Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3389 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 15:09

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Наурызға тарту жасамақ

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды: №154/153 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы 18 наурыз күні  Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана);  №157/158 «Алматы-2-Астана» жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс); №160/159 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді  (1 бағытта ғана); №155/156 «Алматы-2-Арыс-1» жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызда барады (1 рейс).

Абай-ақпарат

0 пікір