен
    • жм, 06/01/2017 - 11:52

    Осылардың айлығы қанша?

    • #2
    • Халықпен санасу керек!
    • жм, 06/01/2017 - 12:35

    Бұларға мұғалімдер мен дәрігерлер қосылып жүрмесін. Онда бәрімізге пипец. Дереу министрлер мен депутаттардың, әкімдердің жалақысын азайтып солардың шотына жіберу керек. Жағдай қиын боп бара жатса Эксподан, универсиадан үнемдеу керек шығар. Жалғыз Астананы ғана қаржыландыруды бюжеттен қаржыландыруды тоқтатып, ана шетелге тыққан ақшаларды елге қайтарған абзал. Биыл Ұлы Октябрь революциясына жүз жыл. 17 санымен аяқталатын жылдары революция жиі болған. Халықпен ойнамау керек. Уәде берілді ме, қайыршыға садақа бергендей емес, халық сезінетіндей жалақы мен пенсия көтерілуі керек!!!

    • #3
    • саменге
    • жм, 06/01/2017 - 13:18

    сен осылардын бастыксымактарынын токалдарынын секретарьларында аилыгын сорап кормединбе осылар гои казахстаннын тесикин жамап турган.

    • #4
    • №1-ге
    • сб, 07/01/2017 - 11:11

    мұнайшылардың айлығы, жасап жүрген жумысына жараса, болуы тиіс,

    • #5
    • ескерту
    • сб, 07/01/2017 - 11:19

    осы мунаи система океметтин карауында болганда осындаи болмас еди арамтамактар шопкетышарлар иелеп алган жеке меншик кылып билгенин истеп жатыр тек акша толемеу тек оздерин оилаиды шыдамнында шеги бар шопке де тышалмаи кап журмендер?

    • #6
    • Жезқазғандағы бір Кіші жүз
    • сн, 11/01/2017 - 11:38

    Ағатайлар өмірлеріңізді сақтаңыздар!сіз болмасаңыздар ел- жерді кім қорғайды?

Пікір қосу

  • 8 + 31 =

Кіру