46 - сөз

ЕДІЛІМ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазтуған жыраудың «Қайран да менің Еділім» деп келетін жырын бәріміз білеміз. Дәл сол өлеңмен үндесетін ноғайларда Шалкиіз жыраудың да "Еділім" деген толғауы бар. Шалкиіздің қазақ шығып бара жатқан кездегі қалдырған зары. Ноғайшадан қазақшалап өздеріңізге ұсындым...

Еділім

Құба нарға жүк артып,
Қос арбаны жектіріп,
Күніміз бұлай болды деп,
Жырау атқа мінген күн.
Жауырына қара қаптал киініп,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Қабырғалы қос ат айдап көшкен күн.
Екі көзін жас басып,
Танауларын шаң басып,
Бұл жасында жырауың,
Күні түзде кешкен күн.
Алаң, алаң, алаң жұрт,
Алаңдаған ұлы ноғай жұрт,
Ақ қапталдар киініп,
Атам күйеу болған жұрт,
Жібек тастар салынып,
Анам келін болған жұрт,
Сазандай құйрық тастатып,
Сан арғымақ өскен жұрт.
Сары балдай қымыз сапырып,
Сапырыла көшкен жұрт,
Келін келген құтты жұрт,
Жылғын жаққан жылы жұрт,
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жұрт.
Жайлақта жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жұрт.
Еділімсің – теңімсің,
Отың – шекер, суың – шәрбат,
Көп ноғайым кең жайлаған жерімсің.
Тәлейсіз Шалкиіз бүгінде,
Қазақ шығып барады.
Біздей болған жырауға,
Жолың болсын дермісің?!

Шалкиіз Тіленішұлы
(ноғайша - Шал-Кийиз Тиленши Улы)

Серікбол Хасан

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір 649 рет оқылды Қосылған: 09.01.17
    • #1
    • камизякский
    • дн, 09/01/2017 - 12:09

    Шалкиз, Досмабет, Қазтуған - ноғайлының жыраулары. Ал, шындығына келгенде, ноғай - деген ұлт кезінде қолдан жасалған!!! Алтын Орда тұсында, орыс купестерімен кұдаласып, орыстарға Хиваның ыдыстары мен жібек маталарын тасып, бартерге бұлғындардың терісіне айырбастап, кейін орысша кйініп, орысша сөйлеуге әуестенген сол дәуірдің элитасын, жәй халық, "өй-ноғай" деп атаған. Нарицательно - атылған сөз кейін, бір үлкен тобырдың атауына айналған. Ноғайлар, қазақтың жалпақ тіліне "кірме сөздерді" енгізуде шебер болған!!! Өйткені, Ы.Шөрековтың айтуынша, Ордада жүрген Махамбетке, жек көргендер: - "Әй-Махамбет сен-ноғайсың ғой" деп айтқаны бар. Қайдан шыққаны, келгені белгісіз - бұл неқылған ұлт. Ноғайлар РФ Шешенстан республикасының Ноғайюрт деген елді мекенінде шоғырланған. Оның өзінде саны жағынан бәрі - бір, жеке ұлт боларлықтай емес. Қысқасы, 11-12-13 ғасырларда обрусевшый қазақтар, Алтын Орданың.!!!

    • #2
    • Қассақ
    • дн, 09/01/2017 - 16:53

    Ноғайлардың Қапқаз жақтағылары қапқаздықтарға, татарлармен аралас тұратындары татарларға қатты ұқсап кеткен. Қазақтан аумайтын таза қандылары да баршылық, бірақ азайып барады. Тұрған аймақтарына қарай тілдері де едәуір өзгеріске түскен. Қапқазда тұратындары өздерінше "таулықпыз", "қазақпен еш шатағымыз жоқ" деп өркөкректенеді.Тегінен ажырап, мәңгүрттеніп кеткен жұрт.

Пікір қосу

  • 9 + 1 =

Кіру