Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6101 0 пікір 17 Шілде, 2014 сағат 15:29

Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталды

 

И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады деп хабарлайды "kaz.gazeta". Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова мәлім еткен. 

«Кеңестің салтанатты ашылу рәсімі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Оған Үкімет басшысының қатысуы жоспарланып отыр.  Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін ұйым басшысы қолынан ЮНЕСКО медалін алады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осы жиын барысында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Қазақстанның 8 ескерткішіне дипломдар табыс етіледі.

Сонымен қатар іс-шара аясында 2 көрме өтеді. Шілденің 22-сі күні өтетін көрме материалды емес мәдени мұраға арналады. Ал шілденің 24-і күні Қазақстан халқы Ассамбелясының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ алқалы жиынға қатысушылар көшпенділер өркениеті фестивалін тамашалайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544