Білгенге маржан

МИ ЖАЙЛЫ 10 ДЕРЕК

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Адамзаттың ойлау қабілеті, саналы іс-әрекеті тікелей миға байланысты. Сан мың жұлдызы сәуле шашқан ғарыш пен ми өздерінің күрделілігі жағынан бір-бірінен кем түспейді. Қабілет-қарымы, мүмкіндігінің шексіздігіне байланысты ми ғалымдардың өздерін де әлі күнге таңғалдырып келеді.

Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма  пайызын пайдаланады. Тіпті аш болған сәтіміздің өзінде де, ми ағзамыздағы қоректік заттардың көптеген мөлшерін тұтынады екен. Қажетті мөлшерде тамақтанбаған бала салмағының 50 пайызын жоғалтса, ал ми өз салмағының тек 15 пайызын ғана  жоғалтады екен.

Ми ешқашанда ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен. Ғалымдардың айтуы бойынша күндізгі уақыттан ғөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады.

Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі. Интеллектуалды белсенділік, ауру ткандердінің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне ат салысады.

Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл. Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

Үнемі Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп, ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын бәсеңдетеді. Дәрігерге діндар адамдар басқаларға қарағанда 36%-ға сирек барады екен.

 Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін  қабылду жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың  әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан  оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады .

Ми денеден  кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады. Сондықтан да дене бұлшық еттеріне пайдалы таңғы жаттығулардан бөлек миды да жаттықтыру қажет. Мысалға ояна салып теледидар көргеннен газет журнал оқып, кроссворд шешкен ми үшін  пайдалы екен.

Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай –ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.

Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса , жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.

Дайындаған Бибігүл Жандарбекқызы

3 пікір 193 рет оқылды Қосылған: 12.01.17
    • #1
    • Cамат Балгабай
    • бн, 12/01/2017 - 15:13

    ))))) басе осы айелдердин ангимесин миын кабылдамайды галымдар да далелдеп тастапты гой каска айелдин миды ашытатынын))

    • #2
    • Үздік
    • бн, 12/01/2017 - 17:42

    Кез келген аурудан Аллахқа сыйынып, дұға қылу арқылы жазылуға болады. "Маған қарай жүрсеңдер, мен сендерге қарай жүгірем"- деген жоқ па.

    • #3
    • Ай кун
    • бн, 12/01/2017 - 17:47

    Куранды куніне еки сагат тындасаныз мидын букил клеткалары жанарады!!!

Пікір қосу

  • 1 + 11 =

Кіру