Қарбалас

УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ ТҰРМАҚ БОЛҒАН ҚАРИЯ КӨЗ ЖҰМДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Уақытша тіркелу үшін кезекте тұрған ақсақал жан тапсырған. Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген тұрғын оқыстан қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

60 жастағы азаматтың ұзын-сонар кезекте тұрған сәтте жүрегі сыр беріпті. Алайда дереу жедел жәрдем шақыртылғанымен, марқұмды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмаған.

Аяғы жоқ 3-ші топтағы мүгедек құжат рәсімдеу үшін Боралдай кентінен ұлымен бірге келген екен. Ал оқиға куәгерлері орталықта құжынаған халықтың қарасы көп екенін айтуда. Яғни тіркеуге тұрамыз деп келгендерге бар жоғы екі-ақ маман қызмет көрсетіп үлгере алмай жатыр дейді. Соның салдарынан, жұрт сағаттап кезек күтуге мәжбүр болған. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары марқұмның қандай жұмыспен келгенін де білмейміз дейді.

Абай-ақпарат

2 пікір 228 рет оқылды Қосылған: 12.01.17
    • #1
    • кара кереи кабанбаи
    • бн, 12/01/2017 - 13:04

    ничего страшно бывает

    • #2
    • Серік
    • бн, 12/01/2017 - 21:49

    Алматы мен Астана қалаларында өз үйім бар. Керек жағдайға байланысты 1,5-2 айда анда-мында бола беремін. Сонда мен өз үйіме неге қайта-қайта уақытша тіркелуім керек? Мені әр ай сайын ЦОН-ға қуа бергеннен үкімет не пайда табады? Әлде бұл әурешіліктің бәрі уақытша тіркелуде төленетін 227 теңгеде болып тұр ма?

Пікір қосу

  • 7 + 1 =

Кіру