Саясат

ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Фото: sayasat.org

«Саясат-Monitoring» әкімдердің ақпан айындағы мониторингін жариялады. Іскерлігі мен ұйымдастырушылығымен көзге түскен әкімдердің ішінде Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев көш бастап тұр.

Рейтинг түзушілер Б.Байбектің бірінші орынға көтерілуін Универсиаданың сәтті өтуімен байланыстырыпты. Және Ресей Президенті В.Путиннің ресми сапарын да ойдағыдай өткізді депті. Жөн-ақ.

Астананың әкімі Әсет Исекешевтің екінші орынға жайғасуына КСК қызметтерін, балабақшаға кезекке тұру, ауруханаларға қаралу, кезек тұру сықылды тұрғындрға аса қажетті салаларға е-қызмет енгізбекші болып жатқан ұмтылысы себепкер болғанға ұқсайды. Дегенмен, әлі де болса жоспар күйінде тұрған бұл істен гөрі, Исекешевтің әлеуметтік желі арқылы қала халқымен тікелей әрі ашық сөйлесіп, байланыс орнатқан ашықтығы көпке ұнаған сықылды.

Ал, үздік үштікті түйіндеп тұрған Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев өткен айда Қуандық Бишимбаевтың ісіне қарамастан шыны зауытының төңірегіндегі мәселелерді реттеп, оның уақытында іске қосылуына жол ашты. Әкімнің бұл ісі оның аймақ деңгейіндегі ғана іскер тұлға емес, жалпы салмағы, ықпалы бар әкім екенін аңғартты. Сондай-ақ, облыстағы энергия және газдандыру мәселелерін де аймақ басшысы оңтайлы шешіп отырғаны есепке алыныпты.

Әкімдер рейтингіндегі үздік үштік – осы.

Нұра Матай

Abai.kz

26 пікір 841 рет оқылды Қосылған: 11.03.17
    • #1
    • Шие елінен
    • сб, 11/03/2017 - 16:19

    Оценивая работу акима Алматинской области Амандыка БАТАЛОВА, респонденты отметили, что глава региона получил высокую оценку главы государства: “Хорошо работаешь, положительно оцениваю деятельность. Многие твои коллеги должны учиться по твоему примеру”. Егер Қырымбек Көшербаев қалпақтан үлгі алып НҰркөкеме ескерткіш қойса бірінші орынға шығып кетуге әбден мүмкіндігі бар. Қызылордалық жерлестер ақша жинап Қырекеңе көмектесейік. Халықтың атынан қойдым десе Баталовтан да ақылды боп көрінеді.

    • #2
    • ауылдан
    • сб, 11/03/2017 - 16:46

    менен сұраса -бірінші Баталов,екінші Сапарбаев дер едім

    • #3
    • билгиш
    • сб, 11/03/2017 - 16:56

    мен мына кризис заманында шымкенте машина зауытын иске коскан шымкент обл акими туимебаевка биринши орын Берген дурыс болар еди деп оилаим себеби алдынгы акимдерден мырзахметов атамкуловтар битира алмаи кеткен исти битирди.75 ке жакын азаматтарымыз жумысты бопты.

    • #4
    • Казак
    • сб, 11/03/2017 - 17:03

    Негізі Алматы обылысы, 1-ші Амандық Батталовқа, 2-ші Сапарбаев пен Байбекке.

    • #5
    • Төре
    • сб, 11/03/2017 - 18:11

    Өстіп РЕЙТИНГ жасай берсеңіздер, оларда Тас сияқты ЕЛШІ болып кетер? Байқаңыздар? Жаман ырым!

    • #6
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 11/03/2017 - 19:25

    Саясат-Monitoring деген орыс тіліндегі биліктің қолшоқпары, содан-ақ ол мониторинг кімнің жырын жырлайтыны белгілі емес пе ?
    Шөпкетышар шенеуніктерге бағаны халық бергенде ғана олардың құны белгілі болады, ал мони-сонидың берген бағасың құны қарапайым қазақ үшін - БЕШ ТИЫН!

    • #7
    • Шыңғыс төре
    • сб, 11/03/2017 - 19:31

    Əрине бірінші орында. Жанаөзен қырғынын əлі жасырып отырғаны үшін по блату түкке жарамсыз рейтингтен бірінші орын берген не тұрады лицемерлерге

    • #8
    • Шыңғыс төре
    • сб, 11/03/2017 - 19:37

    Ааа байбек кластасының баласы болған үшін берілген да, бұндай адамды приспособленец дейді көшеде, ол бір адамның арқасында өмір сүріп осындай рейтингтерде бірінші орын алып отырады.

    • #9
    • Төре
    • сб, 11/03/2017 - 19:41

    Заман ақыр келерде ел басқарушы тірі кезінде кунәһарлар өз халқынан бөлек өздеріне КӨР дайындар. Ол Алланың бұйрығы болу керек! Иә халқынан бөлек жатқандары дұрыс!

    • #10
    • ТАРАЗ
    • сб, 11/03/2017 - 21:12

    Маған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ұнайды. Нағыз қазақтың баласы.

    • #11
    • манарбек.жанакорган
    • сб, 11/03/2017 - 21:51

    Маған көшербаевтің облыстың индустиялық əлеуетін,баспана мəселесін шешудегі атқарып отырған жұмыстары қатты ұнады. Еліне жаны ашитын азамат деп осы кісіні айтуға болады

    • #12
    • манарбек.жанакорган
    • сб, 11/03/2017 - 22:00

    Былтыр көшербаев облыс орталығында көп қабатты бірнеше үйді пайдалануға бергізді қатаң бақылаудың арқасында қалада қаншама жас семья пəтерлі болды. Енді сондай көп қабатты үйлер жаңақорғанда кентінде салына бастады бұл қуантарлық жағдай. Маған салса көшербаев мырзаға бірінші орынды берер едім

    • #13
    • #10.12
    • жб, 12/03/2017 - 0:07

    Ұнаса берер болсаңдар байға тиіп алыңдар

    • #14
    • бақлаушы
    • жб, 12/03/2017 - 0:12

    жалпы жеке пікірім мен өзім қырымбекке көп сене бермеимін ол аратыр сөзге шебер бірақ ол маңғыстаудыңдың сынан өтім деген менен өте алмады көп болса ана орыс құлды оралдыңдың сынынан өткен шығар себебі кеше қызыл-ордада жер дауыннда және әскер күшіне сенді әңгіме ода емес қырымбектің қайта-қайта қайталанбайды қайталайа бермеирмеиді халық тек өз-өзімізге сенеиік

    • #15
    • Түңілген
    • жб, 12/03/2017 - 5:19

    #12 манарбек.жанакорган !!!
    Ақымақ болма!
    Банктердің бәрі биліктегілердің жеке меншігінде.
    Банктегі ақшалары солардың халықты тонап алған ақшасы.
    Сол жеке банктердің ақшасына шыпырлатып сапасыз үйлер салып, оны жастарға тегін емес, ипотекаға жоғарғы пайызбен таратып беріп жатыр.
    Алатын айлықтарының жартсын сол пәтерлер үшін жиырма жылға дейін төлейді.
    Оның үстіне, плюс жылына бірнеше рет қымбаттатып жатқан коммуналдық төлемдер.
    Оны төлеп болғасын олардың балаларына да пәтер керек болады. Сосын олардың балаларын да жиырма жылға косякқа тығып қояды.
    Ал, Көшербаевтар болса, сол биліктегілердің бизнестерін қаттырақ жүргізушілер ғана.
    Биліктегілердің бизнесін қатты жүргізсең сенің де рейтингің жоғары болады.
    Сүйтіп, миллярдерлердің ақшасы тоқтауыз айналымға түсіп, байыған үстіне байи береді.
    Шиқылдаған халық бұл өмірде шиқылдаумен өтеді.

    • #16
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 12/03/2017 - 9:03

    Манарбек деген азамат СССР заманындағы "коммунизмде" жасап жатқан болса керек ?

    Көшербаев ол үйлерді қалтасынан ақша шығарып тұрғызып, жастарға тегін үлестіріп жатқан шығар ?
    Ол пәтердің құнын жастардың ұл-қыздары соңғы битін сығып төлейтінін Манарбек біле ме екен ? !

    • #17
    • Жұмабай
    • жб, 12/03/2017 - 9:56

    Енді осы адамдарды қарап,сайлау жасап өткізіп біреуі н президент тікке қойыу керек..
    Қартты отставкаға жіберу керек.демалсын.

    • #18
    • Мұхаметжан Сәләф
    • жб, 12/03/2017 - 10:34

    Халық үшін осылардың барлығының құны бір тиын. Анада Е.Сағадиевтың айтқанын естідіңіздер ме? Мен президент кет десе ғана жұмыстан кетемін деп мәлімдеді. Халық билік үшін құмырсқаның илеуі ғана, үстінен бюджетті кертіп жейтін.

    • #19
    • Ауылдан
    • жб, 12/03/2017 - 13:53

    Атырау әкімі Ноғаев, Шімкент әкімі Ғұбайдолла алдыңғы орынға лайықты азаматтар.

    • #20
    • Халық пікірі
    • жб, 12/03/2017 - 16:15

    ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІН жасарда олардың уақыт талабына сай ісімен қимыл көз қарасын басты есебке алу керек, қазір 21ғасыр көшербаев сияқтылар іскер болар, бірақ ол кісі как порткомдар сияқты істеген іс қимылдары жұмыс жасау тәртібі біздегі шенеуліктер кәдімгі бұрынғы комунистер сияқты жұріп жатыр қоғамныңда бүгінгі халық осылардың осындай жиналыстан басқаны білмейтін істерінен мезі болған, қоғамға жастар келу керек баяғы ілбу ғой оның несін салыстырып бас қатырып отырсыздар

    • #21
    • манарбек.жанакорган
    • жб, 12/03/2017 - 17:33

    Есенғали кеңес үкіметі 70 жылда не қатырды? Қазір жаман ба, қайдан келседе,70 жылда істелмеген жұмыстар біздің облысымызда қалаберді ауданымызда істеліп жатыр мен оған қуанамын. Ал анау маңғыстаудағы жағдайдың əкімге қатасы жоқ,ол жерде арандатулар болған

    • #22
    • манарбек.жанакорган
    • жб, 12/03/2017 - 17:45

    Сіздердің ауылдарыңызды білмеймін біздің ауылда баяғы тілмен айтсақ совхоздарда оның бөлімшелерінде көшеде свет жанып тұр ,көшелерге асфальт саынған,мұндай бұрын соңды болған емес қалай енді жамандайсың осыдан кейін сенбесеңіздер келіңіздер ауылға көріңіздер басқа жерлерді білмеймін біздің ауыл сондай ауылда еш өндірістік орындар болмасада ауылымызды сондай дəрежеге жеткізіп қойды бұл осы əкімдердің арқасы

    • #23
    • 22ге
    • жб, 12/03/2017 - 19:42

    Ой тап сенің миынды... басқа не деуге болады, сол түнде жанган лампаның астына отыра бер онда, баяғыда осы лампа жанбап еді деп мәз болып есек

    • #24
    • Мақсұт
    • жб, 12/03/2017 - 22:03

    Манарбек бауырым!
    Сені ң айтқан ауылыңды мен аптасына бір көремін. Атың Манарбек болса д, затың мұнарбек болмаса -көшедегі шамдар мен сәндік жарықтардан да өзге талай "қызықтарды" көрер едің ғой... Базарыңды көр-70 жыл тәшкі итермеген қазағың "рикша" болып жүр. Ауылыңды көр -кешегі күркіреген комбайн, тау -телегей астық, сапырылысқан жұмыс жоқ, көшеде жұмыссыз жастар арақпен алысып, көрінген "камоктарды" жағалауда. Халқыңды көр -"кредит" деген әбжыланның ауызында ай сайын діріл қағып, "итке сүйек қарыздар" болып жүр. Теңдігін көр-біреулері биліктің айналасында амалын тауып асқақтаған зәулім сарайлар салса, біреулерінің қорасында қотыр тоқты жоқ. Халық жаппай ауру, жағалай жарымжан, қабақтары қатулы, болмашыға қағаз арқалап. әр есікті бір тоздырып сеңдей соғылысуда! Жаңақорғандағы жағдай осылай болса, басқа аудандарының да жетісіп тұрғаны шамалы, бәрінің сырты жалтырап, іші қалтырап тұрған бір дүние. Көшерьаевты мейлі бірінші орынға қой, мейлі, бәрінен айырып ең соңына апар, бәрібір елдің пайдасына ештеңе өзгермейді. Манарланған сөздерге мұнарланған өмір қайшы келіп тұр.

    • #25
    • Түңілген
    • дн, 13/03/2017 - 1:40

    #22манарбек.жанакорган !!!
    Сенің айтып тұрғандарыңның бәрін "СВЕТОЭФФЕКТ" деп атайды.
    Сол "СВЕТОЭФФЕКТ"-ның Қазақстанға қалай келген тарихын айтып берейін.
    Шымкент облысының әкімі болып тұрғанда баласынан, одан соң таможньяның бастығы болып тұрғанда әексінен айырылып, басына бірінен соң бір қайғы жабысты.
    Оның қайғысына ортақтасқан Қазақстанның барлық кеденшілері, коммерсанттардан тартып алынған, тегін келіп жатқан байлықтарды аясын ба, КАМАЗ-КАМАЗ дүние-мүліктерді Сапарбаевтардың үйіне әкеліп төгіп жатты.
    Кеденшілер әкесін енді қайтып келместей етіп көміп берді.
    Сол қайғыларын көтере алмаған сенің жерлесің Сапарбаев бар жұмысын жиып қойып, тас қараңғы болып тұрған туған ауылында бас көтерместен "запойда" жатты.
    Сапарбаевтың басын көтерер деп, көңілін аулап, "Самара-Шымкент" трассасынан, ұмытпасам "Еңбек" ауылындағы Сапарбаевтың әкесінің үйіне дейін, кеденшілер жолдың екі жағына фанарлар орнатып, жаңағы айтқандай "СВЕТОЭФФЕКТ" жасап қойды.
    Оны көрген басқа әкімдерде ауылдарға, қалаларға "СВЕТОЭФФЕКТО" жасай бастады.
    Оны көрген президент Астанаға да "СВЕТОЭФФЕКТО" жасап, Астананы "ҚҰЛПЫРТЫП" қойды.
    Одан соң, Назарбаев бүкіл Қазақстандағы әкімдерге "СВЕТОЭФФЕКТО" жасауға әмір етті.
    Сүйтіп, бүкіл Қазақстан жасанды түрде әдемі болып кетті.
    Жарық деген жақсы ,әрине, егер жарықты нанға жағып жеуге
    болса, киім қылып киуге жараса.
    Бұл "СВЕТОЭФФЕКТО", әсіресе Көшербаевтарға жақсы болды.
    Қызылорданың түгелге жуық көшесіне 30-40 метр сайын, кейбір қуыс көшелерге 15-20 метр сайын фанарлар орнатып, бюджеттің қаражатын сорып алды.
    Президенттің кеңесшісі деген иә онда емес, иә бұнда емес атақ алып, азып-тозып жұмыссыз қалған Сапарбаев асты мен үсті байлыққа толған Шығысқа әкім болып барып, ағайындарына жарамдылығы бір-екі жылға ғана шыдайтын пресстелген бардюрлер жасатып, Өсекменде көше қалдырмай бардюрлеп, Бердібек атын "БАРДЮРБЕККЕ" ауыстырып алды.
    Шырайлы Шығыста сенің жерлесің "Бардюрбектің" шырайы кіріп, қайтадан адам қатарына қосылып, қазір қазаққа бар жанын салып қызмет етіп жүр.

    • #26
    • Ғалым
    • дн, 13/03/2017 - 10:27

    мына бала Байбек Алматының жолын қарамайтын болды. Айтыс өткіздім деп ала шапқын болып жүр. Қара халықтың қаржысын әлдебір алаяқтың талан-таражы жасағанын бірдеме тындырдым деп жүрген болар. Рейтинг деген пәлені кім шығарып жүр осы

Пікір қосу

  • 4 + 42 =

Вход