Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3913 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 12:26

БЕКБОЛАТ АҒА ӨНЕРГЕ ҚАЙТЫП КЕЛГЕН ЖОҚ...

Бекболат ағаны өнерге қайтып келді деп неге шулап жатырсыздар? 2009 жылы Астанада, сол кездегі премьер Кәрім көкемізден бастап, үкімет мүшелерінің көпшілігі тапжылмай отырып тамашалаған "Елім менің" концертін көрмегенсіздер-ау. Ютубта бар.

Сосын 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап Конгресс-Холлда залды лық толтырып тағы бір концерт бергені есте. 2014-те қытай қазақтарына арнайы кеш өткізіп қайтты. Ол да желіде жүр. Әзірет Сұлтан мешіті терме бәйгесін өткізгенде, қателеспесем, 2012 жылы, Бекболат ағаның қажылықтан келген кезі болса керек, тықыр шашапен, басына тақия киіп шыққанын көрдік сахнаға.

Өнерді харам деген адам олай етпесе керек еді. Жыл сайын тәуелсіздік мерекесіне арналған үлкен салтанатты жиында ән шырқап жүргенін былай қойғанда, екі-үш жыл ілгеріде “Жұлдыздар отбасы” ұйымдастырған жыл әні концертінде ән шырқады. Астана мен Алматыдағы, аймақтардағы жиі ұйымдастырылып тұратын кездесулерінің соңы кішігірім концертке ұласып жататынын сол кештерге келген жастар жақсы білсе керек. Той-томалақтарда қолқалаған ағайынның көңілін қалдырған кезін көрмедік, қонақ кәдесін ұсынып, аймақ-аймақтың жырларынан ассорти жасап шашуын шашып кетіп жүргеніне бір емес, бірнеше рет куә болған жайымыз бар.

Алыпқашпа әңгіме тудырып жатқан ағайынның реніші “жылтыңдап эфирге шыға бермеді” рәпәтті болса, оның жауабы діндегі емес, өнердегі ұстанымында, қызметтегі мүмкіндігінде жатса керек деп топшылаймын өз басым. 

Қайтып келді деп кеткен адамға ғана қарата айтылатынын ескерсек, Тілеухан өнерге қайтып келген жоқ. Ол сонда жүр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600