Мәйекті

«МЕШІТТЕ АТЫС БОЛЫП, МӘШИНЕ, АЯҚ КИІМ ҰРЛАНДЫ...»

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Дін тақырыбына журналистік жауапкершілік қажет

Мына тақырыптан кейін бірден: «Құдай сақтасын! Не боп кетті?!» – дерсіз... Өкінішке қарай, қасиетті сөзге қайшы тіркесті «тіркеп», оқырман назарын аударуға аңсары ауып тұратын кейбір тілшілеріміз бар.

Жуырда Өскемен қаласында «Адамгершілік құндылықтарды насихаттауда БАҚ-тың рөлі» атты І республикалық журналистер форумы өтті. Форумның негізгі баяндамашысы ретінде бірқатар мәселелер төңірегінде ой бөліскен едік.   

Расында, біз қазір ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Ақпарат құралы – өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Мейлі қалаңыз, мейлі қаламаңыз, бәрібір ақпаратты еріксіз түрде тұтынамыз немесе оны таратамыз. Әсіресе, әлеуметтік желілерде, интернет порталдарында қоғамдық деңгейде көтерілген мәселелер мемлекет тарапынан тиісті шешімдердің қабылдануына ықпал етуде. Оны көріп те, естіп те жүрміз.

Діни басқарманың лауазымды қызметкері ретінде бізді алаңдатып жүрген бірқатар жағдайды айтпай кетпеске тағы болмайды.

Біріншіден, дін дегеніміз нәзік мәселе емес пе? Оған байсалды көзқарас керек. Өкінішке қарай, еліміздегі кейбір БАҚ өкілдері дін тақырыбын жазғанда «мешітте мәшине, аяқ киім ұрланды», «мешітте атыс болды» деген тақырыптардан аса алмауда. Зерттелмей, анығына көз жеткізбей таратылып жатқан осындай жаңалықтар қоғамда Исламға, дін қызметкеріне деген салқын көзқарастың пайда болуына түрткі болуда.

Ішкі істер басқармалары мен құзырлы мекемелерге қарасты баспасөз қызметінің жауапты мамандары журналистерге түсініктеме бергенде дін, мешіт тақырыбына байсалды ұстаным танытса деген өтінішіміз бар.

Екіншіден, дін мәселесін популизмге, рейтинг көтеру мақсатында пайдалануы – алаңдатарлық жағдай.        

Ағылшынның әйгілі драматургы Джордж Бернард Шоудың: «Бүгінгі газет велосипедтің құлап қалуы мен өркениеттің күйреп қалуы арасындағы айырмашылықты білмей қалды», – деген сөзінде жан бар.

Дін тақырыбына журналистік жауапкершілік қажет-ақ. Біреудің діни құндылықтарын қорлау немесе келемеж ету – заңға да, адамгершілікке де жат емес пе?

Елбасы 2006 жылы әлемдік дін көшбасшыларының құрылтайында көкейде жүрген мәселені көтеріп еді: «Бұқаралық ақпарат құралдары басқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, онда бұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарының қорлануымен бетпе-бет келетіні айқын. Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Өкінішке қарай, бұл қарапайым қағиданы журналистер мен саясатшылар жиі бұзады».

Расында, осындай қарапайым қағиданы бұзып, өз дініміз туралы өзіміз жағымсыз пікір қалыптастырып жатқанымызды байқамай қаламыз. 

«Нью Йорк Сан» газетінің шығарушысы Чарльз Андерсон Дейнаның сөзінде жан бар: «Егер ит адамды тістеп алса – ол жаңалық емес, нағыз жаңалық – егер адам итті тістеп алса...». Біз бүгінде Андерсонның айтқанына «амал» етіп жүрген секілдіміз. Жалпы адами құндылықтарды насихаттаудан гөрі біреудің «сүрініп» қалғанын немесе «түшкіріп» қойғанын көбірек жазуға бейілміз.

Төртіншіден, дінді діннен хабары аз адамның жазуы – БАҚ басшылары назар аударатын мәселе. Ислам адам баласын өзінің білмеген нәрсесіне араласпауға, білмегендерді білетіндерден сұрап алуға тәрбиелейді. Дін туралы кез келген адам жазбасын деуден аулақпыз. Айтпағымыз – діни саланы меңгеріп немесе дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, олардың пікірін басшылыққа алғаннан кейін тақырыпқа түйіндеме жасаған абзал...

Сөз жауапкершілігі деген бар емес пе? Жақсы сөз – бақытқа бастар жол. Жаман сөз – жақсылықты өшіретін тілсіз жау. «Жақсы сөйле немесе үндеме», – деген пайғамбардан қалған сөз бар.

Бесінші, дінге қатысты алғашқы жалған ақпарат, теріс пікір, қашан да бұқараның назарында, санасында қалады. Сол мәселеге қатысты кейіннен айтылған 100 шынайы ақпарат 1 жалған жаңалықтың орнын баса алмай қалуы мүмкін. Алғашқы ақпарат адам санасын жаулап үлгіреді екен...

Өкінішке қарай, кейбір БАҚ өкілдері сот үкімінен бұрын біреуге «үкім» беріп, «жазасы» туралы жазып қояды...

 

Не істеу керек?

 

Біріншіден, діни салада қалам тартып жүрген тілшілер мен әлеуметтік желідегі жазушы қауымның «Адамгершілік әдебі мен кәсіби этикасы» туралы құжат қабылданса деген ұсынысымыз бар. Бұл құжаттағы талап-тілектер жұмыс барысында ескерілсе.

Екіншіден, Жоғары оқу орындарында журналистка факультетінде арнайы дәрістер жүргізілсе. Болашақ журналистерге дін тақырыбында мақала жазудың әдіс-тәсілдері жан-жақты түсіндірілсе... Бұл бастамаға өз тарапымыздан үлес қоса аламыз.   

Үшіншіден, еліміздегі сайттар мен газеттер дін мәселесінде Діни басқарманың ресми ұстанымын қоса жарияласа. Бұл қоғамда түсінбеушіліктің жолын кесер еді.

Төртіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының діни ағартушылық бағыттағы рөлін арттырсақ. Газет беттері мен сайттардан мейірімділік, қайырымдылық, ізгілікті насихаттайтын материалдарға көбірек орын берілсе деген тілегіміз бар.

Өткен ғасырдың басында жарыққа шыққан «Қазақ», «Айқап», т.б. газет-журналдар халықты ағарту ісіне үлкен үлес қосты. Басылымның басты мақсаты да осы болса керек...

Алаш арысы Әлихан Бөкейхан: «Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі – газета», – деген екен.

Біздікі – қалам ұстаған қауым қоғамға ізгілікті, қайырымдылықты, адамгершілік құндылықты көбірек насихаттаса деген тілек қана...

Әйтпесе, «мешіттен аяқ киім ұрланды» деген ақпарат немесе мешітке ешқандай қатысы жоқ жаңалыққа «мешіт маңайында атыс болды» деп ат қойып, айдар тағу кімге не береді дейсіз? Тек үрейден басқа...  

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

29 пікір 984 рет оқылды Қосылған: 13.03.17
    • #1
    • Әділбек
    • дн, 13/03/2017 - 12:38

    Ағабек, діннің беделін мешітте болған ұрлықты айтқан мақала түсірмейді, діннің беделін мешітте болған ұрлық түсіреді. Діннің беделін қыз зорламақ болған молданы айыптаған журналист түсірмейді, қыз зорламақ болған молда түсіреді, діннің беделін арақ ішіп ұрлық жасаған молданы көрсеткен телеарна түсірмейді, арақ ішіп, ұрлық жасаған молда түсіреді.Ойланып сөйлесеңші, бауырым. Сендер білгендеріңді істеп, періште боласыңдар да, оны айтқан журналистер күнәһар бола ма?

    • #2
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 13/03/2017 - 12:50

    Автордың айтып отырғаны дұрыс ! Дін - нәзік дүние.
    Мүйізі қарағайдай журналист болсын, тарихшы болсын, дін саласын түсінбейтін болса, діннен хабары жоқ болса, ол тақырыпты қаузамасын.

    Өткенде Тоғайбай ініміз "мен тарихшымын" деп бір сайтта мақала жазып, "христиан діні православ һәм католик болып екіге бөлінеді" деп аузын қу шөппен сүртіп қарап отыр.
    Мен : "Інім-ау, 800 миллион протестанттарды қайда жібердің, сол 800 миллион протестанттың 8-і "мына тарихшы бізді өмірден өшіріп тастапты" деп сотқа берсе, тоғайыңды таппай кетесің ғой" десем, маған ренжиді.

    • #3
    • Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ
    • дн, 13/03/2017 - 12:58

    Әділбек, дұрыс айтасыз. Біз ешкімге кінә артпаймыз. Әркім өз ісі үшін жауапты. Журналист болсын, саясаттанушы болсын жазбасымен, айтқан сөзімен діннің абыройын түсіре алмайды. Менің айтпағым - діннен сенсация іздеу, мешітке қатысы жоқ нәрседен астар іздеу - дұрыс емес. Егер ең бірінші фотоға назар аударсаңыз "Мешіт маңайында атыс болып, 14 жасар бала қаза тапты" деген ақпарат тарады Нур.кз-дан. Ал орыс тіліндегі нұсқасында мүлдем мешіт аталмайды. Сонда атыстың мешітке не қатысы бар деген сауал туындайды. Міне, ақпарат бергенде осы нәрсеге жауапкершілікпен қарау қажеттігін тағы айтамыз.

    • #4
    • тілші
    • дн, 13/03/2017 - 13:01

    Автор дұрыс мәселе көтерген. Қосыламын. Аузымызға абай болуымыз керек. Ал молдалар мәселесі - басқа әңгіме. Әріптестер, молдаға ренжіп, мешіт туралы жағымсыз жаңалық таратудан абай болайық. Сіздерге Алланың жақсылығын тіледім.

    • #5
    • Опер
    • дн, 13/03/2017 - 13:47

    Егер атыс дүкеннің қасында болса дүкеннің қасында болды, музейдің қасында болса музейдің қасында болды деп жазады емес пе? Сол сияқты атыс мешіттің қасында болса мешіттің қасында атыс болды деп жазады да. Мысалы Ақтөбе оқиғасы болғанда "Паллада" дүкені" деп анық жазды. Шымкентте мешіттің маңында болған екен, мешіттің маңында болды деп жазды. Меніңше онда тұрған ештеңе жоқ.

    • #6
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 13/03/2017 - 13:50


    Мынандай ДОЛБАЕБ-тар турганда Казахстан ешкашан алга жылжымайды ........ https://www.nur.kz/1436130-nurtas-adambay-v-znanii-russkogo-yazyk.html

    • #7
    • Алжыған шал
    • дн, 13/03/2017 - 14:10

    Қазіргі кезде ислам дінінен бірдеңені іздеу көбейіп кетті. Сол іздеу арты жақсылық болса екен деп тілейміз да. Әйтпесе ислам дінін қаралау мақалалары не соған жақындау әлемде де, арты қазақстанда да жалғасын тауып жатыр. Кейбір діндарларымыз өз жеке пенделік нәспіқұмарлығымен ислам артын жамандыққа шығарып жатса енді қалғандары исламды жексұрын көрсету ма белгісіз сенсация іздеумен әуре.

    • #8
    • https://www.youtube.com/watch?v=PfgpRVue14s
    • дн, 13/03/2017 - 14:32

    https://www.youtube.com/watch?v=PfgpRVue14s

    • #9
    • ?
    • дн, 13/03/2017 - 14:37

    адамдар осы бір бомайтын заттан проблема шығарады енді қалай жазу керек мысалы мешіттің жанында уакиға болса? Мешітке ұқсайтын бір ғимараттың жанында атыс болды, кешіріңдер моллалар жиналатын жерде атыс болды тб тб діни білімім жоқ мешіт деп айтаалмаймын бірақ со жерде атыс болған сиқты ...... қатырад а ?

    • #10
    • Мақтаншақ
    • дн, 13/03/2017 - 18:10

    Шіркін! Адамдар өмірді мен сияқты түсінсе ғой. Дін - пін деген пəлені мойындамаса, мешітке жоламаса, молдалар туралы анекдоттар айтса... Қандай күшті болатын еді! Емін еркін өмір сүргенге не жетсін!

    • #11
    • Серік Алматыдан
    • дн, 13/03/2017 - 18:28

    Ағабек інім ---сізге бір сұрақ бұрынғы бас дінбасымыз бəлен мың деп санын көрсеткен мешіттеріміз түгел ҚМДБ -ның бағынысында ма .??? Көшеде 25 - 30 жасар селдір ,қара сақалдар көбейіп бара жатқан жоқ па ???? Қазақта жұмыссыздық басым болып тұрғанда , қаржымен қызықтырып сыртқы күштер жастарды адасқан жолға алып кетпесін , осыған сақ болайық ?????!!!!!



    • #12
    • Төре
    • дн, 13/03/2017 - 21:03

    Абай кз-дегі "Доктрина" тақырыбына жазатын білімді маман жоқ па? Сонша жылдан бері бос тұр. Басы жоқ, аяғы жоқ реформаға елігіп бастары қатқан Pdh докторлары қайдасыздар? Әлде Доктрина дегеннің не екенін әлі білікіремей жүрсіздер ме? ... жауап күтеміз.

    • #13
    • Казак
    • дн, 13/03/2017 - 21:35

    10 шы сен пікір жазу не тенің акылың бес жасар баладан да азгои

    • #14
    • https://www.youtube.com/watch?v=3H9yc1kraH4
    • дн, 13/03/2017 - 22:51

    https://www.youtube.com/watch?v=3H9yc1kraH4

    • #15
    • Төлен Тілеубай
    • сс, 14/03/2017 - 0:31

    Ағабек бауырым, сен салиқалы пікір жазып, қоғамға ізгі ой тастап отырсың. Осы ойдың астарына үңілген адам бәрін түсінеді. Алланың үйін көшедегі атыспен байланыстырудың не қажеті бар? Мұндай ақпаратты жазбастан бұрын, әр адам өзінің ар-иманының таразысына салуы керек. Қолына қалам ұстаған жандардың артында ИМАН деген сұраушысы тұрады.

    • #16
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 14/03/2017 - 0:57


    1 марттан бастап ТВ карадым КТК мен 31 адейлеп турып ШОШЫДЫМ. Дал осындай азгындык Зимбабвада жок шыгар СУБХАНАЛЛА.
    Срочно за ВНЕ БРАЧНЫЙ СЕКС деген зан кабылдап жазалау керек. Гражданский брак преступления деп жаряалау керек. Мынау сумдык.

    • #17
    • Жанашыр
    • сс, 14/03/2017 - 8:54

    Қазақ жамандықты айқайлап айтуға емес жасыруға тырысқан халық.Үй артында кісі бар немесе қыздың құлағына алтын сырға деп естіртпеуге тырысқан.Біздің журналистеріміз барлығын ашық айта бермесе екен .Адамға тəрбие беретін қоғам ,қағамға ең берінші əсер ететін ақпарат .

    • #18
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 14/03/2017 - 9:13


    Мысалы, ЕВРОПАДА КЫЗДАРГА ТЕСIЛIП КАРАУГА, КУЛУГЕ, БIРЕУДIН КАТЫНЫНА ЖАКЫНДАУГА БОЛМАЙДЫ СОТТАЛАСЫН. РУКСАТСЫЗ КЫЗДАРГА ЖАКЫНДАУГА БОЛМАЙДЫ СОТТАЛАСЫН.

    • #19
    • ?
    • сс, 14/03/2017 - 11:00

    16. Шалақозақ Израильде проституткалар гейлер алқаштар дін фанатиктері сен сияқты, атеистер коммунистер тб тб адамдар толып жатыр қоғамда Бірақ 6 миллион еврей айналасындагы 430 миллион арапты керек кезде итше тепкілейді. Бұ қалай сонда? Жанағы араптарда сенің оиынша внебрачный секс иоқ,бәрі сен жақсы қөретін хиджапмен жүр, кругом толган мешіт сонда кімнің кұдайы күшті осыны түсіндіріп жіберсең

    • #20
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 14/03/2017 - 11:42

    #19 ?
    Алганын бiр катын, iшкенiн арак, жегенiн САЛО, тартканын КАЛЯНИ, iздегенiн гостиница, жасаганын ойнас соган МАЗСiНБЕ !!!

    • #21
    • ?
    • сс, 14/03/2017 - 12:32

    21 осы думшеге сурак койсан ешкашан накты жауап айтпайды. Кайталаймын шалашарик, неге когамында алкаштар проституткалар катындары бетимен артын жаппайтындар педерастар толып жаткан еврей мемлекети оздери 6 миллион керек кезде айналасындагы 430 миллион арапты итше тепкилейды?

    • #22
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 14/03/2017 - 13:19

    #21 ?
    Еврей болу ушин алдымен Араб болып ал, содан кейин Еврей боласын. Ал казир сен Орыссын ештене тусинбейсин............

    • #23
    • ?
    • сс, 14/03/2017 - 14:03

    Шалашарик катырдын ? !!!!!???? буларды емдеу мумкин емес .... зомби

    • #24
    • АТЕИСТ
    • сн, 15/03/2017 - 16:35

    "Мешіт маңында атыс болды, оның ішінде аяқ киімдер ұрланды, автомобиль ұрланды" - деген сөздер, қазір үйреншікті болып кетті. Мынадай заманда, әрине, ӘЛБЕТТЕ солай болады!!!!! Атыс-шабыс, ұрлық ештеңе емес!!!!! Қазақстанның Батыс облыстарының бір мешіттерінде, түнде ваххабисттер- естері кем қыздарды киіктің ұрғашылары сияқты тоңқайтып қойып, (нағыз тақуалар белдеріне бітеді деп, топас бастарымен ойлаған ғой) жыныстық қатынасқа (толпой) түскен!!!!!! Атыс-шабыс, ұрлық-қарлық - ЕРУНДА!!!! Мешітті "ең қасиетті жер"- деп алып, түнде ішіне кіріп алып ойларына келгенді жасап жүрген адамдарды қай денсау адам - мұсылман дейді???? Сондықтан, шырақтарым, жүректі қырықпай, қояқойыңыздар!!!!! Есенғали - "дін нәзік нәрсе"- деп - езеуремеші !!!!!! ҰЯТ болады!!!!!! "Дін - аса қауіпті нәрсе" - десең бір сәрі!!!!

    • #25
    • АТЕИСТ
    • сн, 15/03/2017 - 16:35

    "Мешіт маңында атыс болды, оның ішінде аяқ киімдер ұрланды, автомобиль ұрланды" - деген сөздер, қазір үйреншікті болып кетті. Мынадай заманда, әрине, ӘЛБЕТТЕ солай болады!!!!! Атыс-шабыс, ұрлық ештеңе емес!!!!! Қазақстанның Батыс облыстарының бір мешіттерінде, түнде ваххабисттер- естері кем қыздарды киіктің ұрғашылары сияқты тоңқайтып қойып, (нағыз тақуалар белдеріне бітеді деп, топас бастарымен ойлаған ғой) жыныстық қатынасқа (толпой) түскен!!!!!! Атыс-шабыс, ұрлық-қарлық - ЕРУНДА!!!! Мешітті "ең қасиетті жер"- деп алып, түнде ішіне кіріп алып ойларына келгенді жасап жүрген адамдарды қай денсау адам - мұсылман дейді???? Сондықтан, шырақтарым, жүректі қырықпай, қояқойыңыздар!!!!! Есенғали - "дін нәзік нәрсе"- деп - езеуремеші !!!!!! ҰЯТ болады!!!!!! "Дін - аса қауіпті нәрсе" - десең бір сәрі!!!!

    • #26
    • берік
    • сн, 15/03/2017 - 17:14

    №25 -тің пікірі шыныменде қызық екен. Құдай сақтасын сол уаххабистерден.

    • #27
    • ауылдан
    • бн, 16/03/2017 - 6:23

    Мен осыдан біраз жыл бұрын мешіттің қақпасының түбінде 3 адамның арақ ішіп отырғанын өзім көргем. Алматы облысы, Ынтымақ ауылы.

    • #28
    • приколчик кентауский
    • жм, 17/03/2017 - 10:29

    Оданша тура: - " мешіттің ішіндегі секс" деген блокбастер түсіреміз деп жазу керек еді ғой. Дінге тиісуді қойыңдар. Мешіт Алланың үйі. Ешбір адам ол жерді жамандауға шамасы жоқ

    • #29
    • Райымбектен.
    • жм, 17/03/2017 - 21:19

    Алматының түбіндегі Райымбек ауылының екі молдасы төбелесіп тұрғындар әрең ажыратып алған. Тура мешіттің ауласында төбелесті ғой.

Пікір қосу

  • 10 + 35 =

Вход