Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4788 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 18:11

АҚАН САТАЕВ САҚ ПАТШАЙЫМЫ ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРМЕК.

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп сақ патшайымы Тұмар (Томирис) туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ол аталған министрліктің кеңейтілген отырысында хабарлады. "Осы жылы біз Мәдениет министрлігімен бірлесіп "Тұмар" тарихи фильмін түсіруді бастағалы отырмыз. Сапалы дүние шыққан жағдайда ол отандық көрерменнің де, шетелдік аудиторияның да қызығушылығына ие бола алатынына сенімдімін. Тұмар патшайым - әлемдік тарихтің барысына ықпал еткен тұлға. Кинопрокатымыздың географиясын кеңейту үшін мұндай жобаларды жасау керек деп санаймын. Себебі бұл елдің халықаралық имиджінің қалыптасуына оң әсер етеді", - деді режиссер. Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көптеген елдерді өзіне бағындырып, "Азия әміршісі" атағына ие болып, Ұлы Далаға қарсы жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рүстемды өлтіріп, Тұмардың баласы Сыпырды қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы да мерт болды. Ал Кир көшпенділерге елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын талап етеді. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамай, оның басын қанға тұншықтыруға уәде етеді. Осыдан кейін патшайым парсыларға қарсы ұрыс жүргізіп, жеңіске жетеді. Сол кезде Тұмар парсылардың патшасы Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып: "Аңсағаның қан еді, іш енді соны!" - деп айқайлады. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген.

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534