46 - сөз

"ҚОЙ ҮСТІНЕ БОЗТОРҒАЙ ЖҰМЫРТҚАЛАҒАН ЗАМАН ТУАДЫ"

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жаңа ғана бір Құдайдың құлы, Пайғамбардың үмбеті ұялы телефоныма хабарласты. «Осындай да осындай, таңға таяу түс көрдім, соны саған жорытайын деп едім» деді. Айтыңыз дедім. «Айтсам, бір жеңіл мәшинеде келе жатырмын. Шопырдың қасындағы алдыңғы орында атақты ақын, марқұм Қадыр Мырза Әлі отыр да, мен арт жағында отырмын. Бір кезде Қадыр ақынның аузынан, жылқының қылы секілді, бір ұз-ы-ын қыл суырып жатырмын, өзі сұмдық ұзын екен, таусылар емес, бір кезде арт жағына лас қоқыс-қыбыр, жүн-жұрқа ілескен екен, түп-көтере бір-ақ суырып алдым. Сол екен, Қадыр ақын көзден ғайып болып кетті. Бір талдың бұтағында мен суырып алғанға ұқсас қыл-қыбыр ілінген екен, жақсы болды ғой, жел ұшырып әкететін болды деп, қолымдағы қыл-қыбырды соның үстіне іліп жатырмын. Сол кезде оянып кеттім» деді әлгі Құдайдың құлы. 
 Қапелімде не деп жорырымды білмей, ойым-сан-саққа кетті. «Қадыр ақын атеист болды ма, жоқ, Құдайға сенуші ме еді?» дейді әлі таныс пендем қарап тұрмай. «Ол кісі дінге жақын болмады-ау деймін, жұма намазға барыпты, әулие-әмбие аралапты дегенін естімеппін. Бірақ тегін адам емес қой, қазақтың үлкен ақыны, қасиетті кісі, өлең қонған адам, ол да бір әулие десеңіз болады» дедім. 
«Әулие дейсің бе, апыр-ай, мынау бір Қадыр ақынның маған аян берген түсі болды-ау. Жаңа ғана сенің алдыңда түсімді туған қарындасыма айтқанымда, ол жақсыға жорып, «Жарықтық Қадыр ақынның аруағына арнап Құран оқып жіберіңіз, өмір бойы заманның, қоғамның мұң-шерін жырмен қозғап, іштей күресумен өткен адам ғой, ол кісі – заман, ал сіз сол заманның қыл-қоқысын суырып алып отырсыз, езілген елдің басына түскен ауыртпалық осымен бітеді екен дегені» деді. 
«Онда қарындасыңыз әулие екен, өзіңіз де тегін адам емессіз ғой» дедім толқып тұрған түстің арнасына түскеніне қуанып. Сол кезде есіме әулие Мәшһүр Жүсіптің түсе кеткені. Хақ әулие Мәшекең айтқан екен деген сөз бар: «Қазақ жетпіс жыл құдайсыз қоғамда өмір сүреді, одан соң елді 25 жыл ұры-қарылар былықтырады, одан соң қазаққа қой үстіне бозторғай ұялаған заман туады» деген. Жетпіс жылымыз атеистік компартияның заманы ғой, ал одан кейінгі 25 жылда премьер-министрден бастап, обләкімдері, министрлері, генералдары бар, небір атағынан ат үркетін шенділердің шетінен сотталып жатқанын көріп отырсыз, ұры-қарының заманы дегені сол емес пе әулиенің?! Иншалла, Мәшекең айтқандай, қазаққа қой үстіне бозторғай ұялаған заман келеді екен. Қадыр ақын, шынымен де, сіз арқылы аян беріп тұр дедім. «Әумиін» деп, ол кісі қатты қуанып қалды. «Жақсы түс – жарым ырыс» деп, мен бұл жақсыға жорылған түсті ФБ арқылы елге жеткізгенді жөн көрдім.

Төреғали Тәшеновтың FB парақшасынан алынды

22 пікір 1059 рет оқылды Қосылған: 09.03.17
    • #1
    • Ай
    • бн, 09/03/2017 - 17:14

    Мəшһүр Жүсіп Əулие десе Əулие.ол кісінің еңбектерін оқып көп нəрсені айтып кеткенін білдік.өте ғұлама.

    • #2
    • Көсеуші
    • бн, 09/03/2017 - 19:03

    Бәрі де мүмкін, мұнайдың бағасы облом болып жатыр екен.

    • #3
    • амина
    • бн, 09/03/2017 - 22:02

    Амин

    • #4
    • Мақсұт
    • бн, 09/03/2017 - 23:05

    Төреғали Тәшенов мырза!

    Алдымен Мәшһүр Жүсіп дәл қазір жаныңызда емес қой, сондықтан атын айтып, жазғаныңыз жөн еді ғой. Мысалы А. Құнанбаевты да "Әбеке" демейсіз, "Абай ата, Абай аға -демейсіз бе? Ал мына "Мәшекең..." -дегеніңіз тіпті лайықсыз екен!
    Екінші -түсті Қазақ әйелге жорытпаушы еді... Жорыған күнде де түс үш түрлі болады: Иллаһи, Шайтани, және Әбігер-көңіл, күй түс. Танысыңыздың түсін "Иллаһи түс" -деп қабылдасақ -мен жорып көрейін... (Негізі -түсті көпшілікке емес, елдің ең үлкені, ауызы дуалы қариясына, бір ғана адамға айту керек еді).
    Бұл түсті Елге, Елдің ертеңіне қатысты-деп қабылдасақ, Қадір ақынның атейст немесе тақуа екендігіде тұрған ешқандай мән жоқ. Қадір-бұл біздегі бүгінгі зиялы қауымның, қоғамның жетекші күштерінің көрінісі. Ал, ол күштің қаруы, әрине -Сөз! Сол сөз бүгінде қыл, қыбырға айналып барады. Таусылар түрі жоқ...Бірақ -таусылды. Бос сөздің түбі - "қоқыс, қыбыр, жүн, жұрқа," екен... Ол да кетті, оны жел ұшырып кетпек...Демек -бос сөз бітіп, орнына Іс келеді екен! Осы күнге дейін Зиялылар мен, айтушылардың да тілегі біреу ғана -Халықтың қамы. Сол ақ тілек -Сөзден іске айналғанда, қыл, қыбырдан арқанға айналғанда орындалады екен!

    • #5
    • molda
    • жм, 10/03/2017 - 0:47

    Машhур Жусiптiн айтканы келсiн! урылардан тезiрек кутылуды пешенемiзге жазсын, Кудай тагала!

    • #6
    • Жанашыр
    • жм, 10/03/2017 - 9:10

    Жақсы сөз жарым ырыс , əмин айтқаныңыз келсін түсті өте жақсы жорыған ол қызда тегін емес екен.Бір жамандықтың бір жақсылығы болар .Аллаһ қаласа жақсы күнгеде жетерміз.

    • #7
    • Зиялы
    • жм, 10/03/2017 - 9:30

    Ұры-қары билеген қоғамды өмір сүріп жатқанымызға 26-шы жылға қарай кетті ғой. Әлі 4-5 жылсыз көсегеміз көгере қоятын түрі көрінбейді. Тек содан кейін барып, бір жақсылық болмаса.

    • #8
    • Мақсұтқа!
    • жм, 10/03/2017 - 11:17

    Мәшекең - Мәшһүр Жүсіпке қатысты, ол кісіні құрметтеп айтылатын ежелден бергі реңкі. Сіз мұны бүгінгі қазақтардың Маке, Баке, Сакесімен шатастырмаңыз!

    • #9
    • Руза
    • жм, 10/03/2017 - 16:45

    Шіркін, айтқаның келсін!

    • #10
    • Жанашыр
    • сб, 11/03/2017 - 10:49

    Иә Мәшекең деп орынды айтылған әулиені халық қай заманда болмасын құрмет тұтқан. Ұлы адамның алдыңғы айтқаны дөп келді ғой, соңғысыда дәл келсін. Әумин!!!

    • #11
    • Төре
    • сб, 11/03/2017 - 10:54

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Есенғали, Мақсұт, шала қазақпын, калбит т.б. Абай кз-нің белсенділері! Ыңғайсыз болсада айтайын? Мына мен бір түс көрдім. Соны шешіп көріңіздерші... Қысқаша... "Түсімде 01 маған оң қолын созып СҰЙ! деді. Мен Төрелер кім көрінгеннің қолын сүймейді!" деп бас тарттым. Шын айтамын! Төреге өтірік айту жараспайды. Өтірікті Алламыз кешірмес! Бұл не "тауықтың түсіне тары кіреме?" Мәшекең - Мәшһүр Жүсіп әулиенің әруағы мені кешірсін? Мүмкін сідерге осыны шешуге жарықтықтың рухы "ДЕМ" берер? ӘМИН!

    • #12
    • Ттт
    • сб, 11/03/2017 - 11:23

    Саған көрінген түлкінің боғын былай таратсақ болады, жақын арада саған жалақысы жоғары жұмыс жолығайын деп тұр,бірақ оған қол жеткізу үшін пара беруің керек,бірақ бұған сенің төрелік гордость жол бермейді.обшым ол жұмыстан қағыласың.

    • #13
    • Төре, 12-ге
    • сб, 11/03/2017 - 12:16

    Сіз сезімге берілгенсіз... Менің әзірше жұмысым бар. Одан қысқарсамда онша қамыға қоймаспын. Сіз нашар жорушысыз... түлкінің боғына жору Қазақи дәстүр, ол дұрыстау...

    • #14
    • Шыңғыс төре
    • сб, 11/03/2017 - 12:21

    #11 сен төре емесің. Төрелерді қол сүйгенін қайдан көрдің? Əркімнің қолын сүйе бермейтіндей? Төре еместер əркімнің қолын сүйе береме сонда?? Ақымақ кнбшник жоқ троль

    • #15
    • Төре, 14-ке
    • сб, 11/03/2017 - 12:54

    Ей Шыңғыс "төре", қызбаланба? Алдымен сезімге берілмей дұрыстап оқы, тағы оқы? Атыңыз төреге лайық болғанымен - затыңыз ТӨРЕ емес! Сөз саптауыңызға қарағанда, біліміңіз төмен, сөз парқын түсінбейтін, сауатсыз қызба адамға қатты ұқсайсыз. Мына мен "қате" жаздым ба деп қайта оқып едім, қателігі жоқ сияқты... Сондықтан өзіңізге жараспайтын ат алып неңіз бар, жазған бала-ау? Не жазғаныңызды қайта оқып қөріңізші... өзіңіз тұсіндіңіз бе? Қайдам... КНБ-нің жігіттірі сөзді Алланың атымен бастамайы! Олардың жұмысының тәбиғаты солай. Сырттай болсада білім алыңыз?

    • #16
    • Сақшы
    • сб, 11/03/2017 - 13:01

    Мəшһүр деген кличкасы, "танымал", "белгілі" деген мағына береді.
    Ал Жүсіп аты.

    • #17
    • Халафи
    • сб, 11/03/2017 - 13:29

    Қадыр мырзалиев деген Желтоқсан комиссиясының шешімін бұрмалап жіберген, үш әріптің құпия тыңшысы болған миллионер ақын ба? Ол қайдағы мұсылман жан?. Барып тұрған атеист, большевизмнің сандырағына уланған, билік бұлбұлы болуға ғана жарыған пендені Мәшһүр Жүсіппен тең қою жөн болмас. Советтің құлақкесті құлы болған ақындар емес, мұсылмандықты ұстанып өткен Құнекемнің тәрбиесінен шыққанн Абай ақын автордың түсіне кірмегені өкініші- ақ?! Соған қарағанда Төреғали деген мына жазарман мұсылмандықтан алыс адам сияқты ғой.

    • #18
    • Төре
    • сб, 11/03/2017 - 14:11

    Ағайындар, бастарына түскен қатал сыннан аброймен өтіп, елге Екі Мұхтар келіп, еліне Ие болсын! деп тілеу тілейік! Жаратқан Иеміз, Бір Алла! Олрдың жолын аш? Әмин!

    • #19
    • Шыңғыс төре
    • сб, 11/03/2017 - 17:30

    .. "Түсімде 01 маған оң қолын созып СҰЙ! деді. Мен Төрелер кім көрінгеннің қолын сүймейді!" деп бас тарттым.
    Төре еместер көрінгенің қолын сүйе береді екен сіздіңше

    • #20
    • Шыңғыс төре
    • сб, 11/03/2017 - 17:33

    Əлде сіз тек президентер папа римскидің қолын сүйеді деп ойлаған боларсыз түсіңізде ???

    • #21
    • Айғаным
    • жб, 12/03/2017 - 17:37

    Мен Қадыр Мырза Әлиді көргенмің. Ол дінге сыйынып, құрметтейтін адам болған. Қанша жыл, яғни, мен дүниеге келгеннен бері көршіміз болған.

    • #22
    • Айғаным
    • жб, 12/03/2017 - 17:37

    Мен Қадыр Мырза Әлиді көргенмің. Ол дінге сыйынып, құрметтейтін адам болған. Қанша жыл, яғни, мен дүниеге келгеннен бері көршіміз болған.

Пікір қосу

  • 6 + 7 =

Вход