Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3637 0 пікір 14 Ақпан, 2017 сағат 13:51

Әбілязов Ұлттық бюроның шақыртуын қабыл алған жоқ

«БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязов 10 ақпанда Астанаға келмеді. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін оны 15 ақпанға қайта шақыртты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тергеу барысында экс-төраға Мұхтар Әблязов өзінің қарамағындағы компаниялар арқылы жымқырған қомақты қаражат есебінен банктің акцияларын сатып алып, оның капиталын жасанды жолмен өсіргені анықталды.

«2005-2008 жылдары халықтың депозиттері мен шетел инвестицияларын барынша арттыру арқылы банк капиталын 8 есеге өсірген Әблязов өзінің компаниялары арқылы үлкен көлемдегі ақшаны жымқырған», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы қызмет Әблязов пен оның сыбайластарының заңға қайшы әрекет еткендігін дәлелдейтін қосымша айғақтар тапты. Банктен жымқырылған акшаны заңдастырудың жаңа схемасы ашылды. Анықталған фактілерден Әблязов Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген күдік туып отыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 206 бабының 1 бөлігіне сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтініш жазса, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылғаннан бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.

Мұхтар Әбілязовтің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және Ұлттық бюроға келуден бас тартуына байланысты Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 206 бабының 8 бөлігіне сәйкес экс-төраға 2017 жылдың 15 ақпанынан дейін мына мекенжай бойынша орналасқан Ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37", — делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577