Дей салдым-ау

ЖОЛПОЛ ТАЯҚСЫЗ-АҚ "ҚЫРЫП" ЖАТЫР...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

2017 жылдың басы біршама өзгерістерге ұшыраған заң нормаларымен елдің есінде қалатын болды. Соның ішінде жол полициясының қызыл таяқты ұстамайтын болғаны көптеген сауалдарды тудырып, мәселенің мән-жайын білуге құмартқандар көп. «Таяқты неге алып тастады?» Полиция қызметкерінің көлікті қолмен тоқтатуға құқығы бар ма, жоқ па? Қандай жағдайда полиция көлікті тоқтата алады?» деген сияқты сан-мың сауал қаумалап тұр.

Ең алдымен біздің еліміздегі жол полициясының қызметі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде екендігін алға тартқан дұрыс болар. Мұндағы басты қағида: адам факторын барынша болдырмау, яғни жемқорлықты болдырмауға жағдай жасау. Жасыратыны жоқ жол полициясы таяғын көтергеннен-ақ жүргізуші құжаттарын емес, қаражатын дайындай бастайтын болған. Аз-маз ақшаны полицияның қалтасына салып жіберсе болғаны ешқандай жол ережесін бұзбаған болып шыға келеді. Керемет сиқыр дерсіз! Оңай олжа іздеген полициялар жол торуылдаудан бір танбайды. Ал қала ішінде бағдаршамдар істемей, көлік кептелісі болып жатқан жерден оларды бірден таппайсыз.

Әлбетте жемқорлықтың дамуы тұтас мемлекеттің қарқындап дамуына кедергі келтіреді. Жол бойындағы жемқорлықты болдырмаудың ең жақсы жолы – жол полициясы мен көлік жүргізушінің бетпе бет жолықпауы, яғни жол ережесін бұзу фактілерін полиция жүргізушіге жақындамай-ақ тіркеуге алып, айыппұл салу және қажетінше құзырлы мекемелерге жөнелту. Телеарналардан уағыздап жүрген «ақылды қала» қағидасының бір ұшы осында жатыр. Жол қозғалысын реттеу кезінде көше бойындағы бейне және фото камералардың көмегіне, автоматтандырылған реттеу құралдарына жүгіну. Шынтуайтына келгенде осы енгізілген халықаралық стандарт нормалары қарапайым халық үшін өте тиімді болмақ. Себебі, әрбір көлік жүргізуші жол полицияларының жөнді-жөнсіз, тіпті дәлелсіз кінә тағып тоқтата беретінін жақсы біледі және жол полициясында жемқорлықтың тым қатты белең алғанын министр Қасымов мырза да мойындаған болатын. Ендігі кезекте анық дәлелдері болмаса жол полициясы өз көзқарасына ғана сүйеніп айып таға алмайды деген сөз, ол аз десеңіз көшеде көлікті тоқтатып, жүргізушімен бетпе бет сөйлесіп, бет алды хаттама толтырғаны үшін де жауапты болмақ.

Алайда жаңа заң нормаларын, мемлекеттің көздеп отырған халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру саясатын полиция қызметкерлерінің өзі де түсінбеген сыңайлы. 2017 жылдың 3-қаңтарында-ақ жер жерден жол полициясы таяқсыз қолмен көліктерді тоқтатып жатқанын көрдік. Ташкент-Шымкент тасжолының бойынан жол торуылдаған 5-6 ЖПП қызметтік автокөлігін байқадым. Ал Шымкент қаласында Көктем мөлтек ауданының қалтарысында тағы бір ЖПП қызметтік автокөлігі аккумуляторға жалғанған радар құралымен «жылдамдық асырдың» деген сылтаумен көліктерді жаппай тоқтатып жатқанының куәсі болдым. Айта кетерлік жайт, қала ішінде 40 км жылдамдықпен жүру белгілері қойылған тұстарда ЖПП қызметкерлері жиі торуылдайды. Ал, олар нұсқап отырған белгі не жасырын, не тек қарсы бағытқа ғана көрініп тұрады. Осындай көрініс Көктем мөлтек ауданында 2017 жылы 3-қаңтарда кешкі 17-25 шамасында мемлекеттік нөмірі Y225KP ЖПП қызметтік автокөлігін тізгіндеген полицияларда да байқалды. Олар келіспеушілік білдірген жүргізушілерге хаттама толтыра бастағанымен екінші данасын беруден бас тартты. Өздерін таныстыруды да ұмытып кетті. Осының өзі-ақ олардың заңға қайшы әрекет етіп тұрғанын көрсетеді.

Тағы бір ақылға сыймайтын полиция әрекеті ереже бұзды деп таныған көлікті артынан қылмыскер қуғандай қуғынға салуы. Кез келген жол жиегіне тоқтауына мәжбүр етуі. Салдарынан өте қауіпті жағдайда жүргізуші ЖПП қызметкерімен тілдесуге мәжбүр болады. Көбінесе шыдамсыздық танытқан көлік ішіндегі жолаушылар сыртқа шыға бастады. Жолдан өткен ауыр көліктердің жылдамдығымен адамдардың апатқа ұшырауы да ғажап емес. Қызметтік көлікпен қуғын ұйымдастырмау және жол жиегінде ешкімге қауіп тудырмау үшін де жол ережесіне қатысты халықаралық стандарт нормаларында шектеу қойылған. Бұл қағиданы да біздің ЖПП қызметкерлері түсінбейтін сыңайлы. 2017 жылдың 10-қаңтарында сағат 12-30 шамасында Ленгер-Шымкент тас жолының бойынан мемлекеттік нөмірі Y211KP ЖПП қызметтік автокөлігімен қуғын ұйымдастырды. Жүргізушіге таққан айыбы – тұтас сызықты елемей басып озу әрекетін жасадыңыз дейді. Әйтсе де жол бойында ешқандай сызық белгілері көрінбеді. Келіспеушілік білдірген жүргізушіге хаттама толтырғанымен бұлар да екінші данасын беруден бас тартты. Хаттамаға қол қойдырмады. Хаттама мәтінімен таныстырмақ түгіл өздерін де таныстырған жоқ. Бірақ «жағдайыңызды айтсаңыз жібереміз ғой» деген сөзбен сырғытпалады.

Бір өкініштісі, біздің полиция қызметкерлері жүргізушілер оларға жағдайын айтып жалынуы, жағымпаздануы міндетті деп түсінеді-ау. Шынтуайтында жол полициясы жүргізулерді жалынышты қылуға емес, керсінше сол қауымға қызмет қылуға тиісті емес пе?. Өз құқығын жақсы біліп тұрған жүргізуші қай жерімен жағдайын айтып жалынуға тиісті, неге полицияға жағымпаздануы керек. Әркім өз құқығы аясында қызметін атқарса және жауапкершілік танытса болмас па?

Сөз соңында қарапайым халық өз құқығын ешкімге бұздырмауын, сол үшін жан-жақты ақпарттарға жетік болуларын сұрағым келеді. Жемқорлықты жою ең алдымен қарапайым халықтың назарында болуға тиіс. Пара беру және алу, соған итермелеу қылмыс екенін әркім іштей түсінер болса, мемлекетімізді дамытпай, шырмап алған тордай құрсап тастаған жемқорлықтан айығар едік.

Гүлжан Ізтай

Abai.kz

 

10 пікір 745 рет оқылды Қосылған: 11.01.17
    • #1
    • жамбыл
    • сн, 11/01/2017 - 12:23

    қәзір көп полициядағы ментер қуанып жүр таяқсыз жақсы екен деп оларда ұят жоқ екен мүлдем ҚАСЫМОВ міністірліктен кетпеи сол баяғы жартас болып тұра береді

    • #2
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 11/01/2017 - 12:25


    Полиция-мен МЕНТ-дiн арасы жер мен коктей. Бiздiкiлер кой терiсiн жамылган каскыр сиякты. Заннын барiн оз калталарын ыкшамдап алган. Бугiн Перуашов пешка бiрдене деп жылап койа бердi. Зан кабылдаганда кайда болдын ПiШЕН ЖАУЫП ЖУРДiНБЕ !!!
    Депутаттардын барi пешка болды гой. Ешкандай конкуренция жок РАХАТ,МАЙ ШЕЛПЕК !!!

    • #3
    • www.youtube.com/results?search_query=беспредел+ментов+в+казахстане
    • сн, 11/01/2017 - 12:31

    www.youtube.com/results?search_query=беспредел+ментов+в+казахстане

    • #4
    • Тобылғы Семсер
    • сн, 11/01/2017 - 15:07

    Өте қымбат аиып- пұлдар.Екі уш аиып алғансоң машинаны сатып қарызыңды төлеп жаяу жкруге тура келеді. Мысалы былтыр гана ременсиз болмпиды дегенсоң 2500 мыңнан 4 баласына ремен алған адам енді оны мусорға лақтрып 4 баласына төрт кресло сатып алуы керек.Бұл өзгеріс халық ушин емес керсинше халықты мемлекеттке дегее ашу ызасын тудру ушин жасалғандаи немесе экспоға ақша табуга мемлекеттің қауқарсыздығы.

    • #5
    • pikir
    • сн, 11/01/2017 - 16:37

    zan ozgermese tayaq mayaq degen ne tairi

    • #6
    • тТт
    • сн, 11/01/2017 - 18:37

    Жол пол дегендері жолпұл дегендей есітіле ме, қалай өзі.Тонкий намек сияқты.

    • #7
    • Сахих Муслим
    • сн, 11/01/2017 - 19:27

    1993. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тозақылардың мен көрмеген екі түрі бар: сиырдың құйрығы сияқты қамшылары бар адамдар(мұнда жасауылдар мен жандайшаптар туралы айтылған.), олар онымен (қамшыларымен) адамдарды сабайды және киінгенімен, жалаңаш, ырғатылған, ауытқыған, бастары ұзын мойынды түйелердің бұлғақтаған өркештеріндей әйелдер. Ол (әйелдер) жаннатқа кірмейді, оның иісін де сезбейді. Ал оның иісі пәлен-пәлен қашықтықтан сезіледі», – деді», – деп айтқан (2128/125).

    1994. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Егер (өмір) мерзімің ұзақ болса, таяуда таңертең Аллаһтың ашуы астында шығатын және кешке Оның лағынеті астында қайтатын бір адамдарды көресің, олардың қолдарында сиырдың құйрықтарындай (бірдеңелері) болады», – деп айтқанын естідім», – деген (2857/54).

    • #8
    • Сахих Муслим
    • сн, 11/01/2017 - 19:32

    "Таңертең Аллаһтың ашуы астында шығатын және кешке Оның лағынеті астында қайтатын" дейді. Рас қой, таңертең бұзық ниетпен жол торуылдап арам ақша сындыруға шығады да кеше адамдардың қарғысын, Алланың лағнетін алып үйіне мәз болып оралады.

    • #9
    • жолаушы
    • сн, 11/01/2017 - 22:18

    Айдың 6-сы күні айрапорттан орталыққа қарай Бекжан автостансасынан өтебере екі "жолпұл" тұр екен. Бірінің қолында сол баяғы қызыл таяқ, еее, Шымгенге әлі заң жетпеген ау, әлде мынау естпеген болды ғой деп күлдікте қойдық.

    • #10
    • Тобылғы
    • бн, 12/01/2017 - 0:03

    Семей қаласында гаи мекемесінің ауруханалардың алдына жалпы көбрек көлік тоқтаитын мекемелер алдына знактар қоиып тастаған инвалидтерге гана рухсат деген. Бір қызығы сол жерге куніне бирнеше рет гаи кызметкерлері келеді тап бір қақпан құрып кеткен аңшы сияқты)))) ақрын жылжып келеді де белғінің қасында 3 м ден жақын көліктердің номерн шешкендеи болып шұқылап аиналсоқтап журеді.Иесі шыққанда шап беріп оз машиналарына киргизип алады.Шаруасын битиргенсоң акрын жылжып кетип қалады.Браз уаквттан соң ақрын жылжып тағы келеді ..тағы бір екі көлік даиын))рахат! Бұрынгыдаи жолда таяқ шошаңдптып қолын тоңдрып тұрмаиды. Жакын жерде билиярд оинап әр партияның алдында бир соғып кетсең болды))))Мылтығы бар атып алар,қақпаны бар жатып алар деген осы))))

Пікір қосу

  • 7 + 20 =

Вход