Маңызды

ЭКС-МИНИСТР БИШІМБАЕВ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды  деп хабарлайды Абай-ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасай отырып.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 8 ай ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев әлдебір топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалған.

Заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған. Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Abai.kz

42 пікір 1158 рет оқылды Қосылған: 10.01.17
    • #1
    • Орынбай
    • сс, 10/01/2017 - 21:12

    Ап баре келди тагы же жизни тус

    • #2
    • Орынбай
    • сс, 10/01/2017 - 21:13

    Жеймиз тус

    • #3
    • тТт
    • сс, 10/01/2017 - 21:20

    Допинг дауымен спортшыларымыз медалінен айрылып жатқанда ресей мамандары, үлкен спортта допингті бәрі қолданады, бастысы ұсталмау керек деп жұбату айтқан болатын.Өрімдей мына жасқа ақыл айтқан ешкім болмағаны ғой.Бәрі алады, бәрі жейді, глауный ұсталмау керек деп.
    Абайдың өзі де айтқан сияқты "..... еппен алсаң залалы жоқ" деп.Мынау әпетитін тежей алмаған.

    • #4
    • шопан
    • сс, 10/01/2017 - 21:20

    әй дым болмағанда астына жылы көрпе беріңдер ана семіз қозының май көтені тоңып қалмасын

    • #5
    • эх, шымкент
    • сс, 10/01/2017 - 21:24

    эх,шымкент, шымкент.. өскен орта, тәрбие бәрібір жібермейді екен ә.

    • #6
    • Мугал!м
    • сс, 10/01/2017 - 21:39

    Шымкент болса түсінікті ғой. Оңтүстікте бәрі ақшаға сатылады және ақша бірінші орынға шыққан өңірден болса айыбы жоқ. Айыптап та қажеті жоқ.

    • #7
    • Орал
    • сс, 10/01/2017 - 22:03

    Жап жас баланың болашағына балта шабылды ау. Ай баламай ортадан шыға алмай қалдың ғой. Насыбайды мен атты деп құдай атып қалмасын деген сөздің мағынасын түсінбеген екенсің ғой. Түсі жылыдан түңілме деген дұрыс жігіт болар деп үміт күтіп жүр едім орта жібермеді ау сені де.

    • #8
    • Аң тан
    • сс, 10/01/2017 - 22:32

    Жеуден осы жарыс өтіп жатыр ау?

    • #9
    • Пікірбек
    • сс, 10/01/2017 - 22:33

    сонда олар ақша алудың оқуын оқыған ба

    • #10
    • ақтау марат
    • сс, 10/01/2017 - 22:38

    не болсада жас кезіңнен осы жемқорлық деген бәлеге әуес болмау керек еді көрерсің маңдайыңнан енді

    • #11
    • Жанашыр
    • сс, 10/01/2017 - 23:08

    Санасызға сан айтсаңда қонбайды деген.Қаншасы түрмеге тоғытылсада ұрлығын қоймаған не деген адамсыңдар.Ең болмаса қазақтан ұялмасаңдар басқадан ұялсаңдаршы.Тіпті ұят екен.Жерге тығып болдыңдар ғо елді.

    • #12
    • Қойшы
    • сс, 10/01/2017 - 23:12

    8 ге бұлар қақалып өлгенше қоймайтын шығар.

    • #13
    • Жәкен
    • сс, 10/01/2017 - 23:52

    Осыларға не жетпейді екен?. Бұл жігіт бай десең - бай, шетелден оқыған біліім десең білім бар. Бірақ ақшаға көзі құрғыр тоймайдй екен. Мүмкін "миллиондарды қайта құсса - босатар". Бірақ қолмен істегенді - мойнымен көтеру керек?....Босап шығар немесе сотталар....Бәрінен де бұрын халықтың бетіне қалай қарайды енді?....Осы жағын ойлауы керек еді?...

    • #14
    • мен
    • сн, 11/01/2017 - 0:45

    Басшыларымыз аш. Өзімізден бар, тамаққа тойдырып, жұмысқа алу керек еді. Енді, құсып қойғанша жейді. Емделуі ұзақ.

    • #15
    • Салафи
    • сн, 11/01/2017 - 1:24

    Ең басты жемқор Гиффеннің сыбайласы төрде отырғанда бұл жеу әлі аз. Бұлардың жеп жатқандарының бәрі Гиффеннің сыбайласынан қалған сарқыттар ғой.

    • #16
    • Салафи
    • сн, 11/01/2017 - 1:28

    "Заманына қарай дамбалы" деген болады. Байы деді ғой, байы! Жемқорлық жасамаса бір жалақымен қайтіп байиды?

    • #17
    • pikir
    • сн, 11/01/2017 - 6:27

    aittym goi qazaqtar kop dep kunde bireui torga tusip turatyn

    • #18
    • Үнсіз қазақ
    • сн, 11/01/2017 - 8:30

    Елбасы кезінде министрлер мен депутаттарға "Кез келгеніңді қолыңнан жетектеп отырып прокурорға алып бара беруге болады" деп еді. Не деген көріпкелдік десеңші. Мына көршілес Түркменстанда екі жыл министр боп отырған адамды "политический тяжеловес" деп атайды екен. Сол практиканы бізге де енгізіп, жарты жыл сайын министрлерді ауыстырып отыру керек. Әйтпесе, араны ашылған, ашынған қазақтарға ерік берсең сегіз ай емес, сегіз күнде-ақ Фобс тізімінің мүшесі боп шыға келеді.

    • #19
    • білгіш
    • сн, 11/01/2017 - 10:04

    ұрлықпен күресу үшін ең бірінші төбеде отырған төбетті құрту керек. ол бірінші боп бүкіз қазақ халқының байлығын ұяластарымен бөлісіп алған

    • #20
    • мен
    • сн, 11/01/2017 - 10:20

    Бұл "Болашақтың" кадры ғой.... Жаңа жемқорлардың алды... Құтты болсын!

    • #21
    • Қазақ
    • сн, 11/01/2017 - 10:23

    Ол масонды қазақ құрта алмайды, Алла құртпаса.

    • #22
    • ауылдан
    • сн, 11/01/2017 - 10:44

    бұқашық күнде мұнандай,бұқа болғанда қандай болар екен деген екен.қатынды бастан,баланы жастан деген мақалды қазақ қашан
    ұғар екенбіз.Не деген сұмдық!

    • #23
    • берішбай
    • сн, 11/01/2017 - 11:01

    Мына министр Бишимбаевтың бет-келбеті "өзбекский" еді, шыныменде, оңтүстіктің баласы екен ғой?! Шынымен де, беті типично қазқша емес !!!!!

    • #24
    • Ауылдан
    • сн, 11/01/2017 - 11:31

    южный вариант қой кәзір сондай термин қалыптасқан шаруаң шешу үшін екі вариант бар 1 нолдік түк бермейсің бірақ шаруаң бітпейді 2 южный вариант шаруаң тез бітеді

    • #25
    • Бейбарыс
    • сн, 11/01/2017 - 12:27

    Ай қошақандарым ай.сендер үшін халық ұялатын болды ау.
    Қалай алдыңғы қатарлы елдерге қосылар екенбіз.
    Жемқорлықтың шеті көрінер емес.
    Билікке жастар келсе екен деп жүр едік.
    Осылар жоғарғы билікке тұрарда "Инструктаж"ала ма екен.,.

    • #26
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 11/01/2017 - 12:37

    #25 Бейбарыс

    Казахстанда должность-тардын багасын бiлмейсiбе 50 000$-500 000$. Садиктердiн багасын балаларда бiледi. Саган не болды......

    • #27
    • Төре
    • сн, 11/01/2017 - 13:33

    Қазақстанда астыртын қазына тонаушылар жарысы өтіп жатқан болар? Алға Қазақ, тағы кімдерің бар, шығыңдар...

    • #28
    • Қызылордалық
    • сн, 11/01/2017 - 13:51

    Кезінде әкесі Қызылордада техникалық институттың ректоры болып тұрғанда Қызылорданың халқын теспей сорып еді. Енді сол халықтың қарғысы баласынан тесіп шықты.

    • #29
    • салық қызметкері
    • сн, 11/01/2017 - 13:54

    южан южан деи бересіңдер қәзір сол южандардың өздерінің басы қатып жүр осы жемқорлық жобасын оилап тапқан бұлай тез өршіп кететінін өздеріде білмедіғо қәзір тек бұл жемқорлық жобасы бір южанда емес түгел қазақ елінің батысыта солтүстікте шығыстада өршіп тұр қандай емі бар соны қарау керек егер атарында мүлік жоқ болса туыстарына тіркеп қоиған болса қалай тапқанын анықтап үкіметке қайтарыу керек жалпы жан-жақты қарау керек қамай бергенен пайда шығпайды

    • #30
    • Мұхтвр
    • сн, 11/01/2017 - 14:38

    Ой бір оңтүстік, шымкент деп бəрің періште бола қалыпсыңдар. Шымкент болмас бір жемқорлар жоқ болып дамыған 30 емес 5елдің ішіне кіріп кетер ма едіңдер. Аузым бар деп оттай бермеңдер. Қазақстанда сау сиырдың боғ жоқ.

    • #31
    • Салафи
    • сн, 11/01/2017 - 19:18

    Мұхтар дұрыс айтады. Қайта шымкенттіктердің арамға да қанағаты бар. Ал Батыс, Солтүстіктердің құрдымы ашылып шектен шығып кеткен.

    • #32
    • Салапиға
    • сн, 11/01/2017 - 20:20

    Салапи шымкентский, сенің "арамға да қанағатың болса", сол принциппен өмір сүру дегенді осы жерде насихаттап отырсаң - жетіскен екенбіз!!! Коррупциенерлер үшін 1937-1938 жылғы үлкен террор, жемқорларды жаппай ату, қамау шарасын қолдану керек.. Сталиннің сол кездегі САЯСАТЫ: жемқорлардың бәрін халық жауы деп айыптап, түрмеге жауып, 58 контрреволюциялық статьямен айыптап, аттырды, ұзақ жылдарға соттады. Кейін Сталинді айыптаған кезде сол жемқор, ұры, коррупциоенр, растратчиктердің бәрі "кінәсіз" болып шыға келді. Бұл дұрыс емес. Әр облыс бойынша ҰҚК берген совет заманында қудалауға ұшырағандардың тізімі бар, тіптен "Азалы кітап-Книга скорби" деген атаумен басылып та шықты. Жазықсыз айыпталып құрбан болған, 58 статьямен сотталған саяси айыпталушыларға, басшы қызметкерлерге барынша құрмет пен тағзым.Рухтары кешірсін! Ал жаңағы тізімді қарасаңыздар - қаншама кассир, бухгалтер, финанс, шаруашылық қызметкерлері 58 статьямен сотталған, істерін алып қарадым біразының: кәдімгі жемқорлық, ұрылық үшін ұсталған. Тек айыбы:сен совет өкіметін іштен экономикалық жолмен ұрлық жасап, зиянкестік жасап құртпақ болдың, халық жауысың деген айып тағылған. Ал істеген ісі шынын айтқанда растрата, жеу, т.б.
    Сонда мынау салапи - малапиды кім дейміз? Бүгінгі тәуелсіз Қазақ мемлекетіне жау, зиянкестік жасаушы коррупционерлер ретінде анау пара алып ұсталған міністірсымақтарды қатаң жазаға тартып, оларды осындай биікке шығарған көкелерін де, қорғаушыларын да соттау керек.

    • #33
    • акылсыз
    • сн, 11/01/2017 - 20:47

    21жасына болашакты битирген кезинде жамбылдада жокары оку орнын битирген екен бир кезде акеси ректор болган сол оку орнына кандаи акылды аке бала ?мине биздин жемкормен болашакымыз?

    • #34
    • Бола Шығыс
    • сн, 11/01/2017 - 23:19

    Қарғыс атқыр иттің баласы. Камерада қақалып қатып қал.

    • #35
    • Шымқала
    • бн, 12/01/2017 - 0:05

    Көршімізде жемқорлықпен сотталған адам түрмеден тірі шықпайды екен, "ауырып өледі", өзі "асылып өледі", "оқыста мертігіп өледі", әйтеуір өледі екен. Ол да бір принцип дейміз бе, әйтеуір сондай бір үнсіз қолданатын қатып қалған ұстаным бар екен.

    • #36
    • Салафи
    • бн, 12/01/2017 - 0:49

    #32 ақылсыз! Харамның азы да харам, тіпті харамға апаратын айла тәсілдер де, заңдар да харам! Менің айтып отырғаным Батыс, Солтүстіктегілердің харамға құрдымы ашылып шектен шығып кеткендігі ғана.

    • #37
    • мурат
    • бн, 12/01/2017 - 10:28

    бугин динмухамед конаев атамыздын 105 жаска толган куни екен .осы Димаш атамыз казиргеше баскарган да Норвегиямен табан тиресип турармедик ?

    • #38
    • Жіп
    • бн, 12/01/2017 - 11:56

    Бишимбаев деген кайдағы өзбек, қырғыз гой. бейшимби -четверг дегенді білдіреді. Бәсе бәсе... Қазақ киносына түсіп жүрген кырғыз актері Бейшеналиев сиякты, ол да кырғыз.

    • #39
    • Анаргүл
    • бн, 12/01/2017 - 22:24

    Сабыр етіңіздер. Бұл жігітті біреулер қудалап отыр. Фамилиясы да қазақ, өзі де нағыз қазақ. Сіздердің мұндай балаларыңыз жәй жұмысты істей алмай жүргенде, ол тақта отыр. Оған қалай көнесіздер. Артынан тартып қалу керек қой.
    ...Қайран елім, қазағым қалың елім,
    ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...

    • #40
    • Анаргүлге қазақбай
    • бн, 12/01/2017 - 22:40

    Сұрақ: Басқалардың "мұндай балалары жәй жұмысты істей алмай жүргенде бұл қалай тақта отыр"? Не , сонда бұл анасының жатырында спецпроверкадан өтіп, іскерлігін көрсетіп, АҚШ-та оқыған екі жылында өзі Қазақстанда жоқ болса да әкесі ректор болған Тараз университетін бітіріп, соншама дипломды қалай алып үлгірген? Дипломының құны - пара ал ретін келтіріп деген "білім мен өмірлік" ұстаным болса, сол ұстанымды іс жүзінде оған кім миына құйып, кім баулыған, кім жоғарыға сүйреген? Солардың бәрін, заңсыз диплом берген әкесінен бастап түгел анықтап, жауапқа тартып, өлім жазасына дейін кесу керек. Тәуелсіз мемлекеттің нағыз жаулары осылар.Қара қазақ көшеде аш жалаңаш қаңғып , жұмыссыз жүргенде мұндай "еркетотайларды" ату жазасына беру керек. Мұндай дәстүрге айналып кеткен қылмыс сонда ғана тиылады.

    • #41
    • Анаргүлге
    • бн, 12/01/2017 - 22:47

    Сіз қылмыскерді неге қорғайсыз? Бұл жігітті біреулер қудалап отыр деп қорғайсыз. Орыстың ұлы жазушысы Михаил Шолоховтың "Тихий Дон" романын оқыңыз. Сонда жазылған: "Если сучка не схочет, собака не вскочит" деп. Қазақтың да мақалы бар: құланның қашуына мылтықтың шүріппесін басуы дәл келді" деген.

    • #42
    • шымкент
    • сб, 14/01/2017 - 10:22

    Бұндай жемқорлардың ағайын туыстарының атына жазған мүліктерін түгел тәркілеп, өзін түрмеде отырғызу керек

Пікір қосу

  • 1 + 23 =

Вход