46 - сөз

ШЫН БҮЙРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Халықаралық Қатындар мерекесімен алдын-ала шын бүйректен құттықтаймын!

Санамыз сан рет форматталып, талай файлымыз ұшты-күйлі емес, төртті-күйлі жоғалып кеткен халықпыз ғой. Сол жоғалған файлдың бірі - қатын сөзі. Сөзі қалған ғой, бірақ мағынасы жоғалып кеткен. Ал мағынасы қандай еді дегенде, белгілі ғалым Тұрсын Жұртбайдың мына тәпсірі еске салсын сіздерге:

"Қатын — әуелгі заңдық құқы мен мағынасы бойынша дәрежелік атау. Кәдімгідей дәреже! Отағасынан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін, мүлік пен малдың еншілесі. Қазақ қоғамындағы қатындар — әулеттік орнына қарай: бәйбіше, тоқал, құдағи, құдаша, келін, қыз, абысын, ажын, жеңге, сондай-ақ өзі теңдес еркектермен тең құқықта әрқайсысы өз орнына қарай билікке араласып, енші алып, тиісті сыбағасын бөліскен. Тіпті күңнің де мұрагерлік құқы болған. Ал бүгінгі тіл айналымындағы әйел ұғымының арабша мағынасы — күңсі, яғни күңнен де төмен, бас еркі жоқ, өлсе — құнсыз, еңбегіне жалақы төленбейтін, туған баласы да есепке алынбайтын басыбайлы үй салмасы. Кеңестік саясат тұсында сауаты төмен, бірақ белсенді қазақ әйелдері: «біз меншік иесі — қатын емеспіз, мал-мүліксізбіз, басыбайлы крестьянкалар сияқты біз де әйелдерміз» деп таптық астар беріп, 1927 жылдан бастап шыққан журналдың атын «Әйел теңдігі» (кейінгі «Қазақстан әйелдері») деп атады. Содан бастап «әйел» ұғымы ұғым ретінде қалыптасып қалды. Ал өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, ноғай, қарақалпақтар «әйел» терминінен саналы түрде бас тартты. Әйелдерге арналған басылымдары «Өзбекстан қотын-қызлары», «Татарстан қатынлары» деп аталды"...

Өйй, қатындар десе...

Өркен Кенжебек

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір 571 рет оқылды Қосылған: 06.03.17
    • #1
    • Мерген
    • дн, 06/03/2017 - 16:27

    Қырғыздарың аял дейді. Қазақтың әйел деген сөзін арабқа алғаш теліген анау Байбота Қошым Ноғай деген білгіш. Арабтан алғанымыз "әйел" сөзі емес, "сайқал" сөзі, біздің сабаздар осыны шатастырып жүр.

    • #2
    • Асыл
    • дн, 06/03/2017 - 19:37

    Қит етсе бала-шағасын асырмаймын деп, өз үйін, одан қалса туыс-туғанын өрге сүйреп жүрген әйелдер қауымына тиісе бергендерің, сананың төмендігі. Әлде автор шешесіне де солай нашар қарай ма? Мәселе, атаудың қайдан шыққаы емес, қазіргі алатын орны. Салиқалы мәселелерді шешудің орнына... Осы еркек қауымының милары бір жаққа ауып кеткен бе деп қаласың кейде.

    • #3
    • Төре
    • сс, 07/03/2017 - 13:56

    Осы еркек қауымының милары бір жаққа ауып кеткен бе деп қаласың кейде?
    Айтқаныңызға толық қосыламын! Қит етсе бұрындары милицияға, қазір полицияға айдатып жібере брерген соң, полицияның соққысы мен тепкісінен кейін оларда ми деген қалмаған болу керек. Коммунистерден қалған "қасиетті" мұраны, 8-наурызды жою қажет. Еркекткерге теңдік емес, АРТЫҚШЫЛЫҚ талап етеміз?!

    • #4
    • Авторға
    • сс, 07/03/2017 - 15:37

    Татарда да әйял деген атау бар. Жалпы қазақтың әдебіне сай мәдениетті сөз ретінде әйел деген сөзге тиісіп, қатын деген сөзді дәріптеуіңде не мақсат бар? "Білгіштігің" бе, әлде тақырып таба алмай, сегізінші наурыз алдында неде болса деп қой қораға бір сүйкеніп қалу әдеті ме?
    Қалай мақтасаң да, қатын сөзі қазақ әдеби тілінің нормасы бойынша барып тұрған дөрекі сөз, оны әкеңнен құлата боқтаумен ғана теңестіруге болады. Жас автор әр нәрсені бір келемеждемей, сықақ болса да, соған лайықты тақырып пен нысан тауып алып ыржалақтағаны дұрыс қой.

    • #5
    • болжам
    • сн, 08/03/2017 - 15:41

    әйел деп,осы күні бұзылып , бір жаққа қарай ұртатып алған жоқпыз ба ?
    қатын десе қатып қалып ауытқымас па еді. Қазақ тегі еліктегіш халық,
    өз әдет ғұрпынан,салтынан ауытқымаған дұрыс

    • #6
    • болжамға жолжам
    • сн, 08/03/2017 - 15:49

    әйеліңді әйел дегің келмесе, онда ақырып, әй, қатын, әй жәлеп! деп жұмсап отыра бер, біреу саған қой деді ме? Өз еркің ғой. Қатын деп қазақтың әдет-ғұрпында сүйкімі кеткен әйеліне байының айтатын сөзі /бұл да дөрекі сөз, ретіне қарай ғана қолданылады/.

Пікір қосу

  • 4 + 32 =

Вход