Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4566 0 пікір 11 Қаңтар, 2017 сағат 11:29

ФЕЙСБУК

Араласаң фейсбуктің көшесін,
Талай-талай жайтты бастан кешесің.

Жан-жағыңда жарқыраған суреттер,
Бір-біріне көрсетілген құрметтер.

Қайда жүрсің? Концерт, тойға бардың ба?
Сурет қайда, ойбай, дереу сал мұнда.

Құрбандыққа аталған мал, о, тоба,
Шалынады түскеннен соң... фотоға.

Жаға жыртып, айтысатын талайлар,
Мұнда-дағы бітпейтін дау-дамай бар.

Кенеттен ой айта қалса дүдәмал,
Кім болса да осы жерде сыналар.

Анау топта түрлі ойлар бар бағалы,
Саясатты шемішкеше шағады...

Аяқасты тұтанатын жанжалдар...
Тосын пікір, оқыс ойлар, болжамдар...

Ашылуы белгісіз бір жайттардың...
Жарнамасы газеттер мен сайттардың...

Табиғаттың сұлулыққа бай тұсы...
Еркектер мен әйелдердің айтысы...

«Айтқанымды істетем...» деп жер тепкен,
Долы қатын, соларға ұқсас еркектер...

...қатығы жоқ, құртқа шапқан көңілі,
Әумесерлеу даңғойлардың шеруі.

Талай-талай ақтаңдағы тарихтың,
Бір тұлғаның кім болғанын жаңа ұқтым...

Спортшысы жүлде алғаны қай елдің...
Етті қалай асатыны әйелдің...

Бір еркектің сатып алған бұйымы,
Бір сұлудың жаңа тіккен киімі...

Қуанышты, қайғыны да бөлісер...
Ренжісер, татуласар, келісер...

...Мынау көше — ақындардың көшесі,
Кездеседі дарындардың нешесі.

Ана бала — атқа мінген талапкер,
Талапкерге лайк бас та, мадақ тер...

Көктем жаққа көп ауған ба көңілі, 
Бойжеткеннің үлбірейді еріні.

Жә, бұрылдық, онда неміз бар біздің,
Тартатыны рас исі жалбыздың...

...Сыртымыздан үңіле алсақ өзіміз,
Бәріміз де көгендегі қозымыз.

Шеті-шегіне жете алмайтын базар — бұл,
Мен де көзім жеткен жерді жаза алдым.

Бауыржан Бабажанұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508