Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3542 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 08:31

БҰҰ: Қазақстанда әйелдерді кемсітеді

Қазақстанда әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайды және жұмыста кемсітушілікке тап болады, делінген БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі және тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураның жолдауында.

"Біз Қазақстан үкіметін, азаматтық қоғамды және жеке секторды әйелдердің жетістіктерін қолдауға, әйелдердің құқығына қатысты мәселелерге көңіл бөліп, жұмыста гендерлік теңдікті сақтауға шақырамыз", - делінген БҰҰ үндеуінде.

Онда Қазақстан заңдарында "сексуалдық тиісу" түсінігіне толық анықтама берілгені айтылған, ал әйелдер қоғамдық орындарда осындай жағдайлардан қорғалмаған. БҰҰ мәліметі бойынша, "қоғамдық орындарда әйелдерге тиіскен жағдайға куә болғандардың 25 пайызы ешқандай әрекет жасамаған".

БҰҰ ақпаратына қарағанда, Қазақстанда әйелдердің дені жұмыссыз отыр. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жалдамалы жұмыстың 70 пайызын әйелдер атқарады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525