Жөн-ақ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТИІМСІЗ ТҰСТАРЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бізде мемлекеттік сатып алу тек жоғарғы жақтың, яғни ірі қалалар мен облыс орталықтарының пайдасы үшін жасалған. Төменгі аудан орталықтары мен оларға қарасты алшақ жатқан елді мекендердің қол жетімділігі мен оларға тиімді тұстары мүлде жоқ.

Мәселен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, тағы да басқа облыстарға қарасты аудандармен елді мекендердегі бюджетке қарасты мемлекеттік сатып алуға, олардан тысқары жатқан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. тіпті кейде жоғарыда аталған облыстардағы мекемелер мен кәсіпкерлер қарама қарсы шығып, бағаны түсіріп, тендрді жеңіп алып жатады. Басқа облыстардан тендерді ұтып алған мемлекеттік тапсырысты орындаушылар, бала-бақшасы, мектеп, мәдениет салалары, ауылдық әкімдіктерге тасымалдау шығынына қомақы қаржы жұмсалатынын есептей келе, сапасыз, сақтау мерзімі өтуге жақын қалған арзан тауарды ұсынатындығы да сондықтан.  

Тіпті жергілікті БАҚ-қа жарияланатын аудандық бюджет, ақпараттар мен мақалалар бойынша тендерге басқа облыстармен Алматы қаласынан түсіп жатады. Ал басқа облыстар мен Алматы қаласының газетін бөгде облыстың, аудан және ауыл тұрғындары жаздырып алып оқымайтыны айдан анық. Ал тендерді жеңіп алған жеңімпаз, басқа ауданның жергілікті баспасын сол жергілікті жердің бюджеттік қаржысына жалдап, үстінен пайда көріп, жатып алып ақша табады. Бұндай қисынсыз жайлар өте көп.

Сондықтан жергілікті маңыздағы мемлекеттік сатып алуды айрықша белгілемесе, ешбір үйлесімі жоқ жайлардан арылу мүмкін емес.

Ауылдағы елдің түсінбейтін жанайқайына құлақ салар болса, айтары көп. Сырттан тендерді ұтып алғандармен телефон арқылы сөйлеспесең, өздерін көру қиын. Себебі олар тендрді ұтып алады да, жалдамалы бір диуананы ортаға қыстырады да жібереді.

Сабыртай Мұқанов

Abai.kz

3 пікір 415 рет оқылды Қосылған: 12.01.17
    • #1
    • Қыр баласы
    • бн, 12/01/2017 - 17:05

    Бұл өте дұрыс. Бір аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы вакцинаны Шымкенттік ұтып алған соң жолсерік арқылы беріп жіберген заттарды алайын деп барған кезде транспорттық полицейлер ұстап алып, заңсыз тасымалмен айналысытқы деп айыппұл салғысы келіпті. Тек ақсақал болғасын ғана біраз ұрысып затын беріпті.
    Қазақстандық тендердің тиімсіз бір тұсы осы. Бұндай былықтар жетеді. я болмаса тендерді жазда ойнатып, қыста жөндеу жұмысын жасайды. Сондан сапасыз жұмыс шығады. Жоғарыда отырғандан креслодан түсіп, ауылдың жайымен, тендердің дүдамал тұсымен танысу керек қо. Онсыз да былыққа батып жатқанда бұндай сорақылық кімге керек. Министрлер кабинетіне Сағынтаев секілді жібі түзу азамат келгенде ел демін ішіне бір алды. Үміт қой. Үміт алданбаса екен. Болмаса "тендер-жеңдер деген қағидаға қол қусырып отыра береміз бе.ойлан, билік!

    • #2
    • маңғыстау
    • бн, 12/01/2017 - 19:37

    әкімшілікте қала берді билікте таныс білісің болса тендір сенікі кім қандай сумма бергенін сол арқылы бәрін біліп отырасың қәзір жаңаша түрін оилап тапқан басқа обылыстан жеңіп алған сияқты бірі-бірі менен солай тендір оинап отыр қастарына білікті юристерді алып

    • #3
    • Төре
    • бн, 12/01/2017 - 20:19

    Осының бәрі сәйкессіздіктен туындайды. Етікші етік тігу керек. Ол сол мамандықты біледі. Ал бізде мүлдем басқаша. Қзіргі "шенділердің" көбісі ҚАЗЫНА ТОНАУДЫ жақсы игерген. Соған лайықтап тәрбиеленген. Қашанда бұл өтпелі кезеңнің ауруы! "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны алады"

Пікір қосу

  • 8 + 20 =

Вход