Абай-ақпарат

Атамбаев жайлы сыни пост жазғандарға ескерту жасап жатыр

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы 11 адамды Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) шақырып, елдің президенті Алмазбек Атамбаевтың атына сыни пост жаздыңдар деп қатаң ескерту жасаған.

Созақ ауданының 4, Базар-Коргон ауданының 5 және Аксый ауданының 2 адамына ескерту жасалған. Аталған адамдар осыдан кейін әлеуметтік желілерге пост жазуды доғарған.

МҰҚК басқармасының өкілдері болса, бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

БАҚ осыған дейін елдің МҰҚК қызметкерлерінің президент атына сын жазатын ондаған Facebook қолданушыны анықтағанын жазған. Алайда бұл адамдардың IP-адресі елден тысқары жерді көрсеткен.

Абай-ақпарат

1 пікір 283 рет оқылды Қосылған: 11.01.17
    • #1
    • білгіш
    • бн, 12/01/2017 - 18:48

    Егерде дұрысын айтса онда тұрған не бар?Сын түзелмей, мін түзелмейді дейді атам қазақ,тек намысына тимесе,жамандамаса болды емес пе?Бұл мақалды мен шығарған жоқпын.

Пікір қосу

  • 10 + 8 =

Кіру