Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6135 0 пікір 11 Наурыз, 2017 сағат 10:24

Әйелдердің зейнетке шығу жасы көтеріле бастайды

Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы біртіндеп көтеріле бастайды. Осыған бірінші болып іліккендер, яғни, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап 58,5 жасында зейнетке шығатын әйелдер зейнетақы көлемінен ұтатын болады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

- 2014 жылы зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде концепция да,  заң да қабылданды. 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы жасын кезең-кезеңімен арттыру басталады. Зейнет жасын 63 жасқа дейін жеткізуді он жыл ішінде жүргіземіз. Ол 2018 жылдан 2028 жылға дейін жарты жылдан көтеріліп отырады. Яғни біздің әйел азаматтарымыз 2028 жылы ғана 63 жасқа келіп зейнетке шығатын болады, — деді үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Дүйсенова ханым.

Абай-ақапарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541