Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3494 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 10:17

Сирия президенті Астанадағы келіссөзге дайынбыз деп мәлімдеді

Сирия президенті Башар Асад Дамаск егер Сирия оппозициясымен келіссөз өткізу ұсынысы іске асса "не нәрсеге қатысты болса да" диалогқа дайын екенін мәлімдеді.

Асад 9 қаңтарда сириялық SANA агенттігінде жарияланған, француз журналистеріне берген сұхбатында келіссөз мерзімі белгілене салысымен өзі басқаратын үкіметтің келіссөзге қатысатын делегациясы дайын болатынын айтты.

Ресей, Иран және Түркия бейбіт келіссөзді Астанада өткізуді ұсынған. Ал Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу келіссөз 23 қаңтарда басталуы мүмкін екенін мәлімдеген. Сирияның оппозицияшыл топтары Астанада келіссөз өткізу мүмкіншіліктерін талқылап жатқанымен, оған қатысатыны туралы әлі ресми түрде білдірген жоқ.

Асад сұхбатында келіссөзге "шынайы" оппозицияшыл топтардың қатысқаны маңызды екенін білдіріп, Сириядағы Сауд Арабиясы мен Батыс елдері қолдайтын оппозицияшыл күштердің бітім орнатудағы рөлін азайтуға тырысты. "Шынайы" дегенде мен Сауд Арабиясы, Франция немесе Ұлыбритания қолдайтындарды емес, халықтың өз ішінен шыққан оппозицияны айтып тұрмын. Сирияның мәселелерін Сирия оппозициясы талқылауы тиіс" деді Асад.

Башар Асад сонымен қатар болашақта Сирия президенттігіне қайта сайлауға түсуден бас тарту ұсынысына қатысты комментарий беруден бас тартып, ол мәселе "Сирия халқының қалауына байланысты шешілетінін" айтты.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606