46 - сөз

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖОҚ БІЗДЕ!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді


Айналып келіп ұлттық педагогиканы айтамыз. Қазақтың ұлттық педагогикасы өткен ғасырдың деңгейінде, ұл мен қызды ағайын болып, ауыл болып, ру болып тәрбиелейтін көшпенді өмір салты деңгейінде қалып қойған жоқ па?

Қазір, қаладағы отырықшы өмір одан мүлде басқа. Локализация, оқшаулану. Ұлттық педагогиканы соған бейімдей алдық па? Меніңше, жоқ. Баланы 1 жасында, 3 жасында, 7 жасында, 13, 15 жасында қалай тәрбиелеу керек, осының ұлттық негіздері, қағидалары мен талаптары жүйеленген бе, жасалған ба? Жоқ. Әке мен қыздың, шеше мен ұлдың қарым-қатынасы қандай қағидаларға негізделуі керек? Әке мен ұл, шеше мен қыз дос болуы керек пе, әлде жекіп отырған дұрыс бола ма? Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды дейді, әлде аңда-саңда бір тартып жіберген дұрыс бола ма? Үлкенді сыйлау қорқудан басталады деген тағы бір қағида бар. Оны қайтпек керек?

Ешкім де баласының жат, безбүйрек болып кеткенін қаламайды. Бірақ, ұлттық педагогиканың негіздерін білмеген соң, батыс пен шығыс тәрбиесінің арасында шақшадай басы шарадай болып жүре ме деймін? Сонымен бізде заманауи ұлттық педагогика бар деп айта аласыз ба? Қараңыз да тұрыңыз, қазір менің осы жазбамдағы ұлттық тәрбиеге байланысты қызу пікірталас жүретін болса, соның өзі ұлттық тәрбиенің әлі де бір ізге, бір жүйеге түспегенін көрсетсе керек. Бұл маған қарсы дау айтпаңыз деген сөз емес.

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір 307 рет оқылды Қосылған: 10.01.17
    • #1
    • ата-ана
    • сс, 10/01/2017 - 12:59

    Ұлттыұ педагогика жоқ.мектепке барсаң жиналысқа мұғалімнің өзі дəптерді-тетрадь,күнделікті-дневник деп сапырылыстырып қазақ мектебі болса да шұбар -шұбар сөйлеп тұрғанда бұл 5жыл бойы не оқыған деген ой келеді?мəдениеттен жұрдай- баламен ерегісу ,бағасын төмендету,аузын майлағанның баласына түк білмей тұрса да көтеріп қою бағасын-міне осының бəрі шала оқыған мəдениетсіздік.

    • #2
    • ТАҚУА
    • сс, 10/01/2017 - 13:27

    Осы мәселені С.Ғаббасов ағамыздың шырылдап айтып келе жатқанына ширек ғасыр болып қалды. Озық ойы мен маңызды тәжірибесі - дамыған қазақты сақтап қалудың таптырмас жолы. Қаймағы бұзылмаған халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық педагогиканы қалыптастыру керек-ақ...

    • #3
    • ҰСТАЗ АНА...
    • сс, 10/01/2017 - 13:32

    Серік - ұлттық педагогика емес... Ұлттық идеология жоқ !!!... Ғалым замандасымыз Совет-Хан Ғаббасұлының - " Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімін" - оқығаның жөн ?!.. Осы ілімнің толық нұсқасы - "ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ" - атты ұлттық педагогика монографиясы... тұтастай бір кітап түгелімен ПАТЕНТЕЛІП - №1408 санымен белгіленді. Бұл адамзатта жоқ... ЖАННЫҢ 12- арнасын (мүшесін) ашқан жаңалық !!.. Сондықтан, қазір Жапония, Қытай, Ресей, Түркия аударуға сұратып жатыр. Өзіңдегі барды көруді... біздер қашан үйренеміз ???..

    • #4
    • АБЫЗ
    • сс, 10/01/2017 - 13:44

    Иә-ә-ә, Бізде - өзіміз де барды - Үкімет те... Зыялысымақтар да көрмейді !!.. Бұл - Ұлттық дерт !!..

    • #5
    • pikir
    • сн, 11/01/2017 - 6:20

    pedagogtardyn barlygy nurotannyn qol shoqpary bolsa tarbie qai dengeide ekeni elge malim

Пікір қосу

  • 10 + 38 =

Кіру