Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3750 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 13:26

Түркімен президенті сайлаудағы қарсыласының қызметін өсірді

 

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов бұрынғы қарсыласын жоғары қызметке тағайындады. Түркімен ақпарат құралдарының хабарлауынша, 12 ақпандағы президенттік сайлауда екінші орын алған Мақсат Аннанепесов Түркіменстанның мемлекеттік тамақ өнеркәсібі бірлестігінің төрағасы болып тағайындалды.

Аннанепесовты президенттікке үміткер ретінде бастамашыл топ ұсынған еді. Сол кезде ол бірлестік төрағасының орынбасары болатын. Сайлауда ол 1,02 пайыз дауыспен екінші орын алды.

Қазіргі президенттің қалған жеті қарсыласы бір пайыздан аз дауыс жинады. Олардың қызметтегі мансаптары туралы әзірге мәлімет жоқ, бірақ жауапты қызметтерге тағайындалуы мүмкін деген болжам бар.

Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан Бердымұхамедов жақында өткен президенттік сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621