Абай-ақпарат

Көші-қон комитеті құрылды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Мемлекет басшысының Қаулысымен бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын,» — делінген Ақорданың ресми сайтында.

Абай-ақпарат

6 пікір 522 рет оқылды Қосылған: 06.01.17
    • #1
    • Арыс
    • жм, 06/01/2017 - 13:15

    Осы комитеттің құрылып келе жатқанына міне бақандай 26 жыл толады. Бәрі де бекер, тек қағаз жүзінде ғана.. Ақорда ойында тек "қазақ көбейіп кетпеуі керек".

    • #2
    • pikir
    • жм, 06/01/2017 - 16:12

    putin tiri turganda qazaqtardyn kelui qiindai tusedi

    • #3
    • Оқырман
    • жм, 06/01/2017 - 20:38

    Осы комитетің халық алдың да баспа сөзден бір есеп бергенің естімеппіз,қанша қаржы игерді қанша адам көшіп келді дегенді бұл комитеттің айтқаның не газет бетіне жазғаның оқымаппың

    • #4
    • Оқырманға
    • жм, 06/01/2017 - 22:44

    Егер шындап сұрап, қысса анау #2 PIKIR-сікір деген шықыр сықыр етіп айтып береді.Айқайға елеусіз ғана осылай айтақ қосатындардан шығады арандату.

    • #5
    • pikir
    • сб, 07/01/2017 - 7:28

    renzhimendershi bunyn barlygy bodandagy eldin tirligi emes pe?

    • #6
    • 4 ке.
    • сб, 07/01/2017 - 16:31

    Пiкip айтушыға ренжiмессiздер,ол аруақ та да турасын шындық ын айтады...

Пікір қосу

  • 6 + 13 =

Вход