Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6075 1 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 17:38

МҮШӘЙРА!

«Қызай ана» қоғамдық қоры 6 жылдан бері Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында Наурыз мерекесін өткізіп келеді. Биыл мереке аясында Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Айбынды Алашым» атты жыр мүшәйрасын өткізеді.  Мүшәйраның мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін ұлықтаумен бірге бүгінгі жастарымызға Алаш рухын дәріптеу. Қызай ананың тұлғалық, кісілік келбетін айшықтап, жастарға өнегесін көрсету.

Мүшәйраның шарты:

1. Алашорда үкіметі туралы патриоттық өлең;

2. Қызай ананың кемеңгерлік тағылымды өмірі мен ана болмысына арналған өлең;

3.  Еркін тақырыптағы өлең. Ақындардың өлеңдері «Әдебиет порталында» жарияланады.

Оқырман пікірін ескере отырып, әділ қазылар жүлдегерлерді анықтап, ақпарат құралдарында жариялайды. Жеңімпаздар 23 Наурыз күні сағат 11-де Алматы облысы, Талғар ауданы, Өстемір ауылында өтетін Наурыз мерекесінде ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өлеңдерді 15 наурызға дейін «Әдебиет порталының» электронды поштасына өзінің мекенжайын, телефон нөмірін қосып жіберуі керек. Электронды пошта: adebiportal@gmail.com Телефон: +7 (7172) 79 82 12, 8 775 126 34 46

 

Нұрсұлу Найманова 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610