Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4642 0 пікір 22 Шілде, 2014 сағат 15:41

Заңсыз салынған үйіңізге "техпаспорт" ала аласыз

Кеше "Хабар" арнасында өткен телекөпірде "Жылжымайтын мүлікке техпаспортты қалай аламыз? Ол қанша уақытта жасалады?"деп сұрақ қойған көрерменге ҚР Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым былай деп жауап берді: 

- Жария ету аясында, егер Сізде жер учаскесіне мемлекеттік акті болса, құрылысқа техникалық төлқұжат алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасуы мекенжайы бойынша тиісті құжаттар тізбесімен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініңіз қажет (өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжаттар; алым сомасын төлегенiн растайтын құжат).

         Техникалық төлқұжатты әзірлеу мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жасалынады.

Атап айтсақ, пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күнi берiледi және оның бағасы мүліктің аумағына байланысты 3 мың. теңгеден жоғары болады.

Басқа жылжымайтын объектілерге техникалық төлқұжаттар олардың аумағы мен күрделілігіне байланысты 20 жұмыс күніне дейін жасалады.

Көрсетілген мерзімдерге Жылжымайтын мүлік орталықтарының қызметкерлері Сізбен келісе отырып, техникалық зерттеу жүргізу үшін объектіге бару және оның нәтижесінде техникалық төлқұжатты әзірлеп, Сізге беру кіретінін қосымша атап өтемін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585