Бұ не мазақ?

ҚАШАНҒЫ БYЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРА БЕРЕМІЗ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,

Тіл комитетінің басшыларына ашық хат

 

Құрметті тіл мамандары, ұлттық Ана  тіліміздің  мемлекеттік  дәрежеге ие  болуы – қуанышымыз  бен  жауапкершілігімізді  арттырып  отырғанын түсінеміз. Соған   байланысты  әртүрлі   жұмыс-шаралардың   жасалып жатқанын да білеміз. Біткен   істің  міні  жоқ  десек те, бірер  пікірімізді қоғамдық-азаматтық парызымыз деп есептеп отырмын.

Сіздердің тапсырмаларыңыз бойынша  «Аруна»  баспасынан /Алматы, 2010 ж./ шыққан «Сөздік, словарь»  менің қолыма жаңа ғана тиіп отыр. Мұнда: «программа», «процент», «класс» – деген сөздер алып тасталыныпты. Бұл  сөздер  70-80 жылдары тілдік қорымызға еніп, сіңісіп, үйлесіп, бірігіп, кірігіп кеткен  сөздер  еді  ғой. Олар тілдік қазынамызда тарихи мұрағат мүлкі  болып  кетті. Бүкіл  қазақ тілінің жартысы шет елден енген сөздер мен терминдер. Сол терминдердің орнына  түгелдей  қазақтың  мағынасы дәл байырғы  сөзін тауып  қоямыз деу мүмкін бе, мүмкін емес?!

Жамап-жасқап осы үш сөзді ауыстырғанымызға назарларыңызды салыңыздаршы?

270-бетте «Класс» - І -1. сынып; 2. дәреже,  машина   представительского класса; жоғары дәрежелі машина. Класс - II -тап. Классифицировать-сұрыптау, топтау, топтастыру; классический – классикалық; Классическая   борьба - классикалық күрес. Классный – 1. сынып, сыныптағы; 2. разг. тамаша, өте жақсы - деп  жазылған. Бұл  аударма - дәлелдеулер  «сынып»  сөзінің  мағынасын  «класс»  сөзінің мағынасына теңестіре  алмай тұр. «Класс» (не?) - зат есім. «Сынып» (қайтіп?)  сынды   білдіріп   тұрған   етістіктің   көсемше  түрі.  Сынып    сөзінің синонимдері: сын, сынық, сынып, жік, бөлік, аралық, шек, ара және т.б. Сыныптың түп негізі – сын. Сөз табында  зат есім деп  қарағаннан  гөрі, бұйрық райлы етістік екені  даусыз. Көсемшенің  -ып, -іп, -п  жұрнақтарының  -ып  жұрнағы жалғанып (қайтіп?) деген сұраққа жауап беріп, көсемше болып тұр. Көсемше заттанбайды.

Мысалы: Күн сынып, аспан айықты. Аспан қайтып айықты? Күн сынып. Күректің сабы сынып, құр қол қалдық. Мәпіш  Шәріпқызының  «Ай сәулесі» кітабынан: «Басы сынып кетердей, құлағында шуыл.(202 бет)

Көңіл сынып қалады жабырқасам,

Суық тартып түнеріп жарық ғалам. (128 бет)

 

Тіл тапқанға әр орта – тұнық мекен,

үйрене алмай мен жүрмін сынып шекем.

Мен, асылы, күнімнен бұрын, сірә.

Бейімделе алмаудан құрып кетем.

                                                   (Ф.Оңғарсынова //Сарыарқа Самалы 11.11.12 ж)

Нұртас Оңдасыновтың «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігінде: «Алматы. Мектеп» 1989 жыл. Былай түсінік берілген: сын-сипат, сын-сыпат, сыныф, сына. (247-265 б. 2т.)

Рушді сыныф (арабша) 5-7 кластар көлемін оқу деңгейі, иғдади сыныф 8-9-10 кластар шамасындағы оқу түрі дегенді білдірген, яғни білім бөліктерінің ара жігін  көрсеткен  және оны   «сыныф»  деп  көрсеткен, бір әріптің, бір дыбыстың  қандай  өзгеріске  ұшырататынын  да  ұмытпауымыз  керек.

Араб, парсы, шағатай тілдерін ана тіліндей меңгерген Ыбырай, Абай, Мәжһүр Жүсіп, Шәкәрім  жазып  кетер  еді  ғой.

Класс  [лат.classis  разряд] - группа  учащихся в  начальной, в  средней школе, подбираемых  соответственно по возрасту и познаниям. Ресми тілімізде айқын айтылып отырған  осы анықтамадан артық бар ма, жоқ!

Қарапайым әдіс – екі сөйлемді қатар жазып, кезек-кезек оқиықшы. Қайсысында өмір тіршілік бар?

5 - класс тұр, 6 - класс кетті, 7 - класс қалды.

5 - сынып тұр, 6 - сынып кетті, 7 - сынып қалды.

Біріншіде өмір, тіршілік, адам әрекеті болса, екіншіде жаппай  қирау, жайылу. Тек дауыс  екпінінің  күшімен ғана балама ұғымға келесің.

3 - бетте Программа – бағдарлама  делінген.

«Қыли адам екі кісіні  алдайды  дегендей»,  «программа» - дұрыс ой, тура қараса, «бағдарлама» – бұйрық  райлы  болымсыз  етістік - бағдарламай  адасып, айдалаға  қарайды. «Байқама, пайымдама, алды-артыңа  қарама, беталды жүре бер»  деп тұрған соң, енді  қайтсін?        Екеуі  екі  түлік сөз, қалай бірінің  қызметін  бірі мінсіз атқара  алады? Осы қателіктерді авторлар: Баян, Эльвира, Гүлбахира  білмейді  емес, біледі. Бірақ, бір мықтылардың бұйрығы  солай  болып  тұр ғой. Бірыңғай  қазақ сөзіне көшіп, орыс  сөздерін  құрту. Бұл  орыс  сөзі  емес. Латын  сөзі – термин. Кеңес үкіметі   құрылғаннан   бері  барлық  істе, бірінші   кезекте қолданылып, бұлталақсыз  іс-жүзеге  асырылып  отырған   сөз.

Авторлар  былай  жазыпты:

52-бетте: Бағдар І - 1. направление, курс, ориентация, ориентир;

2. перенаправление (развитие чего-либо);

ІІ – украшение (на серебре).

Бағдарла 1. дать направление, указать курс, ориентировать на что-либо;

2. наблюдать, следить за направлением (развитие чего-либо).

Бағдарлама – программа.

Міне, керемет! Бағыт-бағдарымыз мүлде басқа дүниеге айналып кете барды. Негізсіз, заңсыз өзгеріс. Бағдарлама жоғарыдағы тәртіппен аударылғанда «не наблюдать», «не следить за направлением» болар еді. Бұл қандай заң? «Күштінің арты диірмен тартады?» деген осы!

Бұйрық райлы болымсыз етістіктің түрі субстантивтенуі – заттануы деген болады. «Не?» деген сұраққа жауап беріп, атау тұлғада тұрады. Бұл жерде ондай өзгеріс жоқ.

Мысалы: көр+ме, баянда+ма, тапсыр+ма, қапсыр+ма, қайыр+ма, бүр+ме, үйір+ме, аялда+ма – бұл сөздер не деген сұраққа жауап беріп, көрме, баяндама, тапсырма, қапсырма (әйелдер қамзолының өңірін бекітетін қысқыш сартана), қайырма (әннің қайталанатын бөлігі), бүрме (Ақ көйлегім бүрмелі), үйірме, аялдама мағыналарын беріп тұр. Егер қиыр шегі көрінбейтін теңізге алып жарық шам қойылса, міне, соны бағдарлама деуге болар. Бірақ оны «маяк» дейді ғой. Болымсыз етістіктің бәрі бірдей заттана бермейді. Мысалы: жола+ма, сандал+ма, жарала+ма, жаула+ма. Бұлар заттанып тұрған жоқ. Сұрауы «не?» емес, «қайт пе?».

Бұл жұмыс, қылық – ұят, тереңдетсе – қылмыс.

Программа [гр. programma, объявление, предписание; 1. план намеченной деятельности]

Айдан анық айтылып тұрған дүниені бұлдыратып, бұрмалап, түсініксіз етіп, неге қателікке ұрындырамыз? Өзімізді өзіміз алдап, басқаларды неге адастырамыз? Кейбір білгіштер коммунистік партияның көсемдері Ленин мен Сталин сөйлеген сөз. «Оған жоламау керек» - деп апаттан сақтандырады. (Қалай күлмейсің)

349-бетте процент – пайыз деп, ал 151-бетте пайыз – процент делінген. Осылай аударғанда авторлардың қандай дәлелдері бар? Кім болса да бір негізге сүйенуі керек қой.

Мысалы: Алматы «Дайн – Пресс» 2008 жылғы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің 665 бетінде «пайыз» - пайыз тапты, тағат етті делінген. 100 бетте «Байыз» - байыз таппады, дегбірі қашты, сабыры кетті деп түсіндірілген. Бұл сөздер кеше мен бүгін аспаннан түскен, ауып келген немесе жерден шыққан сөз емес, қазақтың атам заманнан бері қолданып келе жатқан сөздері. Осы пайыз сөзін жерден жеті қоян тапқандай 680 бетте мойныңды бұрылтпай процент, пайыз деп қосарландырып жазып, проценттің анықтамасын берген. Жазған автор емес, суық қолдың ісі екені көрініп тұр.

Н.Д. Оңбасыновтың түсіндірме сөздігінде: файдун,  пайыз – 1. тасып толу, кемерінен шығу, молшылық; 2. жомарттық, мырзалық, қолы ашықтық, игілік, қайырымдылық (құдайдан), ауыс, көркемдік, әсімділік.

«Жел дегенін тек бірақ,

Ойға – қырға шапқылап,

Пайыз таппас ауа ғой. (М. Әлімбаев)

Әділім айтсақ, осы кітап жарияланғаннан кейін Ермұқан Бекмақанұлы бір жыл ма, бір ай жазу столында пайыздап отырып, қалыпты жағдайда жұмыс істей алған жоқ.

(Медеу Сәрсеке. «Қаныш елі» кітабынан, 104-105 бб.)

Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығында «Ышқышбап сапары» өлеңінде:

Қарайды базар барған қалтасына,

Сүйсінер тоғай барған балтасына.

Отырдық біраз кіріп пайыз алып,

Жар салған ишандардың алқасына (І т. 112 бет)

 

Пірлерден зат едіңіз тиген назар,

Тамаша жүрген жерің болған базар.

Қасиет ғаріпліктен пайыз тауып,

Табиб болдың дауасыз дертті жазар.

 

Бұйрықты тұз, несібе адамды айдар,

Барады күн-күн өтіп жыл мен айлар.

Табылар барсаң пайда іздегенмен,

Пайыз абад, патих абадтай шәріп жайлар.

(Мәшһүр Жүсіп ІІ том, 34 бет)

Мәшһүр Жүсіп (1858-1931) ерте туып, ерте өлсе де, Мұзафар Әлімбаев, Медеу Сәрсекелер тірі ғой. Солардың көзін бақырайтып қойып, ауыздарынан сөзін барымталап алып, саудаға саламыз ба? Ұят қой! Кәсіпке айналдырып, пайда табамыз ба?

Құрметті басшы, тіл мамандары, осы мен айтып отырған жайды елдің бәрі біледі, «айтып жаман атты» болғысы келмейді. «Айтқанмен тыңдап жатқан ешкім жоқ, күл болмасаң, бүл бол, өлмесең өрем қап!» - деп, теріс айналады.

Мен 86 жастамын. Өнерім тасып, филология ғылымынан кандидаттық қорғайын деп отырған жоқпын. Дұрыс түсініңіздер! Болашақ ұрпақты ақымақ қылып, алдаудың обалынан қорқамын, арымнан ұяламын. Ертең есейіп, ақыл тоқтатып, көздері жеткенде, бізді оқытқан ұстаздарымыз қандай қараңғы болған, өздері түк түсінбейтін надан болыпты ғой демесін дегендік.

Жас ұрпақтың обал-сауабы мұғалімдердің мойнындағы парыз. 43 жыл мұғалімдік өмірімнің 36 жылын мектеп директоры болып еңбек істегенде, барлық тілегіміз жасұрпақ тілеуіне ауысып кеті ғой. Сондықтан Сіздердің мазаларыңызды алғаныма кешірім сұраймын.

Зекебай Солтанбаев, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Құндыкөл округі, Егіндібұлақ ауылы

Abai.kz 

 

32 пікір 974 рет оқылды Қосылған: 07.01.17
    • #1
    • Тентек
    • сб, 07/01/2017 - 12:22

    Бір бет қағазға жазып қойыпты алдарына, қазақшасы жокпа аударсандарш деп мен әлек , Запастағы офицер - аудармасы қалай екен таппай отыр сорлы әскери бөлімде істейтіндер

    • #2
    • Таңданбаған қазақбай
    • сб, 07/01/2017 - 12:58

    Осы тоқсаныншы жылдардан бері қарай қазақ тілінің мамандары болып, басқа "жанашырлары" болып осы мәселенің төңірегіне шілдедегі шыбын мен микробтай үймелегендерге ешқандай қадағалау, тосқауыл жоқ екені таңдандырады.Мемлекеттің қанша жалақысы желге ұшты. Тіл білімі институтының шығарған сөздіктері ештеңеге жарамайды, словарьдан басқасы, ал басқа ешкімге керегі жоқ "түсіндірме" сөздіктері т.б. біздің мекемеде үйіліп тұр, ешкім пайдаланбайды, себебі пайдаға жарамайды. Қажеті жоқ. Оның есесіне өмірден, нақты практикадан әлдеқайда аулақ автоинспекция терминдеріне дейін ешкім пайдаланбайтын, алыстағы бір қыстақ диалектісіндегі сөздерді тықпалап, ономастика комиссиясында оларды қабылдауға болмайды деген гаишниктердің жыларман болғанын көрдім. Желтоқсанның басында Ақтөбе - Алматы ұшағында бір тіл маманын көріп, қайдан келесіздер деп сұрасам, треннинг өткізіп келеміз деп масайрап жауап берді. Нақты қандай треннинг, Ақтөбе халқы қазақша білмейтін бе еді десем, әңгімені болған банкеттеріне, ішкен жегендеріне тірегендей болды. Өзіне өзі разы. Сонда мемлекеттің қаражаты неге дұрыс жұмсалмайды, қазақ тілі құрып барады деген сарнауды неге тоқтатпаймыз деген мәселеге жауап іздеудің керегі жоқ екенін түсіндім. Себебі қазақ тілінің "мүшкіл" халін сылтау етіп, мемлекеттің қаржысын сүліктей сорып жатқандарға тосқауыл қоятын, оларға бақылау жасайтын, керек болса жауапқа тартып босқа кеткен миллиардтаған қаржыны қайтартатын кезең келді. Судың да сұрауы бар .

    • #3
    • Төре
    • сб, 07/01/2017 - 13:10

    Зекебай мырза, айналамыздағы тәбиғи ортамыз қалай дамыса, тілімізде солай дамиды емес пе? Тілдің дамуы оның мағынасының құнарлана күрделене түсуі - заңдылық. Қазақтың ғылыми тілі әлі толығымен қалыптаса қойған жоқ. Мына түрімізбен әлі 100 жыл керек шығар. Алдымен тіл шыққан, содан соң ғана тіл туралы ережелер шыққан. Халықтың сөзі ережелер негізінде шыға ма? Сол қарапайым халықыңыз ережеңіздің не екенін біле ме? Ережені ойлап табатын сіз сияқты ойлана білетін адамдар..."Бағдарлама" - ол не? Ол бағдарлама! Осыдан жүз жыл бұрын бір адам былай айтқан-жазған деген дәлеліңіз орынсыздау ғой демін. Біздерде солай айтуымыз-жазуымыз керек пе? Менікі пікі айту...ғана?

    • #4
    • САДЫҚ СМАҒҰЛОВ
    • сб, 07/01/2017 - 14:27

    ЗЕКЕБАЙ СОЛТАНБАЕВ ТІЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ТАС ТАЛҚАНЫН
    ШЫҒАРЫПТЫ. ӨЗІҢІЗДЕ АТАСЫЗ ҒОЙ. АТАҢЫЗДЫҢ АТАСЫНА
    РАҚЫМЕТ. "ПАЙЫЗ, СЫНЫП" АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНҒАНЛА
    Нұрсұлтан Назарбаев: "пайыз, сынып" деген пәлені қайдан
    тауып алдыңдар дегенде бөркімді аспанғалақтырып едім. Бір-ақ
    таңданысы іске аспады. (қай ісі іске асып жатыр) Зекеңнің
    жазғанына 1000 процент қосыламын. Тіл малғұндары ЗЕКЕҢНЕН садаға кетсін. Қазақтың түп атасында КЛАСС, ПРОЦЕНТ деген сөз болмағаннан кейін, сол күйінде қалдыру керек еді. Баяғыда "Халық мұғалімі" газетіне жазғанымда тіл малғұндары "осылай шешті" деген жауап алғанмын. Әзірге мені екі адам қолдағаны белгілі болды.

    • #5
    • Төре
    • сб, 07/01/2017 - 15:02

    "бөркімді аспанғалақтырып едім"... дұрыс ниетпен лақтырмағансыз, бөркіңіз әлі аспанда тұр! Сенбесеңіз далаға шығып аспанға қараңыз? "тіл малғұндары"- олар кімдер? Сізді екі адам-ақ қолдапты. Егер сізді "БІР" адам қолдаса, бөркіңіз басыңызға қайта киіліп, лауазымыңыз өсетін еді? Қап, қап ... негізгі айтылмақ "ҰРАНДЫ" ұмытқансыз...өкінішті!

    • #6
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 07/01/2017 - 15:26


    Мысалы Роза деген гул букiл алемде Роза ал Кагазстанда РАУШАН жане ГУЛ ........

    • #7
    • ТӨРЕ МЫРЗАҒА
    • сб, 07/01/2017 - 15:44

    СӨЗІҢІЗДІҢ АСТАРЫН ТҮСІНДІМ. БИЫЛ ТАУЫҚ ЖЫЛЫ ҒОЙ.
    ҮЛКЕН ЕКІ ӨЗГЕРІС ТЕ ТАУЫҚ ЖЫЛДРЫ БОЛҒАН. БӨРКІМНҢ
    АСПАНДА ТҰРҒАНЫ ДҰРЫС, ЖАЛАУ БОЛЫП. "ҰРАНДАТАТЫН"
    КҮНДЕ АЛЫС ЕМЕС.

    • #8
    • Төре, 7-ге
    • сб, 07/01/2017 - 16:07

    ӘМИН!

    • #9
    • Алшын
    • сб, 07/01/2017 - 18:22

    Ахмет Байтұрсынов класты сыныф (парсыша "сынф") деп алыпты. "Сыныптың" орнына ұлы ғалымның сол вариантын қалдыру керек еді. Ол кісі "ф" дыбысын қазақ үшін жат көрмеген болып тұр ғой.

    • #10
    • ТАБЫНШАЛ
    • сб, 07/01/2017 - 18:56

    Калбит, қайдасың ?
    Мына маңқа қазақтарды орнына қой !

    • #11
    • БАҒЫС
    • сб, 07/01/2017 - 19:15

    ОРЫСТАН КІРГЕН СӨЗДЕРДІ СОЛ ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫРУ КЕРЕК.
    МОСКВАНЫ - мәскеу, ГЕРМАНИЯНЫ - алмания, АЛБАНИЯНЫ да - алмания ТІЛД БҰРАҒАННАН НЕ ҰТТЫҚ?
    ӘСІРЕ ТІЛ МАЛҒҰНДАРЫНЫҢ ЖАСАҒАН ЖАҢЫЛТПАШЫ.
    АЛМА - АТАны - алматы деп жүргенде осы ұлтшвлдар.
    АЛМА да АТА да ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ СӨЗІ Көтеріңкі естіледі.
    Маңқаланып тұрған жоқ.

    • #12
    • Арман
    • сб, 07/01/2017 - 19:17

    Зекебай ата, "сынып" сөзінің "сын-ып" көсемшелі етістігіне еш қатысы жоқ. Ол арабтың "сыныф" деген сөзі. Құлағыңызға орыс сөздерінің әбден сіңіп кеткені сонша - қисынсыз қорғаштайсыз.

    • #13
    • ТАБЫНШАЛ
    • сб, 07/01/2017 - 19:42

    Әй, жезде !
    Не деп отырсың ? Қазақ болған соң 100 процент қазақ болу керек.
    Аэропорт - әуежай,
    архив - құжатжай.
    музей - мұражай,
    кладбище - скелетжай,
    балкон - қылтима,
    фонтан - шаптырма,
    туалет - тыштымхана,
    Тағы не қалды, Құдай-ау ! Бәрін келістіріп тастадық, енді аты жоқ астананы НҰРСТАН десек - алам гулистан !

    • #14
    • калбит
    • сб, 07/01/2017 - 22:28

    кои багып ет жеп омир фуылда тургыларын келсе казахша уирениндер Базарбаев сиякти президент Олжас Сулеименов сиякты поэт Талгат Мусабаев космановт Аблязов сиякти банкир Бакыт Сыздыкова сиякт парламент та отыргын келсе только орысша уирениндер орыска адал енбек етиндер осы адамдардын бари орыска адал кызмет етип осы дарежеге орыс ултнын орыс тилинин аркасында жеткен казах олген халык казах деген боктын кабы суиек пен теримен каптап сыртына китаискии киым кигизип орысша сделано в Русском мире деген ярлык жазып казахта келешек жок 100% бурында казах ештене тындырмаган коп болсаМангол Жонгардын малаиы болып коиын багып келген Манголша соилеп Жонгарша соилеп казир жур славянскии фамилиясын калбит аттарына косып алып азгана орысша уиренип алып русскии мир биз батырмыз деп аикаилап Атилла Шынгыс Путин биздин бабамыз деп коттери бок бок атана налеттерге кулкин келеди

    • #15
    • Мәлік Бекарыс
    • сб, 07/01/2017 - 22:46

    Автордың пікірін құптаймын. Ғылым мен техникаға қатысты терминдерге қазақша балама іздеп әуре болмаған жөн.

    • #16
    • Дәуір Жақан
    • сб, 07/01/2017 - 23:45

    11.Бағыс, білмейтініңді пұлдамасаңшы. Қазақ тілінде: ты, ті; ды, ді; лы, лі сияқты көптік жалғау бар. Қарағанды, Тасты, Қарағайлы, Бөрлі, Жезді, Көкпекті. Алма-ты да солайша: алмасы көп; көп алмалы жер деген ұғым. Сен Алма-Ата дегенді ойла, ол алманың атасы дегендік емес, қазақ ешбір шөпке, алмаға да табынбаған, Ата дегенді шығарғандар "ты"-ны, яғни көптік жалғауымызды білмеген біреудің жазып жібергені. Храпунов, О.Сүлейменов бастаған орыстар анау бір жылы қайтадан "Алма-Ата" болсын деп шапқылаған, соларғ енді сен дем бермекшісің бе? Ұят та!

    • #17
    • НУР
    • жб, 08/01/2017 - 0:49

    Казахстан занял четвёртое место в списке самых дешёвых для жизни стран мира по итогам 2016 года.

    По версии портала Numbeo, самые высокие цены на Бермудских островах, самые низкие — в Индии. Всего в списке 122 страны, которые сравнивали по таким параметрам, как стоимость аренды жилья, продуктов, поездки в общественном транспорте.

    В ТОП-10 государств с самыми доступными ценами вошли Индия, Молдова, Пакистан, Казахстан, Непал, Украина, Грузия, Алжир, Азербайджан и Колумбия. По данным портала, средняя стоимость бутылки воды в Казахстане 97 тенге, чашки капучино — 542 тенге, килограмма картошки — 119 тенге, проезда в автобусе — 80 тенге, абонемента в спортзал — 14 тысяч тенге, аренды однокомнатной квартиры в центре — 93 тысячи тенге. С другого конца рейтинга расположились страны с самыми высокими ценами. Это Бермудские острова, Швейцария, Багамские острова, Норвегия, Исландия, Дания, Сингапур, Люксембург, Кувейт и Гонконг.

    Numbeo — краудсорсинговый портал, аналитики которого изучают и сравнивают стоимость жилья, ряда товаров, коммунальных услуг, стоимость которых узнают из отзывов местных жителей.

    • #18
    • ТАБЫНШАЛ
    • жб, 08/01/2017 - 6:15

    Әй жезде, аты жоқ астананы "НУРАСТАНА" деп өзгертейік деп "почин" көтер.Көтеріңкі естіледі.
    Көсекеңнен өрден алып қалуың мүмкін, жездуха.

    • #19
    • декан
    • жб, 08/01/2017 - 8:29

    Мне мына 16 шы керемет әдебиет шi eкен дұрыс айтады...
    Мектеп терде балалар ға осындай бiлiмдi адамдар сабақ берсе гой...

    • #20
    • Айман
    • жб, 08/01/2017 - 11:33

    Кезінде Бельгер ағамыз Министрлікке қазақ тілінің терминдерге қарасты аудармасын, бұрынғы қазақ тілінің нақышына келіп айтылып келген сөздерінің жинақ қоржынын ұсынған екен. Одан өте тамаша деген жауаптан басқа, еш-бір тіршілік қамын, не нәтижесін көре алмай кетті. Қоржын қазақтан емес, немістен шығып отырған соң, одан әрі қарай қозғалысқа жіберілмей отыр депті марқұм Білгір ағамыз. Себебі жоғарғы жақта қазақтан шыққан орыстар отыр. Олар мемлекеттік тілдің өшкенін қаламаса, дамығанын қажет етпейді. Өзбек, түркімен, тағысын тағы елдерге қарағанда, біздің қазақтың шенеуіктерінде намыс жоқ. Өз ұлтын, тілін, дәстүрін, мәдениетін менсінбейтін тек қазақ болып отыр. Диуаналар ел басқарған соң, қазақ қайдан ел болсын.

    • #21
    • ТАБЫН ШАЛҒА
    • жб, 08/01/2017 - 11:39

    Балдызым, Табын шалға айналдың ба,
    Шықтың да ақыл№теңіз айдынына.
    Әр сөзің мір оғындай дәл тиеді,
    Жазғыштар шақ келмей тұр айбыныңа...
    Әуе жайдан ұштың да,
    Мұражайға қондың ба
    Құжаттарды тексеріп,
    Склетжайға асықпа,
    Қылтимадан қылтиып
    Шаптырып тұр алысқа.
    Тыштымханаға балама
    Сыпайылау бірдеңе,
    Ойлап тауып, Балдызым
    Бояуыңмен жаз тасқа.


    .

    • #22
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 08/01/2017 - 13:40

    Жезде, ауырмай-сырқамай жүрсің бе ?
    Апамды қуантып 100 ЖАСА !

    • #23
    • Жаппас Байұлы
    • жб, 08/01/2017 - 19:12

    Х.Досмұхамедұлы: «Ауыздан кірген тамақ сіңуі үшін, денеге «өзілік» болу үшін дене заңымен өзгеруі керек. Дене заңымен өзгермеген, дене заңына көнбеген тамақ сіңбейді. Денеге зиян береді. Тілге кірген жат сөздер де сіңуі үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді. Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ыңғайлап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер-дүниеде тіл жоқ деп айтса бо
    лады. Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы жат қалпымен сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар орасан зиян келтіреді» – деп, басқа тілден сөз алудың жолын
    1924 жылы-ақ көрсетіп кеткен болатын.

    • #24
    • Акцентпен сөйлеу ұлт рухының мықтылығы!
    • жб, 08/01/2017 - 19:16

    1926 жылы Бакуде өткен «Бірінші түркологиялық съезде» А.Байтұрсынұлы былай депті: «Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка, точно должны подвергаться изменениям соответсвенно казахскому говору. Это значит, во-первых, что во всех неказахских словах, с чуждыми казахскому языку звуками, последние заменяются соответственно нужными звуками, во-вторых, суффиксы в неказакских словах заменяются казахскими, в-третьих, двойные звуки принимаются в одинарном виде, в-четвертых, чуждые казахскому языку окончания должны измениться в пределах требуемого языком удобства произношения»

    • #25
    • *ке
    • жб, 08/01/2017 - 19:41

    Өтірік айтып жұртты шатастыруға болмайды. Бұл сөздерді баяндамасында өзбек өкілі ретінде Нәзір Төреқұлов айтып, оны Тұрар Рысқұлов қайталваған.

    • #26
    • БАЗАР
    • жб, 08/01/2017 - 23:07

    Себебі жоғарғы жақта қазақтан шыққан орыстар отыр. Олар мемлекеттік тілдің өшкенін қаламаса, дамығанын қажет етпейді. Өзбек, түркімен, тағысын тағы елдерге қарағанда, біздің қазақтың шенеуіктерінде намыс жоқ. Өз ұлтын, тілін, дәстүрін, мәдениетін менсінбейтін тек қазақ болып отыр"-өте дұрыс айтылған пікір....
    Қазақ тілін үиретуге кеткен шығын шаш етектен бірақ үиреніп жатқан басшыны көрмедік,,,

    • #27
    • I
    • дн, 09/01/2017 - 3:15

    Мына Узбек ия да орыс ұлты кәдiмгi ,өзбек ше қазақша гәпipлескенде Қазақ ыңды жаңылдырады,местный Қазақ тар аузын ашып қалған.,( олар бip жылдары Астрахань поляларына келдi.) ,әне яғни Өзбәк лер адiciн тапқан қалай өз тiлдерiнде сөйлетуiн...
    Ал сендер қол қусырып қашан сөйлейсiңдер деп қарап отырсыңдар.Анау бастағылар қалмақтар сөйлемей бұлар сөйлемейдi.Тiптi анау бip хан ба патша ма қызы ,калмақ ша жоңғарша үйренiңдер деп шықты емеспе?...
    Басқа ұлт тар бiздер сияқты емес елпiлдеп ұшып тұрған...
    Бұларды қандайда бip жолмен сөйлеттipy керек қазак ша,өздерi ң үйренiңдер сөйлер деп ойлап отырсаң я онда отыра береciң .Жоғарыдағы калмақтар сөйлетпей отыр,бұларды сөйлету Қазақ ша қиын шаруа емес.Бip ер айда ақ тiптi бәрiн сөйлеттipyге болады...

    • #28
    • Амантай
    • дн, 09/01/2017 - 9:24

    Сынып деген сөз расында дұрыс емес, мағына бермейді. Классқа да жабысып қалудың қажеті жоқ. Топ десе жетіп жатыр. Пайыз, байыз сөзін бір сөз деу жаңсақ пікір. Байыз таппады дейді. Берекесі кетті, тыныш, жайбрақат бола алмады деген мағына. Ал, пайыз ол өлшем, бірлікті білдіретін сөз, Программадан гөрі бағдарлама әлдеқайда қонымды. мағынасы да дөп келіп тұр. Қазақша баламасы бар терминдерді аудару дұрыс. Дегенмен кейбір терминдерді аударуға келмейтінін ескерген дұрыс.

    • #29
    • Жөнсіз аудармаға жол жоқ
    • дн, 09/01/2017 - 11:53

    "Бумага мелованная глянцевая или матовая" дегенді қалай аударамыз?

    • #30
    • #29-ға
    • дн, 09/01/2017 - 12:25

    "Тегістелген жылтыр немесе ақшаңқан қағаз"-деп аударыңыз. Аударманың қай түрін болса да дәл табуға болады. Тек тәжірибесі жоқ адамдар байбалам салып, жоқ жерден мәселе көтереді.

    • #31
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 09/01/2017 - 16:14

    Ой, блядь иманғалидың көтін жалап қысқы азық -түлігін толтырып соғымын жинап жүрген қайдағы бір неміс Айман қалқамның ағасы бола қалыпты ?
    Ржу, подайте мои тапочки.

    • #32
    • АНТАКИЯЛЫҚ БАЛДЫЗЫМА
    • сс, 10/01/2017 - 10:41

    100 ЖАСАҒАНҒА АПАҢЫЗ ҚУАНБАЙДЫ,
    БЕС ӘРІПСІЗ КӨҢІЛІ УАНБАЙДЫ.
    СЕКСЕН ҮШ КЕЛЕМ ДЕГЕН ЖАСЫМ БА ЕДІ,
    БЫЛҚ-СЫЛҚ ЕТІП БЕС ӘРІП ТҰРА АЛМАЙДЫ.

Пікір қосу

  • 5 + 18 =

Кіру