Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 3984 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 11:55

АХМЕТТІҢ СӨЗІН ПАРЛАМЕНТ ҚАБЫРҒАСЫНА ІЛІП ҚОЮ КЕРЕК

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары назарына!

Алаш қағидасын ескерсеңіздер екен!

Биліктің айтуынша қазіргі Парламент - еліміздегі əлеуметтік-экономикалық жағдайға төтеп беретін, қымбатшылықты құрық салып тоқтататын Парламент.  Бірақ, аспанды айға шығарып, мақтаған Мəжілісіміздің неше жыл отыратыны бір құдайға ғана аян. Бұрынғы шақырылымдағы барлық Мәжілістердің уақыттары мерзімінен аяқталғаны белгілі. Сол себепті мақтаулы Мəжілістің де өмірі  қысқа болады деп сенімді түрде айта аламын.

Қанша мерзімде болса да ең бастысы: депутаттар орындарында қалғып-мүлгіп отырмай немесе "сен тимесең, мен тимеймін" деген принциппен ауыздарын ашпай отырмаса екен деп ойлайсың.  Халық қалаулылары қалың бұқараның  жанайқайларын тыңдай отырып, ел-жұртпен кездесулеріндегі сайлауалды бағдарламасын орындау керек. 

Кезінде Алашорда Үкіметінің іргесі берік қалыптасуы үшін Алаш зиялылары заңдық-құқықтық білімге де аса маңызды мән берген екен.  Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Законнің асыл түбі, әуелі, үкімет пен халық арасына салатын жол; екінші, үкіметке қараған адамдардың араларына салатын жол. Әр халықтың бұрыннан жүріп келе жатқан дағдылы жолы бар, ол жолды түзеткенде жарамды жерін тимей, жарамсыз жерін ғана өзгертуі тиіс. Олай етпесе, кейін, ойып салған жолмен жұрттың көбі жүрмей, бұрынғы дағдылы жолымен кете береді... сондықтан законнің түп үлгісі бір болғанымен, әркімнің бойына қарай киім пішкен сияқты, әр халықтың қалпына, салтына, мінезіне қарай закон шығарылады. Солай болған соң да, закон шығарушылар халықтың қағидалы қалпын, салтын, мінезін жақсы білуі тиіс. Оны білмей шығарылған закон халықтың түзелуіне емес, бұзылуына себепші болмақшы», - деп болашағымызды болжап, ұлтының қалыптасуы мен елінің дамуына сара жол салып беріпті.

Бұл Алаш ардақтысының осыдан жүз жыл бұрын ұрпақтарына өсиеттеп кеткен аманаты еді. Қандай ұлтжанашырлық, елжандылық шынайы сөз. Заң шығарушыларға арналған осы дана сөзді  Мәжіліс ғимараты алдына билборд етіп іліп жəне ішіне де жаздырып қою керек. 

Парламенті Мəжілісі депутаттары  ұлт тағдыры мен халықтың жағдайын жəне еліміздің болашағын ойласа,  Алаш зиялысының осы қағидасын заң шығаруда басшылыққа алуға міндетті.  Халық қалаулылары ұлттық құндылықтар мен  менталитетімізді ескермей шығарған заңдары мемлекеттің теріс бағытқа кетіп құлдырауы мен халықтың кедейленуіне себепші болуы жəне ұлтымыздың қалыптасуына кедергі болуы мүмкін!

Қатауов Талғат Тұрсынғалиұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590