Абай-ақпарат

Экс-премьерге рақымшылық жасалуы мүмкін

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке қатысты рақымшылық бойынша жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Серік Ахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданысқа енгізілген күнінен бастап оның жазасының өтелмеген төрттен бір бөлігін қысқарту туралы ұсыным берді. Бас бостандығынан айыру органдары Ахметовтің өтініші бойынша қолдаухат жіберген. Өтініш бүгін келіп түсті. Іс сотқа жіберіліп, қарау уақыты белгіленеді», - деп мәлім етті Қарағанды қаласы, Абай аудандық сотының БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері Ардақ Жұмашев.
Естеріңізге сала кетейік, деп жазады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарған болатын. Аталған  іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған еді. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызында жемқорлық  іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылған еді. Экс-премьерге кесілген жаза Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тағы да қысқарып, рақымшылыққа ілінуі мүмкін көрінеді.
Абай-ақпарат


 

0 пікір 376 рет оқылды Қосылған: 11.01.17

Пікір қосу

  • 10 + 18 =

Вход