Алашорда

Серік ДӘУЛЕТОВ. АЛТЫН-ЖАППАС (жалғасы)

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Cерік Дәулетовтің АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ ( Жаңаша көзқарас) кітабының өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар:

http://abai.kz/post/view?id=11229 
http://abai.kz/post/view?id=11255
http://abai.kz/post/view?id=12321
http://abai.kz/post/view?id=11495
http://abai.kz/post/view?id=12516
http://abai.kz/post/view?id=11536  
http://abai.kz/post/view?id=12542

http://abai.kz/post/view?id=12676

http://abai.kz/post/view?id=12864

 

 

АЛТЫН-ЖАППАС

Әдетте шежірелерде Алтын мен Жаппас бірге айтылады. Алайда бұлар бір-бірінен дербес рулар.  Алтын руының Алтай жақтан екеніне еш күмән жоқ. Себебі ілгеріде айтылғандай, алтындар,  Страленберг бойынша 18 ғасырда қызыл хакастардың ішінде болған.

Алтай республикасында жағасында төлес тайпалары мекендеген Төлес көлі бар. Табиғаты сұлу бұл көлдің екінші аты- Алтынкөл. Көлдің батыс жағындағы  тау жоталары  Алтынту деп аталады.

Алтын руының атауы содан шыққан болар деп болжаймыз. 

 

Жаппас руына байланысты Алтай-Саян өлкесінде еш топоним кездеспеді. Алайда ілгеріде қаракесектің құрамында  үңгіт руы Орман елі ретінде аталып еді. Сол үңгіт(оңғыт) жаппастың да құрамында бар, сондықтан жаппасты да орман еліне қатысы бар деп айта аламыз.

 

ҚЫЗЫЛҚҰРТ

Қызылқұрт руын зерттеген М. С. Мұқанов пен В. В. Востров былай деп жазады.

«Род кызылкурт не фигурирует нив одном из ранних источников. Нет его и в списках родов Младшего жуза., составленных М. Тевкелевым и чиновником Оренбургской пограничной комиссии Ларионовым. Впервые мы встречаем этот род в составе Младшего жуза у А. Левшина.

По родословной, проводимой М.Тынышпаевым, мы видим, что род кызылкурт имел три подрода : емрей, олжашы, ерши. По данным Бларамберга и нашим полевым материалам в нем не три, а четыре подрода. Кроме указанных выше есть еще четвертый подрод- суба (саба), что мы считаем наиболее верным...

Наличие различных тамг свидетельствует о том, что этот род смешанного происхождения и, как нам кажется, совсем недавнего.

Какие же компоненты вошли в него?

Об этом, прежде всего можно судить хотя бы по тому факту, что кызылкурт как подрод есть у рода тама Младшего жуза и точно такой же подрод есть у рода ойык племени ысты (Старший жуз). Причем с последним у них сходны даже тамги -  (косеу).

Два этих факта позволяют с некоторой долей достоверности предположить, что род кызылкурт является выходцем из племени ысты и что его часть, отделившаяся когда-то, присоединилась в качестве подрода к роду тама.

Не исключены, конечно, и другие варианты сложения этого рода, ибо достоверных сведений о его происхождении мы не имеем, но в любом случае наличие родства, между кызылкурт, тама и ысты полностью отрицать нельзя.

У киргизского племени саруу , в подразделении жетауруу есть род кызылкурт. Сейчас трудно это сказать простое ли это совпадение

этнонимов или свидетельство их родства. Это вопрос будущих исследований». [1]

Біздің пікірімізше, қырғыздың Қызылқұрты мен алшынның Қызылқұрты туыстас, себебі қырғыздар мен алшындар 13 ғасырға дейін Саян-Алтайда аралас-құралас тұрды.

Алшын Қызылқұрты  Орман елінен келгенінің дәлелі- оның құрамында аталмыш суба-саба («Алшын шежіресі» бойынша және дұрысы- соба) руының болуы.Соба руының атауы- аңшылыққа байланысты, моңғолшадан аударғанда кәмшат деген сөз.[2]Орыстың«соболь» сөзі осыдан шыққан.

Қызылқұрттың Алтай-Саян жақтан келгенінің тағы бір дәлелі мынау. Қызылқұрттың құрамында Жайық руы бар. Ол ру- АлшынныңБеріш, Шеркеш, Адай,Қаракесексияқты тайпаларында бар.

Қызылқұрттың құрамында Андағұл руы бар,  ол Алшынның Шектісінде, Шөмекейінде, Төртқарасында, Берішінде, Шеркешінде бар

Бұдан шығатын тұжырым,  Қызылқұрт- Орман елінен келген Алшын тайпасы.Жекелеген Қызылқұрт бөлімшелері Тама мен Ыстының ішінде кездеседі.

 

      ЫСЫҚ

Саян-Алтай өлкесінің карталарынан Ысыққа байланысты еш топоним кездеспеді.Кейбір тарих зерттеушілері «ысық»сөзінің этимологиясын Орта Азиялық дін өкілдері сиықтармен («шиыхлар») байланыстырады. Қалай болғанда да, шектілерде бар Хангелді, Пұсырман, Баубек, адайларда барСары, Кедей, Тоқа сияқты рулар Ысықтың бөлімшелері ретінде кездесетіндігі Ысықтардың тағдыр-талайының Алшындармен бір болғанын меңзейді. 

 

АЛШЫН ШЕЖІРЕЛЕРІНДЕГІ МАҢҒЫТ КОМПОНЕНТІ

 

ЕДІГЕ

Т.Үсенбаевтың «Алшын шежіресі»бойынша Шектінің ішінде Бөлек деген ру бар, одан Айт пен Бұжыр туады, Айттан- Тілеу мен Қабақ, Бұжырдан- Назар, Шүрен, Жекей туады. Осы Бөлектің арғы атасы аталмыш шежіре бойынша атақты беклербегі ер Едіге.Кейбір жазушылар мен ғалымдар, аңыз-әңгімелер мен шежірелерге сүйеніп, Едігенің ұлтын араб деп, оның ата-тегін Баба Туклас әулие (Баба Түкті Шашты Әзиз) арқылы алғашқы араб халифыӘбу-Бәкірге тірейтіні, Аристов пен Гродеков оны қоралас дейтіні, ибн Арабшах- қоңырат дейтіні болмаса, ғалымдардың басым көпшілігі Едігенің моңғолдың маңғыт руынан шыққанына шәк келтірмейді. «Моңғолдың құпия шежіресі» бойынша да, «Алтын топшы» бойынша да, Рашид әд-Дин бойынша да, Ноғай Ордасын бүге-шігесіне дейін зерттеген Ресей ғалымы В. В. Трепавловтың «История Ногайской Орды» деген еңбегі бойынша[3] да маңғыттар да боржігіндер (Шыңғысханның руы) сияқты аңыз ана Алан-гоаның–«Домалақ»(моңғолша ДОМОГЛОХ[4]= аңыз) ананың нұрлы құрсағынан тарайды, нирундар. Қалай болғанда да, Едігенің Алшын емес екендігі айқын.

      Соған қарамастан, шежірелерде Алшынның кейбір руларын Едігеден таратудың өзіндік себебі бар.

      Тарихтан белгілісі Едіге бастаған маңғыттар 1390 жылдары Қырымнан алшындар жеріне, Жем мен Жайық аралығына көшіп келіп, қоныс тепті.  Ол   оқиғалар туралы ғалым В.В. Трепавлов былай дейді.

«В первой половине 1390-х годов, после дальних миграций, мангыты во главе с Эдиге закрепились в степях Западного Казахстана, в бассейнах Яика и Эмбы. Исторические обстоятельства сложились так, что именно там они смогли утвердиться настолько, что образовали собственное кочевое владение, Юрт. В условиях распада Золотой Орды главным гарантом существования нового Юрта был вождь мангытского эля Эдиге.»[5]

ТрепавловЕдігенің елін Алшын жеріне көшіру себептерін оның әуелде әмір Темірге қосылып, соңынан сылтау тауып сытылып  кеткендіктен Ақсақ Темір кектеніп, өш ала ма деп қорқуымен түсіндіреді.

«Мангытский «смутьян» сопровождал своего нового покровителя в походе 1391 г. По одним сведениям, он был лишь проводником армии, по другим- активным участником военных действии против ордынцев (Ибн Арабшах 1887, с.55-59; Йазди 1972, с.436). Во время войны у него созрела очередная политическая комбинация. Когда Тимур возвращался из похода, Эдиге тайком послал гонца к своим родичам и соседям, равно как и ко всем племенам левого крыла с приказанием, чтобы они, «оставив свою страну и покинув родину, отошли в такие места,добираться до которых тяжело и опасно, и при этом не задерживались бы на стоянках по два дня. В противном случае Тимур сможет догнать и разгромить их». Эли подчинились и откочевали в степную глушь. Дождавшись этого, Эдиге под благовидным предлогом уехал из ставки гурагана в Дешт (Ибн Арабшах, 1887, с.59). Вместе с ним скрылся и Тимур-Кутлуг, сказавшись одержимым идеей собирания наследственного удела, захваченного некогда Тохтамышем. Он сговорился с Эдиге и тоже решил не возвращаться к Тимуру, а поселиться подальше от него (Aboul- Ghazi, 1871, р.163, 164; краткие упоминания об әтих событиях см. также: Йазди 1972, с.462;Sami 1937, p.14)... Авторы XV-XVI вв. застают эль мангытов, племя Эдиге, как и прочих будущих ногаев, между Яиком и Эмбой. Очевидно, это междуречье и оказалось теми самыми местами, «добираться до которых тяжело и опасно». Предосторожности Эдиге понятны: он опасался карательного похода за обман государя, но верно рассчитал, что Тимур не станет посылать рать на северо-запад, по маршруту похода 1391 г., где джучидские владения были уже разореныим и все мыслимые и немыслимые трофеи захвачены. Повторная экспедиция в опустошенный край казалась невероятной. Так и произошло. Гураган довольно спокойно перенес неожиданное исчезновение соратника, к тому же он был занят подготовкой к завоеванию Ирака. Эдиге, обретавшийся при дворе, наверняка был в курсе дальнейших воинственных планов Тимура, знал, что восточный Дешт в них больше не фигурировал. Очутившись среди соплеменников, вне досягаемости армий Мавераннахра, Эдиге смог укрепиться в западноказахстанских степях и положить начало долговечному владению- Мангытскому юрту»[6].

Едіге қайтыс болған соң да, Ноғай ордасында, Маңғыт жұртындаалшындардың жекеленген топтары Едіге ұрпақтарының қоластында болды, солардың есімдерімен аталып, ру болып қалыптасты. Оның мысалы ретінде Шектінің құрамындағы Жақайымды (Шейх-Мұхамед), Шекті Жақайымның ішіндегі Ағыс пен Көгісті, Беріш пен Шеркешке жататын Жаңбыршыны, Байбақты, Шеркеш пен Шөмекейдің Жауғаштысын, Қаракесек пен Шөмекейге кірген Қасай топтарын айтуға болады,

Батыс Қазақстанда бұл оқиғалардың куәсі іспеттті сол заманнан қалған топонимдер баршылық. Мысалы,  Ақтөбе облысының Атырау облысымен шегарасына жақын тұсында Сағызға құятын Ноғайты өзені бар. Өзеннің атауы Ноғайлы емес, Ноғайты болуы ол атаудың көне заманнан келе жатқанының айғағы. Ноғайты ауылы мен Ноғайты темір жол стансасының атауы өткен ғасырда осы Ноғайты өзеніне байланысты қойылған.

 

 

Сонымен бірге Ноғайты өзенінен батысқа қарай, Атырау облысының территориясында Маңғыт жайлауы бар.

 

 

 

 

Жем өзенінің төменгі ағысының бойында Алшынсай құмы бар.

 

 

Кеңес Армиясының Бас штабының картасында жоғарыда аталғанНоғайты өзенінің оңтүстігінде,Сағыз өзеніне жақын жерде Едіге зираты көрсетілген.

 

Реті келгенде айта кету керек, осы уақытқа дейін Едігенің бейітінің қайда екендігі туралы ортақ пікір жоқ. Бір ғалымдар Едіге Ұлытауда жерленген десе, енді біреулері оңтүстікте, Құмкентте дейді.  Жуырда Едіге Маңғыстау жерінде жерленуі мүмкін деген болжамды филолог-ғалым Б.Нұрдәулетова Ақтауда басылатын «Не хабар» газетіне жариялады. Ал «Едіге» эпосынан докторлық диссертация қорғаған  ақтөбелік филолог Ж. Асанов Едіге Ақтөбе облысында, бірақ Баршақұм маңында жерленген дейді.[7]

Біз де өз версиямызды тексеру мақсатындаалдыңғы бетте келтірілген Кеңес әскери  картасын пайдаланып, сондағы «кладбЕдге» деп белгіленген зираттың басына бардық. Зиратта Адай және Кете таңбалы  19 ғасырдың құлпытастары бар,кейбіреуінде  құлпытас жоқ, небәрі жиырма шақты бейіт диаметрі 15 метрдей дөңгелек қорғанның айналасына орналасыпты.

Қорғанның үстіндегі шашылып жатқан күйген кірпіштер кезінде бейіттің үстінде кірпіш қабырғалы мазар болғанын көрсетеді.

 

Кірпіштер шаршы пішіндес, ұзындығы мен ені бірдей, шамамен 30 сантиметрдей, ені шамамен 5 сантиметрдей.

 

Ортағасырлық қышшылардың қолынан шыққан осы қалыптас кірпіштерді  Айшабибі, Қарахан, Қожа Ахмет Ясауи сияқты әйгілі кесенелердің қабырғаларынан байқауға болатынын ескерсек, бұл қирағанмазар да қарапайым кісінікі емес деуге болады. Қорғанды тереңірек зерттеулауазымды және ұлтжанды азаматтардың мүдделігіне байланысты екендігі түсінікті болса керек. Әзірге айтарымыз, Едіге ғұмырының соңғы жылдарын Алшындар мекендеген Батыс Қазақстан өңірінде өткізгені анық.

(жалғасы бар)

Abai.kz



[1] В.В.Востров. М.С.Мұқанов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алматы, Наука, 1968 ж. 99-б.

 

[2]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж.415- б.

[3]В.В. Трепавлов. История Ногайской Орды.Москва,Восточная литература,2002 ж,63 -б

 

[4]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 185-б.

 

[5]В.В.Трепавлов.История Ногайской Орды.Москва,Восточная литература,2002 ж, 71-б.

[6]В.В.Трепавлов.История Ногайской Орды.Москва, Восточная литература,2002 ж,  66,67- бб.

 

[7]www. aktobegazeti.kz /?p=44518

81 пікір 733 рет оқылды Қосылған: 06.03.17
    • #1
    • Айназия
    • дн, 06/03/2017 - 21:14

    Altjndar Gzlordanj meken etken..hakas emes.

    • #2
    • білгіш
    • дн, 06/03/2017 - 23:26

    1817ж- Ақмешіт
    1853ж- Перовск
    1922ж- Ақмешіт
    1925ж- Қызылорда. Айназия, sonda Altyndar Gzylordaga 1925-te kelgen goi?

    • #3
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 07/03/2017 - 0:38

    Серік Даулетов! Ізденісіңіз құптауға тұрады. Бірақ түбегейлі тұжырым жасауға асықпаңыз. Түбегейлі, тиянақты тұжырым жасау үшін Сопылық ілімді (тарихат) зерттегеніңіз жөн. Сол ілім қазақтың барлық дыбыс-таңбаларын және тыныс белгілеріне дейін айна қатесіз сөйлете алады. Мен тек Сізге олардың бір ғана "Т" дыбысын қалай сөйлетінінің мысалын келтірейін. Ары қара өзіңіз зерттеп көріңіз. Еш өкінбейсіз.

    Т - дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген мағына береді. Мысалы, Ұлт, Бұлт, Ұрт, Жұрт, Құрт, Ат, Ұт, Құт, Жат, Жұт, От, Тұт, Сүт, Тобыш, Тоғыз, Тоқсан, Тоқсан тоғыз т.т.. Атам Қазақтың шежіре дерегі бойынша «Т» дыбысы тоғыз санын иемденген Тобыштардың лақап аты.

    Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

    Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

    «Тоғыз бие тарту ғып
    Алдына алып барайық (340 бет).

    …Жіберді тарту қылып тоғыз адам («Қамбар батыр» 344 бет).

    «Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

    «Өмірдегі болатын нәрселердің тоғыздан асатыны болмайды», деп данышпандар айтқан. (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).

    «Түрік халқында не нәрсені болса да, тоғызға апаратын әдет бар, құдайтағала одан артық жаратпаған» (Шарафутдин Иезди «Зафанама»). Айтса айтқандай, Шыңғыс қаған негізін қалаған «Алтын Орданың» ең соңғы ұлы ханы Тоқтамыс Шыңғысханның тоғызыншы ұрпағы болып табылады.

    «Т» таңбасы: Ұлт - ұлдың (бала) толысқанын білдіріп, ұлтқа айналдырып тұр; сүт – су ағарып, сүтке айналған; өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған; жылт – көрінді де жоқ болды; бұлт – бу жиналып бұлтқа айналған, Алшындар көбейіп, тазарып, Алтынға айналған, Ноғайлы көбейіп, Ноғайтыға айналған т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.

    Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

    • #4
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 07/03/2017 - 0:46

    Қазақи сөздің соңына "Т" дыбысы жалғанса, ол толып, толысты, енді өзгермейді деген сөз.

    Мен тек Сізге бір ғана "Т" дыбысының сырын айттым. Ақиқатында барлық дыбыс-таңбалар осылай сөйлейді.

    • #5
    • Шынгысхан Есугейулы
    • сс, 07/03/2017 - 19:19

    Зерттейтин галымдар кайда?

    • #6
    • галым
    • сн, 08/03/2017 - 0:01

    Қожырбайұлынша зерттедім:
    Ноғайлы көбейіп, Ноғайтыға айналған
    __________________________________________________________________
    Алмалы өзенінің суы көбейіп, Алматыға айналған, Шідерлі көбейіп Шідертіге айналған, Аңқалы көбейіп Аңқатыға айналған, Ырғайлы көбейіп Ырғайтыға айналған, Қалдығайлы көбейіп Қалдығайтыға айналған, Бұланлы көбейіп Бұлантыға айналған, Білеулі көбейіп Білеутіге айналған, Қорағалы көбейіп Қорағатыға айналған, көл көбейіп көтке айналған. Кешіріңіздер сандырақ... словоблудие

    • #7
    • 7
    • сн, 08/03/2017 - 1:54

    6-Ғалымға! Ноғайлы деген сөздің мағынасы не? Осы сөздің мәні мен мағынасын ашып көріңіз.

    • #8
    • 8
    • сн, 08/03/2017 - 1:58

    "Т" дыбысы қазақша сауаты жоқ адамдарға сөйлемейді.

    • #9
    • 9
    • сн, 08/03/2017 - 8:05

    6-Ғалымға! Мен Сіздердің осыны айтатыныңызды күні бұрын болжап "Т" дыбысының тағы бір құпиясын әдейі ашпай кетіп едім. Ол "Т" дыбысының тек қана толып, толысып, көбеюді емес, кез-келген дүниенің жоғарғы да, төменгі де шегін білдіретіндігі. Міне осы төменгі шегінде көл сарқылып, ішіне түк симайтын Сіз айтқан дүниеге айналып тұр. Осындай қарапайым дүниені түсіне алмағаныңыз қалай?

    Көрдіңіз бе, Сіздің сандырағыңыз дәл келіп тұр. Сізге берер кеңесіміз, Қазақтың Ана тілімен ойнамағаныңыз дұрыс. Киесі ұрады.

    • #10
    • 10
    • сн, 08/03/2017 - 11:17

    9-ға! Өтеден өте дұрыс. Су - ағарып сүтке айналған. Өрт - дым қалмай жанып кеткен. Жылт - көрінді де жоқ болды. Мәрт - ез емес. Жомарт - сараң емес.

    6-Ғалым! Қалай жалғастыра берейік пе?

    • #11
    • 11
    • сн, 08/03/2017 - 11:20

    6-ға! Сізге Қожырбайұлынша зерттеу үшін ең бірінші Сопылық ілімді (тарихатты) меңгеруге кеңес береміз.

    • #12
    • балықшы
    • сн, 08/03/2017 - 15:29

    Мәрт - ез емес
    __________________
    Қырт ше?

    • #13
    • 13
    • сн, 08/03/2017 - 17:39

    12-ге! Бұл өте қарапайым сөз ғой. Бірінші, Сіз түсінік беріп көріңіз. Жауабын содан кейін айтамыз.

    • #14
    • Мадай
    • сн, 08/03/2017 - 20:08

    Сопылык жолы ауыр жол,
    Устасан оны тауир жол, - демекши, сопылык жолы корингеннин ермеги емес.
    Сопылык жолы былжыратып тарих жазу дегени де емес.
    Кожырбайулы тарихат жолын мыкты менгерген деп оны сопы кылатындай, кай пирге кол берип талим алган екен.
    Пири болмаса ол нагылган тарихатшы.

    • #15
    • 15
    • сн, 08/03/2017 - 22:20

    14-Мадайға! Біріншіден, Сізге бұл жерде Сопылық жолды кім көрінгеннің ермегі деген ешкім жоқ.

    Екіншіден, сырын білген адамға ол жолдың еш қиындығы жоқ.

    Үшіншіден, сопылық жолды былжыратып тарих жазу деп те ешкім айтқан жоқ. Қожырбайұлының жазып жүргені тарих емес, шежіре.

    Төртіншіден, Сіз "бас десе, құлақ" деп отырсыз. Қожырбайұлын мен Сізге сопы деген жоқпын. Сопылық жолды, яғни тарихатты Қожырбайұлындай зерттеу үшін Сопылық ілімді үйрену керек дедім.

    Бесіншіден, ол кісінің пірі бар. Ол кісінің пірі тек қана біреу емес, бірнешеу. Олар "Мадина да Мұхамбет, Түркістан да Қожа Ахмет, Маңғыстау да Пір Бекет".

    Cізге сұрақ? Шежіре мен тарихтың айырмасы қандай? Сопылық ілім деген не?

    • #16
    • Жан
    • сн, 08/03/2017 - 22:39

    15! Сізбен толықтай келісемін.
    Бүкіл қазаққа пір болған Сопылық ілімнің ұлы ғұламалары:
    «Түркістанда түмен бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,
    Отырарда отыз бап,
    Баптардың бабын сұрасаң,
    Ең үлкені Арыстан бап», Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет Пір Ата болып табылады.

    • #17
    • Мадай
    • сн, 08/03/2017 - 22:43

    Шежире деген шаджаро деген араб сози. Бизше байтерек. Тарих деген адамзаттын журип откен жолы.
    Тарихат Алланы тану жолы.

    • #18
    • Мадай
    • сн, 08/03/2017 - 23:03

    Кожа Ахмет Яссауи , Бекет ата пирлер алде кашан бул дуниеден отип кеткен адамдар. Тарихатта мен паленше пирдин жазгандарын окып сопылык жолы сырларын угып алдым деген ангиме жок.
    Онын силселеси узилмей келе жаткан пирге кол берип сол пирге шакирт туссе бир жон.
    Тарихат жолын озинше зертегендер ол жай зертеуши гана.

    • #19
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:20

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #20
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:20

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #21
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:21

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #22
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:21

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #23
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:22

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #24
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:22

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #25
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:22

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #26
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:22

    #15
    Екиншиден сырын билген адамга ол жолдын еш кыйындыгы жок.
    --------------------------------------------------------------------------------------------
    Депсиз, оныныз енди отирик.
    Кози тири пирден талим алмаган адам сопылыктын сырын калай билмек, тус корип пе ?
    Пайгамбарымыз с.а. с. егер тусинизде мени корсениз, демек сиз мени корипсиз. Шайтан менин кейпиме еналмайды деген.
    Азазил шайтан ( Алла одан ози сактасын) пайгамбарымыз Мухаммед с. а. с. нын кейпине еналмайды екен. Онан баска кез келген адамнын кейпине ене берет.
    Сондыктан мен Кожа Ахмет Яссауиды болмаса пир Бекетти тусимде корип одан талим алып сопылык сырын угындым десе, оныки нагыз былжырак.
    Я болмаса сопылык сырын, сопылардын жырларын болмаса олардын жазгандарын окып билип алдым десе олда былжырак.
    Сопы емес бирак шын зерттеуши болса ол сопылыктын сырын угып алдым деп еш кашан айтпайды. Солай болса керек деп жорамал гана жасайды.
    Ал сопылык жолы онай жол емес , жане онын сырлары еш кимге еш кашанда онай жолмен келмеген.
    Сопылык сырлары тек оз напсин тарбиелеп, оны жене билген адамга гана ашылуы мумкин.
    Ал напсимен курес омир бойы, сагат, минут, секунд, бойы жалгаспак.
    Ал напсини тарбиелеу шын тарихат пир- устаздын шакиртин тарбиелеп баклауы аркалы жузеге аспак.
    Сопылардын улы пирлеринин оздери пирсиздин пири шайтан деп айтып кетен.
    Кози тири пирден талим алмай, сопылыктын сырын билдим деген адам нагыз отирикши.
    Онын пири шайтан (Алланын ози одан бизди сактасын) ол , сол пендени напсиси ( ягни сол пенденин напсине кирип азгырып) онын напсинин калауын, алиги пендеге керемет кылып корсетет.
    Ал напсине ерген сол пенденин журегин такаппарлык, мактаншактык, менмендик баурап, оз напсинин калауына ерип адаскан сайын адаса берет, адаса берет.

    • #27
    • 27
    • бн, 09/03/2017 - 0:45

    Бір жауапты мың жазып, пластинкаңыз тоқтап қалған ба?

    • #28
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 0:53

    #27
    Баска айтарын жок па ? Онда сау бол, кайырлы тун.

    • #29
    • 28
    • бн, 09/03/2017 - 0:56

    М.Қожырбайұлы Шежіре мен тарихтың айырмасын былайша түсіндіреді:

    "ШЕЖІРЕ МЕН ТАРИХ Қазіргі қазақ ғалымдары мен тарихшыларының басты кемшілігі ежелгі біртұтас қазақты жүз, ру-тайпаларға бөліп, жеке-жеке зерттеулері болып табылады. Бұл бағытпен кете берсек, шындықтың түбіне тіпті де жете алмаймыз. «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп ата-бабаларымыз айтқандай шыққан тегімізді ұмытып бөлшектенген сайын шындықтың ауылынан алшақтай беретін боламыз.
    Шежіре – бұл қазақ халқының Ата тегінің бастауын, таралуын және олардың бүгінгі ұрпақтарының кімдер екендігін айғақтайтын аса сенімді ақиқат жол. Шежіренің қайнар бұлағы Қазақтың Ана тілі, дәстүрлі діні, рулық шежіресі, шежіре-дастандары, эпостық жырлары, мақалдары мен мәтелдері, тиянақтап түйінделген бір ауыз сөзі, ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілетін қанатты сөздері, өсиеттері, салты мен дәстүрлері, әдеті мен ғұрыптары, жер-су, тау, елді мекен сияқты топономикалық атаулар. Шежірелік деректердің ауқымы өте кең және олардың бәрі біртұтас дүние болуына байланысты араларына шекара қойылмаған. Шежіре Атадан балаға жүрек пен қан арқылы жалғасып келе жатқан дүние болғандықтан, арасында ешқандай жалған сөз болмайды. Ұлы даланың дана қариялары өз ұрпақтарының қамы үшін ешқашан өтірік айтпаған. Ағын ақ, қарасын қара деп, жамандық атаулыдан қалай қорғану, қалай алдын алу жолдарын өз тәжрибелері, өз білім деңгейлері арқылы ескертіп отырған. Мына менің жазып жүрген дүниелерімде сол ұлы жолдың жалғасы деп білгейсіздер.
    Қазіргі тарих ғылымы мұның бірде-бірін мойындамайды. «Тар» деп түбірі айтып тұрғандай, тарих ғылымының зерттеу мен зерделеу ауқымы да тар. Соның салдарынан, қазіргі тарих бүкіл елді орыс айтты, орман айтты, қырым айтты, қытай айтты, арап айтты, парсы айтты деп әбден шатастырып бітті. Тура бір қазақтың таңы соларсыз атып, тауығы шақырмаған сияқты. Олардың бар зерттеу тақырыбы үнемі соғысты жарнамалап, кімнің кіммен соғысқаны, кімді кімнің өлтіргені, тарихи тұлғалардың қашан туып, қашан өлгені сияқты адам баласына көк тиында пайдасы жоқ дүниелер. Қазіргі тарих оқулықтарын оқып отырсаң адам баласы мына дүниеге тек қана соғысып өлу үшін келгендей болып сезінері хақ. Рулық шежіре де соғыс ауызға алынбай, өткенге салауат айтылады. Ал, тарихшылар үнемі соғыс жайлы тынбай жазып, «уақыт (уақыт бәріне емші)» деген ем арқылы бітіп келе жатқан жараның аузын тырнап қаната береді. Шежірені жадына тоқып өскен адамның (рудың, елдің) арасына ешкім ешқашан, ешқандай жік сала алмайды. Ал, тарих оқып өскендердің басы ешқашан бірікпейді және олардың көзі ақиқатқа ешқашан жетпейтін болады. Бір қызығы тарихшылардың өзі мұны сезбейді. Мысалы, кәсіби тарих ғылымы мектеп оқулықтарынан адамзат маймылдан жаратылған, адамзаттың Атасы маймыл (айуан) деген жалған ілімді алып тастауға; барлық болмысы, аты-жөні, рулық құрамы, діні, тілі, салты мен дәстүрі, әдеттері мен ғұрыптары түгелдей хатталып жазулы тұрған күні кешегі Шыңғыс қаған атамыздың Қазақ екендігін зерделеп жариялауға да дәрмендері жетпей отыр. Сондықтан кәсіби тарих ғылымына өз бағыттарын 180 градуска өзгертіп, елімізде қазақтың рулық шежіресі мен шежіре-дастандарын зерттейтін арнайы ғылым орталығын ашу қажет.
    Тарихатқа (Сопылық ілімге) негізделген шежіре-тарихымызды зерттеу барысында Қазақ даналығының шегі жоқ екендігіне көзім айқын жетті. Қолымды жүрегіме қойып отырып мәлімдеймін, қазақ тарихында Біз ұялатындай ештеңе жоқ. Қазақтың өткеніне тереңірек үңілген сайын олардың әлемге үлгі болған Ұлы мәдениетін көрдім. Сондықтан қазақ тарихшыларына өзге елдердің қаламгерлеріндей (мысалы, батыс (орыс) елдері сияқты) тарихты бұрмалаудың түкке де қажеті жоқ. Бар-жоғы Ата тарихты өз сөзінен іздесең болды. Қазақ тарихына тереңдеген сайын қазақ болып туғаныңа қуанасың, марқаясың, шаттанасың. Ұлы Аталарымыздың ұрпағы үшін жасаған жанкешті ұлы істеріне тәнті боласың. Аруағы алдында бас иесің. Ал, Біздер ше? Ұрпағымыз Біз үшін дәл осылай мақтана ала ма? Құрметті оқырманым! Бұл сұрақтың жауабын өздеріңізге қалдырдым" (Ұлы дала идеологиясы" атты еңбегінен).

    • #30
    • 30
    • бн, 09/03/2017 - 1:00

    М.Қожырбайұлы Сопылық іілмді былайша түсіндіреді:
    СОПЫЛЫҚ ІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
    Тарихат жолын ұстанып, сопылық ілімді меңгерген Ұлы Аталарымыздың біздерге аманаттап кеткен Ислам діні «Дәстүрлі дін» деп аталады.
    Осы «Дәстүрлі дінімізді» ұзақ жылдар бойы зерттеу барысында өзімнің көз жеткізген дүниелерімді Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.
    Негізгі ұлы діндердің бәрі қазіргі қазақтың ата-бабаларының арасында дүниеге келген, ең алғашқы Алланың хақтығын танып, дін деген ұғымды дүниеге әкелгендер солар. Өзге елдердің дініне «дәстүр» деген сөздің қосылмайтыны осыдан.
    Аталарымыздан аманатқа қалған мұсылмандықтың бес парызын сақтай отыра, ата-бабаларымыз ұстанған тарихат жолымен жүру, соны ұстану, өзге дінге өтпеу, жат ағымға ермеу, ата-бабаларымыздың өлі де аруағын, тірі де өзін сыйлау, әулиелерді құрметтеу, ұрпақ қамын ойлап, артыңа ұрпақ қалдырып, оны мұсылмандыққа тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеу, тіліңді жоғалтпау, ұрпаққа үлгі болу, Атамекенді сүйіп, туған жеріңді көзіңнің қарашығындай қорғау. Ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен үндесіп, қабысып кеткен Ислам діні, яғни дәстүрлі дініміз қазақ мәдениетінің алтын діңгегі болып табылады. Аталарымыздың «Дін діңгегің» дейтіні осыдан.

    Тарих тағлымы: Діңгегі әлсіз заттың да, діңгегі (діні) әлсіз елдің де өмір жасы ұзаққа бармайды.

    Түсініктеме: «Тарихат» деп аты айтып тұрғандай, бұл жол Ата-бабаларымыздың өткен тарихын зерттейді. Бұл ілім: Сопылық ілім, Хал ілімі, Ар ілімі, Хақ ілімі деп те атала береді. Бұл бүткіл жер бетіндегі Адамның жан дүниесін зерттейтін жалғыз ілім. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ. Себебі, өзге діндердің бәрі адамзатқа кітап арқылы жетсе, бұл ілім адамдарға жан-жүрегің арқылы жетеді.

    Қазақ даласының, яғни Алтын Орданың исламдануы Х1Ү ғасырдың бірінші жартысында Тоқтыдан кейін таққа отырған Тоғлық Темірдің Өзбек хан (1312-1342) мен оның ұлы Жәнібек хан (1342-1357) тұсында толық аяқталды.
    Қазақ халқы имандылықты аса қадірлейді. Имансыз адам барып тұрған есер, жауыз, қайырымсыз, көрсоқыр, қасиетсіз, яғни адамгершіліктен жұрдай адам саналады. Ондай жандардан есін білгендер көш жер қашық жүргенді тәуір көреді. Тіпті о дүниеге аттанарда да адамға: «иманың жолдасың болсын» деген тілек айтылады. Қазақта адамға берілетін ең жоғарғы баға «иманжүзді» деген аса қастерлі бір ауыз сөз бар. Осы бір ауыз сөзге бәрі сыйып кеткен.
    Ислам діні бүкіл жер бетіндегі ең жас дін. Солай болса да осы Исламды мойындаушылар бүгінгі таңда саны жағынан екінші орынға шығып отыр. Әлі де күннен-күнге көбейіп келеді. Былай қарасаң, өзге діндегі миссионерлер сияқты, мұсылман діндарлары Исламды уағыздап, әртүрлі жолдармен (іштерінде алдап-арбау, ақшамен қызықтыру, қорқытып-үркіту, т.б.) қатарына тартып та жатқан жоқ. Тіпті біле білсеңіз, мұсылманда ондайды үлкен күнәға санайды. Бірде-бір таза мұсылман діндарлары өзге діндегілерді мұсылман болуға уағыздамайды. Неге бұлай? Бар мәселе Алланың хақтығында және оның елшісі Мұхаммед пайғамбар арқылы Құранның бізге жетуінде.
    «Құран» деген сөздің өзі «оқу» деген мағынаны білдіреді. Алла тағаладан Мұхаммед арқылы бірінші түскен Алақ сүресінің өзі «оқы» деген сөзден басталады:
    «Жаратқан иенің атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің тәңірің – ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді» (Құран Кәрім, Алақ сүресі. 1-5 аяттар).
    Алла тағала адамзатты он сегіз мың ғаламның қожасы, иесі етіп жарата отырып, бұларды игеруге шақырады. Құран Кәрімде көрсетілген табиғи құбылыстар, әртүрлі ағымдағы ілімдер, көзқарастар, ойлар адамдардың ғылымды игеруінің нәтижесінде химия, физика, математика, астрономия, биология, тағы сол сияқты ғылым салалары болып бөлінген. Ислам дінінің бір ғана Орта Азия мен Қазақстанда орнығуы осы өлкелерден дүниежүзіне танымал Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Әбуали ибн Сина (Авиценна), әл-Бируни, Фердауси, Низами, Жүсіп Баласағұни, т.б. көптеген ғұлама-ғалымдардың шығуына жол ашты.
    Бүкіл әлемде өзге діндегі сан мыңдаған ғұлама-ғалымдар мен оқымыстылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері Ислам дініне беріліп, Құран-Кәрімді оқып, оның таңғажайып ғибратына таң қалып, соның негізінде шығармалар жазды. Құран Кәрімнің бір аятында «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» делінсе, тағы бірінде «Пенделердің ішінде Алладан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады» делінген. (Қ.К. «Әл-Анкәбут сүресі, 43, 28 аяттар). Өмірдің қыр-сырын түсінетін жеткілікті білімі бар Құранды оқыған кез-келген адам Ислам дінін қабылдайды, деп жазды француз академигі Морис Букас. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да қартайған шағында «Кез келген саналы адамның соңғы табан тірейтін жері - Ислам» деп ой қорытып, Ислам дінін қабылдағанын көбіміздің біле бермейтініміз анық. Лев Толстой әлемдік бес ұлы дінді өмір бойы зерттеп өткен ғұлама-ғалым адам. Ол жайлы Имам Валерия Порохова былай деп жазады. «Лев Толстой «Мені дін мұсылман санаңыздар» деген сөзін Құранды оқығаннан кейін айтқан. Ұлы жазушының мұсылмандық ғұрыппен жерлегенін білесіз ғой? (Павел Басинскийдің жақында жарық көрген «Лев Толстой: бегство из рая» кітабында жазушының жер қойнына тапсырылған шағын суреттеген тұста «Тело Л.Н. положили в дубовый гроб, без креста на крышке», «Толстого хоронили, как он и завещал, «без церковного пенья, без ладана», «без торжественных речей» деген сөйлемдер бар. Бұл қаламгердің христиан дініне сай жерленбегенін көрсетеді. Қазір бүкіл әлемде исламның өте қуатты экспансиясы бой көрсетіп отыр. Иә, интеллектуалдық экспансиясы. Адамдар имансыздықтан, ақшаның соңына түсуден, ұдайы көңіл көтеруден шаршап бітті. Адамдар парасаттылықты, тазалықты іздейді. Ал оның бәрі исламда тұнып тұр. Исламда жаратқан Ие мен адамның арасында бітістіруші, келістіруші, шын мәнінде делдал тұлға жоқ. Мұнда өзге діндегідей жасарыңды жасап алып, жексенбі күні күнәңді шіркеудегі діндардың кешірімімен жуып-шайып кете алмайсың. Исламда әр күнә үшін жауап беріледі. Ол үшін тәубаға келу аздық етеді, жасаған жамандығыңның орнын жақсылық жасаумен ғана толтыра аласың» («Егеменді Қазақстан» газеті. 24 қараша 2010 жыл). Тере берсек мұндай мысалдар шаш етектен.
    Ол ол ма? Әлемге әйгілі ағылшын ғалымы, дін зерттеуші Ричард Белл былай деп жазды: «Еуропа үлкен құлдырау жолында тұр. Салтанатты сарайлардың саясында жан күйзелісі, ақылдан адасу, өзіне қол салу, ұятсыздық, нашақорлық, маскүнемдік, әйел зорлау, қарақшылық, әр түрлі жыныс аурулары ақылға сыймастай өте көп мөлшерде қозып жатыр. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімі жоғалды. Өлім үрейі барлығының жүрегін толықтай жаулап алған. Отбасының бірлігі бұзылып, мүшелерінің арасындағы байланыс үзілген. Мемлекет басшылары бұл жағдайдан шығудың жолдарын таба алмай дал болуда. Зиялы қауым рухани жұтаңдықтан әрекетсіз. Еуропаның алдында жалғыз жол тұр. Құтылудың жалғыз жолы – Ислам жолы. Басқа таңдау жоқ?»
    «Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз... Мен бұған басқа ештеңе қоса алмаймын» (Иоганн Гете).
    Меніңше бұған ештеңені алып-қосып, түсінік берудің қажеті болмаса керек. Біздің көптеген жастарымыз еліктеп жүрген АҚШ, батыс мәдениетіне сол елдің атақты ғалымының аузымен өте салиқалы да, әділ бағасы берілген. Ал біз қолда бар алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүрміз.
    Сол сияқты Құран туралы кейбір Қазақстандық атеистердің ішінде оны тілі жұтаң және қисынсыз құрастырылған деп, қасиетті кітаптың ішіндегі жайлардың терең мазмұнын талдап оқымай-ақ теріс баға беретіндері кездесіп жүр. Мысалы, Х.З.Ақназаров: «Құран тіл байлығы өте кедей, ертедегі араб тайпасы – куфа тілінде, түсініксіз қара сөзбен жазылған» деген пікір айтты. (Ислам діні және өмір шындығы. – Алматы, 1977ж., 18 бет). Тағы бір ғалым-атеист: «Құран - әр тұста жазылған, түрлі авторлардың діни көзқарастарының жиынтығы. Оның мазмұнының шым-шытырық, бір-бірімен байланыссыз болуының себебі де міне осында. Құранда айтылатын уағыздарда реттілік, қисынды байланыс жоқ, былайша айтқанда, діни жорамалдар қалай болса солай, құрастырыла салған» деп жазады А.Сұрапбергенов. (Ислам дінінің редакциялық мәні, Алматы, 1979ж., 20 бет).
    Осылайша жер бетіндегі адамзат баласына түскен қасиетті Құранды жоққа шығарушылар оның Алла тарапынан келген, Құдайдың сөзі екенін жоққа шығарып, «Құранды әлдебір адам қолымен жазды» деген пікірлер айтып жүр. Ал, шындығында, Құранды қолға алып, зер салып оқыған адам, оның шын Құдай сөзі екенін бағамдары хақ. Осы Құранның тағы бір кереметін ғалымдар анықтап отыр. Ғалымдар Құранның сырын білу мақсатымен оның аяттары мен сүрелерін қаз-қатарынан тізіп, олардың ұштасатын жерлерін қосып, қандай таңба шығатынын байқап көрмек болады. Нәтижесінде ырасымен де адам баласы таңданарлықтай «Аллаһ» деген жазу шыққан. Ақылы шектеулі адамның, бүкіл Құранды осылай құрастырып жазып шығуы мүмкін бе?! Ендеше Құранның Алла тарапынан келгені де ешқандай дау тудырмауға тиіс.
    Ислам тарихында исламтанушы ғұламалар Мұхамедтің мирасқорлары ретінде көрсетіледі. Ол ақырғы Пайғамбар болғандықтан, ғалымдар Мұхамедтің ісін алға апарушы болып саналады. Бүгінгі заманның ағымымен қарағанда ол екеуінің арасында айырмашылық жоқ. Ғылымы дамыған елдердің өркениетке жетіп жатқандығын әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген мемлекеттерінің тұрмыс тіршілігінен бағамдауға болады. Ислам ғалымдары мұсылманшылықтың бес парызын өтеумен ғана шектеліп қоймай, әлемдік деңгейдегі алуан түрлі ғылымдардың дамуына алғашқылардың бірі болып жол салғандығын тарихи деректер дәлелдеп отыр.
    ХІІ ғасырға дейінгі Шығыс халқының ғылымы көптеген басқа шетелдерге үлгі-өнеге боларлықтай сатыға көтерілді. Сол өскелең өнер – ғылымның биік өрісін, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген, қазақ ғұламасы әл-Фараби бабамыздың еңбектері әлемге паш етті. Оның «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз бойынша болжамдар», «Вакуди туралы трактат» атты еңбектерінің және Платон, Аристотель, Птолемей, Порфирий шығармаларына жазған түсініктерінің маңызы өлшеусіз ерекше болды. Тіпті ұлы бабамыз ауа қысымын зерттеген италиялық ғұлама Торигеллиден бірнеше ғасыр бұрын ауа қысымын өлшейтін құралдар жасап, ғылыми тәжірибелерін жүзеге асырған.
    ХІІІ ғсырдан бастап Ислам ғалымдарының көптеген еңбектері латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Бұлардың ішінде әл-Фарабидің музыка, философия, оптика, геометрия, астрономия, медицина салаларына арналған ғылыми шығармалары болды.
    Ғылыммен айналысқан ғалымдар, оқымыстылар Исламнан басқа діндерде, әсіресе Батыс елдерінде көп қуғынға ұшыраған, тіпті өлім жазасына да кесілгендері болған. Мысалы, жердің дөңгелек екенін айтқан Италия ғалымы, философ Джордона Бруно ХVІ ғасырда шіркеу сотының үкімімен «күнәкар» деп жарияланып, тірілей отқа өртелген.
    1589 жылы 25 жасында Пиза университетінің профессоры атағын алған ұлы ғұлама Галилео Галилей жердің айналатынын дәлелдегені үшін шіркеу сотына берілген. Осы сотта ол жердің қозғалмайтынын мойындаймын деп жазылған қағазға зорлықпен қол қоя тұрып, «бірақ ол сонда да қозғалуда» дегені үшін Римдегі христиан сотының шешімімен үш жыл зынданға қамалған, қалған өмірін соттың бақылуында өткізген. Галилей 1642 жылы қайтыс болғанда, шіркеу оны христиан мазарына жерлетпей қойған.
    Сол сияқты испандық философ Липель Сервет қан айналысын зерттегені үшін ХVІІ ғасырда тірідей отқа өртелді, ал орыс патшасы Иван Грозныйдың дәрігері адамның мүше құрылыстарын зерттеу мақсатында өлікті сойғаны үшін дарға асылды.
    Ислам діні мен дүниетану ғылымы мың жарым жыл бойы бір-бірімен ажырамай қатар дамып, Қасиетті Құран Кәрім өзінің құпиясымен әлі де адамзат баласын таңдандырумен келеді.
    Қазіргі өркениетті дәуірдің өзінде де Құран Кәрімдегі кейбір аяттардың ғылыми сыры толық ашылмай жатыр. Мысалы, Алла тағала бір аятта: «Ей, екі топ (адамдар мен жындар тобы)! Егер сендер (Алланың бұйрығынан қашып) аспан мен жердің шекарасынан өтіп кете алсаңдар, өтіп байқаңдар. Ол үшін төтенше қуат керек (ол қуат сендерге қайдан келсін?)» (Рахман сүресі, 33 аят) деген екен. Ал осы аяттың мәні бүгінгі заманда ғана анықталды. Өткен ХХ ғасырда түрлі ғылымдар бірігіп, күш қуаттарын бір орталыққа бағындырып, ғылыми ізденістер жасауының арқасында қуат көзі табылып, адамзат ғарышқа ұшуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ жеті қабат жер астынан пайдалы қазбалардың кені ашылды. Ал, енді «жындар тобына» келсек, бұл ғаламда адамзат жалғыз емес, бұл дүниеде бізден де басқа «параллелль» өмір бар дегенге саятын сияқты. Бұған көз жеткізу әрине келешектің ісі.

    ХІІІ ғасырдың басында ағылшын елінде тас көмірдің иісі жаман, әрі түтін шығады деп қолдануға тыйым салынған. Біздің бабамыз Махмуд Қашқари «Диуаны Лұғат от-Түрік» атты еңбегінде көмір туралы мағлұматтарға тоқтала келіп, түрік елдерінде көмірдің жиі пайдаланатынын айтады. Ол жөнінде Құранда «Барлығын жаратқан, оларды әдемі мүсіндеген, бәріне пайдалы жол көрсеткен, кең жайылымдар жасаған, кейін қуратып, қоқысқа айналдырған Тәңірдің есімін ардақ тұт.» (Әғла сүресі, 2-5 аяттар). Құран тафсирлеріндегі түсініктемелерде Алла тағала жайылымдарда әр түрлі шөптер, ағаштар, өсімдіктер өсіріп, сонан соң бұларды қап-қара тыңайтқыштарға кейін көмірге айналдырады деп жазылған.

    Әлем ғалымдары адам баласының топырақтан жаратылғанын ХХ ғасырдың басында зерттеп, біліп, жаңалық аштық дегенде, Ү11 ғасырда түскен Құран Кәрімде адамның Дарвин айтпақшы маймылдан емес, топырақтан жаратылғаны тайға таңба басқандай анық жазылып қойылған еді.
    Құранда адамзат баласының жаратылысын дәлелдейтін бірнеше сүрелер бар. Осыларды оқып, ұғынған адамға бұл деректерге сенбеуі мүмкін емес деп тұжырымдауға болады. Бұл тұжырымдарды соңғы ғасырда ғылымда толықтай мойындады. «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық (12). Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық (13). Одан әрі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық... Аса шебер жаратқан ием (хикмет те, құдірет те) барынша ұлы (14)» (Мүьминун сүресі, 12-14 аяттар). Енді бір мезет «Зумар» сүресінің 6 аятына көңіл аударайық, онда: «Сендерді Алла әуелі бір адам етіп жаратты, сонан соң қастарыңа жұп жаратты. Сендер үшін сегіз жұп етіп, хайуанат берді. Ана құрсағында сендерді бір түрден екінші түрге (тұлғаға) ауыстырып, соның бәрін үш қараңғылық (құрсақ, жатыр, қағанақ) ішінде жетілдірді. Сендердің Тәңірлерің, әне, сол Алла. Патшалық (тек) соған лайық, одан басқа ешқандай Тәңір жоқ. Ендеше, неге теріс бағасыңдар?» деген Алла тағаланың хақ сөзі бар.
    Бір америкалық Нобель сыйлығы лауреатының: «Егер мен Құранды осыдан 20 жыл бұрын оқығанымда Нобель сыйлығын осыдан 20 жыл бұрын алар едім» деген. Эмбриология бойынша еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған канадалық Кейт Мор Жаратқан иеміз сонау Ү11 ғасырдың өзінде Сауд Арабиясының құмды даласында, микроскоп та, ультрадыбыс та жоқ кезде эмбриология құпиясын пайғамбардың аузына салғанына қайран қалады. Құранда бала үш қабатты қапаста өсетіні айтылған. Микроскоп пен рентген шыққан кезде ана жатырының үш қабатты екендігі анықталды емес пе?!

    Осы жерде бір айта кететін нәрсе – Құран Кәрімде қаны жақын адамдардың бір-біріне үйленуіне шек қойылғаны хақында. Бұл мұсылмандарға тектен-тек айтыла салған уәж емес. Ислам діні жан тазалығы мен қан тазалығына ерекше мән берген. Бұдан дүниенің табалдырығынан аттайтын жас ұрпақтардың дені сау, ақыл-есі бүтін, түр-тұлғасы көрікті болуына баса назар аударғанын байқаймыз. Ал, қан тазалығына, яғни генетикаға байланысты жаңалықтар кешегі өткен ғасырдың басында ғана ғалымдарға белгілі болған.
    Құран Кәрімде мұнайдың (қарамайдың) жаратылуы хақында нақты дәлел келтірілген: «Ол, Алла жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қап-қара сел суына айналдырады!» деген аятта мұнайдың жаратылуы өте түсінікті және анық көрсетілген. Қазіргі ғылымда да мұнайдың пайда болуын дәл осылай баяндайды. Сан миллиондаған жылдар бұрын жер шарын қалың ағаш желектері жауып тұрған, осы жасыл желек орасан мол мөлшерде оттегін шығарып, атмосфераны толтырған, сонан кейін ғасырларға ұласқан күшті зілзаланың салдарынан ағаштар жер астында қалған және миллиондаған жылдар өткенде мұнайға айналған. Алладан келген жаңағы аятта мұнайды қара су емес, қара сел суы деп атайды. Өткен ғасырдың аяғында ғана бірнеше ғасырлар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде мұнайдың жер қыртыстары арасында сел болып ағатыны дәлелденді. Бұл ғылыми жаңалық Алла тағала тарапынан адамзатқа жіберілген Құранда осыдан он төрт ғасыр бұрын айтылған.

    Дүние жүзіне әйгілі су астын зерттеуші ғалым Кусто зерттеулері кезінде таңғажайып құбылыстың куәсі болған. Атлант пен Тынық мұхитының ұштасқан жеріне келгенде, бұл екі мұхиттың араларын көрінбейтін перде бөліп тұрғанын, бірінің балығы екіншісіне өтпейтіндігін байқайды. Тіпті бірінің суы ащы болса, екіншісінікі тұщы және бір-біріне араласпайды. Осы құбылысты көріп, «жаңалық аштым» деп жар салғанда тағы да Құран аяттары бұл жаңалықтың осыдан он төрт ғасыр бұрын жарияланып, жазылып қойылғанын көрсеткен.

    «2001 жылғы 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған оқиғаны шын мәнінде кімдер жасағаны әлі күнге күмәнді. Ал сіз осы оқиғанының 14 ғасыр бұрын қасиетті Құранда айдан анық айтылып қойылғанын білесіз бе?
    Қасиетті Құранның 11-парасы, 9-сүресінің («Тәубә» сүресі) 110-аятында «Олардың салған құрылыстары, жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі». Мұны біз Халифа Алтай аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігінен алып отырмыз. Мұны ауызекі тілде түсіндірсек, былай: кәпірлердің салған ғимараттары қирайды, бірақ оны кім қиратқанына олар өлгенше күмәнданып өтеді» болып шығады.
    Бір қызығы, бұл «Тәубә» сүресі 2001 әріптен (арабша) тұрады. Яғни 2001 әріп 2001 жыл, 9-сүре 9-ай, яғни қыркүйек айы, ал 11-пара 11-қыркүйекті білдіреді. Ал 110-аят Нью-Йорктегі 110 қабатты құлап-қираған ғимаратты айқындап тұр...
    Міне, Құранның ғажайып ақиқатының миллионнан бір бөлшегі. (Т.Тәшенов «14 ғасыр бұрын айтылған ақиқат» 27.02.2016 жыл "Айқын" газеті).

    «Нигерияның батыс оңтүстік аумағы Лагос облысының тұрғыны 32 жасар Киклемо Илори жуырда босанған еді. Сәби ана құрсағынан туылғанда алақанында Құран Кәрім кітабын ұстап туған, деп жазады muftyat.kz сайты Намыс.кз-ке сілтеме жасай отырып.
    Елдімекендегі әйелдер дәрігері Тавак: “Біз өте таң қалдық. Бала қалайша Құран кітабын ұстап туғанынан анасы да бейхабар. Біздің пайымдауымызша, Киклемо Илори жүкті болудан бұрын Құран кітабын байқаусыз жұтып қоюы әбден мүмкін. Бірақ тамағында қалды десек ана құрсағына Құран кітабы баруы мүмкін емес. Сондықтан бізді таң қалдырып отыр” дейді.
    “Баламды 10 ай көтердім, сол уақытта қолында сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес”,- дейді Киклемо Илори. Ата-анасы баласына Устадз Абдуль Рахман деген ат қойыпты.
    (27.07.2012 жыл «Нұр Кз» газетінде (https://www.nur.kz/225289-nigeriyada-nereste-kolyna-kyran-ystap-tudy.html) жарық көрген).

    Осы заманғы аппаратура қолға тигеннен кейін ғана геологтар таулардың тұтас тұрқының он бестен бір бөлігі ғана жерден көтеріліп тұратынын білген. Ал Құранда Алла атынан Жерді жаратқаны, оны таулармен бекітіп қойғаны, былайша айтқанда, таулар жердің зәкірі сияқты екендігі жазылған.

    Орыстың аса көрнекті ғалымы Андрей Лапин исламды қабылдау үшін Құрандағы әр өсімдік пен әр жан-жануардың өзінің биоөрісі болатыны айтылған бір аяттың өзі жетіп жатыр деп санайды. Ал биоөріс тек кейінгі кезде, молекулярлық биологияны зерттеу барысында ғана ашылған жаңалық болатын.

    Өткен жиырмасыншы ғасырдың аяғында әлем ғалымдарымен толықтай мойындалған тұжырымда (бұл тіпті соңғы жылдары 9 сыныптың оқулығына да енген), нейтронды жұлдыздың (жұлдыздың термоядролық реакциясы тоқтап, жану процесі сөнгенде, орасан күшпен, жылдамдықпен ішіне қарай жиырылып сығылуы, қара құрдымға айналу процесі) тығыздығы 10 68 т/см3 деп көрсетілген. Ғарышта сөніп жатқан жұлдыздар тіркелуде. Жұлдыздар сөнгенде өз массасын ортасына қарай алапат күшпен қысады. Егер осындай күшке жер тап болса, радиусы 1см3 шарға айналар еді. Нейтронды жұлдыздың тығыздығы шексіздікке қарай өсуде.
    Ғалымдардың болжамы бойынша ғаламда 200 млрд галактика бар, әр галактикада 200 миллиардтай жұлдыз бар көрінеді, сонда бұл 4.1022 (төрт жүз квинтиллион) жұлдыз бар деген санды білдіреді.
    Жарықтың жылдамдығы 300 мың км/сек екендігін ескерсек, шартты түрде бір нүктеден жіберілген жарық бір жылда 10 трл км жолды жүріп өтеді, бұл бір жарық жылы деп аталады. Қазіргі заманның есебі бойынша ғарыштың бір шетінен екінші шетіне 10 мың жарық жылы жүріп жете алмайтын көрінеді. Міне, осындай ғаламда, бірлі-жарым сөніп жатқан жұлдыздар нейтронды жұлдыз болып тіркелуде.
    Егер біздің күнді орташа жұлдыз десек, күннен ондаған-жүздеген есе үлкен жұлдыздар бар делінуде. Біздің күннің диаметрі 1 млн 300 км екені белгілі. Осыған сүйене отырып, егер, диаметрі 5 млн. км жұлдыз сөнсе, онда диаметрі небәрі 10-15 км шар болып, нейтронды жұлдызға айналған болар еді. Мұндай, өте тығыз нейтронды жұлдыз айналасындағы заттарды өзіне үнемі жұтады да отырады. Қара құрдым (черная дыра) дегеніміз осы.
    Жерде зат төрт күйде болатыны белгілі, олар қатты, сұйық, газ және плазма түрінде. Ал, ғарыштағы сөнген жұлдыздың күйі, сингулярлық деп аталады (бұл бесінші күй, қарақұрдым, латыншасы пульсара). Осыдан сингулярлық күйде ядролық заттар бірігіп, сығылып, нейтронға айналып кетеді. Ал, нейтрон дегеніміз электрлік бейтарап элементар бөлшек, заттың атомының ядросында тұрғанда салмағы протонның салмағына тең. Нейтрон жеке тұрғанда бірнеше минут қана өмір сүреді. Ол заттың ядросында протонмен қатар тұрғанда ғана ұзақ тұрады. Егер, протон оң зарядты десек, электрон теріс зарядты, ал нейтронның заряды болмайды, бейтарап күйде болады. Бейтарап элементтер бөлшектердің табиғаты белгісіз, әлі зерттелу үстінде.
    Демек сөнген, нейтронды жұлдыздың тығыздығы дегеніміз, шамамен біздің жердің массасын сығып, оймаққа сыйдыру деген сөз.
    Енді, Құран кәрімге жүгініп көрейік. Бұл сұрақтың жауабы Құран кәрімдегі «Иасин» сүресінде былайша берілген. 39-аят: «Айдың да тұрақты орнын белгіледік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін ол аспанда кезіп жүреді». Бұл аяттың мағынасына үңіліп, қураған бұтақты қаламсапқа теңесек, қаламсаптың өлшемі 1 см³-ке шамалас.
    Бұл жағдай қазақтың ежелгі шежіре-дастандарын да Алла тағала 18 мың ғаламды «тарының қауызына» сыйдыра алады деп тұжырымдалған.

    Ұлы ғұлама ибн Синада Алла тағаланың құдіретіне ешбір шек келтірмеген. Өз еңбектерін: «Алла тағаланың атымен бастаймын! Бар мадақ әлемді билеуші Аллаға оның пайғамбарларына жарасады» деген сөздермен бастап отырған. Мәселен, «Нәжат» атты кітабында су мен ауа қысымдары ғылыми тұрғыда зерттеледі және соған байланысты нақты мәліметтер келтіріледі. Осы зерттеудің қорытындысының Құран Кәрімдегі Әнғам сүресінің 25 аятымен тығыз байланысты тұрғанын байқауға болады. Аятта былай делінген: «Кімді дұрыс жолға салғысы келсе, Алла оның көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы келсе, оның көкірегін тарылтатыны сонша, (илану) олар үшін көкке шығудан да қиын сезіледі ...» (Құран Кәрім, Әнғам сүресі, 125 аят).
    Енді Құран аятының кереметін қараңыз: қазіргі ғылыми тәжірибелердің дәлелдегеніндей, әр жүз метр биіктікке көтерілген сайын ауаның қысымы да бір градусқа азайып, яғни тыныс алу қиындай түседі екен. Мысалы, 15-16 мың метр биіктікте ауа қысымы төмендеп, қан қысымы жоғарылайтындықтан қан тамырлары жарылып кетуі, ал 22 мың метр биіктікке көтерілгенде кеуде тарылып, оттегінің жетіспеуінен адам өліп кетуі мүмкін көрінеді. Мұхаммед Пайғамбардың өмір сүрген аймағында мыңдаған метрге жететін таулардың болмағанын, оның жазық шөлді далада туып өскенін ескерсек, онда осы мәліметтің оған Алла тағаланың тарапынан жіберілгенін мойындамай тұра алмаймыз. Демек, Құран Кәрім – Мұхамедттің сөзі емес, жаңағы аятта айтылғандай, бұл қағидалар Алланың өзінен болғанына шүбә келтіруге болмайды.

    Жиырма бірінші ғасырдың басында діннің саясаттануы қатты күшейіп кетті. Саясат деген өтпелі нәрсе. Демек, дін әу бастағы тазалығын сақтап тұруға тиіс. Дін саясаттанған жерде ол қолы лас, жаны лас адамдардың құралына айналмай қоймайды. Қазір мұсылмандардың талайы билікке моральді аяққа таптаған, рухтан безінген адамдар келген мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Террорлық актілерді ұйымдастырушылардың мұсылман елдерінен көп шығып жүргені бүкіл исламның жақсы атына кір келтіруде. Исламдық құндылықтар деформацияға ұшырағалы бері де біраз уақыт. Мысалы, Ауғаныстанда дін ислам бар деп айтуға бола ма? Жаратқан иеміздің құранды пайғамбарымыздың құлағына құйғандағы бірінші «Оқы!» деген сөз. Ал тәлібтер кітапқа тыйым салды.
    Дәстүрлі құндылықтардың құлдырай бастағанының бір белгісі – фитна. Мойынсұнбау, бүлік, бұлғақ атаулының бәрі – фитна. Радикальді мәзһабтың негізін салған Ибн Ханбал діннің діңгегін шайқап, қоғамдық моральды бұзатын ең алдымен осы фитна деген. Ол тіпті нашар биліктің өзі фитнадан жақсы деген.
    Жалпы, ислам барынша бейбіт дін ретінде қан төгудің қандай түрін де айыптайды. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) даналығына құлақ салсақ, бір хадисте егер екі мұсылман бір біріне семсер сілтессе, онда өлген адам да тозаққа барады делінеді. Пайғамбарымыздан: «Жарайды, өлтірген адам тозаққа барсын, ал өлген адам неге барады? деп сұрағанда, «ол өлтірмек ниетте болғаны үшін барады» деген.

    Құран – білімнің қайнар бұлағы. Құранда келешекте адам баласы қандай ғылыми жаңалықтар ашады, яғни Ұлы Жаратушы-Алла жасаған мынау жаратылыстың қандай құпия сырларын білетін болады, соның бәрінің жауабы жазылған. Тура математикалық есептердің жауабы сияқты. Ғалымдардың шамалауынша, қазірге дейін Құран мәтінінің небәрі 10 пайыздайының ғана мәні ашылған, қалған 90 пайыздайы өз уақытын күтіп жатыр. Қазіргі ғалымдардың жаңалық аштық деп, жар салып жүргендерінде олар ашқан жаңалықтарының жауабы Құран Кәрімде жазулы тұрғаны, ғалымдарды таң қалдыруда. Солардың барлығы Ислам дінін қабылдап жатыр. Бұның да жауабы Құранда күні бұрын көрсетілген. Онда Мені ең бірінші болып ғалымдар мойындайды, менен ғалымдар ғана қорқады делінген. Құран Кәрімде Алла тағала Адамды жаратқалы бергі олардың бастарынан өткен жақсылығы мен жамандықтары жайлы айқын баяндай отыра олардың өмірінен әртүрлі мысалдар келтіреді. Демек, Құран тұнып тұрған тарих. Бұл дегенің «тарихатқа» жүгінбей бұл киелі кітаптың сыры адам баласына толықтай ашылмайды деген сөз. Мысалы, Құранда баршамызға белгілі 114 сүре бар. Осы 114 cүренің 16-cынан басқаларының бәрінің алдына Әл (Ал, Алаш, Алшын) - 64, Әт (Ат, Ата) - 9, Ән (Ан, Ман, Ана) - 9, Әз (Аз, Қаз, Қазақ) - 4 , Әш (Аш, Ашур) - 4, Әс (Ас, Қас, Қас би) - 3, Әр (Ар, Арыс, Арап) - 2, Әд (Ад, Ада) - 1, Әли (Али, Ғали) - 1, Иа (Қиян, Иафес) – 1 деген алғашқы аталарымыздың (ру, тайпа, қауым, ел) есімдері қойылған. Бұл есімдер Құран сүрелерінің Алла тарапынан кімдерге қатысты уәхи етілгенін көрсетеді.

    Алла тағала барлық дүниені қос-қостан жаратқан: аспан мен жер, күн мен ай, ер мен әйел, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, ақиқат пен жалған, мейірім мен қатыгездік т.т. дейтін ұғымдарымыздың бірінсіз-бірінің күні жоқ. Бірі болмаса, екіншісінің бар-жоғында біле алмаймыз. Құран Кәрімде міне осы ұғымдардың барлығының тепе-теңдігі мүлтіксіз сақталған. Мысалы:
    1. «Дүние» сөзі 115 жерде – «Ақырет» сөзі де 115 жерде кездеседі.
    2. Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді.
    3. «Адамдар» сөзі 50 жерде – «Пайғамбарлар» сөзі 50 жерде кездеседі.
    4. Ізгілік (салах) сөзі 50 жерде – Бүлік (бұзақылық (фасад)) сөзі 50 жерде кездеседі.
    5. Ібліс жайында 11 – Іблістен сақтанып, Ұлы Аллаға сыйыну жайында 11 рет айтылып өтеді.
    6. Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі.
    7. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.
    8. «Мұхаммед» сөзі 4 жерде – «Шариғат» сөзі 4 жерде кездеседі.
    9. «Әйел» сөзі 24 жерде – «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі.
    10. «Өмір» сөзі 145 жерде – «Өлім» сөзі 145 жерде кездеседі.
    11. «Ізгі істер» (салихат) сөзі 167 жерде – «Жаман» (сайиат) сөзі 167 жерде кездеседі.
    12. «Жеңілдік» сөзі 36 жерде – «Қиыншылық» сөзі 36 жерде кездеседі.
    13. «Махаббат» сөзі 83 жерде – «Итағат» сөзі де 83 жерде кездеседі.
    14. «Тура жол» (һуда) сөзі 79 жерде – «Мейірімділік» (рахма) сөзі 79 жерде кездеседі.
    15. «Бейбітшілік» (саләм) сөзі 50 жерде – «Жақсылық» (тайиба) сөзі 50 жерде кездеседі.
    16. «Қиыншылық» (шиддә) сөзі 102 жерде – «Сабыр» сөзі 102 жерде кездеседі.
    17. «Кесапат» (мусиба) сөзі 75 жерде – «Шүкір» сөзі 75 жерде кездеседі.

    Қорыта айтқанда, Құранды зейін қойып оқыған адам одан ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір аятты кездестіре алмайды. Керісінше, көптеген аяттар Алла тағала жасаған нәрселердің бәрі адамзат игілігі үшін зерттеуге мүмкіндік беретін ғылыми қағидаларға толы. Тарихта ешқашан Ислам мемлекеттеріндегі ғалымдардың еркін ойлауына қарсы болатын, зерттеулері мен жаңа нәрселерді ойлап табуына тыйым салатын оқиғалар болған емес. Қашан да ғалымдарға рухани жағынан сый-құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдық ортадағы мәртебесі жоғары деңгейде бағаланып отырған.
    «- Иә, рухы мықты адам өзін-өзі сендіру арқылы көңілде жүрген өкпе-араздықты, ренішті, уайымды өшіріп тастай алады. Көңілдің кірін тазаламай тұрып, емделем деп ойлаудың өзі бос әурешілік. Жанды емдемей тұрып, тәнді емдеу мүмкін емес.
    - Бұл жайында нақты кеңес беретін кітаптар бар ма?
    - Әрине бар. Басқаны былай қойғанда, орта ғасырда өмір сүрген ұлы бабаларымыз Әбу Әли ибн-Сина өзінің «Китаб әл-Қанун фиттиб» («Медицина заңдары туралы кітап»), Әбу Райхан әл-Бируни – «Хикметтер» («Даналық сөздер», Қожа Ахмет Йассауи – «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»), «Мират-ул Құлуб» («Көңілдің айнасы») деп аталатын кітаптарында жан тазалығына жету жолдарын егжей-тегжейлі сөз етеді. Мәселен Қожа Ахмет Йассауи ар-ождан, рух, жан тазалығына жету жолында әрбір адам міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл сатылар «шариғат», «тарихат», «мағрипат», «хақиқат» деп аталады. Бұл философиялық ұғымдардың мән-мағынасын «Ақыл кітабын» мұқият оқу арқылы ғана пайымдай аласыз» (Бұл жазушы Немат Келімбетовтың «Таң-Шолпан, 4-2006» жорналында жарияланған «Ұлыма хат» атты эссесінен алынған үзінді. 64 бет).

    Қазақ та бұл сатылардың бәрі бір ғана жиынтық атаумен Сопылық ілім деп аталады. Шын мұсылман деген – софы деген сөз. Исламнан софылықты бөліп алып қарау адамның кеудесінен жүрегін бөліп алып қараумен тең. «Барлық діннің тамыры бір, бірақ фурағасы (шариғаты) бөлек» деген. Софылық – пайғамбарлардан бері келе жатқан жүректің ілімі. Пайғамбарымыз айтыпты: «Ақырдың алдында менің дінім 73-ке бөлінеді, оның біреуі ғана хақиқат» деп. Қазір біз дәл сол кезеңге тап келіп тұрмыз. Көп ұзамай тұман айығады, күмән сейіледі. Дін қалпына, дүние орнына келеді. Діннің мақсаты – адамның жүрек көзін ашу.

    Манқыстаулық ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз былайша толғанады:
    «...Әнбиялардың ақыры
    Расулы Мұхаммед
    Абзалы артық нұр өткен,
    Артынан келіп төрт имам
    Шариғат жолын күзеткен,
    Пәруәр пірдің басшысы
    Қожа Ахмет Яссауи
    Түркістанда бұ да өткен
    Туына жұртты түнеткен
    ...Айтқаны зікір-салауат
    Қашсын деп шайтан маңымнан.
    ...Пірлерден ізгі дұға алып
    Жамағаттар, құралып
    Ораза, намаз тұталық
    Ақиқат Хақтан сұранып,
    Құдай жалғыз, Құран шын,
    Ақиқат рас ол анық.
    Ахиретті ойламай,
    Ақылы қысқа пендеміз
    Дүниеге жүрміз жұбанып.
    ...Хазіреті ишандар
    Шариғат айтқан тыңдатып,
    Азаннан тұрған ыңлатып,
    Тағлым, таспих, салауат,
    Зікір айтқан түн қатып.
    ...Пайғамбар айтқан Хадисте:
    «Құрметтесең ғалымды
    Сүйікті маған үмбет» деп,
    Мойнымызда әртүрлі
    Ойласақ, борыш міндет көп.
    Шарғыда баян етулы –
    Ең әуелі пендеге
    Иманды дұрыс білмек деп,
    Парыз дейді ғалымға
    Бұқараға көрсетіп
    Шариғат жолын үйретпек.
    Алладан келген хабар бар:
    Әмірімді істемей
    Тәрк етсеңіз, махшарда
    Тартарсың ғазап-бейнет» деп.
    Астана халық ішінде
    Білімге терең жүйрік көп,
    Шайтан деген зор дұшпан
    Адастырып біздерді
    Басқа жолға сүйретпек.
    ...Тәуекел етіп Тәңірге
    Тарихат жолдан таймады,
    Сескенткендей серпіліп
    Шайтанға болды айбары.
    ...Ысрафил сүргін үрген күн
    Жан-мақұлық қырылмақ,
    Күнәһәрлар сол күнде
    Отқа түсер шырылдап.
    Тамұққа түсіп қалғандар,
    Шырылдап отқа жанғандар-
    Бұларды кім деп сұрасаң,
    Әмірін Хақтың тәрк етіп
    Біреудің хақын алғандар,
    Аузына харам салғандар.
    Орын алар жәннәттан
    Бірлігіне Алланың
    Ақиқат кәміл нанғандар.
    Ұжмақтан үміт етсеңіз
    Ізгіліктен танбаңдар,
    Жандарыңды шыбындай
    Өлмей тұрып қамдаңдар
    ...Бұрынғы шайхы, имамдар
    Жүргізген екен жұртына
    Шариғаттың хүкімін,
    Ұстаған діннің бүтінін.
    Тарихаттың жолынан
    Аудармай көңіл пікірін
    Қоймаған дәйім зікірін» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы -1996. 253-265 беттер). Сәттіғұл атамыз Тарихатты, яғни сопылық ілімді ДІННІҢ БҮТІНІ деп отыр.

    «...Осыларды үлгі еткен
    Кереметті пір де өткен.
    Жеті зікір тәмәмдап,
    Тарихат жолын үлгерткен,
    Шариғат жолын үйреткен.
    Шариғат пен тарихат,
    Ақиқатты бірге еткен-
    Мағрифатқа қол жеткен» (Ыбырайым ахун Құлыбайұлы (1886-1982).

    Бұл жол бізге: «Түркістанда түмен бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,
    Отырарда отыз бап,
    Баптардың бабын сұрасаң,
    Ең үлкені Арыстан баптар» мен Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет - Пір Аталар арқылы жетті.

    Ол жайлы Қожа Ахмет атамыз өзінің «Диуани хикмет» атты еңбегінде жалпы адам баласының қарапайым (ас ішіп, аяқ босатар десе де болады) адамнан кемел адам деңгейіне көтерілудің төрт сатысы болатынын, яғни ислам әлемінің төрт тірегінің үйлесім табуы қажет екенін ескертеді. Оларды ұлы ақын былайша сипаттапты:
    «...Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
    Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
    Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
    Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар, - деп толғаған.
    Демек, шариғат та, тарихат та, хақиқат та мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен. Аталарымыздың айтуынша шындыққа апаратын бірден-бір жол ғылым болып отыр. «Ғылым таппай мақтанба» (Абай).

    Демек, тек «тірі жан» болмай, нағыз адам, яғни Қазақ болу үшін:
    Кәпір емес мұсылман болып, шариғатқа жүгініп, оның қағидаларын толық орындауымыз керек екен. Ата-бабаларымыз ең алғашқы Алынша ханнан бері мұсылмандықты мойындаған. Ешбір дінді мойындамайтындарды «кәпір» деп атаған. Бұл жайлы деректер Әбілғазының «Түрік шежіресінде» көрсетілген. Біздің аталарымыздың соңғы ұстанған діні баршамызға белгілі Ислам. Қазақ баласының өзге дінге, сонымен қатар дәстүрлі діннен безіп, өзге ағымдарға өтуі ата-баба жолынан ауытқығандық болып табылады және ондайлар қазақ деген атқа ылайық бола аталмайды.
    Осы жерде өткен тарихқа сәл шегініс жасайтын болсақ, мына көрші Ресей империясына бодан болғанымыздан кейін Кавказ сыртындағы қазақтар (Закавказские казаки), Дон қазақтары (Донские казаки), Орал (Уралские казаки) т.б. ана тілдерін сатып, дінін ауыстырып «шоқынып» кеткендіктен олар басында ел арасында «шоқынды қазақтар», қазақ-орыстар, соңынан «казактар» аталып жүрді де, кейіннен таза орыс болып шыға келді. Шоқан (Уәлиханов) айтқандай, бүгінгі кез келген орыстың тегінің бетін тырнасаң астынан қазақ (татар) шыға келетіні бүкіл әлем елдерімен мойындалған шындық.

    - Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білуіміз қажет. Қазақта бұл жайлы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер

    • #31
    • 30
    • бн, 09/03/2017 - 1:03

    - Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білуіміз қажет. Қазақта бұл жайлы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын дер» делінеді. Тарих болғанда, қазіргі тарихшылардың айтып та, жазып та және ең басты мақсат етіп қойып жүргендеріндей, ұлы аталарымыздың туған немесе өлген күндері емес, олардың бүгінгі әлем мәдениетіне қосқан үлестерін және олардың аты-жөндерін біліп, сол үшін мерейленуіміз шарт. Келер ұрпақ сол ұлы аталарының ізгі істерін алға жалғастырып, олардан да асып түсуге, тіпті ең болмаса соларға ұқсап бағуға тиіс.
    Қазіргі көптеген Құран оқитындардың Құранды түсінбей жүргендерінің басты себебі олардың тарихатты мойындамайтындығында жатыр. Ал, Құран болса тұнып тұрған нағыз тарих пен ғылым. Онда адам баласының 70 мың жылғы тарихынан хабар беретін қаншама деректер келтіріліп, қаншама пайғамбарлардың, ұлы ғұламалар мен ұлы патшалардың атқарған игі істері мен есімдері аталады. Демек тарихатқа жүгініп, оны білмесең Құранды ешқашан түсіне алмайсың.
    Демек, Ата-баба тарихының жақсысын да, жағымсызын да білуге тиіспіз. Бұл бізге аталарымыз жіберген қателіктерге ұрынбай, жақсысын жалғастыру үшін қажет.

    - Құдай мен Құранды мойындамай, ата-бабаларыңның тарихын білмей адам баласының көзі ешқашан ақиқатқа жетпейді. Әрқашанда ақиқатты біліп, ақиқатқа жүгінген адам ғана Алланың сүйген құлы. «Алланың жолы ақиқат» делінетіндері де осыдан. Шындығында да, жер бетінде ақиқат пен әділетті іздемейтін адам жоқ. Тіпті өмір бойы Алланы мойындамай, адам баласына жақсылық жасап көрмеген, ең әділетсіз адамның өзі басына іс түскенде ақиқат іздейтіні кім-кімге де белгілі емес пе?! Демек, жоғарыда аттары аталған үш сатыдан (Шариғат, Тарихат, Ақиқат) өту әр бір қазақ баласы үшін парыз, міндет болып табылады.

    - Осы жоғарыда көрсетілген үш сатыдан өткенде адам баласының алдынан «мағрипат», яғни ғылым мен білімге кең жол ашылады. Адам баласы өз жанынан ғылым шығара алмайды, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезеді, көзбен көріп, ақылмен біледі. Яғни, тек қана жаратушы Алла тағалаға аян дүниелерге көзі жетеді.
    Көрсетілген үш сатыдан, яғни шариғат, тарихат және ақиқаттан өтіп барып жасалған ғылым халыққа қызмет жасайды, олардың аты ел аузынан ешқашан түспейді. Аттары әспеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мыңдаған жылдарға кетеді. Мысалы, Шопан атаны алайық, даланың жабайы аңы Архарды ең алғашында ұстап алып, қолға үйретіп, оны қойға айналдырған атамыздың аты Шопан. Сондықтанда бүкіл қазақ баласы Шопан атаны қойдың, қойшының пірі (ұстазы) деп ардақ тұтады. Сонымен қатар, Шопан атамыздың атын дәріптеп, ұмытпау үшін қой бағатын бүкіл малшы, қойшыны да шопан деп атай береді. Демек, Шопан атамыздың аты Қазақ пен оның ана тілі тірі тұрғанда өлмейді. Ал, үш сатыдан өтпей барып жасалған ғылым халыққа қарсы қызмет жасайды. Олардың есімдерін ешкімнің білгісі де келмейді және оларға қарғыс айтылады (Мысалы, адамзатты жаппай қыратын ядролық, нейтрондық, сутегілік қаруларды ойлап тапқан адамдарға қандай құрмет болуы мүмкін).
    Біздің аталарымыз осы төрт сатыдан өтіп, оларды толық меңгерген жандарды «әулие (әулеттің иесі)» деп атаған. Манқыстаудағы осындай әулиелердің саны 362.
    Ата-анамызды, бауырымызды қаншалықты құрметтеп қадірлесек, Отанды да солай қастерлеуіміз керек. «Отанды сүю-иманнан» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі бар. Ата дініміз Ислам Отанды сүю иманнан келетінін ашып көрсеткен. Демек, отан сүйгіш ұрпақты қалыптастыру үшін имандылыққа бет бұру уақыт күттірмес Алладан парыз болған амалды орындау. Намысымыздың температурасы жоғары болғанда, Қазақ елінде «Келін», «Тюльпан» секілді кино түсіріліп, халықаралық байқаулардан Қазақстан атынан танылып, телеарналарымызда көрермен назарына ұсынылып тамашаланбас еді. Ұялатын, намыстанатын нәрселер мақтанышқа айналып барады. Намысты қамшыламайтын бойкүйездікке, көнбістікке, бой үйрететін құндылықтар тым көбейіп барады...
    Біздер қолдағы алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүргенімізде: «1995 жылы Алматыдағы «Фатима» қорының ұйымдастыруымен ораза айында ғылыми конференция өтті. Ғалым Бангладештік Мұхаммед (ислам қоғамында қызмет істеген) баяндамасында Америка мемелекеті конституциясының 80 пайызы «Құран Кәрімнен» алынған деген пікірді ғылыми түрде дәлелдеп айтты (С.Дәуітұлы «Диуани Хикмет» хақында. Алматы-1998. 94 бет).
    Демек, біз Исламда қалуға тиіспіз... Ұлы аталарымыз қолдарына қару алып қорғап қалдырған бұл жолдан ауытқыр болсақ бізге өзімізді Қазақ деп атауға құқығымыз болмайды. Аталарымыз ескі діннен ислам дініне өтер кезеңде, өтпей қалғандарды ұлты мен ұлысына бөлмей жалпылама «Қалмақ», яғни жұртта қалған ел деп атаған. Қазақ пен Қалмақ текетірестерінің басты себебі де осы. Бұл «соғыс» әлі жалғасуда.

    Соңғы 4-5 жыл шамасында Алла адамзатқа әр түрлі аяндар арқылы Хақ жолынан ауытқып, нәпсіге құл болып, иманнан безіп, азғындап бара жатқанымызды ескертуде. Оған жаңа туған қозыға, алмаға, қарбызға, асқабаққа, тіпті ашық аспан да ақша бұлтпен жазылған «Алла» деген жазудың шығуы куә бола алады. Ал, мына Дағыстандағы 9 айлық Али Якубов деген нәрестенің денесіне хадистердің жазылып шығатыны, кім-кімді де Алланы мойындауға мәжбүр етеді. Қасиетті жазулар адамды тәубаға келіп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Краснооктябрь ауылында туған. Баланың әкесі Шәміл – милиционер, анасы – Мадина үй шаруашылығындағы әйел. Нәрестелерінің бойындағы қасиет оларды түбегейлі дін жолына түсірген.
    Алғашқыда ата-анасы тіл-көзден қорқып, нәрестенің денесіндегі жазуларды ешкімге көрсетпей жасырған. «Менің хабарымды пенделерімнен жасырмаңдар» деген жазу шыққан кезде жергілікті имамның үгіттеуімен елге жария етуге келіскен. (Жас алаш. №101. 22.12.2009 ж.)

    Енді осының үстіне өткен 2013 жылы Маңғыстаудың Қызыл төбе кентінде бір қарғаның үш күн бойы бағана басында «Алла» деп айғайлап «Азан» шақырып тұрғанын еліміздің БАҚ-тары жарыса жазды. Тура осындай жағдайға 2011 жылы Қарағандыдағы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елдімекенінің тұрғындары да куә болған болатын. «Ауыл қарғалары қарқылдағанда "Алла" деген сөзді анық естуге болатынын айтады. Бұл көрініс көптен бері қайталанып келеді екен. Тіпті тұрғындар сол сәтті, аңдып жүріп, бейнетаспаға да түсіріп алған. "Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет Алла деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық. Жүрді, бірақ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір, ақ рет түсірдік" (Ернұр Төлегенов-ауыл тұрғыны).
    Өткен Наурыз айынан пайда болған бұл құстар "АЛЛА" деген сөзді жиі емес, анда санда ғана шығарады екен. Әсіресе таң алдында шығады деп таң қалады ауыл тұрғындары.
    "Ұзақ кішкентай құс, мойыны, ақ. Ол таңғы таза ауада "Аллаһ" деп сөйлейді. Ал мына ала қарға „Алла“ дейді" (Қайыр Рахметуллин – ауыл тұрғыны).
    Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да Құдайға өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері». (Оқу үшін http://news.nur.kz/kk/198504.html).

    Біз жоғары да келтірілген деректерден Абай атамыз айтқандай, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» екенін және бүкіл тіршілік иелерінің Алла деп зікір салатынын көреміз. Тарихат жолын ұстанған сопылардың да салып жүргені осы зікір. Қазақи балалардың «Алақай» деп қуанатындары да Аталарымыздың «Аллаһай» деген зікір сөзі. Мешіттерде бес мезгіл намаз оқылар да, намаз оқудың басы бес мезгіл Азан шақырумен басталатыны да осыдан. Бұл да болса Ислам дінінің өз бастауын Әз (Қазақ) атамыздан алатынының айдай айғағы.

    Тарих тағлымы: Біріншіден, осы жолдарды оқыған бәріңізге Сопылық ілімді зерттеуге кеңес беремін.
    Екіншіден, Қазақ елін (мемлекетін) әр түрлі дағдарыстардан аман алып шығу, немесе тіпті ондайларға ұрындырмау үшін қазақтың әрбір отбасы қаражаты жетсе барлық балаларын, жетпесе әр отбасыдан, тіпті болмаса жақын туыстар бірігіп араларынан қазақтың ұлттық қасиетін бойларына толық сіңірген, ең талантты бір баласын білім бәйгесіне қосулары керек. Аталарымыз бұл қағиданы ежелден білген. Әйтпесе, «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деп айтпаған болар еді. Бұл біздің ежелгі ата-бабаларымыздай, әлем мәдениетінің қақ төрінен өзімізге тиесілі орынымызды иемденуіміздің кепілі болмақ.
    Үшіншіден, мемлекет құраушы ұлтты қадірлемейтін, ұлтың Ана тілін білмейтін, дәстүрлі дінінен ажыраған, адами қасиеті төмен, тек қана қарабасының қамын ойлайтын жемқор, парақор, ел билігіне араласатын жасқа жеткенше отбасын құра алмаған, немесе отбасын тастап кеткен мейірімсіз жандарды биліктің еш бір сатысына (тіпті бригадир етіп те) араластыруға болмайды. Адам ел билеу үшін, бірінші отбасын құруды, дүниеге ұрпақ әкеліп, оларға дұрыс тәрбие беруді және жағымды іс-әрекетімен елге үлгі бола білуді меңгеруге тиіс. Биліктің барлық сатысындағы лауазым иелеріне қиянатқа жол бермеуді және тек қана жақсылыққа жарысуды ұсынамын.

    ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БӘРІҢІЗГЕ ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ! ("Қазақтың ұлттық идеологиясы" атты еңбегінен).

    • #32
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 1:36

    # 30
    Казак шежирени кайдан алды, Адам ата Хауа анадан басталатын шежирен. Албетте Кураннан алды. Куран кимге тусти. Мухаммед с.а.с. тусти. Ол таза араб тилинде тусти.
    Ондан берги дин гуламалар не дейди. Турктин теги Нух г.с. улы Яфеттен деиди. Турк шежиресин жазган Абулгазы Бахадурхан не дейди. Турк, Яфеттин улкен улы дейди. Яфет оны хан сайлап кети дейди, озге улдарына.
    Кожырбайулы не дейди. Улкен ул тах мурагери , киши ул кара шанырак мурагери дейдиде, алшын казахтын киши улы ал адай алшыннын кенжеси дейди дагы. Айналдырып акеп Хандарды адайдан таратат.
    Сонда улкен ул тах мурагери ягни Уйсин кайда калды оган онын басы ауырмайт. Тусиндирипте береалмайт.
    Суйинбай Арон улынын

    Алшын алшын болгалы,
    Алим еди агасы,
    Хан кызы екен анасы,- дегенге ман бермейт.
    Алшын хан кызы урпагы болса, адай алшыннын кишиси болса одан хан калайша хан болат.
    Адай, алшынга кирме десен оган тагы ашуларын келип жындарын устайт.
    Адайдан хан шыгуы ушын, ол уйсиннин баласы болуы кек. Жане ол Алшынга кейин косылган болуы керек. Сонда барып еее мынау дурыс ак деуге бол.
    Жане Адайларды, араб жеринде омир сурген ад кауымынан таратуыда жон емес. Ад кауымы, Алланын кахарына ушырап жок боп кеткен хауым.
    Жане олар отте ежелги арабтарга туыс халык болган. Адайды ад хауымынан деумен, адайды араб текти кылып отыр. Оган ман берип бас ауыртып жаткан сендер жок.

    • #33
    • 33
    • бн, 09/03/2017 - 1:49

    32-Мадайға!
    "Алшын алшын болгалы,
    Алим еди агасы,
    Хан кызы екен анасы",- дегенге ман бермейт.

    Ол Біздің елде:
    "Алшын, Алшын болғалы,
    Әлім еді ағасы,
    Шолпан еді Анасы" делінеді. Осы Анамыздың аты аспандағы таң жұлдызына Шолпан деп қойылған. Қазақтың қыз-келіндерінің тағатын Шолпысына да осы Анамыздың аты берілген.

    Айтылған сөз атылған оқ. Әрбір сөзіңіздің осындай дәлелді айғақтары болғаны жөн.

    • #34
    • 34
    • бн, 09/03/2017 - 1:56

    "Кожырбайулы не дейди. Улкен ул тах мурагери , киши ул кара шанырак мурагери дейдиде, алшын казахтын киши улы ал адай алшыннын кенжеси дейди дагы. Айналдырып акеп Хандарды адайдан таратат.
    Сонда улкен ул тах мурагери ягни Уйсин кайда калды оган онын басы ауырмайт. Тусиндирипте береалмайт" дегеніңізге айтарымыз:

    Ол сұрағыңызға М.Қожырбайұлының "Қазақтың ұлттық идеологиясы" атты еңбегінде толық жауап берілген (http://ult.kz/post/kazaktyn-ulttyk-ideologiyasy)

    • #35
    • 35
    • бн, 09/03/2017 - 2:09

    Шежірені Арап сөзі дегеніңізге айтарымыз: Шежіре деген сөз ешқандай да арап сөзі емес. Шежіре қазақтың өз сөзі. Себебі, араптың өзі қазақтан тараған.
    "АРАБТАР ҚАЗ АДАЙ ШЕЖІРЕСІНДЕ
    Осы күнгі кейбір тарихшылар аузын ашса болды, Атам Қазақтың барлық сөзі мен тарихын өзге ұлттарға апарып телиді. Айтатындары орыс айтты, парсы айтты, арап айтты, қытай айтты болып кете береді. Тура бір қазақтың таңы соларсыз атпаған сияқты. Ақиқатында, мұның бәрі керісінше болған, яғни бүкіл әлем елдерінің тарихы өз бастауларын Қазық жұрттан (Қазығұрттан, Қазақтан) алады.

    Арабтар Анес сахабаның кезінде 125 таңбалы қазақтың құрамында болған. Біз бұның дерегін Адай – Келімберді - Мұңалдың - Жаулы - Ескелді аталығынан өрбитін Сүгір жырау Бегендікұлының (1894-1974) «Шежіре жыр» дастанынан табамыз:
    «Ыбырайым, Кенған екі ауыл
    Алжасып дінге таласқан,
    Кенғанның бір әулеті
    Іше берген арақ-шараптан.
    Ыбырайымның әулеті
    Келемесін қайырып
    Ақан таудың етегі (Ақ тау, Ақ Ман тауының М.Қ.)
    Арапа бізге болсын деп (Ардың апасы (анасы) болсын деп М.Қ.)
    Алты тақта араптан (Қазіргі Арап жұрты (Арабия) М.Қ.)
    Әжі барып дәм татты.
    Әжі білімді бұлақтан (Тәз әке білімінен, Тәжінің түбірі Әжі М.Қ.)
    Он сегіз мың ғаламды
    Сонда Сүлейменге сұратқан
    Мұсылман, кәпір бірігіп
    Араласып жүргенде
    Құлшылық үшін Құдайға
    Мұхамбетке үмбет болғанда
    Бір діндегі халықпыз,
    Атамыз Әнес сахаба,
    Мұсылманның баласы
    Жүз жиырма бес таңбалы
    Осы отырған көпшілік
    Сол Әнестің аумағы.
    Арабтар асып кетіпті
    Мекке, Мединә болад деп
    Мұсылман діннің қақпағы,
    Асан қайғы, Қазтуған
    Алты жұрт кеткен бұл жерден
    Әнестен туған Жабал-ды,
    Түп атамыз Майқы би,
    Жайылхан мен Сейілхан.
    Сейілханның баласы
    Сегіз арыс түрікмен
    ...Қазақ пен Қалпақ бір туыс
    Жақын екен арасы,
    Қазақ пен Қалпақ - екі ауыл
    Алау батырдың баласы,
    Қалпақ екен ағасы.
    ...Ақарыс пен Жанарыс,
    Кішісі – атам Бекарыс –
    Үш ананың баласы. («Жыр дария», 448-449 беттер). Жыр оқиғасы Маңғыстауда, яғни қазіргі Ақтау қаласы мен Кендірлі аймағында болғаны және олардың ол жаққа осы өңірден кеткені «Араптар асып кетіпті» деп айтылып тұр.
    Ыбырайым ауылы – Алшыннан тарайтын Шыбынтай (Қыпшақтар), яғни Балықшылар. Шыб пен Қыптың түбірі (түбі, атасы) Ыб (ып) болатыны осыдан.
    «Қазақ бір деген ел едік,
    Қайырлы халық атанған.
    Өсіп өнген қатардан:
    Үйсін, Арғын, Алшын деп,
    Үш жүз болып атанған» (Қашаған «Бес ғасыр жырлайды». Алматы, 1989. 101 бет).
    Кенған ауылы – шежіреде айтылатын ағайынды Алшын мен Кеншіннің кішісі Кеншініміз осы. Кеншіннен жетіру тарайды. Жетірулар әлемге әйгілі Рим империясының негізін қалағандар. Кенғанның топономикалық айғақтамасы Маңғыстаудағы Кендірлі шығанағы.
    Жырда алты тақта арабтардың 125 таңбалы қазақтан бөлініп шығып отау тіккені, қазақтардың күні кеше Алтын Ордадан жаңа отау болып бөлініп шыққан өзбектерді «өз ағам» дегені сияқты, Қарақалпақта Қазақтың ағасы делінеді. Жырда Қазақтың қарашаңырақ иесі екендігі айқын суреттеледі. Ал арақ-шарапты іше беретін Кенғанның бір әулетінің жолын қуушылар бүгінгі батыс, славян (орыс) елдері екендігі ешкімге де дау туғызбаса керек. Жырдағы «Он сегіз мың ғаламды, Сүлейменге билеткен» аса білімді Әжі бабамыздың бейіті де осы Манқыстауда, Таушық кентінің терістік жағында 13-15 км. жерде, күні бүгінде де «Әжі баба» әулие деп аталады.
    Ал, Сүлейменге келсек, он сегіз мың ғаламды билеген Дәуіттің ұлы Сүлеймен (Сүлей-Ман) атамызда қазақтың нағыз бел баласы. Әйтпесе, оның Сүлей деген аты қазақ елі арасында «Сүлей» - «Ол, нағыз Сүлейдің өзі ғой» - деп, ең бірінші, ұлы деген мағынада қолданыста болмаған болар еді. Сүлей Ман – Сүлей Манның баласы деп айтылмаған болар еді. Қазақтың «Сыр сүлейі», «жыр сүлейі», «күй сүлейі» дейтіндері осыдан. Сүлейменнің тегі қазақ болмаса, оның есімі қазақтың сөздік қорында осындай мағына да қолданылмаған болар еді. Сүлеймен пайғамбар Сыр өңірінде (қазіргі Түркістан) ғұмыр кешкен. Сүлейменнің анасы Япа сол өңірдегі Ақмешіт жерасты мешітіне жерленген делінеді. Сыр сүлейі деген сөздің толық мағынасы, Сүлеймен Сыр өңірінің ұрпағы (баласы) деген сөз. Шынында да ұлы Атамыз осы өңірде ғұмыр кешіп, осы өңірден «он сегіз мың ғаламға» әділдікпен билік жүргізген. Сүлейменнің ата жұрты бүгінгі қазақ даласындағы Манқыстау мен Сыр өңірі.

    Арабтар кезінде қазақты өздерінен таратуға тырысқан. Ол жайлы Шәкәрім атамыз:
    «Арабсың» деген сөздің түбі шірік.
    «Пәленше сахабаның затысың» деп,
    Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.
    Адамның тұқымынан — Нұқ пайғамбар,
    Үш ұлы — Хам, Сам, Яфас, міне, осылар.
    Яфастың бір баласы Түрік деген,
    Өрбіген сонан өсіп талай жандар.
    Болады араб жұрты — Самның ұлы,
    Біледі шежіренің бәрі мұны» (Ш.Құдайбердіұлы «Қазақ қайдан шықты»).
    Қазақ халқы, сонымен қатар әлем халықтарының көпшілігі көшпелі Арабтарды ежелде, тіпті күні бүгінде де Ағарлар (Агарияне) деп атайды. Ағардың сөз түбірі Аға ғой. Демек, Арабтар да жоғары да көрсеткенімдей Қарақалпақ, Өзбек сияқты Қазақтан енші алып бөлек шыққан көп баласының бірі. Осылайша, әлем елдерінің барлығы да қарашаңырақта отырған қазақтар үшін «аға» болып табылады. «Құрайыш тайпасы Меккедегі текті тайпалардың бірі екенін жұрт біледі, ал Мұхаммед сол Құрайыштың бұрынғы өткен атақтыларының атасы – Қосай әулиенің тікелей ұрпағы екеніне ешкім де шек келтіре алмайды. Насаралар мен яһудилер құрайыштардың, яғни көшпелі арабтардың (агаряндар) Исмаил мен Ибрагим ұрпақтары екенін атам заманнан біледі. Мұхаммедтің өз әкесі Абдолла туралы да Мекке жұртында ғибратты әңгімелер жеткілікті» (А.Құнтөлеуұлы «Мұхаммед Пайғамбар» Алматы-2003. 124 бет).

    Жалпы бүкіл әлем Арабтарға теліп жүрген Ислам діні Қазақ қағанаттығының аясында дүниеге келген. Тура осыған ұқсас пікірді Б.Рүстемовтың «Тарих және заман үндестігі» атты еңбегінен табамыз: «Ислам тарихы жалпы әлемдік, мұсылмандық және түркі өркениетінде маңызды орын алады. ...Пайғамбардың ісін жалғастырушы алғашқы ұлы тұлғалар Әбу Бәкір, бұдан кейін Омар, Оспан және Әли. Олардың кезінде мемлекет басқару Халифат, ал билеушілер – халифтер деп аталды.
    Әкеден балаға беріліп келген ғасырлар бойына жинақталған білімнің, тәжрибенің және олардың өздері жергілікті тұрғындар арасында құрмет пен беделге ие болуының нәтижесінде, олардың кейбіреулері билеуші мен дін басына айналды. Баба түкті Шашты Әзиз (8-9 гасырлар) Әбу Бәкірдің ұрпағы болып табылады. Ол өз заманында билеуші (Меккенің), әйгілі дінбасы болды (бүгінде сүйегі Оңтүстік Қазақстан облысының Құмкент ауылында). Оның әкесі Керемет Әзіз де Меккені билеген. Құмкентте туған құдіретті билеуші Едіге де Баба түкті Шашты Әзіздің ұрпағы, оның кезінде, Ақсақ Темір қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда анағұрлым қуатты империяға айналды. Мөңке би Едігенің ұрпағы саналады. Әйгілі қазақ батырлары Есет пен Бекетте Едігенің ұрпақтары. Едіге би мен Мөңке би жайында профеессор Мұхтар Құл-Мұхаммед ауқымды әрі танымдық ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Тамыр желісі Әбу Бәкірге келтірілетін әйгілі орыс князы Юсупов та Едігенің ұрпағы. Алтын Орда хандарының бірі Мамай да (Ресейдегі Мамай қорғаны Мамайдың құрметіне аталған) Әбу Бәкірдің тегінен. Мамайдың шөбересі Русь тарихында Ұлы княгина аталды, ол Иван Грозныйдың шешесі» (Жұлдыз 11-12 2006 жыл. 142 бет). Жоғарыда көрсетілген Халиф лауазымы да өз тегін Манқыстаудан алады. Қалипан атамыздың өмір сүрген және жерленген жері де Манқыстау. Қалипан атамыздың қорымы орналасқан жер Ақтау қаласы мен Форт Шевченко қаласының арасындағы тас жол бойындағы Сайын Шапағатов елді мекеніне жақын жерде.
    Арап, Арабия – сөз түбірі Ар. Иә, Иә кәдімгі өзіміздің Арыстар дегендегі Арымыз. Ар сөзі күні бүгінде де қолданыста. Намыс сөзінің баламасы. Әр азаматтың қорғауға тиісті ары мен намысы: Ар-иманы, Атамекені, Отбасы.
    Тарих тағлымы: Адам да осы үшеуі түгел болмаса ондай адамдарды Ұлы Аталарымыз Арсыз деп атаған.
    Арап атауы Арабия тұрғындарының жалпылама атауы. Арап деген атауды оларға берген біздің аталарымыз. Толық мағынасы жоғарғы жырда айтылғандай «Ар Апа». Аналық текті білдіреді. Қаз Адай шежіресінде Ар қорғаушылардың қарашаңырағы Адай – Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары болып таратылады. Жары руы атауының сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) «Ар» болатыны осыдан. Атам Қазақ та сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылысқан емес және жаңылыспайды да. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни білім деңгейлері мен ақылдары ғана.
    «Қазақтан үш бала – Ағарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бекарыстан – Алты Ата Әлім (үлкені), Жетіру, он екі Ата Байұлы (кенжесі). Он екі Ата Байұлының үлкені Алаша, кенжесі Адай.
    Адайдан екі бала – үлкені Құдайке, кішісі Келімберді.
    Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке, кішісі Қосай.
    Келімбердіден алты бала: үлкені Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Жеменей, Тобыш және кенжесі Мұңал. Мұңалдар Адай атаның кенже немересі, яғни олардың қарашаңырағының иесі. Адай атамыздың жаққан оты Мұңалдарда, сондықтан олар «Мұңал ошақ» деп аталады» (Қаз Адайдың шежіре дерегінен).
    «Арабия түбегінде Ислам діні пайда болғанша арабтар тайпа-тайпа болып көшіп-қонған. Тағдырлары нағыз біздің қазақ қоғамындағы тайпаларға ұқсас. Олар да ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып дәстүрлерімен өмір сүріп, әрбір тайпа немесе ру басында ақсақалдар «шейх» отырған. Олар әсіресе «қанға-қан», «көзге-көз», «жанға-жан» дәстүрін мықты ұстаған, яғни құн кегін бүкіл ру болып, міндетті түрде қайтарған.
    Арабтар тайпалық құрылымның жөн-жоралғыларын қатаң сақтаған. Бұл салт мыңдаған жылдар бойы елеулі өзгеріске ұшырамады десе де болғандай. Тайпалар, рулар шаңырақтарға, аталастарға бөлінді.
    Араб елі қонақ болуды жақсы көреді және өздері де қонақжай. Қонақжайлық дәстүрлерін киелі қағида санайды. Қонаққа кең дастархан жайып, барын беріп сыйлайды. Мойнына қан жүктеген қонақтың өзінен дастархан үстінде кек қайтарылмайды. Ата жауың болса да, құрулы тұрған үйіңнің босағасынан ішке бас сұқса болды, қаның қарайып тұрса да, өшпенділік қолданбайды. Түтін түтеткен ошағыңның табалдырығынан аттаған мейманға, құй қара болсын, құй төре болсын мейлі, соңғы қой, ақырғы түйе сойылады. Мейманды күте алмау сүйекке түскен таңбадай, өйтіп жер басып жүргеннен, тірілей жерге кіргеннің өзі артық. Қонақ адам иіс шыққан жерге түтін аңдып келмейді, от иесінің құрметіне, абырой-даңқына бола келеді, қонақ – қырықтың бірі қыдыр, қонақ әлемде, айнала төңіректе не болып жатқанын айтушы, жақсының да, жаманның да жыл құсындай хабаршысы, қонақ қуаң шөлдегі құдық суындай білімнің де, ілімнің де бұлағы. Қалай дегенмен де, көшпенді араб тайпаларының дәстүрі бойынша, дәл біздегідей қонақжай болудың мәні орасан зор.
    Араб тайпаларының салты бойынша, басына бөрік киген әрбір еркек кіндік – сарбаз санына жатады. Олар жайылымдарын, құдықтарын, мал-мүлкін, бала-шағасын ат үстінде жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғады, көршілермен татулық, достыққа серттесіп, мүмкіндігінше уәделерін бұзбауға тырысты. Олар одақтар құрып, ауызбірліктерін қыз беріп, қыз алу арқылы құдаласу жолымен нығайтып отырды. Әлсіз, адам саны аз тайпалар өзара бірігіп, не мықты тайпалардың қол астына өтіп, әу баста азан шақырып қойған аттарынан айырылып қалған кездері де болды.
    Ал, кейбіреуі жан-жақты, ауқатты тайпадан бөлініп шығып, өз алдына бөлек ру құрады. Бірақ олар, түпкі аталарының атын жоймай, «бану», яғни баласы деген қосымша анықтаушы дәстүрі де болып отырды. Оларда жеке бастың еркіндігі қатаң сақталатын. Дейтұрғанмен де, арабтар өз тайпасына аса жауапкершілікпен қарады. Егерде кімде-кім ортақ ережені бұзса, тайпаластары оны тасаттық істеп, өз арасынан аластай алатын, тайпасынан қуылған адам мүсәпір қалге түсіп «қали» атанатын. Ол барлық адамгершілік қасиетінен айрылып, тайпа дәстүрінен тыс қалатын.
    Арабтар өз тайпасының алыс-жақын аталастарымен тығыз байланыста болды. Туыстықтың «алыс-жақынына» айрықша мән берді. Жақын туыс қуаныш қайғыңды бірге көтеретін қандас-мұңдас одақтасың, кек алу солардың мойнына бірдей жүктеледі, туыстықтың алыс-жақыны, әсіресе өлгеннің соңындағы мұрасын бөлу кезінде аңғарылады. Арабтардың салты бойынша, мұрагер жақын туысының мал-мүлкіне ғана ие емес, оның атақ-даңқ, кісілік қасиеті мен бетке шіркеу қылықтарына да, сол сияқты алажақ-бережақ қарыздарына да мұрагер. «Жақсыдан жақсы туады, жаманнан жаман туады» - арабтар осы қағиданы берік ұстаған. Сол себепті де өз нар түйелерінің тұқым-тұқиянына дейін жақсы білетін арабтар ата тектеріне ерекше мән беріп, жеті-сегіз атасын жатқа айтады.
    Көшпенді жұрттар сияқты, арабтар да әйел ешқашан еркекке теңестірілмеген. Көбінде үй шаруашылығымен айналысқан әйелдің міндеті – қазан-ошақ, ас-су қамы. Ол бала өсіріп, ұл-қыз тәрбиелейді. Мал бағу, егіншілік кәсібі – еркектердің маңдайына жазылған төл ісі. Қыз бала жөнінде, бойжеткенше қызына әкесі қожа, босаға аттаған соң оған байы қожа. Байы өлсе, оның аға-інілерінің біріне мирас.
    Шамаң келсе, қалағаныңша әйел ал, оған арабтарда шек қойылмайды. Көп тоқалдың бірі болу – әйел басына бақ-даулет әкелмегенімен, балары аш, жалаңаш болмайтын.
    Әйелдер араб салты бойынша ер адамдар мен тең дәрежеде болмағанымен, күнделікті тірлікте тап сондайлық, өлтірсе үні шықпайтындай бейшара емес-ті. Себебі ол әйелдің де сөзін сөйлер еркек кіндік туыстары бар. Оларды есептен таза шығарып тастау – екінің бірінің қолынан келмейтін. Сондықтан жазықсыз әйелді талақ етіп тастамас бұрын, еркектер түн ұйқысын төрт бөліп ұзақ ойланады, ал тастаған жағдайда, оның ұзатылып келгендегі жасауы мен дүние-мүлкін еркек басымен тартып алу не қысымшылық жасау-бұрынғы қайын жұртымен арақатынасты үзді деген сөз, яғни араз болу. Арты үлкен дау-жанжал. Ұл тапқан әйелдің мерейі ерінің ағайындары арасында бірден-ақ аспандап сала береді. Ол ұл емес, ертеңгі нан табар жұмыскер мен найза ұстайтын сарбазды дүниенің жарығына келтірді деген сөз. Қызыл шақа ат байлар тал бесікте іңгәләп жатып-ақ шешесін қорғай білді.
    Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары бойынша, арабтардың Мұхаммед Пайғамбар шыққан құрайыш тайпасында некелесу, не ажырасу жәйіттері де неше түрлі болды. Некелесіп тұрмыс құрудың бірінші жолы – еркек жағы қыз жағының үлкендеріне елші жіберіп, келісіп, қалың мал, т.б. әртүрлі сыйлықтар дайындау арқылы құда түседі. Ал бай болсын, жарлы болсын, қалың мал, киіт, ілу және сүт ақы – осы үш нәрсе ешқашан тоқталмады. Ол «ата күші, ана сүті» деп қалыптасқан әдет-ғұрып.
    Ілу – қыз берген жақтың киітіне қарсы берілетін ырым. Мысалы, киітке жамбы болса, күйеу жақтан ілуге жамбы беріледі, қыз жақтан түйе, ат берілсе, күйеу жақтан ілу де солай беріледі. Ал «сүт ақы» ілуден бір дәреже төмен, ілу жамбы болса, сүт ақы – түйе, ілу түйе болса, сүт ақы ат болады. Арабтарда «өлі-тірі» аталатын тағы бір ғұрып бар, оған бір мал немесе зат беру керек. Өлі-тірі берген соң, дәстүр бойынша күйеу жігіт қалыңдығына жасырын барса да айып болмайды.
    Араб тайпалары жазы-қысы жүні түтелген ескі қара киіз үйде тұратын. Осындай үйді қалқитудың көп қиындығы жоқ, он шақты сырықты жерге қададың да, киізбен тұмшаладың. Киіз үйдің жан-жағынан қазық қағып, киіздерді жел баулармен байлап тастайтын. Мұндай үй қара жердің топырағын суырған жел-құзыңа да мыңқ етпейтін. Жауын-шашын болған кезде қосқа су кірмеу үшін, шатырдың етегін топырақпен көміп, айналасына ор қазып тастайды. Қостың іші әр кезде киіз шымылдықпен екіге бөлінеді. Бір жағы әйелдер мен балаларға, екінші жағы – еркек кісілерге. Жерге киіз, текемет төсейді, олар жантайсаң жастық, қисайсаң төсек болады. Қазан көтеріп, от жағатын ошақ киіз үйдің ортасында, түтін түндік арқылы бұрқырап таза ауаға көш асады, ал отынға түйе жапалары мен құла түзден шауып алған қураған бұталарды жағады. Міне, бұл табиғи құбылыстар ежелгі қазақ тайпаларына да тән құбылыс екенін тарихтан білеміз. Тегінде, қазақтардың әдет-ғұрпының дені араб тайпаларының тұрмыс-тіршілігіне ұқсас болғанын көреміз.
    ...Көне араб тайпаларының дәстүрі бойынша, бір атадан туған екі ер баланың біреуі қара шаңырақты, яғни отауды ұстап қалады да, ал екіншісі ол шаңырақпен қош айтысады. Жоғарыда айтылған аңызға қарағанда қара шаңырақтан кімнің кететінін Ибраһимның бәйбішесі Сара шешкен. Сөйтіп, Ибраһим тұла бойы тұңғышы Исмаилды жібергісі келмегенмен, ата-баба салтынан асып кете алмаған» (Аманбай Құнтөлеуұлы «Мұхаммед Пайғамбар» Алматы. 2003 33-38 беттер). Олардың да қолданатын ата-салты дәл біздегідей «үлкен ұлдар енші алып, бөлек отау тігеді де, ең кенжесі қарашаңырақта қалады».

    «Қазақтар секілді Арабтарда ән мен жырға құмар болып, кез келген араб өз жанынан өлең шығара алған» (Құран. Алматы «Білім» қоғамы. Москва, 1990. 645 бет).
    Арабтар Ү11 ғасырда Ислам дінін қабылдағанға дейін біздер сияқты 360 әулиені кие тұтқан. «Біз Мұхаммед 630 жылы Меккеге барғанда 360-пұт құдайды Қағбадан шығарып тастағанын жақсы білеміз» (Құран. Алматы. «Білім» қоғамы 1990. 629 бет).

    «Түркілер арабтарды «тәзік» деп атаған, осыдан шығарып, Тәзекелер, абараб не арабтан келгендер деген ұғымды білдіретініне көз жеткізуге болады» (Бұл деректер Ә. Спан мен М. Абылханның «Ермембет би» атты кітабындағы Әнес Сарайдың алғы сөзінен алынды (8 бет).
    Бұл деректің құндылығы, сол замандардағы түркілердің Арабтарды Тәзіке деп атауында. Адайлардың шежіре дерегі бойынша Тәзіке Адайдың бірінші немересі, яғни бірінші буыны болса, Араб пен Еврейлердің атасы Семиттер Адайдың жетінші немересі Бұзаудан тарайды. Бұл Адай шежіресінде айқын көрсетілген.
    Араб пен ебрейлер өз тектерінің қайдан шыққанын өте жақсы білген. Әйтпесе олар әлемге әйгілі қалаларының атын Меке (Ман әке) мен Мадина деп атамаған болар еді. Меке – Ман әке деп, аталық текті білдірсе, Мадина аналық текті білдіреді. Екі қаланың атауы да біздер Маңғыстаулық МАД (Ма Адай-Қара) патшалығынан шыққанбыз деп айғайлап тұр.
    Арап - Ар Апа. Арабиядағы екінші діни астананың қыз бала есімімен Мадина аталатынының сыры осы. Қазақтың жалпақ сөзімен айтқанда бүгінгі Араптар мен Еврейлер бізге жиен болады. Жиен деп Атам Қазақ Қыздан туған ұрпақты айтады. Апа (Аба) деген түбірден туындайтын Папа мен Бабаның тегі осы. Атам қазақтың Ата-Баба дейтіндері де осыдан. Мына көрші орыстардың әйелдерін Баба дейтіндері де осыдан.

    Тарих тағлымы: Бөлінгенді бөрі жейді. Бүгінгі Арап елдеріндегі болып жатқан аласапыран осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.
    Қазіргі жастарымыздың әкелерін әке демей папа деп атаулары, қазіргі қазақтың өз ата-тегінен ажырап бара жатқанын көрсетеді" (М.Қожырбайұлының "Қазақ тарихыынң құпиялары" атты еңбегінен).

    • #36
    • 36
    • бн, 09/03/2017 - 2:22

    "Жане Адайларды, араб жеринде омир сурген ад кауымынан таратуыда жон емес. Ад кауымы, Алланын кахарына ушырап жок боп кеткен хауым" дегеніңізге айтарымыз:

    Жоқ болған жалғыз Ад қауымы емес, талай қауымдар жоқ болған.

    Оның себебі М.Қожырбайұлының мына мақаласының ішінде толық көрсетілген. "Тарихаттан жеткен ақиқат, немесе қауымдар қалай жоқ болды" http://www.elarna.com/oku_kk.php?id=1601

    • #37
    • 37
    • бн, 09/03/2017 - 2:28

    "Жане олар отте ежелги арабтарга туыс халык болган. Адайды ад хауымынан деумен, адайды араб текти кылып отыр. Оган ман берип бас ауыртып жаткан сендер жок" дегеніңізге айтарымыз:

    "ҚАРАШАҢЫРАҚТА БӘРІ БАР. Кіші Жүз рулары аты айтып тұрғандай, Қазақтың үш ұлының ең кішісі, яғни Қазақ атамыздың қарашаңырағының иесі. Екі ағасының (Ұлы жүз бен Орта Жүздің) кенже інісі. Олар Бекарыс деп аталды. Ал, Кіші Жүз-Бекарыстың, сонымен қатар бүкіл қазақтың қарашаңырағы Он екі ата Байұлы, Он екі ата Байұлының қарашаңырағы Адай, Адайдың қарашаңырағы Мұңал болып табылады (әлемге әйгілі Шыңғыс қағанның руы осы). Атасының бар білгенін және оның ұрпақтарына арнаған аманатын тек қана кенже ұл алып қалады емес пе?! Атам Қазақтың Ата салтының, дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының, тілі мен дінінің, бүкіл шежіре дерегінің Маңғыстаулық Адайларда толықтай сақталуының сыры осы.

    «Адай шежіресі» бойынша Адайдың екі баласы бар. Үлкені Қу Адай әке (Құдайке), кішісі Келімберді (Ман). Құдайкеден екі бала, үлкені Тәзіке (Таз әке), кішісі Қосай. Келімбердіден алты бала, үлкені Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Тобыш, кенжесі Мұңал. Барлығы екі бала, сегіз немере, яғни он буын ұрпақ. Әгілі Нұрым жыраудың:
    «Адам – Сафи баласы,
    Бір теректен сан бұтақ,
    Дүниеге келген сан болып
    Буын-буын тақталы» деп жырлайтыны осыдан («Бес ғасыр жырлайды» Алматы.1989. 129 б).

    Адам атаның қарашаңырағы Адайдың кенже немересі Мұңалдың сөз түбірі «ұң, (ұн, үн)» болып тұр. Өздеріңіз көріп отырғандай, «бидай» мен «нанның» авторлық құқығы Би Адайларда жатса, «ұн» мен «мұнайдың» авторлық құқығы Мұңалдарда жатыр. Аспандағы күннің түбірі «үн» болатыны да осыдан. Демек, Күн – Қу (Құдайке) және Үн (Мұңал) деген екі біріккен сөзден тұрады.
    Күн қағанатының бастауы осылар. Күн, Гүн, Ғұн, Гүнуу, Ғұнну бәрі синоним.

    Ал, мұңалдың монғол атанып жүргеніне келсек, монғолдың сөз түбірі «он». Мұңалдар Адам атаның оныншы буын ұрпағы болғандықтан ғана монғол деп аталып, бұл ұғым бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалды. Әлем тарихындағы сегіз оғыз, тоғыз оғыз, он оғыз, сегіз оқ, тоғыз оқ, он оқ атты ел атауларын еске алыңыз. Оғыз – Оқ (оғлан), яғни ұл мен қыз деген сөз.

    Ең жоғарғы сана (санаудың) иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың қалауымен Адам (й) ата ұрпақтары сандық жүйені меңгерді. Біз қолданып жүрген сандардың бәрі осы сандарды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі. Сандық жүйе олардың дүниеге келу рет санын береді. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-а, 2-ә, 3-б, 4-г, 5-ғ, 6-д, 7-е, 8-ж, 9-з, 10-и т.т. деген дыбыстық таңбаларын қолданамыз.
    1 саны (бірінші буын) Адам Атаның, яғни Адайдың екі баласы Құдайке мен Келімбердінің сандық атауы.
    2 саны (екінші буын) – Адай Атаның бірінші немересі Тәзіке (Тәз, Тәж әке, бүгінгі атауы Қазақ), сөз түбірі Әз әулие атамыздың есімі. Таз, Тәз, Тәж, Қаз синоним. Қазақтың хандары мен қағандарыынң бас киімдерін Тәж деп атайтындары осыдан. Аталарының өзі түгілі аттарында басына көтеріп бас киім етіп киіп жүрген.
    3 саны (үшінші буын) – Адай атаның үшінші немересі Қосай, бұл Нұқ пайғамбардың атасының (руының) есімі. Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға кететін «көш» осы екі буын, яғни Құдайкенің екі ұлының елі.
    4 саны (төртінші буын) – Құнанорыс (Рысқұл), бұл баяғы Нұқ пайғамбардан тарайтын қауым, Шежіредегі Адайдың кіші ұлы Келімбердінің бірінші баласы, яғни Адайдың 4-ші немересі.
    5 саны (бесінші буын) – Ақпан. Аға мен Ақиқатқа түбір, яғни Ата болған осы Ақпандар, яғни Сақтар. Сақтың түбірі Ақ болатыны осыдан. Бүгінгі балалардың біліміне баға бергендегі бір өте жаман, екі жаман, үш қанағаттанарлық, төрт жақсы, бес өте жақсы деп баға берілетінінің сыры осы. Аға мен Ақиқатқа бес деген баға беріліп отыр.
    6 саны (алтыншы буын) – Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ). Біздің Ал, Алғи, Алан, Алаш, алты Алаш деген ұғымдарымыздың бәрі осының ішінде.
    7 саны (жетінші буын) – Бұзау (Айтумыс пен Жеменей). Қазақтың туыстығы бөлінбейтін, қыз алыспайтын жеті аталық жүйе, қасиетті жеті санының авторы осылар.
    8 саны (сегізінші буын) – Семит (қазіргі Еврей мен Арабтардың аталары, жеті санын иемденген Жеменейден бөлінеді) Олардың өз шежірелерінде де осылай жазылған. Сегіздің түбірі егіз. Демек, «сегіз кіммен егіз?» деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Әрине сегіз тоғызбен егіз бола алмайды. Себебі тоғыншы ұрпақ, сегізден бір буын кейін тұр.
    Мына көрші орыстар жетіні семь, сегізді восемь деп атап, өздерін біз жеті - Жеменеймен егіз емеспіз, біз жетінші буын Жеменейдің ішінен шықтық, біз Жеменейдің баласымыз деп отыр.
    Адамзаттың туыстықтарының бөлінуі осы сегізден басталады. Мысалы, әлемдік кез-келген сайыстарда, жарысқа жеті ел қатысса, ол сайыс халықаралық сайыс деп аталмайды. Халықаралық сайыс деп, қатысушылар саны сегізден асса ғана саналатынының сыры осы. Адамзаттың бөлінуі Семиттерден басталады.
    9 саны (тоғызыншы буын) – Тобыш. Сөз түбірі «об, ов». Мына көрші орыстардың өз тектерін Иванов, Петров, Сидоров деп жазып жүргендерінің сыры осы.
    Бізге тегімізді олай жазуға болмайды. Себебі, олай жасасаң өзіңнің тоғызыншы буың ұрпағына бала болып шығасың.
    10 саны – Мұңал (монғол). Өздеріңіз көріп отырғандай, 5 саны (5 деген баға) Ақиқатқа берілген, ары қарай алты мен Балықшы, жеті мен Жеменей, сегіз бен Семит, тоғыз бен Тобыш, он мен Монғол (Мұңал) түбірлес (бір атадан) болып тұр.
    Адайдың қарашаңырағы Мұңалда, сондықтан олар «Мұңал ошақ» деп те аталады.
    Ал, Біздің билік қазаққа орыс, ағылшын т.б. тілдерді зорлап үйретуге тырысып жүр. Бізге оның көк тиынға да қажеті жоқ. Себебі, Атасы немересі, шөбересі, шөпшегі т.т. тіл мен шежірені үйренбейді.
    Ал, Мен Сіздерге Атам Қазақтың сөз жасау қағидасын, рулық шежіресін және сөздердің сөз түбірін («өз түбін», яғни сөздің атасын), қазіргіше айтқанда «авторлық құқығын» толықтай меңгеріп басшылыққа алуға кеңес беремін. Сонда ешқашан жаңылыспайтын боламыз. Бұған күмәніңіз болмасын.

    Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша АДАЙ (М) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.
    - А – дыбысы Алып бидің де (Әліппе), сонымен қатар барлық дүниенің де бастауы.
    - Ад (Ат) – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. Атың кім?; б. Қолға үйретілген, мінетін ат. «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.
    Сандық жүйе бойынша Ад 1-6 реттік жүйені құрайды. Алғы Алаштардың Алты санымен белгіленетіндерінің сыры осы. Ал, «Т» дыбысы толып толысқанды білдіреді. Ат (Ата) – Ад (Ада) толып, толысып Атаға айналып тұр. Ат есептік жүйе бойынша 1-23 санын құрап Ад-тан көп кейін тұр.
    - Ада (Ата) – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни үйіңнің қақ төрінде отыратын әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың;
    ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы;
    б. Ада. Ада болу – көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.
    Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық!». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі. Аспанда Ай жерді айналады, жерде әйел ерді айналады.
    - Дай (Тай) - ежелгі халық, Адам ата ұрпақтарының ру-руға, тайпаға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи), Дайлар, Дай жұрты (Дай жуыт) аталғандар осылар. Бұл баяғы Парсы патшасы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Сақ (Масагет) ханшасы Тұмар ханымның елі. Сол дайлардың әлемге әйгілі патшасы Бәлидің ұрпақтары, күні бүгінде де Адай-Қосайлардың арасында ру (ата) атын сақтап отыр.
    Сол Дайлар қайда кетті? Олар ешқайда да кеткен жоқ. Сол ежелгі Атамекендерінде әлі отыр. Олар қазір Адам Атасының және Қазақ Атасының қарашаңырағына ие болып, Адай атанса, оның ұрпақтары Тай – Тай жұрты (Тайжуыт), Алтай деген атпен белгілі Алтай хан, Алтай атты тау мен Алтай атты елді қалдырды. «Аттың орнын тай басар (Адтың орнын дай басар)» деген қазақ мақалының толық мағынасы осы. Бұл тұжырым дауға жатуға тиіс емес.
    - Адай (Ата-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының»
    иесі деген мағына береді. Әйтпесе, ежелгі ғұламалардың барлығы дерлік және олардың бүгінгі көптеген ұрпақтары өз тектерін Қожа Ахмет Иассауи, Әбунәсір Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Фердауси, Ахмет Жүгінеки, Әл Бухари, Әбу Райхан Бируни, Молда Мұхаммет Адайи, Сайфи Сарайи, Махмұт Қашқари, Қадырғали Жалайри, Мұхаммед Хайдар Дулати, Әкім Тарази, Тұңғышбай Әл Тарази, Қайрат Мами т.т. деп жазып, қазіргі «ов» пен «евтердің» орнына қолданбаған болар еді. Бұл қағида көптеген шығыс елдерінде күні бүгінде де қолданылады.
    - Адам (Ата-м). М – тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің (кей деректерде жиырма млн-нан астам делінеді) бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, ағам, інім, балам, немерем, шөберем, басым, аяғым, көзім, құлағым, елім, жерім, атамекенім, айым, күнім, жарығым, жұлдызым т.т. болып кете береді. Қазақта "М" дыбысы қосылмайтын бірде-бір сөз жоқ.
    Ал, Адай (Атай) ма, әлде Адам (Атам) ба, қай ұғым бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам (Атам) деген ұғым Адайдан (Атайдан) кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айттық. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей «Адай шежіресі» делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған Адайдың жетінші буын ұрпағы Бұзау-Жеменейлер болатын. Жеті - Жеменейлердің сандық атауы. Жеті санының қасиетті саналатыны осыдан. Екеуінің «Же» деген бір түбірден басталатыны да осыдан. Өзіңнен тараған ұрпағың жеті атаға жетсе - жетістің, жетпесе жетімсің. Атаң мен Анаң болмаса да жетімсің.

    Енді осының үстіне кезінде әлем астанасы болған ежелгі МАД (МӘД) патшалығын қосып қойсаңыз тіптен де жаңылыспайсыз.
    - МАД (МӘД) қысқартылған сөз. Толық мағынасы Ман Адай (ежелгі әлемдік патшалық (Қара: Алтай халықтары жырлайтын «Маадай-Қара» дастаны. Парсы (Иран) тарихы да өз бастауын осы МАД патшалығынан алады);
    - Мадай (Матай), атауларды (ел есімдерді) дүниеге әкелген бүгінгі Қаз Адайлардың ата-бабалары, яғни олар осы ұғымдардың бәрінің «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Сондықтан да, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы шежіре-тарихы Қаз Адайлардың ұрпақтарының арасында сақталып отыр (М.Қожырбайұлының "Адайлар" атты еңбегінен).

    • #38
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 3:22

    #35
    Сендердин адасатындарында осы тус. Тап тауир кележатып арыкарай жынды сыякты куалай бастайсындар.

    Нухтын уш улы Сам, Хам, Яфес. Яфес урпактары арка мен шыгыска, Хам урпактары Индия, Африкага, Сам урпктары Иран, Ирак жерин мекен еткен.
    Ежелги биринш оркениет кос озен (Ирак) жеринен бастау алат. Ол оркениет Аратти жеринен келген бир халыктан бастау алат.
    Ол калыкты гылыми тилде шумерлер дейди. Ал олар оздерин Саг гиг га (Кара бастар ) деп атаган дейди ежелги шумер тарихи балшыка жазылып, отка куйдирилген тас китаптары.
    Кос озен ежелги алемнин сауда сатык, карым катынас орталыгы болган. Тилдердин араласуы нак осы жерде болган.
    Ягни Яфет, Сам, Хам урпактарынын алгашкы бир биримен аралаусы кос озенде орын алган .
    Сол кездин мемилекеттик тилиде, кауымдардын оз ара карым катынас тили де шумер тили болган.
    Ол тил табигый пайда болган тил емес, жасанды тил. Сондыктанда ол тилде танир, уту, сиякты турки создериде. Баба (айел )деген орыс созиде т.б . улттардын тилинде бар кейбир создер ежелги шумер тилинде кездеседи.
    Ибрахим пайгамбар да осы кос озеннин Ур каласында омир сурген.
    Анау арак ишкиш Хам урпактары Ариха ( Ирихон) жеринде омир сурген. Олар Кожырбайулы айтатындай орыстар емес. негрлер. Ибрахим г. с. нын немереси Исхак улы Жакыптын он еки улынан тарайтын еврейлер ягни Ибрахимнин ауылы сол негир арак ишкиштермен корши турган.
    Ал казга келетин болсак каздар олар жетису жерин мекен еткен тиграхуда сактары. Олардын патшалары ак кийим кийип, ак ат минип, ак кийиз уйди хан ордасы еткен. Сондыктан олардын патшаларын каздар деп атаган. Ол патшалардын ордасын Ак орда деп атаган. Каз Ак орда дегени, Ак ку патшанын Ак ордасы деген соз.
    Бул патшалардын урпактары ягни ханзадалар акелери болип берген енши жерине, оз Ак ордасын тигип, оз Каз Ак ордасын ягни мемилекетин курган. Сондыктан каз ак сози болинип кетуши деген угым ала бастаган.
    Кейин бул соз оз ерки озиндеги адам ягни оз озине хан деген угымга айналган.
    Осы Каз Ак орда созинен, '' орда'' сози тусип калды да, бул соз тек казак болып колданылып кети.
    Алаш орда, Ак орда, Толе создеринин бари бир магана берет, бул хан сарайы. улкен орда, улкен канат деген маганалар берет . Толе созинен Толес он канат, улкен канат угымы шыккан.
    Ал сол Каз патшанын синоними Кун би ягни кун патша. Ал сол Каз патша, Кун патшаны хан етип ак кийизге котерген ел кейин таз каралар, кара каргалар атанды. Бул тобелерине Кун патшаны котерем деп кунге куйип калгандар деген лакаптары еди.
    Кейин керейлер деп аталды. Керей сози кереге созинен шыгат. Ягни тобесине кунди (шаныракты) котерген дуалдар, кара каргалар болды.

    • #39
    • 39
    • бн, 09/03/2017 - 9:15

    38-ге! "Ежелги биринш оркениет кос озен (Ирак) жеринен бастау алат. Ол оркениет Аратти жеринен келген бир халыктан бастау алат.
    Ол калыкты гылыми тилде шумерлер дейди. Ал олар оздерин Саг гиг га (Кара бастар ) деп атаган дейди ежелги шумер тарихи балшыка жазылып, отка куйдирилген тас китаптары" дейсіз.

    Шумерлер де бастауын Қазақтан алады. Тек қана шумерлер емес, бүкіл әлем мәдениеті қазақтан басталады. М.Қожырбайұлының мына мақаласын оқып шығыңыз.

    "Шумерлер (маялар) Қазақ шежіресінде"
    http://abai.kz/post/view?id=12188

    • #40
    • 40
    • бн, 09/03/2017 - 9:20

    38-ге! Ал Сіз айтып отырған Нұқ пайғамбар атамызға келсек. Ол кісінің өзі де қасындағы бір кемеге мінген барлық туыс, қандас, діндестері де Қазақтан тарайды. Бұл жөнінде М.Қожырбайұлының арнайы зерттеу еңбегі бар. Қазір тауып саламын.

    • #41
    • 41
    • бн, 09/03/2017 - 9:26

    ШУМЕРЛЕР (МАЯЛАР) ҚАЗАҚТЫҢ РУЛЫҚ ШЕЖІРЕСІНДЕ - Abai.kz
    abai.kz/post/view?id=12188
    Перевести эту страницу
    2 янв. 2017 г. - Шумерлердің өмір салты, кәсібі, қару-жарағында, діні мен діни .... Қаз Адай шежіресінде Бекарыстың екі баласы бар, үлкені Алшын, ...

    • #42
    • 42
    • бн, 09/03/2017 - 9:31

    38-ге! Мына мақала да сол Сіз айтқан Нұқ пайғамбардың өзі де қазақтан тарағандығы айтылған. Оқып шығып тағы да бір пікір етерсіз.

    Қосайлар немесе Нұқ пайғамбардың руы кім?. - «Ел-арна» – Ең ірі ...
    www.elarna.com/koru_kk.php?id=555438
    Перевести эту страницу
    18 янв. 2016 г. - Ал тарих сораптары Қосай және Қосай руы туралы ілтипатқа .... Олардан Қосай атаның ұрпағы Нұқ пайғамбар, оның отбасы және ...
    ҚОСАЙЛАР НЕМЕСЕ НҰҚ ПАЙҒАМБАРДЫҢ РУЫ КІМ? (жалғасы)
    qamshy.kz/home/show/4603
    Перевести эту страницу
    20 янв. 2016 г. - Ежелгі шежірелердің бәрінде Нұқ пайғамбардың Хам (Қам), Сам (Шам) және Иафес есімді үш ұлының болғандығы айтылады.
    НҰХ ПАЙҒАМБАРДЫҢ РУЫ КІМ? ( жалғасы) - Abai.kz
    abai.kz/post/view?id=6586
    Перевести эту страницу
    2 апр. 2016 г. - Осы Қосайлардың Манқыстаулық Қосайлар мен түбі бір екендігін, ... (Қосайдан жолдасың болса, жолың болады», немесе келелі іс бастарда ... Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек ...
    АДАЙ АТА – ОТПАН ТАУ - Abai.kz
    abai.kz/post/view?id=4650
    Перевести эту страницу
    14 сент. 2015 г. - Барлық тарихшылардың қаперлеріне берерім, егер кімде – кім өзін шын ..... Сондықтан Адай руының таңбасы - Су иесінің немесе Аспан Құсы Қазақ ... бардың тынысы бар» деген мақалының авторы да осы Қосайлар. ... Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек ...
    Вы посещали эту страницу ранее.
    НҰХ ПАЙҒАМБАРДЫҢ РУЫ КІМ? ( жалғасы) - Abai.kz
    abai.kz/post/view?id=6577
    Перевести эту страницу
    2 мар. 2016 г. - Қосу амалы Қосайлардың лақап аты. ... Ақиқатында да, тек қана Қосай Ата ұрпағы Нұқ пайғамбарға жолдас болғандардың ... Қасыңда жаның сүйген жарың немесе сен үшін жанын қиюға бар досың болса мына ...

    • #43
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 10:11

    #42
    Мине " пирсиздин пири шайтан" деген осы. Тарихаттын сырын пирсизде биледи деген Кожырбайулы ози адасканымен турмай сендердиде адастырып отыр.

    • #44
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 10:44

    Арабтын 360 пут санамдарын 360 аулие дегенинен ак, Кожырбайулынын мурнына тарихат турмах диннин исиде бармайтын пенде екени коринип тур.
    Сонда Мухаммед с.а.с. 360 арабтын аулиесин, пут санамдар деп атап адаскан боп тургой сендердин ойларынша.

    • #45
    • 45
    • бн, 09/03/2017 - 11:37

    42-Мадай! "Пірсіздің пірі шайтан" дейсің. Маңғыстаулық Адайлардың бәрі, өзге де көптеген елдер мен жұрттар Әулие Бекет - Пір Атаны Піріміз дейді. Басына барып күні бүгінде де жүздеп, мыңдап зиярат етеді. Сен сонда бүкіл Маңғыстау халқын пірсіз шайтан дегің келе ме?

    • #46
    • 46
    • бн, 09/03/2017 - 11:42

    "#17 Мадай сн, 08/03/2017 - 22:43
    Шежире деген шаджаро деген араб сози. Бизше байтерек. Тарих деген адамзаттын журип откен жолы.

    Сен бұлай жұртты шатастыр ма? Шежіре қазақтың өз сөзі. Қазақ ешкімнің сөзіне зәру емес. Зәру қылып жүргендер Сіздер сияқты қазақтың ұлы тарихын білмейтіндер. Шежіренің иісі мұрнына барм айтындар.

    • #47
    • 47
    • бн, 09/03/2017 - 11:52

    "#17 Мадай сн, 08/03/2017 - 22:43 "Тарихат Алланы тану жолы" дейсің.

    Сопылық ілімнің төрт сатысы бар. Біріншісі Шариғат, екіншісі тарихат, үшіншісі Ақиқат және төртіншісі Мағрипат.

    Миыңа жақсылап тоқып ал. Бірінші сатыдағы Шариғат Алланы тану болады. Екіншісі Тарихат Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолын (жақсысын да, жағымсмызын да) тану болады. Міне осы екі сатыдан өтсең барып Ақиқатқа көзің жетеді.

    Ал, төртінші саты (ғылым мен білім) бұл адамдарға Алланың берген сыйы.

    Ғылым мен білімді алдыңғы үш сатыдан өтіп барып жасасаң халыққа қызмет етеді. Ал, өтпей барып жасасаң халыққа қарсы қызмет етеді.

    Енді өзіңіз ойлап көріңіз. Кімді Кім адастырып жүр.

    • #48
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 11:57

    #45
    Бириншиден иси мусылманнын пири Мухаммед с.а.с. Екиншиден Бекет ата Магыстауда отырып оз озинен пир боп кеткен жок. Ол гылым издеп Хиуага барды, ел аралады озине пир тауып содан талим алып, сол устаздарвнан ижаза рухсат алып барып пир болды.
    Кози тири пендеге тарихат жолын устану ушын тири пир керек.
    Бекет ата оз заманынын улык пири боллы, бакилык болган сонда бул аулелердин керемет жалгаса берет.
    Бирак кози тири пендеге, кози тири пирден талим алмай тарихат жолын игеру мумкин емес. Осыны угыныныздар.
    Хожа Ахмет Яссауидей улыг пирдин ози, жас кезинде Маухаммед с.а.с. ози аян бергенине карамастан, гылым изденип кози тири пирлерден талим алды.
    Онын биринши пири Арстан баб. Осыны жаксылап угып алыныздар!

    • #49
    • 48
    • бн, 09/03/2017 - 12:10

    Адамзаттың 70 000 жылғы ғұмырын да Аллатағалың жерге жіберген пайғамбарларының арқасын да талай діндер дүниеге келіп, талай діндер тарих сахнасынан шығып қалып жатты.

    Бірақ бір ақиқат бар. Ол адамзаттың Алланы (Құдайды, Тәңірді) тануы. Бұл бақытқа ең бірінші болып қолы жеткендер бүгінгі қазақтың ежелгі Ата-Бабалары. Адамзаттың Құдайды, Тәңірді, Алланы тануы ұзақ ғасырлардың жемісі.

    Мұхамбет пайғамбардан басталатын Ислам дінінің бар ғұмыры 15 ғасырдан аспайды. Оның алдындағы Ұлы Аталарымыздың жолын білгеннің несі айып.

    Құранның өзі де Алақ сүресін де "Менің мына жаратқан дүниемнің сырын біл. Оқы" деп отырған жоқ па. Ал Сіздің пиғылыңыз да адамдарды одақ арғы дүниеге жібергіңіз келмейді.

    Қасиетті Құран Кәрім Алдыңғы кітаптарды Мұса пайғамбардың Торатын (Таурат), Дәуіттің Зәбүрін, Исаның Інжілін жоққа шығармайды. Ата тарих деп Аса ұлы құрметпен атайды. Және оларды құрметтеуді міндеттейді.

    Біле білсең осы пайғамбарлардың шыққан тегі Қазақ даласын да, Қазақтың арғы Ата-бабалары. Оның бәрі сол кітаптардың өздірінде де "тайға таңба басқандай" болып айқын жазулы тұр.

    • #50
    • 50
    • бн, 09/03/2017 - 12:13

    48-ге! Бекет Ата өзі - өзінен Пір болып кетті Сізге бұл жерде ешкім айтқан жоқ. Әулие Атамыз қайда оқыды, кімге шәкірт болды оны Маңғыстаудың бес жасар баласы да біледі.

    • #51
    • 51
    • бн, 09/03/2017 - 12:20

    Сіз Бізге Әулие Бекет - Пір Ата жайлы дәріс оқымай-ақ қойыңыз. Одан да М.Қожырбайұлының мына еңбегімен танысыңыз.

    ӘУЛИЕ БЕКЕТ - ПІР АТА - Abai.kz
    abai.kz/post/view?id=5761
    Перевести эту страницу
    4 дек. 2015 г. - Ата жайлы жазылғандардың бәрінің басты идеясы – ұлы ғұлама, ұстаз, көріпкел әулие, батыр, қасиетті Пір – Бекет Атаға бас ию, ...

    • #52
    • 52
    • бн, 09/03/2017 - 12:25

    Сопылық ілімнің төрт сатысы жайлы М.Қожырбайұлының мына еңбегімен де таныса отырыңыздар:
    " СОПЫЛЫҚ ІЛІМНІҢ ТӨРТ САТЫСЫ
    Баршамызға белгілі Сопылық ілімнің шариғат, тарихат, ақиқат және мағрипат атты төрт сатысы бар. Алайда, осы сатыларлың қайсысы басы, қайсысы соңы екендігі жөнінде біркелкілік жоқ. Кейбір дін зерттеушілері тіпті тарихатты жоққа шығарып, соңғы екі сатының (ақиқат пен мағрипат) орнын ауыстырып дәлелдеуге тырысады.

    Қазақ шежіресінде бұл сатылардың бәрі бір ғана жиынтық атаумен Тарихат жолы, немесе Сопылық ілім деп аталады. «Тарихат (Тарих Ата)» деп аты айтып тұрғандай, бұл жол Ата-бабаларымыздың өткен тарихын зерттейді. Бұл ілім ел арасында Ар ілімі, Хал ілімі, Хақ ілімі деп те атала береді. Бүткіл жер бетінде Адамның жан-дүниесін зерттейтін бұдан асқан ілім жоқ. Себебі, өзге діндердің бәрі адамзатқа кітап арқылы жетсе, бұл ілім адамдарға жан-жүрегің арқылы жетеді.

    Шын мұсылман – сопы деген сөз. Исламнан сопылықты бөліп алып қарау адамның кеудесінен жүрегін бөліп алып қараумен тең. «Барлық діннің тамыры бір, бірақ шариғаты бөлек» деген. Сопылық – пайғамбарлардан бері келе жатқан жүректің ілімі. Пайғамбарымыз айтыпты: «Ақырдың алдында менің дінім 73-ке бөлінеді, оның біреуі ғана хақиқат» деп. Қазір біз дәл сол кезеңге тап келіп тұрмыз. Көп ұзамай тұман айығады, күмән сейіледі. Дін қалпына, дүние орнына келеді. Діннің мақсаты – адамның жүрек көзін ашу. Шын ниетімен ақиқат іздеуші ғалымдардың да басты мақсаты осы болса керек ті!

    Осы жолда қаншама діни ғұлама-ғалымдарымыз аянбай тер төкті. Ақиқатқа көз жеткізді. Ұрпақтарына үлгі, өнеге, өсиет қалдырды. Солардың бірі Манқыстаулық ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз былайша толғанады:
    «...Әнбиялардың ақыры
    Расулы Мұхаммед
    Абзалы артық нұр өткен,
    Артынан келіп төрт имам
    Шариғат жолын күзеткен,
    Пәруәр пірдің басшысы
    Қожа Ахмет Яссауи
    Түркістанда бұ да өткен
    Туына жұртты түнеткен
    ...Айтқаны зікір-салауат
    Қашсын деп шайтан маңымнан.
    ...Пірлерден ізгі дұға алып
    Жамағаттар, құралып
    Ораза, намаз тұталық
    Ақиқат Хақтан сұранып,
    Құдай жалғыз, Құран шын,
    Ақиқат рас ол анық.
    Ахиретті ойламай,
    Ақылы қысқа пендеміз
    Дүниеге жүрміз жұбанып.
    ...Хазіреті ишандар
    Шариғат айтқан тыңдатып,
    Азаннан тұрған ыңлатып,
    Тағлым, таспих, салауат,
    Зікір айтқан түн қатып.
    ...Пайғамбар айтқан Хадисте:
    «Құрметтесең ғалымды
    Сүйікті маған үмбет» деп,
    Мойнымызда әртүрлі
    Ойласақ, борыш міндет көп.
    Шарғыда баян етулы –
    Ең әуелі пендеге
    Иманды дұрыс білмек деп,
    Парыз дейді ғалымға
    Бұқараға көрсетіп
    Шариғат жолын үйретпек.
    Алладан келген хабар бар:
    Әмірімді істемей
    Тәрк етсеңіз, махшарда
    Тартарсың ғазап-бейнет» деп.
    Астана халық ішінде
    Білімге терең жүйрік көп,
    Шайтан деген зор дұшпан
    Адастырып біздерді
    Басқа жолға сүйретпек.
    ...Тәуекел етіп Тәңірге
    Тарихат жолдан таймады,
    Сескенткендей серпіліп
    Шайтанға болды айбары.
    ...Ысрафил сүргін үрген күн
    Жан-мақұлық қырылмақ,
    Күнәһәрлар сол күнде
    Отқа түсер шырылдап.
    Тамұққа түсіп қалғандар,
    Шырылдап отқа жанғандар-
    Бұларды кім деп сұрасаң,
    Әмірін Хақтың тәрк етіп
    Біреудің хақын алғандар,
    Аузына харам салғандар.
    Орын алар жәннәттан
    Бірлігіне Алланың
    Ақиқат кәміл нанғандар.
    Ұжмақтан үміт етсеңіз
    Ізгіліктен танбаңдар,
    Жандарыңды шыбындай
    Өлмей тұрып қамдаңдар
    ...Бұрынғы шайхы, имамдар
    Жүргізген екен жұртына
    Шариғаттың хүкімін,
    Ұстаған діннің бүтінін.
    Тарихаттың жолынан
    Аудармай көңіл пікірін
    Қоймаған дәйім зікірін» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы -1996. 253-265 беттер). Сәттіғұл атамыз Тарихатты, яғни сопылық ілімді ДІННІҢ БҮТІНІ деп отыр.

    «...Осыларды үлгі еткен
    Кереметті пір де өткен.
    Жеті зікір тәмәмдап,
    Тарихат жолын үлгерткен,
    Шариғат жолын үйреткен.
    Шариғат пен тарихат,
    Ақиқатты бірге еткен-
    Мағрифатқа қол жеткен» (Ыбырайым ахун Құлыбайұлы (1886-1982).

    Қожа Ахмет атамыз өзінің «Диуани хикмет» атты еңбегінде жалпы адам баласының қарапайым (ас ішіп, аяқ босатар десе де болады) адамнан «кемел адам» деңгейіне көтерілудің төрт сатысы болатынын, яғни ислам әлемінің төрт тірегінің үйлесім табуы қажет екенін ескертеді. Оларды ұлы ақын былайша сипаттапты:
    «...Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
    Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
    Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
    Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар, - деп толғаған.
    Біз Қожа Ахмет атамыздың бұл толғауынан адам баласы бірінші шариғат пен тарихаттан өтіп, ақиқатқа көз жеткізбей, мағрифатқа (ғылым мен білімге) өтудің дұрыс болмайтындығын көреміз.

    Барлық Маңғыстаулық әулиелер, соның ішінде Әулие Бекет - Пір Атада «тарихат» жолын ұстанушылар екеніне назар аударсақ, 360 әулие атауының да өткен тарихқа қатысты екендігі дауға жатпаса керек. Себебі, адам баласын «әулие» дәрежесіне жеткізетін төрт сатысының (шариғат, тарихат, ақиқат пен мағрипаттың) екінші сатысы осы тарихат. Мағынасына қысқаша шолу жасар болсақ, бірінші шариғатты (мұсылмандықты) мойындауың, екінші ата-бабамыздың рулық (тектік) шежіресі мен шежіре-тарихын білуің шарт. Осы екі сатыдан өткеннен кейін Алланың ақ жолы «Ақиқатқа» жетесің, яғни Әділеттің не екенін түсінетін боласың. Сосын соңғы саты ғылым мен білімге де кең жол ашылады. Әулие атанғандардың бәрі де осы төрт сатыдан өткендер. Өйтпеген де ше? Олардың адам жанын зерттейтін «Ар ілімі» мен Адам ата ұрпақтарының шежіресін сонау Адам атадан бастап тарататынын Маңғыстаулық ақын-жыраулардың барлық шығармаларынан табамыз. Шындығында да «ғылым мен білімнің» төресі, бүгінгілер айтып та, жазып та жүргендей «ракета» жасау емес, Адам жанының мүмкіншіліктерін зерттеп, шынайы махаббат пен шын бақыттың мәні мен мағынасын сезіндіру ғой.
    Көрсетілген үш сатыдан, яғни шариғат, тарихат және ақиқаттан өтіп барып жасалған ғылым халыққа қызмет жасайды, олардың аты ел аузынан ешқашан түспейді. Аттары әспеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мыңдаған жылдарға кетеді. Мысалы, Шопан атаны алайық. Даланың жабайы аңын ең алғашында ұстап, қолға үйретіп, оны қойға айналдырған атамыздың аты Шопан. Тегі Тобыш. Сопылық ілімнің де «авторы» осы Тобыштар. Бәрінің «об (оп)» деегн бір түбірден (бір атадан) болатыны да осыдан. Сан ғасырлардан бері Шопан ата қорымы мен мешітінің басында тек қана осы ата ұрпақтарының шырақшы болып келе жатқаны осыны білдіреді. Шопан мен Тобыштың түбірлес болатыны да осыдан. Сондықтанда бүкіл қазақ баласы Шопан атаны қойдың, қойшының пірі (ұстазы) деп ардақ тұтады. Сонымен қатар, Шопан атамыздың атын дәріптеп, ұмытпау үшін қой бағатын бүкіл малшы, қойшыны да шопан деп атай береді. Авторлық құқық сақталып отыр. Демек, Шопан атамыздың аты Қазақ пен оның ана тілі тірі тұрғанда өлмейді. Үш сатыдан өтпей барып жасалған ғылым халыққа қарсы қызмет жасайды. Олардың есімдерін ешкімнің білгісі де келмейді және оларға қарғыс айтылады (Мысалы, ядролық, химиялық, бактерологиялық, нейтрондық қаруларды ойлап тапқан азғынға қандай құрмет болуы мүмкін). Онысын өздері де сезеді.
    «1. М. Калашников – орыс инженері, АКМ автоматының авторы.
    2. С.Коэн – америкалық инженер, нейтрон бомбасының авторы.
    3. Сахаров – орыс ғалымы, сутегі бомбасының авторы.
    Сутегі бомбасын жасаған, белгілі академик Сахаров екені белгілі. Ол жасаған «бомба» мыңдаған адамның жанын қиып, мыңдаған адамды ауруға ұшыратты.
    Ал, нейтрон бомбасын жасаған С.Коэн болса чех журналисіне берген сұхбатында өзінің жасаған нейтрон бомбасы жайлы, сүйсіне көңіл толған кейіпте, «мен адамзатқа пайдалы, үлкен жақсылық жасадым, ол нейтрон бомбасы. Бұл бомба адамзаттың қолымен жасалған бірде-бір дүниені қиратпайды. Бұл бомбадан кейін қала сол күйінде бүлінбей аман қалады» деген. Бұл ғалым, сол қала тұрғындарының түп-түгел қырылатыны жайлы, тіпті есіне де алмаған. Ал дүниенің аман қалатынына қуанғанда қойған. Бұл «ғалымның» еңбегін қалай бағалаймыз. Коэннің өлер алдында не дегені белгісіз, ал бірақ академик Сахаровтың өлер алдында «мен қателескен екенмін, не үшін ғалым болдым, не үшін осы бомбаны жасадым, адамзаттың алдында, Жаратушының алдында не деп жауап беремін» деп қиналғанын, көптеген Бұқаралық Ақпарат Құралдары оқырмандарға жариялады.
    Ғылым адам игілігіне жасалуы керек (М.Көрпелиев «Үйлесімділік Әліппесі» Алматы-2011. 41 бет).
    Қосарымыз: «Коэн - еврейлік текті білдіретін фамилия. Лондоннан (Англия) Америкаға қашып барған эмигрант. Тамақ рагінен қайтыс болған.
    Коэны, кохены (ивр. כֹּהֵן‎‎) — иудаизм дініндегі еврей діни қызметкері Ааронның ұрпақтары» (Википедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет). Кохен (Кохан) бұл баяғы Библияның Жаңа Өсиетіндегі (Евангелие) Зебедей (Жебедей) ұлы Қоханның ұрпақтары.
    Михаил Калашников та өлер алдында Ұлы Жаратушының алдында сан миллиондаған адамдардың өзі жасаған АКМ-інен (оқпен атылатын Калашников автоматты қаруы) қаза тапқанына жаны қиналып, өкініш білдіргенін, оның Шіркеуге барып өз істеген ісіне өкінгені жайлы көптеген баспасөздер жарыса жазды.
    Біздің аталарымыз осы төрт сатыдан өтіп, оларды толық меңгерген жандарды «Әулие, яғни Әулеттің иесі» деп әспеттеген. Әулиелер әулеттеріне ешқашан қиянат жасамаған. Манқыстаудағы осындай әулиелердің саны 360. Олардың ешқайсысы жоғарыда көрсетілгендей сорақылықтарды (ұрпақтарына зиянды дүниелерді) жасамаған.
    Өлікке жан беру, аспанда құс болып ұшу, қара суды теріс ағызу, қажет кезінде жауын жауғызып, дауыл тұрғызу сияқты не түрлі кереметтер қолдарынан келетін әулиелердің ойында да, сөздік қорында да ондай түсінік (қиянат жасау) болмаған.
    Әулие Бекет – Пір Атамызды осы төрт сатының төртеуінен де өткен деп батыл айта аламыз. Атамыз шыққан бұл ілімнің (Ар ілімінің) шыңына сол заманнан бері әлі ешкім шыға алған жоқ.
    «Әулие Бекет пірімнің
    Оғыландыда ошағы –
    Жалыны шалқып шақырған.
    Шариғаттың жолында
    Баспаған қадам ғапылдан. (Ата діннен ауытқымай, тазасын ұстанған деп отыр).
    Тарихаттың жолында
    Саһардан саба сапырған. (Тарихты, яғни Ата шежіресін толық меңгерген).
    Мүриті қойдай маңырап,
    Соңынан еріп қапылған.
    Ертелі-кеш еңіреп,
    Зікір айтып аһ ұрған. (Аталарымыз зікір салған. Түркістандағы пірлердің пірі Қожа Ахмет Иассауи мешітінде арнайы зікір салатын «Әздер» тобы болған).
    Дәріс айтқан ұстазы –
    Хиуада Бақыржан. (Шәкірті мен ұстазына құрмет бірдей көрсетіледі. Біз шәкірті арқылы ұстазының бейнесін айқын көре аламыз).
    Үйренген үлгі жолы бар
    Құл Қожа Ахмет тақсырдан,
    Алласы қалап әуелде,
    Уәлилерге бас қылған. (Пірлердің Пірі, яғни бас ұстаз деген мағынада).
    Миғражда нұрын көрген соң,
    Хақ Расуллі паш қылған.
    Арыстан баптай досына
    Аманат-құрма тапсырған...
    Солардың үлгі жолымен
    Бекетім шықты дін түзеп,
    Көкірек көзін аштырған... (Ақтан Керейұлы. Әйгілі Сүгір жыраудың ұстазы, «Адайдың бес жүйрігінің» бірі, атақты Абдолла хазірет Жаналыұлының шәкірті).

    Соңғы жылдары елімізді жайлап кеткен әртүрлі діні ағымдар, секталар мен атеистер тарапынан біздің дәстүрлі дініміздің тірегі Сопылық ілімді «өлген жол» деп қаралап, ақпараттық шабуылдар жасалып, Ата дінімізге Баспасөз беттерінде ашықтан-ашық тіл тигізілуде.
    Мысалы, «Серке Кз» газетінде Ахат Сүйінішәлі деген азамат «Бекет Атаның үнді сиырынан несі артық» деген мақала жариялап, Атамызды үндінің сиырына теңеген.
    Атыраулық Тұрар Шапқара деген азамат «Бекет ата деген кім соншама дәріптейтіндей?» деп Атамыздың әулиелігіне (Әулеттің иесі екендігіне) күмән келтірген.
    «Енді, қазаққа дін үйретпек болып жүрген тағы бір «сақалды саудайылар» не дейді? Қазір анау парламенттегі «аллах-лап» отырған әншіден бастап, «жасыл арнадағы» экс-айтыскерге дейін бар есілдерттері сол көк күмбезді қирату екені кімге жасырын?! Асықпаңыз, ол Көк күмбезді, олар түгілі, патшаның жезайыры от құсқан жандаралы Черняевте неше зеңбірегімен атқылап құлата алмаған, бұлардың да қолынан келмейді, Иншалла!» (Светқали Нұржан).
    Сопылық ілім бізге: Маңғыстаулық 360 әулие,
    «Түркістанда түмен бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,
    Отырарда отыз бап,
    Баптардың бабын сұрасаң,
    Ең үлкені Арыстан баптар» мен Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет - Пір Аталар арқылы жетті. Олар Ұлы Жаратушы – Алланы танып, құлшылық етудің және адамзаттың ары мен намысын қорғаудың ең үздік үлгілерін көрсетті. Олар ұстанған Тарихат (Сопылық ілім) барлық ғылымдардың ең биік шыңы. Сопылықтың сусындар қайнар бұлағы Ислам шариаты. Ол – бүкіл болмыстың неден тұратынын түсіндіріп бере алатын, қандай қоғам болса да оның тұрақтылығын сақтай отырып, сол қоғамға нәрлі рухани қорек ұсынатын, адалдық пен рухани тазалықты бәрінен жоғары қойып, адам жүрегінде ұялаған жарамсыз көріністерден құтылу шараларын үйрететін, жүректегі ізгі сипаттарды сақтаудың әрі көбейтудің жолдарын көрсететін, “кемел адам” дәрежесіне жету заңдарын түсіндіретін ілім. Мұнда адам баласына Аллатағала ықтияр еткен барлық рухани мүмкіншіліктері толық зерттеледі. Адам баласына «Бақытты ғұмыр кешу» деген ұғымның мәні мен мағынасын, оған жету жолдарын ашып көрсетеді. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ.

    Міне осы қағидаға сәйкес, Аталарымыздың аруағы да еліміздің ары мен намысына айналды. Осы әулиелерге тіл тигізген жандарды ұлттың арына қол салды деп батыл тұжырым жасай аламыз.

    Тарих тағлымы: Шариғаттан қашқаның Құдайдан безгенің, тарихаттан қашқаның Атаңнан безгенің, бұл екеуінен қашқаның ақиқатты тәрк еткенің, ал ғұлама-ғалымдарымыздың мағрипатқа жетуге талпынбауы қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ. Болып та жүр".

    • #53
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 12:38

    #49
    Адамзат тарихында Алланын жиберген дини бир ак дин. Ол Кудай жалгыз деген. Ал диндеги шаригат заманына карай ар турли болды.
    Коп халыктар бабаларын, патшаларын, айды, кунди кудай санап жолдан тайды.
    Кудай жалгыз деген сенимди берик устанып келген кауым ол туркилер.
    Одан кейин Ибрахим кауымы еди, бырак еврейлер напсилерине ерип адасты.
    Исмайл урпактары да 360 бутты Аллага серик еттиде жолдан тайлы.
    Алла адамзаттка Мухаммед с.а. с. елши етип жрберди. Турктер Исламды оз ериктеримен кабыл алы. Себеп ежелден мусылман еди.

    • #54
    • 53
    • бн, 09/03/2017 - 12:38

    М.Қожырбайұлының мына еңбектерімен де таныса отырыңыздар:
    "Таураттың "авторы" ебрей емес", "Забурді дүниеге әкелген қазақ руы", "Тарихаттан жеткен ақиқат" (http://abai.kz/post/view?id=10945).

    • #55
    • 54
    • бн, 09/03/2017 - 12:42

    53-ке! Міне енді шындыққа жақын келдіңіз. Сізге сұрақ? Құдай деген сөз қай елдің, Кімнің сөзі? Бұл ұғым қайдан шықты?

    • #56
    • 56
    • бн, 09/03/2017 - 12:46

    53-ке! Түркілер жөнінде де шындығын айтып отырсыз. Пікіріңізді ары қарай пісіру үшін мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз? Түркі деген сөз қайдан шықты? Түркілердің тегі кім?

    • #57
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 12:47

    #52
    Сиз маган Кожырбайулы ой деди буйдеди деп ол кисинин жазбаларын тыкпалай бермен.
    Оз ой пикириниз, оз тужырымыныз кайда.
    Ауели мешитке барып устаздан талим алыныз. Издениниз. Гылым издениз. Динди Ислам динин уйрениниз. Содан кейин барып оз ойынызды айтарсыз.
    Сен маган акыл айтпа деп касарысатын болсаныз, онда одан ари напсиниз сизге нени жаксы корсетип тур, сол напсиниздин калауына ерип одан ари адасабериниз. Ерик озинизде !

    • #58
    • 57
    • бн, 09/03/2017 - 12:50

    53-ке! "Түркілер ежелде мұсылман еді" дейсіз. Ақиқатын айтып отырсыз. Міне енді дұрыс болды. Болмаса, бәрімізді арапқа апарып теліп басымызды қатырып едіңіз. Мен тіпті Сізді жат ағымдағы біреу мен деп ойлап қалып едім.

    • #59
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 12:53

    Турки сози " тура" деген созден шыгат. Туранын бир маганасы ок, октай тура ари жылда дегени тагы бир маганасы тура жолдан таймайтын, шыншыл дегени. Туран атауынын ози турашыл, шыншылдар ели дегенге саят.
    Турк, Яфеттин улкен улы делинеди шежиреде. Шындыгы бир Аллага аян !

    • #60
    • 59
    • бн, 09/03/2017 - 12:56

    57-ге! Мен сізге "Әулие Бекет - Пір Ата" жайлы дәріс оқымасаңыз да болады дедім. Себебі, Сіз "мың жерден басыңызды тасқа ұрсаңыз да" Бекет атаның тарихын ол кісіден артық білмейсіз.

    55 пен 56-дағы сұрақтарға жауап жазыңыз?

    • #61
    • Мадай
    • бн, 09/03/2017 - 13:00

    Семиттер Самнын урпагы. Сам туркише Шам, казакша шырак болады.
    Шыныменде Сам урпактарынан Ибрахим байгамбар келди. Онын урпагы Мухаммед с.а.с. адамзат баласына жол жарытушы шырак, жарык, Алланын нуры болып келди.
    Туркиден шыккан пайгамбар Огуз хан. Онын Алашахан, Ескендир Зулхарнайн, Заратуштыра деген лакап аттары бар.
    Бул турали кейин айтармын. Казыр тыгыз шаруалар боп тур.

    • #62
    • 61
    • бн, 09/03/2017 - 13:05

    59-ға! Пікіріңіз керемет! Ақиқаты сөздің өзінен аңқып тұр. Ары қарай жалғастыра беріңіз?

    • #63
    • бірқазақ
    • бн, 09/03/2017 - 22:39

    "ҚМДБның сопы ағымы туралы пәтуасы:
    АССАЛАМУ АЛАЙКУМ!
    ЖАҚЫНДА ҚМДБның СОПЫ АҒЫМЫ ТУРАЛЫ ПӘТУАСЫ ШЫҚТЫ.
    БІРАҚ КЕЙБІР СОПЫЛАР "Е БҰЛ АНА ЗІКІРШІЛЕР ТУРАЛЫ ПӘТУА ҒОЙ" НЕМЕСЕ АДАСҚАН СОПЫЛАР ТУРАЛЫ ҒОЙ ДЕЙ САЛМАСЫН!
    ПӘТУАНЫҢ басы былай басталады:
    «Сопылық - Исламда жок діни-саяси қозғалыс. Сопылықты уағыздайтын тәлімді «тасаууф» деп атайды.»
    ЯҒНИ ПӘТУА СОПЫЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ АҒЫМДАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛЫП ТҰР"
    Қожырбайұлы! Өткенде Шыңғысхан -қазақ ( қазақ болғанда да адай) деп, президенттің пікіріне қарсы шығып едің, енді сопылықты уағыздап бұл жолы ЗАҢ бұзып отырсың. Мақаланың тақырыбынан ауытқып, әр никтің атын жамылып, обсессивті сандырақтарды жазасың. Диагнозың болмаса, заңға тартылуың мүмкін

    • #64
    • 64
    • жм, 10/03/2017 - 8:57

    Ол кісі Ақиқатты ту еткен ешкімге тәуелсіз зерттеуші. Зерттеушіні жауапкершілікке тартатын заман орта ғасырларда болған. Қазір ол заман емес. Және М.Қожырбайұлының зерттеп жүргендері өзге елдің емес, тек қана қазақтың шежіре тарихы. Ол кісі не жазса да қазақтың мүддесі үшін жазады.

    Өзі Шыңғыс ханның және Бекет Атаның ұрпағы болса, Аталарың жайлы білгеніңді жазба деу кімнің ақылыңа сияды. Сонда ол кісіге жерде саған орын жоқ, айға немесе марсқа ұшып кет дейсіздер ме?

    Оданда ең білгіштеріңіз осы "Абай кз"-де ол кісіні ашық пікір сайысына шақырыңыздар. Қазір елдің бәрі сауатты. Ақиқаты мен жалғанын өздері ажыратып алады. М.Қожырбайұлын түрмемен қорқытып емес, біліммен жеңу керек. Нағыз әділет деген осы болады.

    • #65
    • 65
    • жм, 10/03/2017 - 9:13

    63-Бір қазаққа! Егер КМДБ сопылар жайлы ондай пәтуа шығарған болса, онда олардың қазақтың арын арлап, мұңын мұндап, жоғын жоқтап, жүрмегені. Онда КМДБ жайлы елдің айтып жүргендері рас болды.

    Сопылық ілім бізге: Маңғыстаулық 360 әулие,
    «Түркістанда түмен бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,
    Отырарда отыз бап,
    Баптардың бабын сұрасаң,
    Ең үлкені Арыстан баптар» мен Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет - Пір Аталар арқылы жетті. Олар Ұлы Жаратушы – Алланы танып, құлшылық етудің және адамзаттың ары мен намысын қорғаудың ең үздік үлгілерін көрсетті. Олар ұстанған Тарихат (Сопылық ілім) барлық ғылымдардың ең биік шыңы. Сопылықтың сусындар қайнар бұлағы Ислам шариаты. Ол – бүкіл болмыстың неден тұратынын түсіндіріп бере алатын, қандай қоғам болса да оның тұрақтылығын сақтай отырып, сол қоғамға нәрлі рухани қорек ұсынатын, адалдық пен рухани тазалықты бәрінен жоғары қойып, адам жүрегінде ұялаған жарамсыз көріністерден құтылу шараларын үйрететін, жүректегі ізгі сипаттарды сақтаудың әрі көбейтудің жолдарын көрсететін, “кемел адам” дәрежесіне жету заңдарын түсіндіретін ілім. Мұнда адам баласына Аллатағала ықтияр еткен барлық рухани мүмкіншіліктері толық зерттеледі. Адам баласына «Бақытты ғұмыр кешу» деген ұғымның мәні мен мағынасын, оған жету жолдарын ашып көрсетеді. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ.

    Сонда сопылық ілімнің исламға қайшылығы қай жерін де?

    Демек, КМДБ мен елді біріне-бірін қарсы қойып, арандатып отырған Сізді жауапқа тарту керек.

    • #66
    • 66
    • жм, 10/03/2017 - 9:28

    63-тегі бір қазаққа! Есіңізде болсын. Сопылық ілімнің қыры мен сырын білгендер ешқашан Елбасы жайлы жағымсыз пікір айтпайды. М.Қожырбайұлы да осы бағытты ұстанады. Себебі, Елбасы қазақстан да тұратындардың бәріне тең қарауы керек.

    Демократия заңы бойынша азшылық көпшілікке бағыну тиіс. Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы қазір 70 пайызды құрайды. Елді адами қасиеттің биік шыңына жетелейтін Ұлы Аталарымыздан қалған шежіре-тарих, өсиет, адамдардың бір-біріне жақсылық жасаудан жарысуы, озық ой, ақыл мен білім бәрінен жоғары тұруы керек.

    Елбасымыз осының кепілдігін қамтамасыз етеді.

    • #67
    • Жәй қазақ
    • жм, 10/03/2017 - 9:35

    "Сопылық - Исламда жок діни-саяси қозғалыс" дейсіз. Сопылық ілім саясатпен айналыспайды. Бұл ілім адамдардың жан-жүрегін зерттейтін ілім.

    • #68
    • 68
    • жм, 10/03/2017 - 9:40

    63-ке! "Өткенде Шыңғысхан -қазақ ( қазақ болғанда да адай) деп, президенттің пікіріне қарсы шығып едің" дейсіз, одан кейін бүкіл қазақ ғалымдарының Шыңғыс ханды қазақ деген пәтуәсі шықты емес пе? Олардың бәрін не істейсіз? Солардың бәрін жауапқа тартасыз ба? Бұл ақиқат-шындыққа қазіргі Қазақстанда орын жоқ. Шындық айтқандардың бәрін соттаймыз деу болып шықпай ма?

    • #69
    • 69
    • жм, 10/03/2017 - 9:43

    Ғалымдар Шыңғыс ханды қазақ деп мойындады (видео) - Qamshy.kz
    qamshy.kz/Home/Show/16134
    Перевести эту страницу
    6 дней назад - Мұхтар Мағауин: «Орыс советі идеологиясы келіп жеткенге дейін бүкіл қазақ шыңғыс ханды құрметтеген, қадір тұтқан. Ал одан кейін ...

    • #70
    • 70
    • жм, 10/03/2017 - 9:47

    63-ке! М.Қожырбайұлын "Диагнозы болмаса, заңға тартылуы мүмкін" депсің. Осы пікірталастарды оқыған жұрттың кімді жауапкершілікке тартатынын өзіңізде бағамдап отырған боларсыз деп үміттенемін.

    • #71
    • 71
    • жм, 10/03/2017 - 9:50

    ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҒАЛЫМДАР ШЫҢҒЫСХАНДЫ ҚАЗАҚ ДЕП ...
    kerey.kz › Тұлғалар › Қазақ шежіресі
    Перевести эту страницу
    13 нояб. 2016 г. - Әлемдік деңгейдегі ғалымдар көптеген пікірталастан кейін Шыңғыс хан қазақ болған деген тоқтамға келді. “Шыңғыс хан шындығы” ...

    • #72
    • 72
    • жм, 10/03/2017 - 9:53

    63-Бір қазаққа! Көрдіңіз бе? Сіз ұйықтап жүргенде тарих ғылымы елдік бағытқа қарай дамып кеткен.

    • #73
    • 73
    • жм, 10/03/2017 - 10:46

    59-Мадайға! Көрдіңізбе тағы айналып "Т" таңбасына келдік. Себебі, Тұранның түбірі "Ұран" болады. Иә,Иә! Кәдімгі Ән ұран дегеніміздегі Ұран. Сол ұранның алдына "Т" таңбасы қойылып Тұран болып бүкіл әлемге тура жолды көрсетіп тұр.

    Демек, "Т" дыбыс -таңбасының тағы бір сыры, оның тура жолды көрсететінде. Бұл таңбаның әлі талай сырлары бар. Олардың бәрін жадыма сақтап отырмаймыз. Бірақ, Сіз сияқтылар дау айтса, сол бойда тауып бере аламыз.

    Сондықтан, ешқашан өзіңді өзгеден артық санап, алдыңдағы пікір жазып отырғанды келемеж, күлкі етуге болмайды.

    • #74
    • 74
    • сс, 14/03/2017 - 10:56

    Не болды? Батырлар! Ара қарай қазақи білімдеріңізді Қожырбайшылдармен жалғастырмайсыздар ма? Әлде бәріңіз де нокаутке кеттіңіздер ме?

    Ештеңе қылмайды. Қазақ шежіресін жақсылап оқып қайта шықсаңдар болады ғой. Әсіресе, ана КМДБ пәтуа шығарған Сопылық ілімді (тарихатты) дұрыстап зерттеңдер. Сонда Сіздермен жер бетінде бірде-бір ғалым дауласа алмайды.

    • #75
    • 75
    • сн, 15/03/2017 - 21:18

    "Т"-ға байланысты тағы басқа сұрақтарыңыз жоқ па? Болса қысылмай, келемеж. күлкі қылмай сұрай беріңіздер. Бәріне жауап береміз.

    • #76
    • Арман
    • бн, 16/03/2017 - 18:28

    74! Қожырбайұлы дұрыс айтады. Егер сопылық ілімді зерттеуден бас тартсаңдар, мәңгі бақи "сәби" күйлеріңізде қаласыздар.

    • #77
    • Көкбөрі
    • бн, 16/03/2017 - 19:37

    Мен Қожырбайұлы зерттеп жүрген Сопылық ілімнің бір ғана "Т" таңбасының қалай сөйлейтінін көргенімде Кімдердің көк те, кімдердің жерде жүргендерін көрдім.

    • #78
    • 78
    • жм, 17/03/2017 - 11:52

    Мұқа! Басқа таңбаларды да осылай сөйлете аласыз ба?

    • #79
    • Қожырбайұлын жақсы білетін адам
    • сб, 18/03/2017 - 9:17

    Сөйлетеді. Сөйлеткенде қандай, әріп түгілі, тыныс белгілерді де сөйлете алады. Айтуынша, ол кісінің қолында сопылық ілімнің сырын ашатын "кілт (код)" бар.

    • #80
    • 80
    • сб, 18/03/2017 - 23:41

    79-ға! Айтқандарыңыз рас болса "У" деген таңбаны сөйлетіп беріңіздерші!

    • #81
    • 81
    • жб, 19/03/2017 - 11:19

    Ой! Ол оп-оңай ғой деп, біреуіңіз суырылып шығып айта салмайсыздар ма,

Пікір қосу

  • 2 + 32 =

Вход