Тарих

Cерік ДӘУЛЕТОВ. АЛШЫН РУЛАРЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ (жалғасы)

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Кезінде қазақтан шыққан  тұңғыш инженер-теміржолшы, қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев өзінің география, топография, геодезия саласындағы кәсіби білімін пайдаланып, «Қазақтың ең ұсақ рулары тарихының өзі милади жыл санауынан ары кететіндіктен, алаштың ең ірі тайпасы - алшындардың тарихы да ғасырлар қойнауына ұласуға тиіс. Ендеше оның іздерін географиялық атаулар мен тарихи деректерден іздестіріп көрейік»,[1]деп Алшын руларының этимологиясын Таулы Алтай топонимдерімен байланыстырған еді. Қазір құпия болмай қалған Кеңес Армиясының Генштабының ірі масштабтағы әскери-топографиялық карталарын пайдаланып, Алтай– Саян аймағының әрбір шаршы метрінен сол іздерді іздегенде бұл ғұлама ғалымныңбір ғасырға жуық уақыт бұрын бізге берген бағыт-бағдарыныңдұрыстығына тәнті боласың.  

 

ӘЛІМ

Жоғарыда Жақсылық Сәбитов қазақ Алшындары 14-ғасырда өмір сүрген Алау батырдан тарайды деп есептейді дедік.Жақсылық негізге алып отырған Т.Үсенбаевтің «Алшын шежіресі» бойынша Әлім-Алау батырдың бесінші ұрпағы болып келеді. Әлім шежіре бойынша Қаракесектің ұлы, Кәдірқожаның немересі, Аққожаның шөбересі, Қыдуардың шөпшегі, Алау батырдың неменесі, 3 әйелі болған, інісінің аты-Шөмен.

Ал М. Тынышпаев болса, Әлім атауы қандай да бір қожаның немесе діни пірдің құрметіне қойылған сияқты дейді.[2]

Шындығына келсек, Әлім- адамның аты емес. Әлім (Әлімұлы)-Қазақ хандығының құрамындаШекті, Шөмекей, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете руларын біріктірген тайпаның аты.

Әлім атауы Саяндағы Арқарлы тайгасының тау жоталарынан бастау алатын Әлім өзеніне байланысты. Әлім Енисей өзенінің бассейніне жатады, ұзындығы 155 км Бөдий өзеніне (Лас өзен) құяды, ол өз кезегінде 325 км-лік Қамсарыға құяды, Балқаш-Кем, Саз-Кем деген салалары бар, келесі беттегікартаны қараңыз.Жошының Қоян жылғы (1207 ж.) мобилизациясына дейін осы өзеннің жағасында өсетін жабайы алмамен азықтанып, Арқарлы тайгасында арқар аулап, аңшылықпен айналысып жүрген халық Әлімлі деп аталған.

Әлім- моңғол тілінде алманы білдіреді.Қазіргі заманда ол өзен Алмалы болып аталар еді.Б.Базылханның «Моңғол-қазақ  сөздігіне» жүгінейік:

АЛИМ      алма;   ~ ны мод      алма ағашы.[3]

Моңғол алфавитінде де кирилл әріптері қолданылғаныменен олардың дыбысты бейнелеу жүйесі қазақшадан өзгешелеу. Сондықтан «алим» деп жазылған сөз «әлім» деп оқылады.

Бұқатұлы Базылханның  «Моңғол-қазақ сөздігіндегі» түсініктемеге назар аударайық.

«...ж, ч, ш үшеуінен басқа дауыссыздан кейін келген «и»-дің алдыңғы шеніндегі «а» дыбысы қазақ тіліндегі «ә» болып айтылады.

Мысалы: 

                    барих- бәріқ                          тарих- тәріқ

                    харих- хәріқ                          алим- әлім»[4]

 

Әлімлі сөзі бертін келе Әлімұлына айналған.

 

 

 

ШЕКТІ

Шекті атауын шежірешілер негізінен таңбамен байланыстырады. «Алшын шежіресінен»[5] алынған Әлімнің ұлыЖаманақ жылқысына қос шек таңбасын салып, содан Шекті атаныпты дейтін әңгіме қазір ғаламторда сайттан-сайтқа, мақаладан-мақалағакөшіп жүр.Ол тұжырым негізсіз екенін дәлелдеп көрейін. Біріншіден, Шектінің таңбасы қос шек емес, қос шек дегендеәңгіме домбыраның шегі (малдың ішегінен жасалған) туралыболса, таңбамыз 2 параллель сызық болуы керек. Ондай таңба бар, бірақ ол шектінікі емес, қыпшақтікі. Егер әңгіме Х таңбасы туралы болса, ондай таңба шектіде жоқ, ол ашамай таңба- ашамайлы керейдікі. Менің ағам Меркебай Тағыбергенов (1936-2014) біздің таңбамыз–адалбақан, ұранымыз- Бақтыбай дейтін.

Тарихшы ағамыз Аманбай Құнтөлеуов Шектінің ұраны Бақтыбай батыр туралы еңбегінің мұқабасында Шектінің таңбасы ретінде адалбақанды бейнелеген:

«Адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін бұтақтары бар, ағаштан жонып, немесе темірден ілгіш салынатын, күміс құймалармен әшекейленетінкөбінесе бұталы арша ағашынан кесіп жасалынатын бақан түрі»[6]

         Ал шын мәнінде Шекті атауы өзенге байланысты.  Алтайдың Оңтүстік Чүй жотасынан, теңіз деңгейінен3262 метр биіктіктен 87°23′  ш.б. бастау алатын Шекті деген өзен бар.Шекті Арғыт өзенінің Жасадыр саласына келіп құяды, келесі картаны қараңыз.

 

 

Алдында келтірілген «Моңғолдардың құпия шежіресінен» үзіндіде «Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып...»деген жолдар бар. Мұндағы Бажықыт дегеніміз, Арғыт өзенінің Ақ алақа деген саласына құятын тау өзені, картада- Байжигит.  Бұл өзеннің бастаулары мына төменгі картада көрсетілгендей, Шектіден батысқа қарай  50 км жерде жатыр.

 

Демек, Жошының «аннексиялау аймағының» шеті Бажығыт-Байжігіт өзені-Шектілердің территориясының батыс шекарасы. Арғыт өзені ол зонадан шығысырақта болғандықтан, ол өзенді бойлай мекендеген Арғын тайпасыЖошының жасақтарымен кездеспеген. Арғындар моңғолдардың 1207 жылғы бұл жорығынан хабардар болып, тез арада батысқа үдере көшкен сияқты.Бұл ой Мұхаметжан Тынышпаевтың «Аристов замечает, что аргыны во времена Чингисхана поддались на запад впереди найманов и кереев; в отношении факта передвижения именно в таком порядке замечание Аристова верно, но передвижение аргынов произошло без сомнения до Чингис-хана»[7]дегентұжырымымен үйлеседі.Ал Шектілерге келер болсақ, олардың Арғындармен шекаралас бір бөлігі Арғындарға ілескен сияқты.Таңбаларына қарай жоғары және төменгі болып бөлінетін осы шектілер «тоқал арғын» деген атпен белгілі.

Алшынның рулары Арғынның Қуандық бөлімінде де бар, олар Беріш пен Ағыс.«На территории Акмолинского уезда расселился в основном род куандык из племени аргын с его отделениями: алтай, карпык, берш, темеш, агыс, калкаман; северо- восточную часть уезда (по р. Сленты) заняли канжигали, часть рода, расселившегося в Павлодарском уезде; на северо- западе расселился род караул племени аргын, а в северной части- род курсары племени керей».[8]

Бұл жерде айтылып отырған берішті Шәкәрім қажы Беруші[9] деп тарқатса, саясаттанушы  Жақсылық Сәбитов өзі құрастырған шежіреде Борши деп келтіреді[10] 

«Алшын шежіресі» бойынша Ағысбылай тарқатылады:Алшын-Алау батыр-Қыдуар-Аққожа-Кәдірқожа-Қаракесек-Әлім-Жаманақ(Шекті)-Шыңғыс-Жақайым- Ағыс.[11]

Арғын тайпасының Арғыт өзенінің бассейнін мекендегеніне келесі карта дәлел бола алады.

 

Картадан Шегенді өзені, оның Ақбұлақ өзеніне құятыны, Ақбұлақтың Көксуға құятыны, Көксудің Арғұтқа құятыныкөрініп тұр. Егер Арғын тайпасының Шегендік руы осы Шегенді өзеннің жағасын жайлаған болса, Арғын атауының Арғытқа байланысты болуы заңды.

Ал Шекті өзенінің атауын жағасында шек (чік)халқы тұратын өзен дептүсінуге болады. Ондай мысалдың бірі- Ақтөбе облысындағы Ноғайты өзені.Ол өзеннің жағасын 14-15 ғасырларда, Едіге бидің заманында  Ноғай ордасының халқы жайлағаны белгілі.

Николай Аристов шекті руы түрік-орхон жазуларындағы чик халқынан шығуы мүмкін дейді. «Род чиклиможет происходить от народца чик тюрко-орхонских надписей».[12]

 

Қазақ ғалымдары чик пен шектінің бір халық екеніне күмәнданбайды.«Байырғы түрік ескерткіштерінің мәтінінде аталатын чік/чек-шекті тайпасы. Чіктердің (чек) қорғандарын, молаларын Ломоносов атындағы МГУ-дің профессоры Л. Р. Кызласов ақсақал көп жыл бойы қазып, ғылыми монография қалдырған»-дейді түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы.

          Монғолиядағы Орхон өзенінің бойынан табылған Білге қаған бітіктасының 1-бетіндегі мәтінде  мынадай жолдар бар.

         «Жиырма екі жасымда

         Қытайға қарай жорық жасадым

        Чача-сеңгүн басқарған сегіз түмен әскермен соғыстым. Әскерін   сонда өлтірдім.

        Жиырма алты жасымда

Чек халқы қырғызбен қосылып жау болды.

Кем өзенін кеше жорық жасадым.

Чектерге қарай жорық жасадым.»[13]

Алшын Шектілері шежіре бойынша Өріс, Жақайым, Баубек, Бөлек боп бөлінеді.

Өрістен- Айдарбек, Есеналы.

Жақайымнан- Ағыс, Көгіс, Ақбура, Тоқбура.

Баубектен- Темірбақты, Жанқылыш.

Бөлектен- Айт, Бұжыр.

Айттан- Тілеу, Қабақ.

Қабақтан- Хангелді, Жангелді, Аралбай, Айбек (кейбір шежірелерде Беке), Төлес.

 

 

ҚАБАҚ

«Қариялардың дерек­те­ріне қарағанда, Қабақ пен Тілеу ата­ларымыз жоғарыдағыдай батыр­лықтарымен қоса өз заманында ел басқаруға араласып, билікті өте сауатты жүргізген. Олардың ел билігіне араласу кезеңдері атақты Жалаңтөс баһадүрдің бүкіл Орта Азияны басқарып тұрған кезіне сәйкес келеді. Батыр өзінің дәуірі жүріп тұрған кезінде Әйтекенің атасы Ақшаны Коқанға хан сайлап, шөмекейден Айтқұлды би етіп, ал Қабақ атамызды Ташкенттің бегі етіп тағайындаған»(«Бабалар рухы».Оразбай Әділбаев, зейнеткер, Шалқар ауданының құрметті азаматы, Ақтөбе облысы.)

Шалқар өңірінде Оразбай ағамыз сияқты ақсақалдардан Тілеу мен Қабақтың батырлығы мен билігі туралы осындай әртүрлі әңгімелерді есітуге болады.

Дей тұрғанмен де, Қабақ- кісі есімі емес. Қабақ атауы Төлес көлінен оңтүстікке қарай 80 км жерден басталатын Қабақ тайгасымен байланысты.

Моңғолша таулы орманды тайга деп айтатынын жоғарыда келтірдік. Қабақ тайгасы теңіз деңгейінен 2000-2500 м биіктікте орналасқан, Кіші Ұлаған, Атыргол өзендерімен шектеседі, келесі беттегі картаны қараңыз.Ұлаған деп моңғолша қызылқат жемісін айтады,[14]ал Атырголдың мағынасы- тың өзен[15]. Жошының Қоян жылғы (1207 ж.)әскери мобилизациясына дейін осы Ұлаған өзенінің жағасында өсетін қызылқатпен қоректеніп, Қабақ тайгасында аң аулап жүргенхалық Қабақ деп аталған. (Қабақ- моңғолша да қабақ, жар, жарқабақ дегенді білдіреді).

Алшындар XVI ғасырда Ноғай Ордасының құрамында болды дедік.Ноғай Ордасының биі, Едігенің шөпшегі Сейд Ахмет(Сейдақ) 1540 жылдары бауыры Шейх-Мамайдың қысымына шыдамай билігін, елін тастап Хорезмге(Хиуаға) көшіп кетеді. Ол туралы тарихшы Аманбай әл-Құланды былай дейді:

«Ноғай Ордасының сыртқы жағдайы кәмелденгенмен, оның ішкі жағдайы көңілге қонымды емес-ті. Аяқ  астынан әлеуетті Сейдақ би ноғайлардың тізгінен айрылып, өзіне қарасты жұртымен Хорезмге қоныс

аударды... Тарихи деректер Сейдақпен бірге Хорезмге 30 мың ел көшті дегенді келтіреді (106,154)»[16]

 

 

Осы Хорезмге (Хиуаға) көшкен түрлі рулардыңішінде қабақ руы да болды. Бұл рулар болашақ қарақалпақ халқының негізін қалады.Хиуа жерінде Әмудің Аралға құяр сағасындағы (қазіргі Қарақалпақстанның және Түрікменстанның территориясында) Қоңырат, Қытай, Қыпшақ, Маңғыт, Қабақлы қалалары (елді мекендері)сол рулардың тарихын еске салғандай. Қабақлы сөзінің мағынасы «Қабақтан шыққан» дегенді білдіретіні түсінікті болса керек. Тарихта Қабақтан шыққан хан да болған, ол қысқа уақыт болса да, Хиуаны билеген.

«И после де того приехали в Хиву гурленцы и аралцы тысяч с пять, а с собою привезли Кабаклы хана и в Хиву вошли с многим боем силно, и учинили Кабаклы владелцом. И тот де Кабаклы хан Арал хановых детей обеих велел удавить до смерти. И после того приехал из Каракалпаков каракалпацкой Тобурчюк салтан, с ним человек со сто, и дошед до Хивы в близости, остановился, И Кабаклы хан выехал из Хивы, того Тобурчук салтана встретил, и, зазвав его в Хиву в город, говорил, чтоб ему, Тобурчюк салтану, быть владельцом близ Хивы в городе Ургенех. И жил в Хиве Тубурчюк салтан дня с два. И Кабаклы хан к Тобурчюк салтану пришел ночью на постоялый двор, и его и многих людей его убили до смерти.

 И после де того, в нынешнем в 204 году, в октябре месяце собрався в хивинский город лутчие люди аталыки, и Кабаклы хан в то время ехал из костелы, и аталыки де его остановя на улице, говорили с великим криком, что де он всеми ими смутил и салтанов перевел, и оттого де у них учинилась меж собою сеча и глад. И в том же месте его убили до смерти».[17]

Бұл материалды мына бір электронды ресурстен алынған ақпарат та растайды:

«Хиуа хандарының тізімі:

Ильбарс-хан I ( -1511-1525)
Султан Ходжа-хан I ( -1525-1527)
Хасан Кулы-хан I ( -1527-1530)
Суфьян-хан I ( -1530-1531)
Буджунга-хан I ( -1531-1533)
Аванак-хан I ( -1533-1534)
Кол-хан I ( -1534-1540)
Агатай-хан I ( -1540-1546)
Дост-хан I ( -1546-1558)
Ходжа Мухаммед-хан I ( -1558-1603)
Араб Мухаммед-хан I ( -1603-1622)
Ильбарс-хан II ( -1622-1623)
Исфандияр-хан I ибн Араб Мухаммед ( -1623-1642)
Саид Мухаммед-хан I ( -1642-1643)
Надир Мухаммед-хан I ( -1643-1645)
Абдул Гази-хан I ибн Араб Мухаммед (24.VIII.1603-1645-1663)
Ануша-хан I ( -1663-1686)
Худайда-хан I ( -1686-1689)
Эренг-хан I ( -1689-1694)
Джучи-хан I ( -1694-1695)
Кабаклы-хан I ( -1695-1695)
Кулы Мухаммед-хан I ( -1695-1697)
Шах Нияз-хан I ( -1697-1701)

Муса-хан I ( -1701-1703)
Араб Мухаммед-хан II ( -1703-1703)
Ходжа Мухаммед-хан II ( -1703-1714)
Эдигер-хан I ( -1714-1714)
Эренг-хан II ( -1714-1715)
Шир Гази-хан I ( -1715-1728)
Ильбарс-хан III ( -1728-1741)
Абу Мухаммед-хан I ( -1741-1742)
Абдул Гази-хан II ( -1742-1745)
Гарип-хан I ( -1745-1750) Бану Гарип
Абдалла Карабай-хан I ( -1750-1753)
Султан Тимур Гази-хан I ( -1753-1764)
Гарип-хан II ибн Гарип ( -1764-1791)
Абдул Гази-хан III ибн Гарип ( -1791-1804;1806-1806-?)
Ильтузар Инак-хан I ибн Иваз (-1804-1806) Кунграт
Мухаммед Рахим-хан I Бахадур (-1806-1825)
Аллакули-хан I Бахадур (-1825-1842)
Мухаммед Рахим Кули-хан I (-1842-30.I.1846)
Мухаммед Амин-хан I Бахадур (-1846-.III.1855)
Абдалла-хан I (-1855-1.IX.1855)
Кутлуг Мухаммед Мурад Бахадур-хан I (-1855-1856)
Махмуд-хан I (-1856-1856)
Мухаммед-хан I (-1856-.IX.1864)
Мухаммед Рахим-хан II Бахадур (1845-1864-1910)
Исфандияр-хан II Джурджи Бахадур (1871-1910-1.X.1918)
Сеид Абдалла-хан I (-1918-1920-1920)
Жунейт хан яумт (түркмен) (1920) »[18]

Қабақ – Қарақалпақ байланыстығының тағы бір көрінісі - екеуінің құрамында да Хангелді, Жангелді, Аралбай руларының болуы

(жалғасы бар)

Abai.kz



[1]М. Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. 1925 ж.

20-б.

[2]Сонда, 24-б.

[3]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 31-32- бб.

[4]Сонда, 809-б.

[5] Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі. Қызылорда,Тұмар, 2003 ж. 96-б.

[6](Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия) http://kk.wikipedia.org/wiki/Бақан

[7]М.Тынышпаев.Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент.1925 ж.7-б

[8]В.В. Востров, М.С.Мұқанов.Родоплеменной состав и расселение казахов. Алма-Ата, Наука, 1968 ж.186-б.

[9] Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі.WikiBilim.Кітап http://kitap.kz/book/5338-turik_qyrhyz_qazaq_am_xandar_shezhres/ 

[10]Ж.Сабитов. Происхождение аргын и маджар. The Russian Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа)1-том , №1, 2009 жыл,41-бет

[11] Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі, Қызылорда,Тұмар,2003 ж.97-98 бб.

[12]Н.А. Аристов. Труды по истории и этническому составу тюркских племен. «Сорос-Қыргызстан» қоры, Бішкек, 2003 ж., 160-б

 

[13]Түрік бітікhttp://bitig.org/?lang=k&mod=2&bid=3&les=14&li=2

[14]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж.505- б.

[15]Сонда, 51-бет

[16] Едіге би және Ноғай Ордасы. Алматы, Дәуір, 2013 ж. 298-299 бб.

 

[17]Посольские материалы Русского государства. История Казахстана в русских источниках. Алматы, Дайк-Пресс,2005 ж. 422-б.

 

31 пікір 807 рет оқылды Қосылған: 30.01.17
    • #1
    • Серікжан
    • дн, 30/01/2017 - 16:42

    Бұл енді ғылыми сауатты жазылған мақала. "Әлім" сөзінің "Алма" сөзінен шығатынына келісемін. "Орман адамдары" ертедегі түрік шежірелерінде "Агач ери" деп аталады. Ал еуропалық еңбеткерде бұл тайпалар бірлестігі "Акацир" деп берілген. Акацир тайпасы - Сувар, Савир тайпасымен бірге Атилла сарбарздарының негізін құраған. Қалғандары Оғыр (Огур, Угр) тайпалары: оногур, сарогур, утригур және кутригур.

    • #2
    • Серікжан
    • дн, 30/01/2017 - 16:57

    Қазақтың бәрі бірдей Жошыханға еріп келген монғолдар емес, Сонда Жошыханнан бұрын осы жерде тіршілік еткен қалың жұрт қайда кетеді. Ал жеке Әлім-Шөменнің өзіне келсек, жалпы Әлім-Шөменнің арғы тегі - Жетісу Ғұндары болып есептеледі. "Алты ата Әлім" деген сөз - сол баяғы көне түркілердің Жетісу ғұндарынан тарайтын "алты чуб" бірлестігінің атауынан шыққан. Чубань (2 тармақ), Чуюе (2 тармақ), Чумугунь, Чуми. Ал "Алакчин" деген ақсары халық тарихта болмаған. Ол - өте көне аңыз. Атилла сарбаздарының құрамында бұлғар деген де тайпа болған. Көне Түркі жазбаларындағы "чек" (ішек) деген тайпаның қандай халық екенін білу қажет.

    • #3
    • pikir
    • дн, 30/01/2017 - 18:45

    tarikhtan bilerim az biletinim otarshyl resei sssr din uiretken tarikhy otirik

    • #4
    • Н.М.М.
    • дн, 30/01/2017 - 19:07

    Серікжан,Сары қыпшақтар Арғын-Қанжығалы,тағы қандай рулар?

    • #5
    • Қазақ ұлы
    • дн, 30/01/2017 - 20:00

    қазақта Найман деген аса қуатты, саны көп, және қазақ ұлтының негізін құраған ру бар. кіші жүз құрамында жүрген кете, қаракесек, таз,тана,серкеш рулары найманнан барған рулар. кіші жүз, ұлы жүз құрамындағы ұсақ рулардың бәрі Найман және Арғыннан барғандар. 5-ғасырда Арғынлардың Найманнан бөлініп шыққанын Шәкерім Құдайбердіұлының "Қазақ һам хандар шежіресі" атты еңбегінде анық жазылған. қазақ халқының негізін құрайтын санаулы рулар ғана болған. Найман хандығы, Керей хандығы, және Қыпшақ хандығы болды. Алшын хандығы , Адай хандығы, Дулат хандығы, немесе Әлім хандығы деген ел немесе ұлыс атауы тарихта кездеспейді. саны аз, ұсақ рулардың бәрі қазақ ұлтының негізін құраған рулардан тарағандар. қазіргі кезде ұсақ рулардың рушылдығы, қара ниеті қабынып келеді. бұл біздің ұлт ретінде қалыптасуымызға үлкен кесірін тигізіп отыр. маңғыстаулық біреу Шыңғысханнан тартып барлығын Адай руынан таратып жатыр. бір күні алтын орда Адай империясы болып кетпесе жарар еді. ұсақ рушылдықты қойып, осы рулардан шыққан азаматтар қазақ ұлтының негізін құраған рулардың өздерінің қаны бір қандасы екенін түсінуі керек.

    • #6
    • Серікжан
    • дн, 30/01/2017 - 21:50

    Н.Н.М. Сары қыпшақтар: Төртқара, Төртуыл (және Төртауыл), Қанжығалы, Қуандық, Сүйіндік, Беріш, Қаңлы, Тоқсоба, Жүзден, Бөрілі. Бұлар - қыпшақ даласының ең ежелгі рулары, 9 ғасырдан осы далада тұрған. Шыңғысханға дейінгі, монғол үстірттерін мекендеген Найман, Керей, Меркіт хандықтарынан тыс, қазіргі Қазақ даласында болған.

    • #7
    • Серікжан
    • дн, 30/01/2017 - 21:58

    Қазақ ұлы, оған бәрі де келіседі, "Кіші жүздің рулары" деп жүргеніміз - Арғын, Найман, Керей, Дулат руларының бір кездегі тармақтары. Сондықтан, "Беріш, яғни Бөрші орта жүзде бар, Төртқара, Қаракесек, Керейіт - орта жүзде бар" ,- деп одан әрі шұбыртудың мәні жоқ, орта жүзде кіші жүздің барлық рулары бар."Алшын" деген сөзді "Алаш" деп оқуға болады, "Алаша" деген ру қазақта да, түрікменде де бар. "Аңшы" деп оқуға болмайды. Ал "Қыпшақ" деген сөзді "Құншақ" деп оқуға болады.

    • #8
    • Бәріңді боқтауға правасы бар
    • дн, 30/01/2017 - 23:51

    Не оттап отырсыңдар анаңды с...... дер, Найзасының ұшы алтын Алшынның тарихы бес мың жылдан әріге кетеді. Шежіре солай дейді. . Алаш деген сөз жоқ Алшын деген бар. Алшын деген қазір кші жүз деген өтірік атау таңылып жүрген тайпалар бірлестігі. Әлемді билеген де, өзгеріс әкелген де осылар.
    Білмесеңдер көттеріңді қысып жүріңдер. Өй анаңды с....дер кілең !!!

    • #9
    • Н.М.М.
    • дн, 30/01/2017 - 23:57

    Ал,Қара Қыпшақ,Құба қыпшақ,Қызыл Қыпшақ,Көк Қыпшақтар қай рулар?Жалпы Қазақ тарихы туралы тағы да көсіліп әңгімелесең күшті болар еді.Сосын Түрік қағанаты кезінде тек қазақ рулары болған сияқты,қалған түркілер қайда болған?

    • #10
    • Бекжан
    • сс, 31/01/2017 - 1:29

    Әлім атауын маңғол тіліндегі сөзбен түсіндіру қателік. Маңғол ұлтының негізі болған Халха тайпасы Алтай аймағына тек 16 ғасырда келді арғы Қиыр Шығыстан. Халха-маңғолдар ертедегі Сяньби тайпасының ұрпақтары. Сяньби мен Дунху тайпалары туыс болған тілі мен дәстүрі бойынша. Дунху деген "шығыс Ху тайпасы" деген мағынада. Ху тайпасының ұрпақтары Корей (хуаре) мен Жапон елі. Жапон мен маңғол тілдері өте жақын және олар мен корей тілдерінің сөздерінің 40 пайызы қытайлық.

    Әлім тайпасы атақты Сармат тайпасының тікелей жалғасты ұрпағы дер едім. Сармат атауының ежелгі бір нұсқасы Сайрима деп көрсетілген және Сармат елінде "әйелдер құқы еркек құқығынан кем болмағаны" белгілі. Сармат тайпасының негізін қалаған Зарина патшайым екені белгілі. Олардың бас қаласы Арисканике деп аталған, дұрыс атауын "Арыс хандығы" деуге болар. Геродаттың айтуынан "сарматтардың аналары амозонкалар болғанын және амозонкалар скиф тілінің ерекше диалектісінде сөйлегендіктен олардың ұрпақтары сарматтар скифтік тілдің өзіндік диалектісінде сөйлейтін ерекше тайпа болып қалыптасқанын" көреміз. Яғни сармат тайпасының негізін қалаған Зарина амозонка тайпасынан болған және амозонкалар скифтік тілдің ерекше диалектісінде сөйлеген тайпа. Геродат скиф немесе сак елінің Ариске арнап құрбандық шалатынын көрсеткен. Зарина патшайым княздігінің Арысхандікі деген атауы олардың Арыс атауын құрметтеген скиф елінің бір бөлігі екенін көрсетеді. Зарина есімін Зарана деу орынды. Зарана есімі оның елін билеген Күйеуінен айрылып жесір қалғанын және Ел билігін қолына алып мемлекетін сақтап қалғанын көрсетеді. Ол "әйелдер көбіне билікте болған амозонка" тайпасынан болғандықтан Ерінің орнын жоқтатпай билей алғаны анық. Ол өзі билеген мемлекетте амозонка тілінде сөйлеген және өз төркіндерімен құдаласу дәстүрін жалғастырған. Ал Ерінің тайпасы Албан тайпасы болған. Амозонка тайпасы деп Масагеты тайпасын айту орынды, атақты Томирис патшайым билеген тайпа және оларда сол ерте заманнан әйелдер билеу дәстүрі болған. Масагеты атауы дұрысында "масақ атты", олардың бас киімі "масақ" тәрізді болатын (бидай ұрығы шоғырын масақ дейді қазақ). Бастарындағы бас киімдері "масақты" көзге елестететін салтатты елді көрші тайпалар "масақатты" деп атаған, осы атау парсы мен грек тілдері бұрмалауымен "масагеты" деп тарихқа енген.
    Масагеты тайпасының ол бас киімі кейін барша сак немесе скиф елінің ортақ бас киіміне айналған, алайда ол әуелі масагеты деп аталаған тайпадан шыққан мода болып. Масагеты тайпасының өз атауы Үзік болған, оларды жалпы "үзік үй" деп атаған. Үзік үй дегені "үзік руы" немесе "үзік тайпасы" деген мағынада. Ол тайпа негізінен кәзіргі түркімендер отырған аймақты мекендеген, яғни олар парсы тілді елмен көрші отырған бірден бір скифтік тайпа. Олар ертеден парсылық тайпалармен көрші аралас болғандықтан олардың скифтік немесе сактық тілдері парсы тілі ықпалымен өзгеріске ұшыраған. Осылайша барша сак немесе скиф елі бір тілде, ал олардың шеткі тайпасы үзік тайпасы скиф тілінің өзге диалектісінде сөйлеген. Осы тілдерінің өзгешелігінен олар скиф елінен ерекшелене бастаған және осы себептен скифтер оларды "үзілген немесе бөлектенген" мағынасындағы "үзік" атауымен атаған. Оларды Үзік немесе Үзікүй деп атаған, ал грек тілі оны Языг немесе Языги деп тарихқа енгізді. Яғни Масагеты мен Языги атаулары бір тайпаны көрсетеді, ол тайпаның өз атауы Үзік және олар кәзіргі түркімендер отырған аймақты отырған. Кейін Үзік атауы қысқарыр Үз болды және оларды билеген ру "Ақ үз" деп аталды. Осы Ақүз атауын бұрмалау тарихқа Огуз атауын енгізді.

    Зарана осы Үзік елінің қызы болған және балаларына тек сол төркіні Үзік елінің қыздарын алып беріп отырған. Оның ерінің тайпасы Албан болатын. Осылайша Албан тайпасы арасынан "үзік диалектісінде сөйлейтін ерекше ру" пайда болды және ол руды билеген Зарана патшайым руын жеке ел етті. Олар Албандар болатын және Үзік тілінде сөйлеген, осы себептен өзгелер оларды Албанүз деп атап кеткен. Оларды сол Зарана заманынан әйелдер биледі. Албан тайпасы Закавказені басып алған біздің дәір басында олармен бірге Албаүз тайпасыда сонда барған. Закавказе сол заманда Албания деп аталды және сол жерде Алазон атауылы аймақта сақталған. Албандар кейін Қырымға барып отырды және тарихта оларды Сакалба деп көрсетеді, онысы "сак албан" деген атау (сак елігің Албан тайпасы). Орыстар "сакалба" деген славян деп бұрмалайды, алайда ол анық "сак албан" деген ел. Өйткені олардың көп тобы Шыңғысханға дейінгі 11 ғасырда және Шыңғысхан заманында кәзіргі Албания аймағына кемемен қоныс аударғандары белгілі. Олардың "сак албан" атауынан Албания деген мемлекет пайда болды Қырымның арғы жағындағы теңіз жағасында. Сол сакалба немесе сакалбан тайпасы отырған жерде алазон деген скифтік тайпада отырғанын гректер көрсеткен 4 ғасырда. Сонда Албан тайпасы мен Албаүз тайпасы біздің жерден Закавказе мен Қырымға бірге кеткен.
    Албаүз атауы Алауз, Алаоз атауларымен өзгеріп Алазон деген нұсқасымен тарихта қалды және осы әйелдер билеген тайпаны гректер Амозон деген атауменде тарихта қалдырды. Алазон немесе Амазон атауларының дұрысы Албаүз болған.
    Олардың мемлекетін Зарана патшайым есімімен Зарана депте атаған, ел адамдары өздерін "Зарана еліненмін" деген мағынадағы "Зарымын" депте атаған тәрізді. Оы себептен парсылар дерегінде Сармат атауы ең әуелі Сайрима деп көрсетіледі. Сайрма деген парсылар бұрмалаған Зарымын атауы, осы Зарыма атауын парсылар Сайрима деп атаған және осы атауға парсы немесе гректік "ты" жалғауы қосылуынан Сарматы атауы тарихқа енген.

    Демек Сармат пен Амазон, Алазон деген атаулармен тарихқа енген даңқты тайпаның өз атауы Албанүз болған. Ол атаумен Кавказ бен қырымға кеткендері кейін Алазон болып тарихқа енді. Ал өз жерінде қалған Албанүз тайпасы атауы Албаүз, Алаүз болып қысқарып кейін одан тек Алі атауы қалды дер едім. Олардың қандас туыстары Албан тайпасы сол атауымен қазақтың бір тайпасы болып отыр және олардың жақын көршісі Сыбан тайпасыда отыр сол күйі (Суан деп орыстар бұрмалап енгізген арапша шежірелерді кирилицалағанда. Олардың Найман тайпасына бағынып сіңгендері Сыбан атауымен әлі бар Наймандар құрамындв). Закавказедеде сол Албан атауымен қатар Сыбан атауы сақталған, тіпті азарбайжандар құрамында көшпелі "шахсеван" деген топ сақталған. Шахсеван атауының дұрысы "сақ сыбан" ғой, қырымдағы Албандар тура солайша "сақ албан" деп аталды. Грузиядада Сыван деген этнос сақталған, олардың тілі християн шіркеуі тілімен өзгергенімен қарашай мен балқарлармен құдалық тығыз қатынастарын сақтаған (қарашай мен балқар қазаққа тілі ең жақын ұлттар).

    Түркімендерде сол ежелгі Үзік тайпасының тікелей ұрпақтары, олар Оғыз елі депте аталады. Арапта О деген әріп жоқ, Үз елін билеген руды "ақ үз" деп атаған. Осы "ақ үз" атауын арапша жазбаларды аудармалаған орыстар бұрмалап "оқ уз" деді. Осылайша "ақүз" атауын "Огуз" етіп тынды. Сол Үз немесе Огуз елінде, яғни түркімендерде "алиел" деген тайпа бар, онысы қазақша "Али ел" ғой. Албанүз сол Үз еліне жиен және байланыстары тоқтамаған. Осы себептен Албанүз атауы қысқарып тек Алі болып қалған заманда олардың бір тобы "болашақ түркімендер" құрамыенда қалған. Алиел тайпасы біздің Әлім тайпасының сонда қалған бөлігі. Бізде кейін Алі атауы Әлі болды, оларды көпше түрде Әлімдер деп атаудан Әлім тайпасы атауыс қалыптасқан.

    Әлім атауы қалыптасқан заманда олардың Жужандар заманында Алтай аймағына орныққандары болған болар. Осы себептен олар отырған өзен атауы Әлім деп аталған. Оны апарып қайдағы бір маңғол сөзіне тықпалауы ұят. Қазақты маңғол тудырғандай етуді қоятын уақыт болды ғой.

    Сарматтар біздің аймақта өмір сүрді және осы жерден батысқа жорығын бастады. Сарматтар ешқайда жоғалған жоқ, амозонкаларда. Нағыз Амозонкалар мен Сарматтар ұрпағы деп Әлім тайпасын айту қажет. Сонда барлығы орнын табады. Мүмкін Алшын атауыда сол Албаүз тайпасынан тараған бір тармақ руды қалыптастырған болар.

    • #11
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 1:42

    Қытайқыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ, торықыпшақ, ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық - бұлар қазіргі қазақтағы Қыпшақ руының тармақтары. Ал 5-8 ғасыр аралығындағы Түрік Сір халқын, тарихта Сары Қыпшақтар деп атаймыз. Олар қазіргі Сары Қыпшақтар емес, ол - тарихи атау. Бумын қаған мен Истеми қағандар, Тоныкөк қария мен Қапаған Қағандар Сары Қыпшақтар болатын. Кейін Көк Түріктер имприясын Ұйғыр қағандығы құлатқанда, Сары Қыпшақтарды (Түрік Сір халқын) жаппай қырып-жою басталды да, олардың қалған-құтқандары 8 ғасырда Қазіргі Сарыарқа даласына көшіп келді де, Ұлы даланы "Дешті Қыпшақ" атандырды. "Дешті-Қыпшақ" атауы Тәуке ханға дейін қолданылды. Шығыста біздің Жәнібек, Қасым, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір хандарды ешқашан Қазақ хандары деп жазбайды, "Қыпшақ хандары", "Дешті-Қыпшақ хандары" деп жазады. Қазір де Арабелдеріне, Мысырға барсаңыз, "Қазақ" деген сөзге түсінбейді, бізді "Қыпшақ" деп айтады.

    • #12
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 1:49

    Қытайша оқылуы ғой, Жетісу ғұндарының тайпа атауларын қазақшалап оқуға тура келеді: Чуми - Шөмен, Чуюйе - Шүрен, Чумугунь - Шөмекей. Жиынтық атауы Чубань - Шопан. Небәрі осы ғана.

    • #13
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 1:50

    Жетісу Ғұндарының мемлекетін Эфталлиттер - Ақ Ғұндар (Белые Гунны) имериясы құлатқан. Ақ Ғұндардың империясын 551 жылы құрылған Көне Түріктер империясы талқандаған. Тағы да бары осы ғана. Қазіргі Әлім-Шөмендер мен Назар-Шүрендер, Шөмекейлер - сол Жетісу Ғұндарының тікелей ұрпақтары.

    • #14
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 1:54

    Ал Көне Түріктер империясын құрған халық - Көк Қыпшақтар. Қыпшақтардың билеуші тайпасы, қазақ даласында Қайы тайпасы болған. Жыландар әулеті. Қазақша ол руды Қаңлы деп атайды. "Қаңлыдан хан сайла" деген мақал бар. Мұқамбеткәрім бе, осы сөзді "Хан елі" деп түсіндірді. Принципі дұрыс. Алайда Оғыздардың Қайы тайпасы мен Қазақтың Қаңлы тайпасы бір жұрт болғандықтан, Кіші жүзде Қынық деген де ру бар, оның Жылан әулеті екендігінде дау болмауы тиіс. Жылан әулеті Кіші жүзде қазір де бар. Беріштің құрамындағы Жайық руы.

    • #15
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 2:01

    Одан соң Дешті Қыпшаққа тағы бір билеуші әулет келеді, ол - Елбөрі әулеті. Елбөрі әулеті де Қайы тайпасынан тарайды. Оғыздардың Қайы, Қыпшақтардың Қаңлы деп отырғаны, монғолдардың Қият тайпасы ғой баяғы. Елбөрі әулетінің келуі, бұл далаға әйгілі Байауыт тайпасының ағылуынан басталады. Ежелден әйгілі Байауыт тайпасының қазіргі атауы - Байұлы. Ал Елбөрі деп қай руды айтқаны белгісіз, бұлар - Құнчақ (Көк Бөрі) әулетінен. Мысырды билеген Бейбарыс - Минг Бурдж әулетінен пен Қалауын сұлтан - Байауыт Елбөрі әулетінен шыққан.

    • #16
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 2:10

    Бекжан соншама ұзақ мәтінді қалай тердің. Жай ғана, Сәнби халқы туралы айтқым келген. Сәнбилер қазіргі монғолдардың ата-бабалары емес, Қазіргі тілмен олар Сирби (Сибирь) деп оқылады. Ол - сол замандағы Сувар, Савир деп аталған тайпалар, бұлар да түркі тайпалары. Қарақытайларды билеген Елюй әулеті (Елюй Дашы). Осы Елюй сөзін де Елбөрі деп оқу қажет шығар. Қарақытайлардың, яғни Қидандардың Көне Түрікше атауы "секиз-окуз". Дулаттардың Көне Түрікше атауы "Йети-Окуз". Алайда Қытайлар (Монғол тілі бойынша) берген Дуло атауымен Еуропаға жетті. Атилла патшаның өзі Дуло әулетінен шыққан. Ал Еділ (Йети ел) қаған есімі, осы "Дуло" сөзінің таза қазақша түрі. Орта ғасырлық монғолдар "долоон" деген, жеті сөзін. Ал сегіз сөзін "найман" деген.

    • #17
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 9:01

    Ежелден массагет тайпалары жайлаган жердин атауы Мангыстау. Массагет дегени сол мын кыстау. Бул жерлерде ерте заманнан мын кала болган. Масса коп дегени. Гет дегени хет. Хет деген соз ежелги Туркия жеринде омир сузген темир балкытушы Хаттилер атауынан шыгат. Хат дегени темир корган. Хатай созиде темир корган деген магана берет. Хото деген мангол созиде осыдан шыгат. Хата деген орыс созиде содан алынган.
    Кеден созиде содан алынган.
    Ежелги мысырлыктардын хет- темир корган дегени созиде содан алынган.
    Хатты негизи бул ежелги сак- турки сози. Темир атауынын бир тури.
    Гет атауыда осыдан шыгат. Геттер деп гиректер массагеттерден болинип шыккан тайпаларды айткан. Гет дегени темир корган созинен шыккан.
    Гет кейин коргаушы ерлер, жалдамбалы аскер маганасына ауыскан. Гректин алекос андрос , коргаушы ер дегени алан созинен шыккан. Булда ежелги сактар сози. Аландар булар гиркандар.
    Гиркан атауы Гар- бори леген ежелги парсы тилдеринен алынган соз. Корган созиде осы Горган, борилер мекени созинен шыгат.
    Аландар массагет тайпаларынан. Аорс, яньцай улкен ак, ак арыс олар жане каспий атымен ежелги азербайжан жеринде белгили, акарыс елинин кейин Аланляо ягыни Аланшын, аталганы белгили.

    • #18
    • Н.М.М.
    • сс, 31/01/2017 - 9:33

    Қарақытай сегіз оғызымыз,Найман сегіз оғыз болды ғой.Елюй Дашы қыпшақ боп кетті ғой,Сәнбидің мақтанышы деп жүрсек.

    • #19
    • Таразы
    • сс, 31/01/2017 - 10:48

    Түк түсінбедім.Осы дау кімге керек.Қазір ххі ғасыр. Әлде си- ни аи-бай деген сөздерден руымыз шыққан деп дауласа бересіндер ме. Бір кезде тоз- тозымызды шығарып жіберген рессей империясы мен қызыл империядан сақтасын.Қазір рессей шованистері сол заманды қайта орнатуды саяси бағыты етіп алуда. Мына түрлеріңмен сенің руың керемет сен хан боласын десе сатып жібермейік елді. Ондай алдаулар тарихта талай болған. "Ойан Қазақ"

    • #20
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 11:06

    Сегиз огыз кара кытай емес. Кара кытай дегени оздерин кыдан, катай деп атаган санби, сырбилерге туыс тайпа.
    Олардын ежелги мын кыстау-коп кыстау, коп калалар мекенинен шыкканы куманди.
    Санбилерге, басмылы-аргындар туыс болуы мумкин. Басмылы деген араласкан деген соз.
    Басмылылар туркилермен араласып кеткен, ежелги Таншихай мен ерип келген мохэ-мену шивэйлер болуы мумкин. Ежелги санскрит тилинде аргун деп кумисти айткан.
    Кумисти ежелгилер ак алтын мен мыстын коспасы деп тусинген. Кумис ескиргенде, кызыл туске енет оны тат дейди. Татар деген осыдан шыкан болуы мумкин. Сарби Сянби дегени ежелги ак деген магана беретин сар деген созден шыккан болуы мумкин. Сарби дегени кумрстер немесе ай ели.Булар ежелги южчжи ай урпактарынын шыгыста калып кеткен, кейин шыгыс хулар, дунху атымен белгили бир тармагы болуы мумкин.
    Кейин олар сарби ден татарга айналган.

    • #21
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 12:03

    Мадай, Қидандар "сегіз-оқ" деп аталады, "восьмиплеменной народ" немесе "восьмистрельный" деп аударылады. Найманның арғы аталарының бірі Қытай (Катай) деп аталады, Найман түгілі "Қытай Қыпшақ" деген де ру бар. Қидандар тіпті көнеден Түркі тайпасы болып келген Қыпшақтың құрамына да енген. Атилла Еуропаға жорығын бастағанда, оның сарбаздарының (немесе ел-жұртының) құрамында өзінің қаптаған Оғыр тайпаларымен бірге, одан басқа үш тайпа болған: Сувар, Бұлғар және Акацир (Агач ери - Орман адамдары). Бұлғар атауы қазіргі Кавказдағы Балқар халқында сақталған, Сувар атауы - қазіргі Чуваш халқында сақталған. Мақала авторының ойы бойынша Акацир деп отырғанымыз - Алшындар болып шығады.

    • #22
    • Серікжан
    • сс, 31/01/2017 - 12:10

    Сәнбилерден (Сирбилер) тараған халықтар: Тоба және Мойын. Тоба атауы қазіргі Тува халқында, қазақтың Тама, Табын руларында сақталған. "Табын" сөзі - Таба деп оқылады. Ал Тама руы Башқұрттарда Тамьян руы деп аталады. Қазіргі "Сібір" (Сибирь) сөзі Сәнби тайпасының атауынан шыққан. "Суб - йер". Сувар тайпасы дегеніміз осы. Қазақта Сувар тайпасының ұрпақтары жоқ. Олай болғанда, қазір бізде "Шуаш" немесе "Шұбар", "Сары" деген рулар болуы керек еді.

    • #23
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 13:27

    Агаш ери кыпшактын атауыгой. Кыпшактар ежелги динлиндер урпактары. Динлин деген ежелги шеге жане ноль деген еки иероглифпен жазылган. Шеге дегени он тустик каракалпактар тилинде шуй болады. Шуйт деген шегелер деген соз.Шуйттер каракалпактардын курамындагы тайпа. Ноль дегенди ежелги индустар арганын донгелегинен алган. Сонда кытайдын ноль тусиниги , арбанын донгалагы дегенде магана береди. Алтарбанын донгалагын канлылар ойлап тапкан дейди. Сонда динлин атауы шуйт жане канглы деген магана берет.
    Шуйттер алты чуб елинин бир руы. Чуб деген узын кекил дегени. Шуйт те канглы да ежелги канха болмаса канглыдан шыккан ел.
    Динлиндердин он тустик тармагы юэчжилер. Юэчжилер, даюэчжи ягни улкен юэчжи, аптал алан, эпталит, улкен алан атымен белгили.
    Юэбан дегени киши юэчжи дегени, олар абар атымен белгили. Абар дегени апарн деген массагет тайпасы. Олар гиркандардан ягни борилерден шыгат. Юэчжи, Ай еле дегени боринин анасы Ай болгандыктан болса керек. Бори айга карай улиды. Солан улу ягни бори басты айдахар деген шыгат. Массагет тайпаларынын бир тармагы жыланды оздеринин тотоми, шыгу теги санаган.
    Бир болиги борини тотем туткан. Содан айдахар келип шыгат.
    Ежелги аландардын туы, бори басты айдакар болган. Бори басты айдахарды ежелде кулдир мамай депте атаган.
    Кулдир дегени гром, мамай дегени бори. Ягыни куркиреген, коркыткан, от шашкан бори дегени.
    Осыдан уранхай атауы келип шыгат. Уран, урандату, ыскыру, бакыру, аруактану, аскери рухты шакыру сози осы куркиреу, шошыту созинен келип шыгат. Хай дегени жылан деген соз. Уранхай дегениде осы куркиреген жылан деген магана берет.
    Уранхайлардын борили жане жыланды (кайы) боп болиниуи осыдан болса керек.
    Ал усундар булар тиграхуда сактарынын урпактары. Сака атауы ок деген магана берет.
    Садактан сака ату ягни ок ату созинен окуз, садакшы, мерген атауы келип шыгат.
    Тиграхуда сактарынын усун - кара карга урпактары деп аталуы, олардын тотемине байланысты. Олардын тотеми тазкара. Ежелги халыктар анызында таз кара, аппак ак иык кус екен. Аныз бойынша ежелде кун жерге жакын келип, жер бетиндеги тиришилик иелерин куйдребастапты мыс.
    Содан алиги аппак, акиык кус кана кунди басына котере ушып, кунди орнына апарып койыпты.
    Ал кун аппак кусты куйдирип, таз жане капкара етип тастапты. Содан ол тазкара атаныпты.

    • #24
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 13:31

    Тобалар сарбилердин тайпасы дурыс. Ал тувалар туфалардын урпагы. Туфа деп акеси хунну, шешеси санби(сарби) болган аралас некеден туылгандарды айткан.

    • #25
    • Н.М.М.
    • сс, 31/01/2017 - 13:34

    Найманда Сары рулары жетеді. Алты сары Акнайман, Ерсары,Байсары,Сары,Сарғалдақ т.б.

    • #26
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 14:04

    Аргындардын сары аталуы олардын билеушисинин Сары деген атынан дейди. Бул Козы-корпеш пен Баян сулудагы, Сары би болса керек.

    • #27
    • Н.М.М.
    • сс, 31/01/2017 - 14:35

    Арғын қыпшақ болған соң Сары- Сир деп аталады.Сары қыпшақ.

    • #28
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 15:13

    Сир деген казахтын сери деген созигой. Тандаулы жауынгер деген соз. Ежелги парсылар шер деп ежелги аландарды атаган. Шер дегени кызыл жолбарыс деген соз.
    Кытайлар аладардык жолбарыс жане бори журекти жауынгер деп атаган. Сары дегенде аралас дегенге тура келеди. Ак пен кызылдын коспасы сары болады.
    Ак дегени хандар тукымы шыккан улкен тайпа, Кызыл дегени жауынгерлер тайпасы.
    Патшалар тиграхуда сактарынан шыккан. Олар ак кийим кийип, ак тулпар минип, басына октар мен ашекейленген ак калпак кийип журген.
    Калпагындагы октар, октардын, окуздардын патшасы деген соз. Жауынгерлер кызыл кийим киген. Ак патшалар, жауынгер аландардан кыз алган. Аландардын тотеми бори. Содан ак патшалар оздерин бори ананын ягни аландардын кыздарынын урпагымыз деп санаган.
    Серилерден шыккан Ашидэ - ер бажа кут тайпасы, билеуши тап окилдеринен болган.
    Олар ашина ягни инал билеушилер аулетимен куда анда болган.
    Инал дегени куйеу баланын урпагы, болмаса кыздын баласы, жиен деген магана берет.

    • #29
    • Н.М.М.
    • сс, 31/01/2017 - 16:05

    Түркі қағанаты кезде басқа түркілер қайда? Хакастар Қырғыз қағанаты болды.Тобалар өз алдына ел.Қазіргі түріктер қайда?Сарттар Ьактирия,Хорезм,Согды.

    • #30
    • Мадай
    • сс, 31/01/2017 - 17:44

    Онын барин таптештеп жазып отыратын уакыт жок. Бактирия, Согды дегендер европойд насилди, ежелги хотан тили, санскрит тили деп аталатын болек-болек тилдерде сойлеген халыктар мен хамит тайпалары деп аталатын унди- парсы насилди, жане турик тайпаларынын араласуынан келип шыккан ежелги мемлекеттер. Казирги уйгырларда ежелде хотан тили деген бир тилде сойлеген европой насилди отырыкшы бир халык.
    Кейин туркиленген.
    Туркилер ежелги Тураннан шыгып анау бир жагы жапон тенизи бир жагы балкан, шыгыс еуропа биржагы сибир тундра, бир жагы Индия.Индиядан бастап казирги Туркия, Туркиядан бастап анау Мысыр, африка жерлерине дейн кен таралган халык. Сондыктанда казирги туркилердин бари турки тнасилинен емес.
    Туки тилин кабылдаган баска халыктар.
    Кок турик каганаты еки улкен еки канатка болинди. Толес жане Тардуш.
    Толес деген толе - улкен уй, улкен шанырак деген соз. Толе созинин синоними Алаш.
    Тардуш дегени , тар созинен шыгат киши деген магана берет. Тардуш созинин синоними алачу, алачуг. Тургеш - киши деген магана берет.
    Тардуш деп каганаттын батыс жагын айтат, сол канат депте аталат. Тардуш атауы монголдын дарлекин деген атауына дурыс келет.
    Екеуиде тар созинен тубиринен шыккан.
    Толес деп каганаттын батыс жагын айтат. Он канат депте айтылат. Толес монголдын нирун атауына тура келет.
    Себеби ак патшалар ежелде Тураннын шыгысында тянь-шань , танир тауы боктеринде омир сурген .
    Батыспен шыгыс туран турктеринин араласуынан орта жуз казактары келип шыгат.
    Создин кыскас, туриктин ата журты ежелги Туран.

    • #31
    • Н.М.М.
    • сс, 31/01/2017 - 18:22

    Маған қысқа нұсқа айтыңдаршы Түрік қағанатында болашақ қазақ рулары ғана болған ба?Болса қай рулар?

Пікір қосу

  • 9 + 48 =

Вход