Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 3388 0 пікір 16 Қаңтар, 2017 сағат 12:02

УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ ТҰРМАҚ БОЛҒАН ТАҒЫ БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Бүгін, 2017 жылғы 16 қаңтарда Алматы қаласының Алатау аудандық ХҚКО-сында қайғылы жағдай орын алғандығын, дәлірек айтсақ 1964 жылы туған азамат Жарас Нуркибайұлы Кунтаковтың қаза болғанын хабарлаймыз.

Жарас Нуркибайұлы сағат 09.30-да ХҚКО-ға әйелімен бірге «Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметіне жүгінген, ол кезде ХҚКО-да адам саны көп болмаған.  Әйелі бланк толтырып болғанша, біріңғай электрондық кезек талонын алып үлгермеген азамат, сағат 09.42-де өзін жайсыз сезінген, сол кезде ХҚКО-да кезекшілік атқарып отырған медицина қызметкері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Сағат 9.52-де жедел жәрдем қызметі келді, бірақ Жарас Нуркибайұлын құтқарып қала алмады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жарас Нуркибайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы созылмалы аурулары бар азаматтарға қарбалас сәтте халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмеулерін сұрайды. Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен мүгедектігі бар азаматтарға ХҚКО-ларды жеңілдік терезелері жұмыс істейтінін және 1-2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар ХҚКО қызметкерлерін 1414 нөмірі арқылы үйіне шақыра алатындықтарын естеріңізге саламыз. 

Осыған дейін Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген ақсақалдың оқыстан қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол кезде ХҚКО мен құзіреттіоргандар оқиға уақытша тіркеуге қатысы жоқтығын айтып ақталған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594