46 - сөз

ЖЕРІМІЗ ИЕСІЗ ТҰР МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді


Иесін іздесек - қожайыны кім болуы керек?

Бір мысал: бізде Алматы маңындағы бір ауданның өзінде күніне он шақты Қытай ұлтының азаматы "азаматтыққа өту" арызын тапсырады екен. Олар некеге (мүмкін жалған) тұрып алған куәліктерін көрсетіп, "заңды қақымыз бар" деп, табандап тұрады дейді көргендер... 

Ал еліміз бойынша (Алматы, Ақтөбе, Шығыс және т.т.) аудан-қалаларда ондай өтініш саны қанша екені белгісіз.

Сондықтан, алдымен осыған жол ашып қойған "Азаматтық" және "Неке туралы" заңдарға өзгеріс енгізбей тұрып, "қожайын" туралы айту - елімізге қауіп (болашақ үшін)..

Осы заңдар реттелгенше, оған дейін жеріміз "мемлекет меншігінде" тұра берсін. Онсыз да фермерлердің көбі жерді жалға алып жұмыс жасап жатқан жоқ па? Енді не боп қапты?

Біз тарихи жағдайларға байланысты тәуелсіз мемлекет ретіндегі тұғырды қайта түзеп, жаңғыртып жатқанда - оның іргесін мықты бекіту керек!

Әдрашит Бәкірұлы

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір 490 рет оқылды Қосылған: 09.03.17
    • #1
    • КҮЙІК
    • бн, 09/03/2017 - 18:16

    Жерді сатпайынша ұйықтай алмай мазасы қашып жүр ғой КӨКЕҢНІҢ

    • #2
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • бн, 09/03/2017 - 21:13

    Азаматтық сұрап келген Қытайларды... бүкіл Қазақ Еліне келген Әр күнін тексеруден өткізу керек. Егер болымсыз ғана шикілігі болса...дереу сотқа беріп жауапқа тарту шарт ?!.. Және оларға руқсат еткен адамдарды да жауаптамаса... болымсыз АҚШАҒА САТЫЛАТЫН АҚЫМАҚТАР жетіп жатыр... Әбдрашит бауырым - Сенен өтінерім мынау жазған дерегіңді РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАС пуркорорына жібер...

    • #3
    • Жанашыр
    • жм, 10/03/2017 - 9:27

    Жердің иесі ҚАЗАҚ одан басқа иесі болуы мүмкін емес.АЛЛАҺ осы жерді ҚАЗАҚҚА бұйыртты АЛЛАҚТЫҢ қалауымен БАБАЛАР ұрпағына аманат етті.Аманатқа қиянат жасау күнə екенін əрбір ҚАЗАҚ біледі.Жерді игерем десең əр қазаққа бөліп бер сатылмастай етіп ,
    əр қазақ сол өз жерін жалға беріп жұмыс істетсін өзгелерге.

    • #4
    • жалықпас
    • сб, 11/03/2017 - 16:13

    жердің де оның асты-үсті толы байлықтың да иесі ең бірінші мемлекетті құрған көзі алақ-жұлақ етіп бір орында тұрмайтын кемеңгер нобель сыйлығын алсам деп есі шыққан бір шал болып тұр. оған енді не істесе де халық пен ақылдастым деп соғатын суайтың тірідей қазанға жабысқан күйеге ұқсап айырылар түрі жоқ. ақаев пен бакиевтің кебін кигізбесе.

    • #5
    • жалықпас
    • сб, 11/03/2017 - 16:13

    жердің де оның асты-үсті толы байлықтың да иесі ең бірінші мемлекетті құрған көзі алақ-жұлақ етіп бір орында тұрмайтын кемеңгер нобель сыйлығын алсам деп есі шыққан бір шал болып тұр. оған енді не істесе де халық пен ақылдастым деп соғатын суайтың тірідей қазанға жабысқан күйеге ұқсап айырылар түрі жоқ. ақаев пен бакиевтің кебін кигізбесе.

    • #6
    • Дос
    • жб, 12/03/2017 - 21:46

    Өте орынды айтылған пікір!!!

Пікір қосу

  • 9 + 34 =

Вход