Абай-ақпарат

Донбаста үш украиналық жауынгер жоғалып кетті

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Донбаста жанжал ошағы шекарасында үш украиналық жауынгер жоғалып кетті. Бұл туралы Украинаның шығыстағы операция штабы хабарлады.

Украиналық әскери бөлімдердің бірінде үш жауынгер қайтып оралмаған. Олармен байланыс үзілді, жағдай тексеріліп жатыр, делінген хабарламада.

Украиналық әскерилер мәліметі бойынша, бір тәулікте ресейшіл жікшілдер 48 мәрте оқ атқан. Үш жауынгер жараланды.

Өткен аптада Украина қорғаныс министрі Степан Полторактың мәлімдеуінше, Донбастағы жікшілдер бақылауындағы аумақта 5 мың ресейлік жауынгер бар, ал ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Себастьян Курц жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін Донбаста бақылау аумағын кеңейтетінін мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір 406 рет оқылды Қосылған: 09.01.17
    • #1
    • жаңбырбай
    • сс, 10/01/2017 - 16:41

    орыстың 5-мың әскері жүр Донбаста деп жазыпты. Енді, орыстың - өз орысын қорғауы табиғи нәрсе. Егер, Омбыдағы немесе Саратовтағы қазақтарға біреулер тиіссе (құдай оның бетін әрмен қылсын!) біздерде қарап қалмайтын болармыз. Әлде, "екі қойым бес тенге" отыра беремізбе екен?! Украйн әскерлерінің қанпезерліктері де баршылық. Өз мемлекетіндегі халықты жауша қыру - сырт көзге грубо көрінеді екен!!!!!

    • #2
    • арман
    • бн, 12/01/2017 - 12:27

    жаңбырбай, ал донбасс қазақстанда қайталанса кімдікі дұрыс болатыны ойланшы бір сәт. Біреудің елінде жүрген бес мың әскер сенің еліңде де тайраңдап жүрмесін ақкөңіл-аңқау жаңбырбай...бір сәт орыстан басқа да сайттарды оқып қара сауатың жетсе...

Пікір қосу

  • 5 + 18 =

Вход