Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2866 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 13:57

Министр, мұғалімдерді сүюді үйреніңіз!

Парламентте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Зағипа Бәлиева БҒМ министрі Ерлан Сағадиевті балалар мен мұғалімдерді сүюге шақырды.

 "Біз балаларымызды кімге сеніп тапсырамыз? Бірінші кезекте тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Мен министрдің бүгінгі баяндамасында мамандардың қалай дайындалып жатқандарын, жастардың педагогикалық ЖОО-ға түсуге деген қызығушылығы қандай екені жайлы естимін деп ойладым. Мұнда проблема тек мамандардың санында емес, сондай-ақ, олардың сапасында. Бұл мәселені тек білім министрлігіндегілер шешу керек деп айтуға болмайды. Барлығымыз бірігіп, осы мәселені шешейік. Білім министрі - ол еліміздегі ең бірінші мұғалім. Министр, сіз балаларды және мұғалімдерді сүюді үйренуіңіз керек. Кез келген жаңа ереже, жаңа тәжірибе жайлы бастапқыда баламен ақылдасып, кейіннен мұғалімдермен келісіп, тәжірибеден өткізу керек. Сосын ғана ол ережені енгізу керек. Сонда біз бұл керек пе, жоқ па - соны түсінеміз. Меніңше, білім министрлігі өз жұмысын қайта қарап шығады. Тиіп-қашып реформа жасай беруге болмайды", - деді Зағипа Бәлиева. Ал, Бәлиеваның әріптесі, депутат Галина Баймаханова болса, аталған министрліктен «ғылымды» алып тастап, жеке министрлік құру қажет деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616