Абай-ақпарат

Ташкентте Мирзияев резиденциясының құрылысы басталды

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Өзбекстан астанасында елдің жаңа президенті Шавкат Мирзияев резиденциясын тұрғыза бастады.

Ғимарат Ташкент орталығында - Шараф Рашидов және Бешёгоч көшелері аралығында салынады. Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, құрылыс 5 қаңтарда басталған.

Мирзияев Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің "Ок сарой" резиденциясына кірмеді. "Ақ сарайда" мұражай орналасатын болды. Мирзияевтің жаңа кеңсесі "Ок саройдың" дәл артында тұрғызылады.

Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, мемлекет басшысы "Дүрмен" және "Көк сарай" резиденцияларына кірмейдін болды. Бұл сарайларға кезінде Кәрімов тұрған.

Қазір Мирзияевтің жұмыс кеңсесі Ташкенттегі "Мустакиллик" алаңындағы парламент сенаты ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

Абай-ақпарат

4 пікір 249 рет оқылды Қосылған: 11.01.17
    • #1
    • бала
    • сн, 11/01/2017 - 11:20

    сонда көк сарайды туристер шақырыу ұшынба немесе қәте оиладымба қызық екен егер солай болса

    • #2
    • Oljas Alban
    • бн, 12/01/2017 - 1:47

    Bilgenin istrsin.Ozbekter uwin kurlys jasau degen tuk emes.Bizdegi Ekspo otkenwe jumys istei tursyn kury jurmei degeni wygar.

    • #3
    • Тегі
    • бн, 12/01/2017 - 13:26

    Тегінің дұрысы Мирзиёев емес па?

    • #4
    • Талғат
    • бн, 12/01/2017 - 21:45

    Орта Азиядағы басқа әріптестеріне қарағанда И. Каримов марқұм онша дарақы емес еді. Мынауың ана үшеуінен қалыспайтын сияқты ғой. "Ок сарайды" қомсынғаны шатақ екен.

Пікір қосу

  • 6 + 32 =

Кіру