Абай-ақпарат

БЖЗҚ ісі бойынша қамауға алынғандардың тізімі жарияланды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

БЖЗҚ-дағы жымқыру ісі бойынша төрт фигурант екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Алмалы аудандық соты "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаевқа, "БЖЗҚ" АҚ қатерлерді басқару департаментінің қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахтовқа, "АлатауМұнайАлтын" бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевқа, "Бузгул Аурум" ЖШС Азат Найзағаринаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамту бөлімінің басшысы Диас Махамбетов.

Махамбетовтың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органдары Руслан Ерденаевқа және өзге күдіктілерге мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріп отыр. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша айып тағылды - "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу".

"Соттың қаулысымен күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Диас Махамбетов. 

Төрт фигурант соттың қаулысына шағым түсірді.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Руслан Ерденаевтың екі орынбасары болған - Сәуле Дүйсенова мен Дабыр Медетбеков. Бірақ әзірше қайсысы қамауға алынғаны белгісіз.

Айта кетейік, Ұлттық банк өкілі Александр Терентьев 6 қаңтардағы баспасөз мәслихатында БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық істің Ұлттық банктің өтінішінен кейін қозғалғанын мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір 492 рет оқылды Қосылған: 09.01.17
    • #1
    • Линч
    • сс, 10/01/2017 - 15:27

    Осындай оңбаған, сасық қазачоктарды тепкілеп өлтіріп тастау керек!!!! Осындай мраздар неге толып кетті. Барлығымыз жабылып, итше үріп СССР - дің кезін (И.В.Сталинді) жамандаймыз. Егер, мына Ерданаев сияқты кеңкелестер сол кезде осылай істесе.... бірақ ол кезде бұлар түкте істемес еді. Шахтада жұрер ме еді?! Бірақ, өлтіру керек!!!!! Өлтіргенде де, мылжа-мылжа қылып өлтіру керек!!!!

Пікір қосу

  • 7 + 32 =

Вход