Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Деп жатыр 4787 0 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 13:19

БҰЗАҚЫЛЫҚПЕН АТЫ ШЫҚҚАН ГОЛЛИВУД ЖҰЛДЫЗЫ ДІНГЕ БЕТ БҰРДЫ.

Голливудтық кино әртісі Линдси Лохан кувейттік телеарна бағдарламасына берген сұхбатында Исламға бет бұрғанын айтты.

Әртіс бағдарлама барысында ислам тақырыбына тоқталып, осы діннің жанына жақын екенін айтты. Оның ислам дінін қабылдағаны туралы нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, Линдси Лохан исламды өзіне жақын тұтатыны белгілі болды. Ол сонымен қатар, Рамазан айында ораза ұстап, қасиетті Құран кітабын оқығанын айтып берді. «Құранды оқыған кезде жан дүнием тынышталады. Қасиетті Рамазан айында мен ораза ұстап, намаз оқыдым» дейді ол.


Кино жұлдызы өзінің Instagram парақшасында Кувейт телеарнасында өткен бағдарлама суреті мен мұсылман әлемінің ғалымы әл-Бұхариден жеткен хадисті жазба ретінде жариялаған.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz


0 пікір