Маңызды

ӘШІМБАЕВ РЕСМИ МӘСКЕУГЕ "СЕС КӨРСЕТТІ"...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі үкіметтік сағатта Орталық Азияда жаңа өңірлік одақ құру мәселесі сөз болды. Ұсынысты Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Егемен Қазақстан» газетінің веб-сайты осылай деп жазды. Қазақстанның су жаңа одақта ОА елдерінің көшбасшысына әм ресми гуманитарлық көмек пунктіне айналуына үлкен мүмкіндік бар көрінеді.

«Сол себепті қазір Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу керектігін ойлау маңызды. Өңірдегі көптеген проблемалар өзара түсіністік арқылы шешілуі керек. Мәселен, трансшекаралық өзендердің ресурсын пайдалану, экологиялық мәселелердің шешілуі, өңірдің транзиттік-байланыс әлеуетін арттыру, терроризм және экстремизмге қарсы күрес мәселелері. Сол себепті өңірдегі ықпалдастықты арттырып, жаңа деңгейге көтеру керек», — деді депутат. Әшімбаевтың айтуынша, аймақта жаңа өңірлік одақ құруға да қажеттілік бар.

Одақ дегеннен шығады, Орталық Азиядан ЕАЭО-ға балама ретінде жаңа одақ құру мәселесін ілгеріде жаздық. Ол – Түркі елдерінің саяси-экономикалық одағын құру идеясы болатын. Еуразиялық одақтың шаңырағы шайқала бастағаны белгілі. Армения, Қырғызстан мен Белоруссия басшылары Кремль қожайынына қарсы тұра бастағаны сол еді, Владимир Путин сенімді «сменщигі» арқылы газ бағасын желеу етіп, одақтастарға осқырынды.

ОА дегенде әуелі – Түркі тілдес елдердің ортақ экономикалық коалициясын құруды ұмытпаған абзал. Егер Түркі мемлекеттері бірігіп экономикалық одақ құрса, Ресейге қарсы үлкен күшке айналар еді.

Мәселен аталған одаққа Қазақ елінен бастап Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан Әзірбайжан сынды 6 мемлекет мүше болса, өзінің позициясын батыл қорғай алады. Оның үстіне, соңғы кездері Өзбекстанның беті бері қарап, соның арқасында түрік мемлекеттерінің қарым-қатынасына қан жүгіре бастады.

Жақында Бакуде өткен түркітілдес елдердің экономикалық форумында Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи осы мәлесені көтерген болатын. Рас, бұған дейін де түркітілдес мемлекеттердің одағын құру жөнінде бір­не­ше рет мәселе қозғалған. Түркия президенті Тұрғыт Озал, одан кейін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтер­ген еді. Алайда кейбір саяси мәселелер бө­гет болды ма, одақ құру туралы ой орта жолда қалды.

Түркілердің бүгінгі саны – 200 мил­лионға жетіп жығылады. Экономикалық одақтың орны бөлек. «Бұл елдердің Ұлттық кірісінің жиынтығы – 1,2 триллион көлемінде. Өкінішке қарай, солай бола тұрса да, түркітілдес елдердің сыртқы сауда айналы­мының жиынтығы небәрі 600 миллиард доллардың көлемінде қалуда. Ол үшін міндетті түрде экономикалық одақ қажет» дейді Нихат Зейбекчи.

Бастама жақсы.

Еуразиялық экономикалық одақтың алдында алған «жауапкершілік» түркі тілді елдер интеграциясына тосқауыл болуы әбден мүмкін-ақ. Десе де, Армения мен Қырғызстан тандемінен кейін Белоруссия орыспен одақтың тиімсіздігін айтып, одақтан шығуға қамданып отыр. Әуелгі үштіктің ішінде антына адал Қазақстан ғана. Қазақстан ғана одақ аясындағы олқылықтар туралы «ләм-мим» демей келеді.

Алайда өткен аптада Бішкекте болған жиында Үкімет басшысы Бақытжан Әбдірұлы саяси-дипломатиялық жолмен Белоруссия бастамасын қолдайтынын аңғартты. Осының алдында қызметінен босатылған СІМ-нің бұрынғы министрі Ерлан Ыдырысов Қырымға инвестиция салуға болмайтынын, «оның не Ресейге, не Украинаға тиесілі екені әлі анықталмағанын айтқан» болатын. Бұл да Астананың Кремль саясатына байланысты  көрсетіп жатқан аз-кем қыры болса керек. Енді бүгін депутат Мәулен Әшімбаев ойын ортаға салып, бастама көтеріпті. Бұл туралы депутаттың әріптестері не айтар екен деп, депутаттарға хабарластық.


Көптен бері көзге түспей жүрген парламенттің ең қарт депутаты Владислав ақсақал Косарьевтің көмекшісі  сексендегі депутаттың денсаулығы сыр бергенін айтты. «Владислав Борисович қазір ауруханада жатыр. Бір ай болды. Ол кісі бұл туралы естімеген де болуы керек» деді ол.

Мәжілісмен  Амангелді Айдарұлы телефон тұтқасын өзі алды. «Бауырым, мен ол кісінің баяндамасын тыңдадым. Бірақ ондай одақ құру туралы ештеңе айтылған жоқ қой. Сондықтан мен қандай комментарий айта аламын» деді.


Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл мырзаға хабарласқан едік, ол кісі кейінірек хабарласатынын айтты. «Мен қазір больницадамын. Кеше ғана шыққан едім. Кейінірек өзім хабарласайын, жақсы ма?!».

Қысқасы, мәжілісмендерден Мәулен Әшімбаев көтерген мәселеге орай мәнді жауап ала алмадық.


Есесіне саясаткер Дос Көшім мырза түркітілдес елдердің ортақ одағын құру туралы  ойын ортаға салды.

«Бұл құптарлық мәселе. Себебі осыған дейін Орта Азия немесе Түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынаста рухани, мәдени байланыс бірінші орынға қойылатын. Ал енді экономкиалық, экологиялық, су резерві секілді мәселелерді өз арамызда шешетін болсақ, бұл нұр үстіне нұр болады. Мысалы, су мәселесіне келгенде Ресейдің позициясынан бір мемлекетті қолдап, бір мемлекетке қарсы қою сияқты жымысқы саясатын көреміз. Ол жасырын емес. Сондықтан ондай ішкі мәселелерді өзімізбен бір бағыттағы ОА елдерінің сол саладағы мамандарымен ақылдаса отырып шешкенді құп көремін. Және бұл ЕАЭО-ға қарсы жасалып жатқан дүние, асығыс бастама деп есептемеймін. Бұл ЕАЭО-ға қосымша ұйым болуы әбден мүмкін. Ең біріншіден, бұл одақ табиғи қажеттіліктен туындап отыр», - дейді Дос Көшім мырза.

Түйін

Мәулен Әшімбаев секілді салмақты саяси тұлғаның аузымен ОА одағын құру идеясын біздің билік не үшін айтқызып отыр. Бұл ресми Мәскеуге біздікілердің көрсеткен сесі ме? Ел ішін елең еткізген жайтты "Егеменнің" іліп әкеткеніне қарағанда - жел тұрды... Артының қайырын бергей!  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

54 пікір 8685 рет оқылды Қосылған: 13.03.17
    • #1
    • калбит
    • дн, 13/03/2017 - 17:49

    Утопия !!!!!!!!!!!! одак куру ушин негизги неше фактор болу керек бириктиретин тили жане военныи экономическии куш паравоз вагондарды суиреитин казахта не бар ? оз аттарын дурыс жаз алмаиды не сураисын кандаи экономика интеллегенция ха ха хаааааа может казахша вагондар парвозды суиреиди ха ха хааааааааааааааааааааааа

    • #2
    • Алжыған шал
    • дн, 13/03/2017 - 17:51

    Немене парламентте ақсақтар мен тоқсақтар, аурулар жиналған. Пікірін айта алмайтын депутаттардан не қайыр. Қазіргі заман мобильді. Пікірін тез айтып елден бұрын айтпасаң ешкім тыңдамайды. Орталық Азия деген ұйымның құрылғаны керек ақ бірақ оған Қытай мен Ресейді кіргізбеген дұрыс. Олар кірсе одақтан ештеңе шықпайды. Одақ құрылғаннан бастап екі аптадан кейін де ыдырап кетуі мүмкін. Өйткені бұл мемлекеттер бір-біріне алауыз қырғи-қабақ сосын көре алмаушылық деген қасиеттері басым

    • #3
    • молда
    • дн, 13/03/2017 - 17:56

    жай бiр соз гой

    • #4
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 13/03/2017 - 18:04

    "Қазақстанның су жаңа одақта ОА елдерінің көшбасшысына әм ресми гуманитарлық көмек пкнктіне айналуына үлкен мүмкіндік бар көрінеді".
    ********************************************************************************************************************
    Және жарыс, және бәсекелестік ? "Орталық Азияда кім "лидер" ?" деген жарыс Ислом бабойдың қайтыс болуымен көсекеңнің пайдасына шешілген еді.

    Өзбекстан мен Түрікпенстанның екінші президенттері ешкіммен жарыспай-ақ, ешкімге жалтақтамай, ешкімнен кеңес сұрамай-ақ өз елдерінің қордаланған мәселелерін шешуде. Өзбекстан президенті бірінші шетелдік сапарын Түрікпенстаннан бастады. Түрікпенстанда 500 000 өзбек диаспорасы тұрады.

    Марқұм Ислом бабой тәжіктің атынан ат үркетін пешвои миллат деген атағы бар электрик-падишаһымен ортақ тіл табыспай кеткен болса, президент Мирзияев жақында Тәжікстан жұртына гуманитарлық керуен аттандырды.

    • #5
    • Серік Алматыдан
    • дн, 13/03/2017 - 18:11

    Шіркін , бүкіл Түрік дүниесі біріккен Одақ құрса қандай тамаша болар еді!!!!! Арғы түбіміз бір ғой - -- Ұлы Түрік қағанаты . Ауызбіршілігіміз болса бізді жау алмас..... ---ешқандай !!!!

    • #6
    • Түріктерге
    • дн, 13/03/2017 - 18:18

    Тіліміз жақын дініміз бір Көк түріктің ұрпақтарынан құрылатын Түрік одағы жасасын! Бірігу дұрыс!

    • #7
    • Баймырза
    • дн, 13/03/2017 - 18:20

    Бұл мәселе іске асса дұрыс болар еді. Әй, қайдам. Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан мұны қолдамауы мүмкін. Өйткен олар одақсыз өмір сүріп үйреніп қалған әрі егемендігінің бір мысқалын да қандай да бір одақпен байланыстыруы екіталай. Ол мемлекеттер экономикалық проблемалық мәселелерді тек екі жақты келісімдер арқылы ғана шешіп келеді. Бұл тиімді әрине егеменді қайсібір мемлекет үшін......." Одақ-содақ" деп бір-біріне байлап қосақтамай-ақ екі жақты келісіммен мәселені неге шешпеске. Міндетті түрде "одақ" қажет пе?.... Жалпы одақтардың тиімсіздігі Еуропада да анық байқалып отыр. Одақ дегенде Ресей өз мүддесін көбірек ойлайтыны ешкімге де тиімді емес. Шовинистік пиғылдарын да жиі білдіріп жүр. Ал мұны басқа республикалардың егемендігін шектеу демеске амалыңыз жоқ.....

    • #8
    • Рысбек
    • дн, 13/03/2017 - 18:26

    Нұргелді бауырым, жақсы сараптама жасапсың! Жан жақты талдап жазылған мақала көкейге қона кетеді ғой. Дұрыс, ОА елдерінің экономикалық, саяси, әскери одағы болуы керек! Ол одақтың аясы түркі тілдес елдермен кеңейе түссе, тіпті, құба құп!

    • #9
    • Канат
    • дн, 13/03/2017 - 18:38

    Барекелдi! Мiне, кен аукымды нешаблонный ой деп осыны айтуга болады. Бар екен, ешкiмге жалтактамай, таза, улт мiнездi ойлайтын азаматтар! Маулен алыстан ойлайтын, байыпты жiгiттердiн бiрi.

    • #10
    • https://www.youtube.com/watch?v=QR1lKsLhBOk
    • дн, 13/03/2017 - 18:40

    https://www.youtube.com/watch?v=QR1lKsLhBOk

    • #11
    • Ауылдық
    • дн, 13/03/2017 - 18:54

    Одақ құрылады ма, құрылмайды ма, ол болашақтың ісі. Бірақ, дәл қазіргі уақытта өз бетінше, ешкімге "Орыс пен қытайға және басқа да шетелдіктере" жалтақтамай шешім шығара алмайтын (саяси тәуелді) мемлекеттерден бұндай одақ құру, шірік ағашпен үй тұрғызумен бірдей.

    Әлемде, ЕАЭО - дан әсері күшті одақтар мен ұйымдар бар, сол ұйымдар өздеріне бәсекелес болатын одақтар мен ұйымдардың құрылуына жол беріп қоймайды. Тіпті, одақ құрылды деген күннің өзінде де, БҰНДАЙ ОДАҚТЫ ШЫН МӘНІНДЕ біздер емес, басқалар (шетелдіктер) іс жүзүнде басқаратын болады.

    Өйткені, басқаларға "саяси" тәуелді ұлт (яғни, мемлекет) тәуелсіз өз бетінше тәуелсіз шешім шығара алмайды. Бұндай ұйым дүне жүзілік сауда ұйымынан қайда асып кетеді. Бәрібір, дүние жүзілік сауда ұйымына бағынатын болады. Сондықтан, бізге шірік ағаштан тұрғызылатын (одақ) үй керек емес.

    • #12
    • Руза
    • дн, 13/03/2017 - 19:02

    Елі үшін шыр-пыр болатын да жүретін Нұргелді баламнан айналдым! Өте құптарлық ұсыныс екен! Бірақ Дос ағаның. қосымша одақ екені ұнамады...

    • #13
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 13/03/2017 - 19:03


    Кремлю п .... ц !!! Сабыр, сабыр !!!

    • #14
    • Ақиқат
    • дн, 13/03/2017 - 19:08

    ЕАЭО-қа кіргізіп алған орыстар енді Қазақстаннан өлсе де айырлмайды.

    • #15
    • Сақтық керек
    • дн, 13/03/2017 - 20:28

    Ресей ірітіп жүрмесе, одан шығады

    • #16
    • Төре
    • дн, 13/03/2017 - 20:57

    Абай кз-дегі "Доктрина" тақырыбына жазатын білімді маман жоқ па? Сонша жылдан бері бос тұр. Басы жоқ, аяғы жоқ реформаға елігіп бастары қатқан Pdh докторлары қайдасыздар? Әлде Доктрина дегеннің не екенін әлі білікіремей жүрсіздер ме? ... жауап күтеміз.

    • #17
    • марат
    • дн, 13/03/2017 - 21:04

    егер орта азиялық одақ құрса жақсы егер түркі елдер одағы құрылса ұтарымыз көп бірақ рессеи оған жол бермеиді қәзіргі кезде рессеи қазақты теспеи сорып отыр шала қазақтардың арқасында егер түрік тілдес одағы құрылса азербайжан туркия иран ауған пакістан жалпы т,б ларменен емін еркін теңіз көлік темір жолдар арқылы әр тарапқа шығыуға болады бірақ оған рессеи өліп қалсада жол бермеиді

    • #18
    • Ай қайдам
    • дн, 13/03/2017 - 21:51

    Түркілер әуелден бастары қосылмай ақ қойды ай қайдам, талай бастары бірікпек болды артынша өзгеріп кеттіп жатты ғой, қазақ,қырғыз, өзбек талай уәде берді гой

    • #19
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.
    • дн, 13/03/2017 - 22:05

    Бүкіл ТҮРКІ ТІЛДЕС халықтардың ОДАҒЫН құру ауадай қажеттілк десе болады. Тек 6-мемлекет қана емес жалпы пра-пратүрік тұқымдастардың ата-бабаларының АҚ ЖОЛЫ ашылар еді. Ширек ғасырлық уақыт... көп жағдайдың сырын ашып, сыралғылықтың сипатын да ұқтырған тәрізді . Іске сәт !!!..

    • #20
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.
    • дн, 13/03/2017 - 22:13

    СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ҮШІН - АУАДАЙ ҚАЖЕТТІЛІК !!.. ОСЫ ЖАЙЫНДА - ПРЕЗИДЕНТІМІЗ НҰРЕКЕҢЕ - ҰСЫНЫС ЖАСАЛҒАН ЕДІ...

    ЕЛБАСЫҒА АШЫҚ ХАТ

    Құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырзаға!
    Армысыз халқымыздың қадірлі азаматы, Нұреке?!
    Ең әуелі замандас ретінде, жаратушы бір Алладан деніңізге саулық тілеймін. «Мың өліп, мың тірілсе де» салмақты да сабырлы, аңқау қалпынан танбаған жұртымыздың келешегі мен Тәуелсіздігіне жауап берер аманатыңыздың аса ауыр екені әмбеге аян!..Зымыраған уақыта да тоқтау жоқ. Міне, ширек ғасыр, яғни 25 жыл да, өте шығыпты.
    Бұл жолы Сізге мемлекетіміздің келешегі үшін ауадай қажет 3-түрлі мәселені ұсына отырып ақылдасқанды жөн санадым ;

    БІРІНШІ, - Біздер ондаған жылдар бойы айтып келе жатқан - " ...ІЛЕНІҢ суы азайып... БАЛХАШТЫҢ тартылып... " - бара жатқанына ұсыныс ?!..
    - Алатаудың Алматы жағындағы бетінде - үлкенді-кішілі 800-ге тарта КӨЛДЕР бар. Міне осы көлдердің зәмзәмдай таза сулары ЖАЗ бойы буланып аспаға ұшып жоқ болуда ?!.. Осыны ғылыми зерттей отырып пайдаланудың жолын тапсақ... Қытайға да, Қырғызға да жалынышты болмас едік. Ол үшін осы көлдерді 1-1,5 метр тереңдіктен Алматының үстінен ағып жатқан СЕГІЗ өзендерге қоссақ... жылда қауыптенетін СЕЛДЕН құтылумен қоса, Алматы маңынан - жасанды 8-көл жасап БАЛЫҚ пен ОРМАН шаруашылығын дамыта отырып... тартылудағы БАЛХАШҚА құйу арқылы суын молайтар едік. Бұл жайында былтыр қабылдауында болып, Алматының жас ӘКІМІ Бауыржан Байбекке айтқан едім...
    Ал ЖЕТІСУДАҒЫ 43- өзенге қосу арқылы ... БАЛХАШТЫ теңізге айналдырып, бүкіл Қазақстанның экологиясын түрлендірудің қажеттігін айтып - Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталовқа да САЙТ арқылы айтқамын ! Осы идеяны өзіңізге жеткізуді жөн көрдім...

    ЕКІНШІ, - Сіздің айтқан ; - " 2020 жылы Қазақстан азаматтарының 90%-ы мемлекеттік тілде сөйлейді" - деген тұжырымды іске асыру механизімін ұсынамын. Ол үшін быйыл дайындалып... 2017-ші жылдың қырқүйегінен (сентябрінен) бастап, бүкіл мемлекет қаржыландырып... айлықтарын төлеп отырған мектептердің - Орыс -Қазақ - Өзбек - Ұйғыр т. б. - барлық І-ші кластарының НЕГІЗГІ пәндерін түгелдей мемлекеттік тілде - жүргізуді ұсынамын. Сонда, өзіңіз айтқан ; - " Қазақстан халқының бірлігі - Қазақ тілінде " - деген ұлағатты сөз өмірге келеді.

    ҮШІНШІ, - Мен ұсынып жүрген - " ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН" - мемлекеттік деңгейде Өзіңіздің басшылығыңызбен өмірге енгізуді ұсынамын. Бұл ілімнің - іс жүзінде дәлелденгенінің айғағы - осы технологиямен өмірге келген... республикада 2 000-ға тарта бала бар. Өзіңізге жақсы таныс - бала Жамбыл - осы ілімнің жемісі. Егер мүміндігі болса... өзіңіздің қабылдауыңызда, бұл жайында толық мағұлымат берер едім...
    Қысқаша ғана - Ел-жұртымызға қажет - осы ұсыныстарды жолдаушы :
    Жазушы-ғалым, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,

    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,
    академик Совет-Хан Ғаббасұлы.
    11 011. 2016 жыл.

    • #21
    • Қолдаймын
    • дн, 13/03/2017 - 22:28

    #20-ны қолдаймын

    • #22
    • Серік
    • дн, 13/03/2017 - 22:33

    Сонымен сенат, мемлекеттік хатшы жəне ассамблея қысқартылды ма əліде жұмыстарын жалғастыра ма бюджеттің қаржысына???

    • #23
    • 23
    • дн, 13/03/2017 - 22:58

    Қолдау керек ұсыныс. ОА Кеңес кезінде әбден бөлшектеніп кеткен түрік мемелекеттері бір одақта болғаны, әуелгі кезде екі жақты келісімдер арқылы болсада жақындаса бергені жөн құптарлық іс. Арғы жағында бұл одақты жетілдіріп Мұмтафа Шоқай атамыздың Түркстан идеясына жету ләзім. Кеңестен қалған 5 ел біріксек қардаштарымыз Түркие мен Әзерилерді бөлек қалдыруға болмайды. Жаман айтпай жақсы жоқ, қиын-қыстау заманда бір-бірімізді қиып тастауға болмайды. Бірте-бірте сөзден іске көшеріміз алда.

    • #24
    • ауылдан
    • дн, 13/03/2017 - 23:00

    Ресейдіде қосып алу керек

    • #25
    • Жұмабай
    • дн, 13/03/2017 - 23:01

    Бұл бір ігу Түркі тектес халықтар да бұрыннан айтылып келе жатқан ойлар. . Негізгі бір линияда жатырмызТүркия,сосын.Кавказ да,кабардино балкар ,Адыгей ,Абхаз,Черкес,Шешен,Ингуш,Дағыстан халық ы ,Азербайжан,Каспи теңіз інен кейін осы біздер Қазақстан Жане орта Азия ,Алтай Жане яШығыс түркі стан( Қытай қазақтары т.б.Мусылман елдері), бір линияда жатырмыз..
    Бұл одақтың құрылуы туралы Дағыстан .т.б. Кавказ халық тары,б ұрыннан айтып жүрген ...

    • #26
    • Жұмабай
    • дн, 13/03/2017 - 23:05

    Бұл бір ігу Түркі тектес халықтар да бұрыннан айтылып келе жатқан ойлар. . Негізгі бір линияда жатырмызТүркия,сосын.Кавказ да,кабардино балкар ,Адыгей ,Абхаз,Черкес,Шешен,Ингуш,Дағыстан халық ы ,Азербайжан,Каспи теңіз інен кейін осы біздер Қазақстан Жане Ресей дегі,Башкиря Татарстан,орта Азия ,Алтай Жане яШығыс түркі стан( Қытай қазақтары т.б.Мусылман елдері), бір линияда жатырмыз..
    Бұл одақтың құрылуы туралы Дағыстан .т.б. Кавказ халық тары,б ұрыннан айтып жүрген ...

    • #27
    • Мақсұт
    • дн, 13/03/2017 - 23:20

    Мұндай Одақ ерте ме, кеш пе, түбі бір құрылады -деп ойлаймын. Өйткені аса күшті державалық мемілекеттер болмаса, Қазақстан, Өзбекстан... сияқты орта көлемдегі елдер үшін томаға тұйық өмір сүру оңай емес. Тиімді емес. Бірақ арандатулар, әсіресе -Ресей тарапынан үлкен қарсылықтардың болары сөзсіз. Ондай арандатулар мен "бүлдірулерді" ұйымдастыруға келгенде Мәскеудің тәжірибесі көп және оларға ешқандай адамгершіліктік, қоғамдық, саяси нормалар бөгет емес. Олар (Путин) алдымен арты қуыс, ары таза емес, жасырар "құпиялары" көп Орта Азиялық елдердің бүгінгі Басшыларын бопсалап, ноқтадан босатпау амалдарын жасап бағады. Демек не істеу керек?! ОА -лық Одақ керек! Бір күштінің құйрығына байланған бес "кішіліктен" гөрі -терезесі тең қарым қатынастың пайдасы зор. Олай болса -"ноқтадан" немесе "ноқталанғаннан" құтылып бас пайдамызды ойлағанымыз дұрыс болар еді.

    • #28
    • жəй Қазақ
    • дн, 13/03/2017 - 23:21

    Қазақ билігіне қайранмын, Орыс алдында бас изеп, ляппай тақсыр, ал ОА-да Көшбасшы бола қалады. Осы Одақты ертерек құруға Өзбек пен Қазақ басшыларының Көшбасшы болу амбициясы кедергі болып келді

    • #29
    • әзімбай
    • дн, 13/03/2017 - 23:35

    Әкесі керемет еді Мәуленнің.Мен бірінші рет ол кісінің аузынан ескі және жаңа ұлтшылдық ,қазақ этнографиялық емес саяси ұлт болғаны керек дейтин

    • #30
    • жəй Қазақ
    • дн, 13/03/2017 - 23:39

    КБ болам десе ешкім жоламайды, КБ Орыс əдейі пайдалануы мүмкін, Түркілерді біріктірмеу үшін. Оның үстіне Түркілер бəрі Авторитарлы. Көшбасшы болмайақ, неге Ағайын болмасқа.

    • #31
    • Ауылдық
    • сс, 14/03/2017 - 0:22

    Бұндай одақ жасанды одақ керек емес. Түркі тілдес ұлттардың ішінде, Туркиядан басқасының бәрі тәуелсіз деген аты болмаса, бәрі шетелдіктерге (саяси) тәуелді. Ешқайсы өз бетінше шешім шығара алмайды.

    Біздің ешкімге бағынбайтын нағыз іс жүзіндегі тәуелсіз мемлекет болуымызға ресей де, қытай да және басқа да шетелдіктер мүмкіндік беріп қоймайды.

    Егер, түркі тілдес мемлекеттер өзара одақтасып бір экономикалық одақ құрса, ол одақтың ортақ заңы болуы керек болады.

    Егер, оған қол жеткізсе, дүние жүзілік сауда ұйымына кедергі болады. Әлемдік сауда ұйымына бағынбайтын болса, оның арты европаның мұнай және түсті метелдарды түстеріне кіріп шықпаған бағада сатып алуына апарады да, экономикасының кедейленуіне апарады.

    Өйткені, европаның экономикасы шикізатқа тәуелді. Ғылым даму үшін де, шикізат ( яғни, түсті метал) қажет, ал түсті метал оларда жоқ. Олар шикізатты, өте арзан бағада сатып алуы үшін, дүние жүзілік сауда ұйымын құрған, сол ұйым арқылы баға саясатын өздері белгілейді.

    Сондықтан европалықтар бұндай (іс жүзіндегі тәуелсіз ұйымның) құрылуына жол бермейді. Ресей де, өз уысынан шығармауға тырысатын болады.

    Бұның арты саяси одақтың құрылуына апарады.

    • #32
    • диуана
    • сс, 14/03/2017 - 0:30

    ондай одақ құрлыуына рессеи менен қытай жол бермеиді себебі екуінің күиреуіне және қарамағындағы автономиялардың бөлініп кететін жақсы біледі қолдан келсе рессеи қытай орта азияны усында ұстауға тырсады олар ондай одақ құрлатын болса іштеи күиреитінін ежелден жақсы біледі

    • #33
    • Ауылдық
    • сс, 14/03/2017 - 0:43

    Біз Қазақ өзі, ресейді де, қытайды да, іштей жек көреміз, бірақ, оларды қанша жерден жек көрсек те, бір нәрсені мойындауымыз керек, қытай да, ресей де, ешкімге бағынбайтын, іс жүзінде НАҒЫЗ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР.

    Ресейдің технологиясы европалықтар мен салыстырғанда, дамымаған, бірақ, ресей нағыз тәуелсіз ел. Ал, біз кімбіз. Анаған бір, мынаған бір жалтақтаған (саяси) тәуелді мемлекетпіз.

    • #34
    • Әбіл Жекен
    • сс, 14/03/2017 - 1:11

    Ей, ағайындар-ай, 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні: әрқалай құрылуы керек Одақтарың егер Путин рұхсат етсе ғана құрылуы мүмкін екенін шынымен білмей отырсыңдар ма? Қытай мен Путиннің "батасынсыз" бетін сипай алар көкені тапқандарың-ай!..

    • #35
    • Жұмабай
    • сс, 14/03/2017 - 1:22

    Болмайды,қоймайды деп әлден байбалам салып кетіп жатырсың дар ғой..алде арандатушыларма?..
    Ынта болса болғанда күшті леп тұрып бір республика бір ігу болады боламыз ..
    .Бұрынғы диктаторлар кетіп құрып жатыр,ж үргендері скоро оларда құ құриды.. ..
    Қазір бұрынғы жүйе емес,қазір еш мемлекет соғысуды қаламайды..Ресей көп жері онсызда қаңырап босқа иен жатыр
    , басқа жер не керек?..
    Олар бұл одақтың құрылуы ына түсіністік пен қарай ды,заң бойынша дұрыс екенін біледі.с сондықтан Одақ тың құрылуына ешқандай кедергі жоқ..Қыйын ештеңе сі жоқ бір екі ақ айларың ішінде уставтыда ереже,өз заңдарында,т.б.құжаттарын толтырып байланыс орнату ға болады...

    • #36
    • Аблязофф
    • сс, 14/03/2017 - 2:03

    Үріп үріп отыра беріңдер.

    • #37
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 14/03/2017 - 7:03

    # 29, әзімбай :
    "Әкесі керемет еді Мәуленнің. Мен бірінші рет ол кісінің аузынан ескі және жаңа ұлтшылдық, қазақ этнографиялық емес саяси ұлт болғаны керек дейтин".
    ****************************************************************************************************************
    Әзімбай мырза, "саяси ұлт" деген "казахстанец" деген ұлт па ? !
    Алжас Амарович деген космополиттің сыңарын мақтап отырған өзіңіз сонда кім болдыңыз ?
    Кремльде отырған "стратег әулие" Рәссей мәтушкенің 145 құрақтан құралған құрақ көрпесінен "саяси ұлт" жасамақшы болып тыраштанып еді, онысынан нәтиже шығара алмады.
    "Русский Мір" деп әлемге жар салды, "единая российская нация" жасаймын деп заң шығарды, бәрі "медным тазом накрылся" !

    • #38
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 14/03/2017 - 7:35

    Премьер-министр Украины Владимир Гройсман в “Твиттере” предложил основателю компании Tesla Илону Маску обсудить реализацию на Украине энергетического проекта, придуманного последним для Австралии........https://twitter.com/elonmusk/status/841041070792228864

    Все очень просто переговоры ведется через ТВИТТЕР.

    • #39
    • Мұрат
    • сс, 14/03/2017 - 10:00

    Өте бұрыс ұсыныс екен діні де, тілі де, ділі де, түрік тектес одақ құтты болсын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • #40
    • жəй Қазақ
    • сс, 14/03/2017 - 11:35

    Қазақ шынымен сорлымыз. Жазылған пікірдің бəрі дерлік Ресей мен Қытай кедергі деп зарлайды. Қазақтың Рухы тапталып, Құлдық сана əбден сіңген. ЕАЭО мүшелері ішінде Қазақ ғана мақұлбай. Рұқсатсыз ауыз ашпас Депутатың анау, құдды кесік құлақ. Тəуелсіздік əдемі тəрелкеге салынып өзі келмес. Бұға берсең, тыға бермек. Бір күн болсада Бұқа болған жөн.

    • #41
    • тарлан
    • сс, 14/03/2017 - 11:46

    Қазақтың есі кірейін деді ме, еліктейін деді ме, жоқ әлде есірейін деді ме? Оқыс мінез көрсете бастағаны несі? Бізге имандай сеніп келе жатан сары орыс көкелер мұндағы қара орыс інілеріне ренжіп қалмай ма?

    • #42
    • жалтақ
    • сс, 14/03/2017 - 11:49

    Шынында да солай боп жүрмей ме? О, сорлы бишара қазақ, астарлап болса да әңгіме айтқанша тыныш жүре бермейсің бе? "Көптің арты, жұрттың сарты" болып, тіліңді тістеп жүргенің өзіңе тыныштық тілегенің ғой. Сөз айтамын деп таяқ жеп жүрме!!!!

    • #43
    • ?
    • сс, 14/03/2017 - 12:10

    42.42.ші.Сен сатқындарды ұстап тілдеріңді кесемін.

    • #44
    • 43-ке
    • сс, 14/03/2017 - 12:38

    ооооооо, онда сен 98 процент қазақтың тілін кесетін болдың ғой, сонда өзі де сөйлемейтін халықты мүлдем мылқау қылмақсың ба? Ойбай тыныш, үндеме-үндеме, тсссс-тсссс деп қос құлағын тас қып берікіп, түк көрмейтін, түк білмейтін болып жүретін осы қазақ емеспе? Несіне өтірік намыстанасың, одан да ашықтыққа шақырмайсың ба халқыңды? күшті болсаң?

    • #45
    • маңғыстау
    • сс, 14/03/2017 - 14:20

    тыныш өздерімізбенен өзіміз отырған жақсы қай көршің болсада ақша ұшын сатып жіберетіндер оған тарих куә ең бастысы тілді жөндеп алайық және экономиканы көтереиік және әскердің күшін жан-жақты дамытаиық ішкі көші-қонды тәртіпке келдіреиік заңсыз келімсектер көбеиіп кетті түк елге салық төлемеи емін еркін жүрген соларды мұқият қарап шығайық болды

    • #46
    • Төре, 19, 20-ға
    • сс, 14/03/2017 - 15:28

    Совет-Хан Ғаббасұлы, Сіз көп нәрсені біледі деп естимін... "Жоңғар" демекші: Аталарымнан естіп едім, төмендегі аңызды; Жоңғардың бір ДАНАСЫ, "Ей Қазақ! Менің түбіме Сен жеттің! Ал Сенің түбіңе, менің бір тұқымым жетеді!" деген екен. Сол аңыз шын ба екен? Егер осыны жауапсыз қалтырсаңыз, онда шын болғаны... Сәлеммен...

    • #47
    • Туран
    • сс, 14/03/2017 - 15:43

    Казактар ушин ОА одагын курсу Азии не Арман гой. Байлык ушин елдикти баягыда кремле саткан Назарбаев турганда ештене озгермейди. Буган 25 жылдык орыстын к.. н искеген жалтак саясаты далел

    • #48
    • Туран
    • сс, 14/03/2017 - 15:53

    Негизи турки халыктары барибир ортак одак куруы керек. 1-ши-экономикалык одак, 2-ши мадени-тарихи одак, 3-ши-саяси одак. Содан сон орыс пен кытайдан есе кайтарамыз. Бирак бул одак куруга казирги ел билеушилери дарменсиз ари коркак

    • #49
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.
    • сс, 14/03/2017 - 16:07

    Азаматым - ТӨРЕ(7) - аты-жөніңді дұрыстап жаз шы ? Сонда, білгенімше сұрағаныңды айтайын ! Жалпы аттарын жасырып пікір жазушыларға ... олардың айтқан пікірлеріне де... өздеріне де сенімсіздікпен қараймын. Адамдар - аты-жөндерімен жазса... сайт та... ондағы айтылатын пікірлер де... сапалы және мәдениетті һәм тәрбиелі болар еді. Әттең, амал бар ма ?..

    • #50
    • https://www.facebook.com/slava.rabinovich.9/posts/1350747884986522
    • сс, 14/03/2017 - 16:23

    https://www.facebook.com/slava.rabinovich.9/posts/1350747884986522

    • #51
    • Қостанай қазағы
    • сн, 15/03/2017 - 11:37

    Әбден дұрыс, Өткен ғасырдың басындағы Алаштың да, Мұстафа Шоқайдың да арманы тек егеменді Қазақстан емес, бүкіл түрік тектесті бір тудың астына жию болатын

    • #52
    • Жанашыр
    • сн, 15/03/2017 - 15:31

    Түркі тектестердің біртұтас одағын құру идеясын Түркияның тұңғыш президенті нағыз түрікшіл тұлға Мұстафа Кемал Ататүрік те көтерген. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Мұстафа Шоқайдың да асыл арманы болған. Егер төртеу түгел болып бұл идея орындалса шығысымыздағы қысық көз қытайлар мен батыстығы шегір көз орыстар бізбен санасатын болар еді.
    Совет - Хан Ғаббасұлы ағамызды қос қолдап қолдаймын, президент қабылдауында болуыңызға тілулеспін.

    • #53
    • QAZAQTYN BALASY
    • сн, 15/03/2017 - 19:14

    BUL KUPTARLIK IS EKEN,TURKYLER BIRIFETIN BOLSA AZUY ALTY KARYS BOLIP WGA QELEDY,OLAY BOLSA OGAN EWKIMNIN DE TISY BATA KOYMASY ANYK,JANE AKYKAT

    • #54
    • М. Шындәулет.
    • жм, 17/03/2017 - 12:17

    Әшімбаев мырзаның бастамасы бір есептен дұрыс шығар. Бірақ кілең мұсылмандарға Ресей, Қытай деген алпауыттар мүйіз шығара қояр ма екен? Ертеңгі күні олар арандатушылық жасай қалса оған қарсы тұруға шамамыз жете ме? Бұл бір. Екіншіден, біздің қоғам өзі кісінің к-не кіруге әбден машықтанып алды ғой. Сондайды жаны сүйетін сияқты. Сондықтан Ресейдін бұтынан басымызды өйтіп-бүйтіп ептеп суырсақ, үйренген басты Түркияның сасық қолтығына тығып жатып алмаймыз ба? Кім-кімге де қазір арқасын қаситын, аяғын уқалайтын тегін құл мен күң ауадай қажет. Сол үшін мұндай ұйымдар келесі қоғамда болмаса, қазіргі қоғамда сенуге болмайды-ау деймін.

Пікір қосу

  • 3 + 16 =

Вход