Алашорда

Cерік ДӘУЛЕТОВ. БАЙБАҚТЫ (жалғасы)

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Cерік Дәулетовтің АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ ( Жаңаша көзқарас) кітабының өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар:

http://abai.kz/post/view?id=11229
http://abai.kz/post/view?id=11255
http://abai.kz/post/view?id=12321
http://abai.kz/post/view?id=11495
http://abai.kz/post/view?id=12516
http://abai.kz/post/view?id=11536  
http://abai.kz/post/view?id=12542

http://abai.kz/post/view?id=12676

БАЙБАҚТЫ

Байбақты шежіре бойынша Жан-Бақты, Дін-Бақты еншілестерімен бірлесіп Байбақты альянсын құрайды. Байбақты атауына байланысты топонимдер Саян-Алтай өлкесінде кездеспеді.  Мұқанов пен Востров Байбақтыны Беріштен бөлініп шыққан ру деп есептейді. Ол туралы Беріш тарауында айтылды. Ескере кететін бір жәйт, Байбақты тек Беріштің құрамында ғана емес, сонымен бірге Адайда, Төртқарада, Шөмекейде де бар.Байбақты атауын тарихи этнонимдерден іздесек, Рукн-әд дин Бейбарстың қолжазбасында 1293 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтыныңтүменбасы Ноғайдың ақыл- кеңесімен өлтірілген 23 әмірінің бірінің есіміретінде кездеседі.[1]

Екінші Байбақты- Ноғай Ордасының биі Жүсіптің 1551 жылы 14 қазанда Мәскеуге келген елшісі. ОныңИван IV-ге тапсырған хаты Орыс мемлекетінің елшілік материалдарының арасында сақталыпты.[2]

Байбақтының құрамында Алтай- Саяннан келген ру бар.

 

Ол-Қынық тайгасында аңшылықты кәсіп еткен халық, қынықтар.

Сонымен бірге, Байбақтының құрамында Алшынның басқа тайпаларында кездесетін Жарас, Бөлек рулары бар.

 

ШЕРКЕШ

           Мұхаметжан Тынышбаев Алшын руларының іздерін Алтай тауларынан іздеген. Шеркештердің мекені жайында ғалым«Один изправых притоков р. Катуни, впадающей в Обь, называется Черкиш» деген еді.[3]Келесі бетте сол өзеннің картасын беріп отырмыз. Шеркештер осы өзеннің жағасында тұрып, тайгадан аң аулаған.Алшынға ортақ Жаңбыршы, Бессары, Төлес, Андағұл, Құлтумарулары Шеркештің құрамында да бар.

ЕСЕНТЕМІР

Рашид әд-Диннің заманында барғыт руынан шыққан Есентемір деген мыңбасы болған:

«Их называют баргутами вследствие того, что их стойбища ижилища [находятся] на той стороне реки Селенги,на самом краю местностей и земель, которыенаселяли монголы и которые называют 

Баргуджин-Токум.В тех пределах сидело множество [других] племен: ойрат, булагачин, кэрэмучин и другое племя, которое они называют хойин-урянка, --также было близко к этим границам; каждое вотдельности имело начальника и предводителя.Чингиз-хан покорил всех их, и подробности об ихположении приведены в [этой] истории. Из племени баргут в этом государстве [т. е. вИране] был Джур-джаган, атабек Аргун-хана; его женой [была] Булаган, а сыновьями: Таутай и Буралги-Кукелташ... Сыновья Таутая: Кутлуг-Тимур, Эсэн-Тимур, Булас и Хулкун, которые [ныне] состоятэмирами тысяч».[4]

Есентемірдің әжесінің аты аңшылыққа байланысты- Бұлғын.

Барғыттар Баргузин өзенінің жағасындағы тайгада бұлғын аулауды кәсіп қылған. Бұл өңірдің бұлғынының терісі бүгінде әлемдегі аң терісінің ең қымбаты болып саналады.

 

 

Бұлғын                  Бұлғын ішік              Баргузин өзені картада

«Особенность баргузинского соболя 

В природе существует несколько видов соболя, и все они делятся на несколько уровней по кряжу, цвету, седине и размерам. Баргузинский соболь является самым дорогим. Все дело в его особом цвете. Чем темнее цвет меха, тем ценнее шкурки и, следовательно, выше их стоимость. Мех баргузинского соболя имеет почти черный или темно-бурый цвет с седым или синеватым подшерстком, некоторые шерстинки очень светлые, что придает соболю неповторимую красоту».[5]

 

 

Баргузин өзені. Бурятия

Бәлкім Есентемір руының атауы осы мыңбасы Есентемірге байланысты болар.

Алшынның Адайының бір тармағы Қосай, Шөмекейінің бөлімшесі Қаратамыр осы Есентемір руының құрамында бой көрсетеді. Сондықтан Есентемірді Орман елі Алшыннан бөле-жаруға болмайды.

 

ТАЗ

Таз руының атауы да аңшылыққа байланысты екені жоғарыда келтірілді. Қазіргі Ресейдің Кемерово облысында Кузнец Алатауынан бастау алатын ұзындығы 77 км Үлкен және Кіші Таз өзендері бар, келесі картаны қараңыз.

 

 

Осы өзеннің бойында тұрып, тайгада аңшылықты кәсіп еткен халық Тас деп аталған, мағынасын ілгеріде келтірдік.

Бұл тайпа туралы «Моңғолдың құпия шежіресінде» де айтылады:

« Шібір, Кесдім, Байыт, Тұқас, Теңлек, Төелес, Тас, Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып, қырғыздардың түмендік, мыңдық нояндары мен Орман елінің нояндарын ертіп алып, Шыңғыс қағанға ақсұңқар, ақбозат, қара бұлғындарымен кездестірді».[6]Таз руы қырғыздар мен башқұрттарда да кездеседі.

 

МАСҚАР

Грумм-Гржимайлоның Үрәңқай өлкесінде өткен ғасырда Масқар сумыны (біздіңше- ауыл әкімшілігі) болғаны туралы «Западная Монголия и Урянхайский край» деген еңбегінде жазғанын ілгеріде келтірдік. Оның әріптесі Потанин де сол өлкеде масқар руының бар екенін жазыпты, ол туралы Мұқанов пен Востров былай дейді:

«Неизвестно в исторической литературе происхождение и рода маскар. Все наши попытки найти что-либо о нем почти ничего не дали. Единственное сообщение заинтересовавшее нас, следующее. Среди народностей Западной Монголии жили хотоны (часть племени дорбет)...Итак, среди семи родов хотонов, записанных Потаниным, есть род маскар».[7] 

Сонымен, Масқар руының Орман елі екенінде күмән жоқ.

Масқарлар Башқұрттың қытай тайпасында бар. Сонымен бірге масқарлар

92 баулы өзбектің тізімінде де аталады.

 

ТАНА 

Ірі масштабты заманауикарталардан Тана атауына байланысты  топонимдер кездеспеді. Алайда «Моңғолдың құпия шежіресінде» әйелі Бөртені меркіттерден азат ету жорығында Темүжінкерейіт Тұғырыл хан мен анда Жамұқаға Тана өзеншігінің бойында қосылғаны туралы айтылады.

«107-бөлім. ... Тұғырыл хан аттанарда Бұрқан-Қалдұнның қойнауы Керлен өзенінің Бүргі жағалауына беттеп келеді деп естіп, Темүжін Бүргі жағалауын жол үсті деп танып, бөгет болмай Тана бұлаққаБұрқан-Қалдұнның қойнауына түсіп қонып, Темүжін сол жерден әскер жасақтап, Тұғырыл хан бір түмен, Тұғырыл ханның інісі Жақа-Қамбұ бір түмен болып екі түменмен Қымұрқа бұлақта Айыл-қарақолға түсіп жатқанда бірігіп қонды» [8]

Тананыңқұрамындағы Байғара бөлімшесінің Орман елінен келгенінің дәлелі бар. 20 ғасырдың басында Үрәңқай  өлкесінде, Ха-кем өзенінің оң жақ жағалауында және Ұлы-кем өзенінің бойында Пайғара руы өмір сүргені туралы  Г.Е.Грумм-Гржимайло өзінің аталмыш еңбегінде атап көрсеткен.Байғаралар Алшынның Адайында да кездеседі, ал бір бөлігі Наймандарға қосылса керек.

(жалғасы бар)

 

Abai.kz

[1]История Казахстана в арабских источниках, 1-т. Алматы, Дайк-пресс, 2005ж. 98-б.

[2]История Казахстана в русских источниках. 5-т. Алматы, Дайк-пресс, 2007ж.99-б

 

[3]М.Тынышпаев.Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент.1925 ж.

21-б

 

[4] Рашид әд-Дин. Сборник летописей. 1-т. Ленинград, СССР ҒА баспасы,1952 ж. [121]

 

[6]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері.1-т.Алматы, Дайк-Пресс, 2005ж. 299-б.

 

[7]В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, Алматы, 1968 жыл, 95-б.

 

[8]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1- том. Алматы. «Дайк-Пресс».2005ж., 125-б.

 

4 пікір 370 рет оқылды Қосылған: 27.02.17
    • #1
    • байбакты
    • дн, 27/02/2017 - 13:56

    байбактыны бериштен шыкты деп не кокип отсындар.сонда байулы 11 ата болып кала ма.

    • #2
    • байбакты-2
    • дн, 27/02/2017 - 15:38

    Бериштин ишинде де, адайдын ишинде де, торткаранын ишинде де байбакты деген ру бар деп отырган жок па. Бар болса бар шыгар, мен келисем

    • #3
    • Тана
    • сс, 28/02/2017 - 9:07

    Тана руы атауы кездесетинин Тынышпаев озине китабында жазганынды ерте де дон озини танаис деп атаган Азов тениизи касында Танаис атты кала бар осы отрик шежире таратушылар коп

    • #4
    • библиотекарь
    • сн, 01/03/2017 - 12:07

    Младшая Орда, составляющая в настоящее время 2/5 всего киргизского населения, состоит из одних только алчынов. История некоторых даже малочисленных киргизских родов начинаются даже до Р. X. Надо полагать, что этот самый многочисленный киргизский род — алчын, также восходит вглубь веков. Попробуем поискать следы его в географических названиях и исторических данных.
    а)Северный Алтай
    Кузнецкий Алтай является водоразделом двух притоков р. Оби: восточного — Чулыма и западного — Томи. Один из левых притоков Чулыма называется Берш, от которого на запад в 40 верстах расположено оз. Берчи-куль;
    б)Южная и юго-восточная Россия
    Известно, что р. Дон, до 14 века называлась Танаис, в котором «ис» есть чисто греческое окончание; Азовское море и гор. Азов носили одинаковое название Тана.
    М.Тынышпаев. История казахского народа

Пікір қосу

  • 4 + 30 =

Вход