Жұма, 29 Наурыз 2024
Күбіртке 5387 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 23:34

ҰҚК-НІҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ҚР ҰҚК-ның экс-басшысы Нартай Дүтбаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.

"Астананың Есіл аудандық №2 сотының 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы қаулысымен Дүтбаев Нартай Нұртайұлына, Хасен Нұрлан Болатұлына, Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлына қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген редакцияның ресми сауалына Астана сотының берген жауабында.

Оның ұсталғаны жайлы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. "Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабының 3-бөлімінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды", - делінген еді ҚР ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. 

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616