Жұма, 29 Наурыз 2024
Міне, көрдің бе? 5355 0 пікір 18 Шілде, 2014 сағат 10:07

Игор Стрелков: «Біздің аспанда» ұшпаңдар деп ескерттік

Кеше Малайзияның Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі  Boeing 777 ұшағы белгісіз зымыран шабуылына ұшырап, Украинаның Донецк облысындағы Торез қаласы маңына құлаған.

«Амстердамнан Куала-Лумпурға 10 километр биіктіктегі халықаралық әуе коридорымен ұшып бара жатқан ұшақ Ресей әуе кеңістігі аумағына кіруге 50 километр қалғанда апатқа ұрынған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:20 кезінде ұшақ байланыстан ажырап қалған» деп жазады «Azattyq.org».

Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, ұшақта 295 адам болған. Украина төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақтағы адамдар түгел қаза тапты. Бейресми деректерге сүйенсек олардың ішінде балалар саны – 80.

Украина сыртқы істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың хабарлауынша, ресейшіл сепаратистер ұшақты «Бук» зенитті зымыранымен атып түсірген. Сепаратистер 14 шілде күні Луганск облысында 6 километр биіктікте ұшып бара жатқан Ан-26 транспорт ұшағына да зымыран атып, апатқа ұшыратқан болатын.  

«Azattyq.org»-тың жазуынша, өзін ДХР қорғаныс министрі деп атайтын  Игорь Стрелков ұшақ апатынан соң 25 минут өте "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парағында: "Торез маңында жаңа ғана Ан-26 ұшағы атып түсірілді. "Прогресс" шахтасы жақта жайрап жатқан шығар. "Біздің аспанда" ұшпаңдар деп ескерттік қой" деген жазба жариялаған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622