46 - сөз

"КУРТКА" МЕН "ҚҰРТҚА"

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Баяғыда үйде арғы атамнан қалған қасқыр ішік болды. Қыстың қақаған аязында атшанамен ауданға барғанда әкем үнемі соған орап тастайтын. Біз ішінде қыз-қыз қайнап жата береміз.

Сол ішік кейін далада жайылып тұрғанда жоғалып кетті. Негізі осы қасқыр ішік ұлттық бренд жасауға сұранып тұрған дүние. Өткенде базардан қанша қарасам да, қасқыр ішік сататындарды таба алмадым.

Айтпақшы, ұмытып барады екем, осы мына орыстың «куртка» деген сөзі де біздің қасқыр ішіктен келіп шыққан ба деймін. Қасқырдың ұрғашысын «құртқа» дейді ғой. Ордалықтардың кезінде қасқыр мен басқа да бағалы аңдардың терісі саудаласқан кезде ақшаның орнына жүрген. Қасқырдың қаншығының терісін «құртқа» деп атап, одан орыстың «курткасы» келіп шықпасына кім кепіл?!

Олар біздің талай дүниеміздің осылай «тонын айналдырып» киіп жүр ғой...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір 464 рет оқылды Қосылған: 13.03.17
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 13/03/2017 - 9:43

    Құртқа орыстарда - "зипун",
    күрте - "куртка".
    "Куртка" сөзі түркілерден шыққанын орыстардың өздері мойындап отыр (Википедия).

    • #2
    • глобализация
    • дн, 13/03/2017 - 17:11

    Орыс халқы әлемнен соның ішінде қазақтан көп нәрсе ұрлап алған ғой. Ұрлай алмаса күші келгенде тонап та алды, сатып та алды. Мойындасаңдаршы ей

    • #3
    • .
    • дн, 13/03/2017 - 23:23

    Қасқырдың ұрғашысын " Өлекшін " дейді. Арлан, өлекшін, бөлтірік дегендей.

    • #4
    • Мағжан
    • дн, 13/03/2017 - 23:45

    Өлекшін деп қартайған қаншық қасқырды айтады. Ал құртқа үш-төрт жасар ұрғашы қасқыр

    • #5
    • Тайтөлеу
    • сс, 14/03/2017 - 20:14

    Ескі түркі (дұрысы түрік) тілінде Құрт - қасқырдың бір атауы. Мысалы, башқұрт халқының атауы баш(бас) және құрт(қасқыр) деген сөздерден тұрады. Қырғыз қағанатында естекілер басты ұлт, яғни, көшбасшы болғандықт осылай аталған деседі. Қарқаралы өңірінде естекі қырғыз дегендер бар. Анадолылықтардың "қазақ түркілері", "өзбек түркілері", "татар түркілері" дейтіні сияқты, кезінде аталарымыз да Сібір түркілерін жалпылама қырғыз, ажырату үшін пәлен қырғыз, түген қырғыз деп атаған сияқты. Ал "естекі" башқұрттардың бір атауы екенін ескерсек, әлгі естекі қырғыздарымыздың әрғы аталары қырғыз емес башқұрттар болып шығады. "Құртқаның" ұрғашы қасқыр екенінде сөз жоқ. Өлекшінге келсек, ол қасқырдың ғана емес иттің, түлкінің, қарсақтың және сол тұқымдастардың ұрғашыларының атауы. Мысалы:
    Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
    Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
    Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
    Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс. (Абай)

    • #6
    • Тайтөлеу
    • сс, 14/03/2017 - 20:29

    "Құртқа", "өлекшін" атаулары " - қаншық деген сөздің синонимдері.

    • #7
    • 7
    • сс, 14/03/2017 - 21:50

    Күртеше деген сөз бар емес пе?

Пікір қосу

  • 1 + 1 =

Вход