Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3370 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 17:23

Әкімдердің көшін Байбек бастады

Әкімдердің рейтингісі – әрдайым елдің назарында жүретін көрсеткіштердің бірі.  Саясат-Monitoring тобының сарапшылары аймақ басшыларының жұмысына баға беріп, қаңтар айының нәтижелері бойынша  рейтинг әзірледі, - деп хабарлайды "oinet.kz".

Біраз айлардан бері тізімді Алматының әкімі Бауыржан Байбек бастап келеді. Бұл жолы да оңтүстік астананың басшысы алдына жан салмады. Әлбетте, Алматының Универсиаданы жоғары деңгейде қабылдай алуы әкімнің де ұпайын түгендей түсті. Екінші орын Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаевқа бұйырды. Бердібек Мәшбекұлының шетелдік инвесторлардың алдында мәймөңкелемей, мәселені төтесінен қоятын қасиеті бар. Бұл жолы да қытай компаниясын сынға алған Сапарбаев шетелдіктерден әлеуметтік жауапкершілікті сезінуін талап етті.

 Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев үздік үштікке ене білді. Бұған белгілі деңгейде өңір басшысының Өзбекстанға жұмыс сапарымен баруы әсер еткенге ұқсайды.  Алдыңғы айдың қорытындысы бойынша екінші орын алған Елорданың мэрі Әсет Исекешев бұл жолы төртінші орынға сырғыды. Жалпы, Астана әкімі қызметіне тағайындалғалы бері Исекешев рейтиингтің бірінші орнына бір рет те болсын шыға алмапты. 

Бесінші орын Жамбыл өңірін басқарып тұрған Кәрім Көкірекбаевқа бұйырды. Байбек, Көшербаев, Сапарбаевтай ауыр салмақтағы саясаткерлермен иық тірестіре алмаса да Көкіребаевтың әкімдер корпусындағы жағдайы әзірше жаман емес.

Оңтүстіктегілер болса Жансейіт Түймебаевтың рейтингтегі жағдайына алаңдап отыратыны айтпаса да түсінікті. Жалпы, қызметке жаңадан тағайындалған әкімнің әдетте рейтингтің төменгі сатысына орналасатыны заңдылық. Түймебаевқа дейін өңірді басқарған Бейбіт Атамқұлов та алғашында аутсайдерлердің қатарында жүріп, қызметінен кетер уағында 6-орынға көтеріліп үлгерген еді. Ал Оңтүстікті алты жыл басқарған Асқар Мырзахметов бастапқыда рейтингтің бел ортасында жүрсе, кейінгі кездері үздік үштікке жиі кіретін болды.  

Жансейіт Қансейітұлы әкімдер рейтінгісіндегі «марафонын» былтыр қараша айында 13-орыннан бастады. Желтоқсанның қорытындысы бойынша бір саты жоғарылаған ол соңғы айдың нәтижесімен 9-шы орынға табан тіреді. Әкімдер корпусына жаңадан кірген шенеунік үшін жаман көрсеткіш емес. Ендігі мәселе, аутсайдерлер тобынан мейлінше алыстап, үздіктер қатарына кіру. Бұған Түймебаевтың беделі мен іскерлігі жететіне ел үлкен үміт артып отыр.

Тізімнің соңында бұл жолы да Павлодардың әкімі Болат Бақауов тұр.  

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577