Ханталапай

ҚАЗАҚСТАН БЕСІНШІ АЛТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын жүлде түсті.

Бесінші алтынды 79.94 ұпаймен фристайлшы Дмитрий Рейхерд алды. Ал, ресейлік Сергей Шимбуев күміс жүлдені 79.11 ұпаймен олжалады. Қола жүлде тағы бір қазақстандық Павел Колмаковтың еншісінде қалды.

Қазақстандық Юлия Галышева қазақстан құрамасына фристайлдан алғашқы алтын медалді әкелді.

“Могул” жарысында Галышева 73,80 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина 61,13 ұпаймен, үшінші орынды Австрия спортшысы Катарина Рамзер 52,05 ұпаймен иеленді.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының қоржыны төртінші алтынмен байыған еді, биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық жарыста топ жарған болатын.

Осыған дейін, үшінші алтын жүлдені биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.

Еске сала кетейік, бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін Универсиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша, біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты. 

Абай-ақпарат

1 пікір 270 рет оқылды Қосылған: 02.02.17
    • #1
    • мастер
    • бн, 02/02/2017 - 12:43

    кыздар молодец куттыктаимыз бырак 30мын конак келеди деп жар салган жалпылдактарга уяттау болды 2мынак конак тобесин корсетип жур екен.экспода осындаи жагдаига тусип калмаса болар еди.

Пікір қосу

  • 1 + 6 =

Вход