46 - сөз

"КӨРІСУ" КҮНІ - НАУРЫЗДЫҢ БАСТАУЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Мен ҚазҰУ (КазГу) оқуға түскенімде группамда біраз батыстың қыз-жігіттері бар еді. 1 курста оқып жүргенімде наурыздың 14-күні батыстық достарым жаппай "бір жасыңмен" деп құттықтап жатыр.

Не болып жатқанын түсінбей, ішімнен аң-таң болып, "бүгін туған күнім емес сияқты еді" деп қоямын. Сөйтсем бұл "Көрісу" деген мереке екен.

Бірінші рет естігендіктен мен үшін бұл мейрам таңсық болды. Үңіліп қарасам ниеті өте жақсы мейрам. Бір жасыңмен дегені, қыстан аман-есен шығып, тағы бір жылға аман келуіңмен дегені ғой. Қазақтар көшпелі күн кешкендіктен, қыста ауыл аймақтың бір-бірімен қатынасуы үзіліп қалатын. Сондықтан көктемде алты ай қыста көрмеген көрші ауылға "мал-жан аман ба, жұттан, шапқыншылықтан аман шықтың ба?" деп көрісетін болған. Қарап тұрсақ көшпенділік туындатқан мереке ғой.

Бірақ бұл мейрамды жеке дара емес, Наурыздың бастамасы деп қараған жөн сияқты. Наурызға ғана тән "селт еткізер", "түлік жыры" сияқты жоралғылардың бірі болуы мүмкін. Өйткені Шәкәрім бабамыздың еңбектерінде "қазақтар наурызды апталап, айлап тойлаған және оны 13-14 бастаған" деген сынды деректер бар емес пе?. Яғни Наурыз "Көрісу күнінен" басталған болып тұр ғой.

Аталмыш мейрамды күллі Қазақстанның барлық аймағында жаңғырту керек. Әр аймақта әр түрлі мерекенің сақталып қалуы отарлық саясаттың салдары. Барлығын біріктіріп, өшкенді жағатын сәт туды.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

15 пікір 501 рет оқылды Қосылған: 13.03.17
    • #1
    • серік
    • дн, 13/03/2017 - 10:01

    Баламысың деген. Наурыз наурыз айы туғаннан басталады. Оны екі-үш күнге тығып қойған біздің үкімет қой. Дұрыста шығар, наурызды ел болып бір ай (тақ күндері) тойласаң, нең қалады.
    Сөз жоқ, "көрісу күні" жақсы жоралғы! Бірақ наурыздың басы емес. Орта тұсына келеді. Ел болып келісіп, сол күннен бастап тойлаймын десе, қарсылық жоқ. Бірақ, көктем оңтүстікте ерте, солтүстікте кеш келетіні жаман.

    • #2
    • Серікке
    • дн, 13/03/2017 - 14:02

    Баламысың деп саған айту керек! Оқы Шәкәрімді! Сонда ата тіліңде анық жазылған: "Бұрынғы 1 наурыз (кейінгі 14-і) түркі халықтарының төл Жаңа жылы!" деп. Күн мен түн осы күні теңеседі! Ал 22 наурыз "қызылбастың", яки парсылардың Жаңа жылы!

    • #3
    • Әумесер
    • дн, 13/03/2017 - 17:16

    2-ге... . мынауың ішіп алғаннан сау ма екен өзі. қыстың жылынуы мен көктемнің жылынуы осы наурыз 20 сына таман келеді. ал қазақтар осы аралықта көктемнің келуі күннің ұзаруы мен түннің қысқаруы деп тойлайтын емес пе еді. өй сықи көз неме көзіңді сәл ғана ашып қарасаң көресеңі ғой. неге үнемі көзіңді жұмып жүресің а. білмесең бар да футбол ойна маған неғыл дейсің

    • #4
    • Батыстың қазағы
    • дн, 13/03/2017 - 22:06

    Батыстың қазақтары 14күні үйлерінде асын салып құрт майын дастарханға жайып үлкендер үйде отырады негізінен орта жастағылар үлкендерге кіріп көрісіп шығады, бір жасынмен деп айтып жатады, негізінен жалпы қазақ халқында осы дәстүр болған деп айтып жатады гой, наурыз мерекесінің тарихы кітабында да осы көрісу айтылады

    • #5
    • Мен де Батыстың қазағымын
    • дн, 13/03/2017 - 23:08

    Барша қазақтарды Қазақтың жаңа жылы Көрісу күнімен құттықтаймын! Алла тағала баршамызға жаңа жылда құт-береке берсін. Аман-саулық тілеймін. Елімізде тыныштық болсын!

    • #6
    • Жұмабай
    • сс, 14/03/2017 - 0:01

    Көрісу дейд. О баста бұрынғы заманда бұл көрісу қыстан шығады,ауыл ол кез бір бірімен алыс күн жылына кездесетін.Мысалы бұл батыста ,Бес қонақ,(Цикльон ) 8 апрель 18 апрель) өткен соң басталған.мұны көрісу айт дейді.
    Бұл бәр жерде Қазақстан да болған..
    Қазіргі көрісу тек (қол беріп амандасу) батыста қана қалыпты
    Бізде ,сол кездерден салыстырғанда ауыл үлкен болды,бесжүз дей үйлер болға..СссР кезінде,ол заман ауылда құлып (,замок ) үйге салынбайды,тек таяқпен тіреп қояды.,Сол кезде рі айт болған екен,қарттар апалар үй бір бірімен ,ауыз тиіп ас ішіп кететін.Ол күні есік айқара ашық тұруы керек.Көретінбіз үй иесі болсын болмасын ішкі кіріп,құран оқып ауыз тиіп кетеді.Ас бауырсақ,шай қайнаулы тұратын( қара шай емес,) тәттілер (дастархан үш төрт күн , жиналмай тұруы керек,мүмкін одан көп болар ұмытып қалыппын) т.т.астар..Ол кез бiз дер ойын баласымыз азаннан түннің бір уағында дейін. Ойымда қалған дары осы.Сол кездер күн түн дастархан жиналмай тұрғанын нан білетінбіз айт басталғанын..Бұл сол апрель айынан басталуы керек деп ойлаймын..
    Енді ол ауылдарымыз,с олай жасай ма жоқ па айт күндерін бiлмеймін ..
    Уақыт тар тағы бұл туралы көп айтуға болар еді..

    • #7
    • білгіш
    • сс, 14/03/2017 - 0:32

    Сәбет өкіметі кезінде Қазан төңкерісін (Ұлы Өктәбір революциясын) неге 25 қазанда (октябрде ) емес, 7 ноябрде мерекеледі? Себебі Ленин бұрынғы патшаның кезіндегі календарді 13 күнге жылжытты (новый стиль). Сол сияқты 1 январь орекеңдердің Новый годы 14 январь боп қалды- "Старый Новый год". Сол сияқты 1 Март (1 Наурыз- наурыз мерекесі ) Сәбет өкіметі кезінде 14 Наурызға айналды. Жарықтық менің шешем (оңтүстіктің қызы) Наурызды 14 Наурыздан бастап тойлаушы едік дейтін. Оңтүстікте кейін бұл дата ұмытылып кеткен.

    • #8
    • Батыс ағайынға
    • сс, 14/03/2017 - 14:27

    Оңтүстікте "көрісу" деп - марқұмның үйіне барып, көңіл айтуды айтады. Сондықтан халықты шатастырмай, "Амал" деген варианттарыңды айта беріңдер. Амал - хамал (наурыз айының арабшасы). Наурыз - парсыша.

    • #9
    • қараша
    • сс, 14/03/2017 - 20:24

    Шығыста да марқұмның үйіне барып көңіл айтуды аитады. Бұны дұрыс тексеру керек.

    • #10
    • Толымбек
    • сс, 14/03/2017 - 20:51

    Көрісу мерекесі десе не қылған мереке деп таңырқасам, Наурыз мерекесі екенғой. Бізде көрісу деп қызды ұзатарда әке-шешесімен, туыс-туғанымен көрістіреді. Ұзақ жыл көрмеген туыстар бір-бірін бас салып көрісіп жылайды. Біреу қайтыс болса оған келген жақындары қаралы үйдегі адамдармен көрісіп жылап жоқтайды.
    Ал, мына батыс өңірдегі көрісу мерекесі Наурыз мерекесі ғой. Онан да аз уақыт шыдай тұрып 22-сінде наурызды тойлап, сол күні көріскен де оң шығар деп ойлаймын, өйткені батыстың көрісу мерекесінде қыстан аман шығуыңмен, жаңа жылыңмен. бір жасыңмен деп құттықтайды екен. 22 інші Наурызда да осылай тойлаймыз емеспе. Демек, қаптаған қалың мерекені азайту керек, оның орнына ғылым-біліммен айналыс, жұмыс істе.

    • #11
    • БЕКСҰЛТАН
    • сс, 14/03/2017 - 20:55

    ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙЛЫҚҚА КӨТЕРІЛМЕЙ ТАСАДА ТЫҒЫЛЫП ЖҮРГЕН БҰЛ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ? НЕШЕ МЫҢ ЖЫЛДАН БЕРІ НАУРЫЗ ТОЙЛАП КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕНІҢ АТА-БАБАМ БҰЛ МЕРЕКЕНІ НЕГЕ БІЛМЕЙДІ, БІЗДЕ НЕГЕ ЖОҚ. ДЕМЕК, ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРІЛМЕГЕН ӨҢІРЛІК МЕРЕКЕ СИЯҚТЫ.

    • #12
    • Соңғы бек пен басты Бекке
    • сс, 14/03/2017 - 22:06

    Ей, қарақтарым, бұл қазақтың нағыз Жаңа жылы. Жасым елуден кетті, бала кезімізде он төртінші наурызда көрісуге баратынбыз,тек тоқсаныншы жылдары ғана 21-22наурызда тойлай бастадық,оған дейін Ата -әжелеріміз 22наурызда тойлағанымызды көрмей кетті. 22наурыз туралы оған шейін естіп білмеппіз. Ал сендер, балақай космополиттер естімеген, білмеген нәрселеріңе тұмсық сұқпаң, сендердің орындарыңа ғалым тарихшылар, этногрофтар,сарапшылар сөйлесін.

    • #13
    • Адайшал
    • сс, 14/03/2017 - 22:48

    Бұл ежелден бар Амал мерекесі, көрісу ол жаңа жылды қарсы алудың белгісі десе болады, сондықтан бүйректен сирақ шығарып жаңа жылды көрісу деп бұрмалаудың қажеті жоқ. Амал келді - жыл келді деген осы болады, өткен ғасырдың басында ұмытылып болмаса ұмыттырып жіберген. Ал 22сі қызылбастың жаңа жылы, сол күні бірін бірі шынжырмен арқадан сабап қан шығару ғұрпы парсыларда сақталған, Шақановтың Колбинге барып талап етуіне байланысты дәл осы күн мереке болып белгіленіп кетті. Жалпы Амал - жыл басы баршаңа құтты болсын, құт-береке әкелсін, отбастарыңа аманшылық, дендеріңе саулық тілеймін, Алла келер жылғада аман есен көрісуге жазсын!

    • #14
    • Онтүстіктегі ағайынға батыстан
    • сс, 14/03/2017 - 23:10

    Ендеше, амалдап өйтіп бұйтіп келесі жылға дейін аман болайық

    • #15
    • Жұмабай
    • сс, 14/03/2017 - 23:43

    Сол бір жүйеге келтірілмеген соң ғой..СссР кезінде жаздырмады,айтқызбады.Ал қазір сол ғалым,этнограф тар , жоқ ,барлары сарай ақын,жыршы,сазгер,т.б .болып кетті..Салт дастүр туралы жазушы лар жоқ бұрынғы..
    Бұл жаңа жыл десек болады.. Қазіргі климат басқа" көрісу айты" бұл батыста 19 апрель де басталуы керек..
    8 апрель ден 18 не дейін,бұл ,Ақтөбе Орал Атырау өңірі лер інде халық,Бес қонақ,деп атап
    кеткен,Циклон жүреді.Бул арада жауын қар тұман жел т.т.суық т.б..
    Бұл Цикльон бітпей бас киім шешу ге болмайды,ауырып қалады . Бұл 10 күндік Цикльон бітпей күн жылынбайды.Біткен соң 19 да күн жып жылы,шуақты,болып басталады,адам бір ден сезеді,жер жер де құстар сайрап,жайма шуақ күн , бар жерде қақаған суық қыс тың ізі де қалмаған..
    Міне сол күндерден көрісу басталған.Бұл батыста..
    Ал мына орталық,немесе шығыс өңірлерінде айтшылау деп аталынған,оны мен алдында айттым,шет жағасын көрдім деп..ол жетпісінші жылдар да,ол күндері дастархан жыйналмайды,
    үлкен дер шалдар ,апалар ауыл ,үйлері не бас сұғып Құран оқылатын...
    Біздер ол кез жар жағалап,су кешіп,жазда суға түсіп,тау тас ты аралап,доп қуып,б ау бақшада жеміс жеп,ол кездер малда, экология да таза еді ауылдың..Қыс шаңғы теуіп шанамен сырғанайтынбыз.. Ол кез компьютер жоқ,телик жоқ мұндай таусылмайтын өсек аяң жоқ, Рахат еді..
    Ал қазір ауылдарымыз да дастүрге сай Құран оқылып айтшылау жүреме?,Науырыз күндері..

Пікір қосу

  • 3 + 46 =

Вход