ӘдебиетTürk ifşa sikiş izle

ОЛИВЕР ГЕНРИ. «Тұтқындағы» маршал*

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Денверде, шығысқа қарай жүретін Б. және М. бағытындағы жүрдек пойыздың вагондарына жолаушылардың қалың нөпірі тасқын судай қаптап, толқын-толқынымен ағылып келіп, орналасып жатыр. Вагондардың бірінде аса биік талғаммен жарасымды киінген кербез де сұлу бойжеткен отырды. Жанға жайлы, керекті дүниелердің бәрі қасынан табылғанына қарап, оның көп жол жүріп, көп жерлерді аралаған тәжірибелі саяхатшы екенін тану қиын емес-ті. Кенет вагонға бір-біріне кісенделген екі жігіт кіріп келді.  Бірі сымбаты бірден көзге ұратын жүзі жылы, түсі игі, өзін аса сыпайы ұстайтын; ал екіншісі қабағы түксиген, жүзі суық, дене бітімі де, киім киісі де олпы-солпы болатын.

Вагонда басқа бос орын болмағандықтан, кісенделген «жұп» сұлу қызға қарама-қарсы орынға жайғасты. Әуелгіде оларға немқұрайлы әрі суық көз тастаған қыз кенет езуінде қуаныш күлкісі білініп, әп-сәтте жадырап, аққұба дөңгелек жүзіне сүтке тамған қандай қызыл шырай жүгіріп, сұр биялайлы қолын ұсынды. Оның дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерінен әлдебір асқақ сенімділікті байқауға болатын еді:

– Истон мырза, мен бірінші болып тіл қатуға мәжбүр болып отырмын. Сіз ескі достарыңызды батыста кездестірсеңіз, танымай қалушы ма едіңіз?

Әлгі екі жігіттің жасырағы қыздың назды үнінен орнынан атып тұрды. Бастапқыда әлденеге ыңғайсызданып тұрғандай көрінгенімен, тез есін жиып, бойжеткеннің алақанын сол қолымен қысты.

– Бұл Фэрчайлд ханым ғой! – деді ол күлімсіреп, – Уақытша кісендеулі оң қолымды ұсынбағаным үшін кешірім өтінемін.

Ол қасындағы серігінің сол қолына жалтыраған «білезік» арқылы кісенделген оң қолын ақырын көтерді. Қыздың жанарындағы қуаныш ұшқыны сөніп, көңіліндегі ыстық ынтықтық басылып, жүзі суып сала берді. Санасына сан түрлі сұрақ пен күдік-күмән келіп, түкке түсінбеген әрі-сәрі күйге түсті. Истон сәл ғана жымиып әлдене демек болғанда, бойжеткеннің жан дүниесіндегі толқынысын өткір де әккі жанарымен қапысыз аңдап отырған түсі суық екінші жігіт оның сөзін бөліп жіберді:

– Сөзге араласқаным үшін кешірім өтінемін, ханым. Байқауымша, сіз маршалмен таныс екенсіз. Кейін абақтыға жеткен соң, қаласаңыз, ол да менің орныма сөйлей жатар. Бұл ыңғайсызданып отырған менің қазіргі жағдайымды жеңілдетеді. Маршал алаяқтық үшін жеті жылға сотталған мені Ливэнуорт түрмесіне апара жатыр.

– Солай екен ғой! – деді жүзі қайтадан жылыған қыз терең тыныс алып, – Неге бұлай жүргеніңізді енді түсіндім, маршал мырза!

– Фэрчайлд ханым, қымбаттым менің, – деді Истон салмақты үнмен, – Күнкөріс үшін мен бірдеңемен айналысуым керек. Өзіңіз білесіз, Вашингтонда әр басқан қадамың үшін ақша төлеуің қажет. Судай ағатынына қарап, ақшаның қалтаңнан ұшып кететін қанаты бар ма дерсің. Шығысқа қарай жол жүретін осындай сапар туралы білдім. Маршал болу елші болу сияқты жоғары лауазым емес. Дегенмен...

– Елші болу дейсіз бе, – деді қыз жылы шыраймен, – Бұдан кейін атай көрмеңіз. Сіз елші мұндай жұмысты атқара алмайтынын білуге тиіссіз. Енді сіз де от пен оқтың, қауіп пен қатердің ортасында жүретін батырлардың қатарындасыз. Бұл Вашингтонның бейбіт әрі тыныш өмірінен өзгеше.

Бойжеткен таңырқаған көзқараспен жалтыраған кісенге қарады.

– Сіз уайымдап отырған жоқсыз ба, ханым? – деді суық жүзді жігіт, – Барлық маршалдар тұтқын қашып кетпеу үшін өзінің қолын онымен бірге кісендейді. Истон мырза өз ісін жақсы біледі.

– Енді жуық арада Вашингтонда кездесер ме екенбіз? – деп сұрады қыз.

– Жақын арада кездесе қоймаспыз. – деді Истон. – Менің көбелек күндерім аяқталды ма деп қорқамын.

– Мен батысты сүйемін, – деді ару басқа тақырыпқа ойысып. Жанарында жеңіл ұшқын жарқ еткен ол ойлы кейіпте терезеден қарап отырды. Бойжеткен жат адамдармен сөйлесетін ресми мәнерден арылып, ашыла сөйледі: «Анам екеуміз осы жазды Денверде өткіздік. Әкем сырқаттанып қалғандықтан, бір апта бұрын ол үйге қайтып кетті. Ал мен батыста өмір сүріп бақытты бола аламын. Бұл жердің ауа-райы да маған ұнайды. Негізі, ақша деген өмірдің мәні емес қой. Бірақ көп адамдар осыны ұқпай ақымақтық жасайды...»

Кенет:

– Маршал мырза! – деп гүр етті суық жүзді жігіт. –Бұл әділетсіздік қой. Тым ұзақ сөйлесіп кеттім деп ойламайсыз ба? Менің тысқа шыққым келеді.

«Жұптасқан» жолаушылар орындарынан түрегелді. Истонның езуінде жеңіл жымиыс бар еді.

– Мен қарсы емеспін, – деді ол көңілді үнмен, – Сау болыңыз, Фэрчайлд ханым! Өзіңіз түсінесіз, мен қазір қызметтемін.

Истон қоштасу үшін қолын ұсынды.

– Шығысқа бара жатпағаныңыз қандай өкінішті, – деді сұлу қыз өзін қайтадан ресми мәнерге көшіріп, – Бірақ Ливэнуортқа баруға міндеттісіз бе?

– Иә, – деді Истон, – Мен Ливэнуортқа баруға міндеттімін.

Содан соң екі жігіт шылым шегетін бөлмеге кетті.

...Олардың жанында отырған өзге екі жолаушы айтылған әңгіменің біразын естіген еді. Біреуі:

– Әлгі маршал жақсы жігіт екен. Батыстықтардың кейбірі осындай мәдениетті болады, – деді.

– Бірақ мұндай жауапты қызмет үшін тым жас, иә? – деп сұрады екіншісі.

– Жас дейсіз бе! – деп таңдана айқайлап жіберді біріншісі, – Не үшін? О! Сіз әлі түсінбей отырсыз ба? Айтыңызшы, осыған дейін тұтқынды оң қолына кісендеген офицерді көрген бе едіңіз!?

*Әңгіменің түпнұсқадағы атауы «Жүректер мен қолдар»(«The

hearts and hands»)

Ағылшын тілінен аударған Алпамыс ФАЙЗОЛЛА, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің магистранты

Abai.kz

 

2 пікір 602 рет оқылды Қосылған: 09.01.17
    • #1
    • Қойлыхан
    • сс, 10/01/2017 - 0:13

    Жақсы екен. Бірақ, шерифті маршал деп аударғаның қалай болады екен?!

    • #2
    • Алпамыс Файзолла
    • дн, 16/01/2017 - 10:06

    Қойлыхан, сіз әңгіменің орысша нұсқасын қарап, осындай пікір жазып отырсыз. Ағылшынша түпнұсқасын тауып алып қараңыз. Онда маршал деп жазылған.

Пікір қосу

  • 10 + 45 =

Кіру